ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Клеткалық иммунитеттің қызметін бағалауЛимфоциттердің функционалдық белсендігі in vitro және in vivo арқылы анықталады. In vivo әдісіне тері сынақтары жатады. Бұл әдіс иммунокомпетентті клеткалардың өзара әсерлесуінің соңғы нәтижесін сипаттайды. Соған байланысты ол, ақаудың деңгейін жеке жіктеуді қажет етпейтің иммунжетіспеушілік күйлерді диагностикасына өте ыңғайлы. Тері сынағын қою үшін антиген ретінде, сенсибилизациясы алдын ала белгілі антигендер (тазартылған туберкулин, трихофитии, кандидин, стрептококктык антиген, дифтериялык антиген және т.б) колданады. Сенсибилизациясы алдын ала белгілі антигендер қолданып сынақ жүргізгенде, оларды тері ішіне еңгізіп, нәтижесін 48 сағаттан кейін жергілікті кызарып ісінудің (папула) өлшемі арқылы бағалайды (баяу дамитын аса сезімталдык). ДНХБ-мен сынак жүргізгенде, ДНХБ ерітіндісін білек терісіне жағады. 14 күннен кейін терінің басқа жеріне ДНХБ-ды қайталап апликациялайды, ол эритема және инфильтрация түрінде баяу дамитын аса сезімталдық реакциясын шақыру қажет. Нәтижесі 48 күннен кейін бағаланады. Лимфоииттердің бласты трансформаииялану реакииясы in vitro жүргізілетін әдістердің кең таралған түрі. Бласттық трансформация реакциясында лимфоциттердің стимуляциясы - антигендік стимуляция кезінде кіші лимфоциттердің пролиферация мен дифференцировкаға кабілеті бар бласттық клеткаларға айналу қасиетіне негізделген. Реакциянын диагностикалық бағыты колданылатын стимуляторлармен анықталады. Стимуляторлардың 3 тобы қолданылады: 1. Аллогенді лимфоциттер, яғни басқа адамдардың лимфоциттері. Бұл 2. Сенсибилизацияны анықтауға кажет антигендер. Бұл реакция 3. Өсімдіктерден алынған, лимфоциттердің поликлоналдык Лимфоциттердің белсенділігін бағалайтын басқа әдістердің барлығы стимуляцияланған лимфоциттердің әртүрлі лимфокиндер бөлуіне негізделген. Лейкоциттердін (нейтрофилдердің) миграциясының тежелу реакциясы (PTMЛ). Реакцияның негізінде сенсибилизацияланған лимфоциттердің антигенмен кездескен жағдайда лейкоциттердің (макрофагтардын) миграциясын ингибирлеуші фактор бөлу қасиеті жатыр. Антиген ретінде жоғарыда аталған антиген топтарын қолдануға болалы. Бұл реакциялардын бірнеше модификациясы бар. Біршама таралған әдісін үсынамыз (капиллярлы). Науқастың қаны бар бір жағы ашық екінші жағы тұйық бақылау капиллярды қоректік ортаға салады. Капиллярдың ашық жағынан лейкоцитгердің миграциясы болады. Дәл осы каны бар зерттеуші (тәжірибе) капиллярға стимулятор күйылады. Лимфоциттердің белсенділіп бакылаудағы және тәжірибедегі миграция зонасының радиусының (немесе ауданының) айырмашылығына қарап бағаланады. Қалыпты қатынасы 0,6 - 0,87 тең (миграция индексі). Макрофагтардын жайылмалануынын тежелу реакциясы (РТРМ). Лимфокиндерге байланысты мононуклеарлық фагоциттердің өзгеруіне негізделген реакция. Моноциттер және макрофагтар шыны бетінде жайылмалану қабілетіне ие. Моноциттерді сенсибилизацияланған лимфоцитгермен дақылдандырғанда бүл кабілеті біршама төмендейді. Бұл реакция 2 вариантта қойылады. Тікелей тестте моноциттерді сенсибилизацияланған лимфоциттермен инкубациялайдьі, тікелей емес тестте моноциттер кұрамында лимфокині бар клеткасыз түнба үстілік фракцямен әсерлеседі. Макрофагтар адгезиясының тежелу реакииясы (МАТР). Бұл реакция сенсибилизацияланған донорлардың мононуклеарлы фагоциттерінін арнайы антигендер қатысуымен шыны пластинкаларға адгезиясын токтатуға негізделген. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|