Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бұл өзгерістерді мен қалай енгізетін боламын?

Мен өз мектебімде өзгерістерді қалай енгіземін деген сауалға жауап іздедім. Оқыту мен оқу тәжірбиесін жетілдіру мақсатында түрлі жоспарлар құрастыруға тура келді. Сөйтіп,ең алдымен өзіме мектептегі алты апталық даму жоспарын жасадым. Әріптестеріммен қалай жұмыс жүргізуім үшін алдыма мақсат қоя білдім. Ондағы негізгі басымдықтарды нақтылап, мектеп мұғалімдері нені істей білетінін айқындап, енді нені білуі керек деген сауалға жауап іздедім.

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінің бірінші аптасында мектепті зерттеу жұмысын жүргізу қажет болды. Ол үшін әріптестерді жинап семинар өткізу ұйымдастырылды. Ондағы мақсатым курстан алған білімімді әріптестермен бөлісу болатын және мектебімізд үш деңгейлі курстан өткен мұғалімдердің саны өте аз болуы себепті үгіт-насихат жұмысын да жүргізу еді. Семинар барысында алдын ала жайындалған бейнебаян көрсетілді. Содан кейін деңгейлік бағдарламаның мақсатымен, оның ішінде Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша 7 модульмен, Екінші деңгей бағдарламасындағы коучинг, тәлімгерлік, Lesson Study, Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша көшбасшылық, мектептің даму бағдарламасы, желілік қоғамдастық жайлы қысқаша түсінік беру үшін таныстырылым көрсетіп, өзім де қосымша түсінік беріп отырдым. Таныстырылым барысында мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойылып отырылды. Соңында мектеп директор Б.Құлахметова сөз алып: «Қазіргі таңда білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Былтырғы жыл 2012 жылдан бастап, мына кембридждік жоба бойынша, мұғалімдермен жұмыстар жасалуда. Қазіргі болып жатырған семинар кеңес мұғалімдерге көмек әрі үгіт-насихат ретінде ұйымдастырылып жатыр» деген өз пікірін айтты

Семинар соңында мұғалімдерден «Бүгінгі семинардан алған әсерлерін қандай?» деген сұрақ қою арқылы мұғалімдерден жаңа бағытқа көзқарасын, өз ойларын білдіруді сұрадым. Олардың көпшілігінің пікірі өзгермелі өмірде балаларға қалай оқу керектігін үйрету, нені оқу керектігін түсінуі, оқу үдерісін қалай құрылымдау керек екендігі туралы ұғым қалыптасуы және оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруін үйрететін және оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыра алатын мұғалімдерді дайындау кезек күттірмейтін өзекті мәселе екендігіне келіп тоқталды.

Пікір алысудан кейін мектептің жалпы деңгейін анықтау үшін сауалнама алынды және алдағы уақытта жоспарланған коучингке қатысқысы келетін мұғалімдер және тәлім алушы тағайындап алдым.

Жаңа мазмұнды оқыту бағдарламасының негізі болатын жеті модульдің екі тақырыбын әріптестеріме мектептегі тәжірибе барысындағы коучингтің екі сабағында таныстырып, терең түрде мағлұмат беріп және оны меңгертуді міндеттеген болатынмын. Әріптестерімнің өз сұраныстары бойынша таңдалып алынған «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісіне пайдалану» мен «Дарынды және талантты балаларды оқытудың ерекшеліктері» модулдеріне коучинг өткізу барысында осы тақырыптарды барынша өз беттерінше ашуға мүмкіндік жасауға тырыстым.

Бірінші тақырып бойынша алға қойған мақсатым: ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасау және оны жүйелеу және білім беруді ақпараттандыру кезеңіне педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Бұл коучингте бұған дейінгі АКТ меңгеруде қатысушылардың деңгейлері қандай екендігін анықтау мақсатында сауалнама алдым. Коучинг жоспардың келесі бөлігі бойынша қатысушыларға білім беруге ақпараттық технологяларды енгізу кезеңдері жайында бейнематериал көрсеттім. Бейнематериалда; 1-кезең «Электронизация» - алгоритмдеу және программалау ұғымы, 2-кезең «Компьютерлендіру» - компьютер оқыту үрдісіне әсері күшті құрал ретінде жаппай енгізіле бастады. 3-кезең «Қазіргі заман» - оқу үрдісіне коммуникациялық, интерактивтік, мультимедиялық технологиялар енгізілді. Компьютер енді тек информатика сабағында емес басқа пәндерді оқытуда да қолданылып жатыр.

Келесі тапсырма бойынша «Оқыту мен оқудағы АКТ» тақырыбында постер жасаттым және оны қорғады. Қорғау барысында «Білім беруде АКТ пайдалану бізге не береді?» деген сияқты түрткі сауалдар ұойылды. Осындай сұрақтар көлемінде мұғалімдермен пікірлесе отырып, әр пән мұғалімдері өздерінің сабақтарындағы компьютерді пайдалану ерекшеліктеріне тоқталдым.

Көшекбаев Кенжебек, география пәнінің мұғалімі: «компьютерді сабақта қолдану әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әр қайсысына әр түрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушы білімін бағалау толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергенін немесе қай жерде білімнің осал екенін дөп басып, көмек көрсете алады деп ойлаймын» - деді.

Ал Балғожина Жаннад, физика пәні мұғалімі «әр оқушы өзі еңбек етеді, жанындағы оқушыдан селқос көшіріп отырмай, жаттығуды өзі орындауға тырысады» деді.

Мұратов Сакен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: «сабақты компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Оқушы мен мұғалім қызметінде ақпараттық мәдениет қалыптасады. Оқушының психикасымен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз. Сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын компьютерлік элементтерін пайдалану өте тиімді» деген ойларын постерді қорғау барысында білдірді.

Постер қорғау тасырмасынан кейін қатысқан мұғалімдерді АКТ-ны қалай басқа модульдерге кіріктіруге, интеграциялауға болатындығын көрсету мақсатында жеке-жеке компьютерге отырғызып, мультимедия кабинетінің мүмкіндігін, NetOp School программасы арқылы ол қандай құрылғыларды алмастыра алатындығы, өз экраныңды оқушылар экранына беру, орныңда отырып оқушы жұмысына араласу, үйден сабақты қалай дайындап келу, оқушылар арасында виртуалды топ құру, қосымша тест құру функциясы арқылы оқушыларды бағалау әдістерін көрсеттім. Соңында талқылау сұрақтары қойылды: Бұдан қандай қорытынды жасауға болады және компьютерді мұғалімді алмастыру емес, тек құрал ретінде қалай қолдануға болады?

Қатысушылар бұрын мұндай мүмкіндіктер бар екенін білмейтіндіктерін айтып, таңданыстарын жеткізіп, әрқайсысы жеке-жеке ұсыныстарын айтты.

Коучингті қорытындылау кезеңінде осы программаның көмегімен таратпалар таратылып, ол таратпалар компьютер көмегімен өздері орындады. Соңында таратпалар жинақталып, сараптама жасалды. Сараптаманың талқылау сұрақтарына «АКТ қалай тиімді пайдалануға болады? қандай пәндерге тиімді? оқушы үшін маңызы не?» деген сұрақтар аясында болды.

Екінші коучинг сабақтың тақырыбын «Дарынды және талантты балаларды оқытудың ерекшеліктері» деп алу себебім, қазіргі сабақта білімнің қоғамдық потенциялын көтеру үшін талантты және дарынды балаларды оқыту, сондай –ақ әр оқушының бейімділігін, қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болып табылады. Менің мектебімде оқушылар жарыстарға, олимпиадаларға, ғылыми жоба қорғауға қатысады, жеңімпаз атанады, яғни дарынды және талантты оқушылар баршылық. Осындай оқушыларды жарыстарға дайындап жүрген білікті мұғалімдер де баршылық. Сол себептен осындай ұстаздарға дарынды және талантты балаларға одан да жоғары жетістіктерге жету үшін қандай көмек көрсету болады деген тақырыпта коучинг сабағын өткіздім. Сабақтың жалпы мақсаты: дарынды оқушымен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау, әдістемелік бағыт-бағдар дайындау және дарынды оқушылармен жұмысты насихаттау деп, ал түйінді идеяға: Жұмыс барысында әлемдік және отандық педагог ғалымдардың зерттеулері мен тәжірибелері басшылыққа алынады, педагогиканың жеке, дарынды оқушымен жұмыс жүргізу принциптері ескеріледі, дарынды оқушылармен жұмыс жасау барысында тәжірибелі педагогтардың ойлары еленеді, теориялық білімді практикада қолдануға қадам жасалады деп алдым.

Коучинг жоспар бойынша жүргізілді. Коучингтің мақсатын, түйінді идеясын түсіну үшін негізгі бөлімде дарынды балалар жайында бейнематериал көрсетілді. Бейнематериалда дарынды балалар қай елдің педагогикасында қалай анықталады, дарынды бала анықтамасы жайлы айтылған. Бейнематериалдан соң мұғалімдердің ой-пікірлерін білу үшін «сіз дарынды баланы қалай танисыз?» деген сияқты түрткі сауалдар қойылып, оған қатысушы мұғалімдер жеке-жеке жауап берді. Бұдан соң «Дарынды және талантты балалар» тақырыбында постер дайындап, қорғады.

Дарынды балалармен жұмыс жасау түрлері, әдістемесі жайлы «Дарындылар» тақырыбында таныстырылым көрсеттім. Бұл таныстырылымда дарынды оқушыны қалай тануға болады, олармен жұмыс түрлері, дарынды оқушыларды зерттеу және дамыту т.б. жайлы толық мәліметтер берілді. Таныстырылымнан кейін топтық талқылауға «Бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Дарынды балалардың бойындағы шығармашылықты тежейтін кедергілерді тану және оны жеңу жолдары қандай?» деген сұрақтар берілді.

Соңында «Дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс» тақырыбында таратпалар беріп, сол бойынша топтық талқылау жасалды. Бұл таратпамен танысқаннан кейін «Өз пәніңіз бойынша дарынды оқушылармен қалай жұмыс істейсіз? Ол оқушымен жұмыс ерекшелігі?» деген жетелеуіш сұрақтар арқылы ой қорыттық.

Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдердің ынтымақтастықтағы ортасында жүзеге асырылатын коучинг тәжірибесін іске асыру аясындағы жұмысымды қорытындыладым. Коучинг жүргізу нәтижесінде «Нені үйрендім, жүргізген жұмыстарым қалай әсер етті, өзім мұғалім ретінде нені меңгердім және қаншалықты өзгердім, коуч ретінде мақсатыма жете алдым ба, болашақта осы бағытымды қалай жақсартсам болады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, коучингке қатысқан мұғалімдермен пікіралысулар жүргізіп, қосымша ОМЖ, ҚМЖ жасау жайлы ақыл-кеңестер бердім.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде 5 сыныпқа информатика пәнінен сабақ өткіздім. Сабақтар топтамасын жүргізбес бұрын бірінші сынып оқушыларының белсенділіктерін, ықпалдасуларын, әлеуметтік тұрғыда әрекеттесулерін реттеу мақсатында іс-шаралар, тыңдалым мен әрекеттерді әлеуметтік-жағдаяттық тәсілдермен орындауға бағытталған жұмыстарды жүргізуге тырыстым.

Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша төрт тақырыпта сабақ өткіздім.

Бұл сабақтарда мен мына мақсаттарға жетуге ұмтылдым. Оқушыларды оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен танысуға мүмкіндік жасай отырып үйрету болатын. Осы қойған мақсаттарға жету үшін бағдарламаның барлық модульдерін пайдаландым. Бұл сабақтардан мен оқушылардан мынадай нәтижелерді күттім. Информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді үйренеді. Сабақтың мотивациялық кезеңінде оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг кезінде жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулінің идеяларын енгіздім. Бұл кезеңде оқушылардың зейіндері шоғырландырылып, сабаққа деген ынталары артты.

Оқушылардың ауызша тілінің дамуына, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсатында оқушылардың өзара әрекеттестікте жұмыс жасауға үйрету мақсатында бірнеше сұрақтарға талдау жасалды. Жұптық әңгіме барысында оқушылар төзімділікпен тыңдауды үйрене бастады. Оқушылар өзара әрекеттестікте шынайы болуға қалыптаса отырып, жұптарда өзара бағалау кезінде оқушылар ауызша кімнің ойы ұнағанын айтты. Сыныптағы оқушылар бағалаудың бастапқы кезеңінде шынайылық таныта білмеді. Оқушылар өз достарына жақсы бағалар қоюға тырысты.

Жаңа сабақ барысында ақпарат, оның мазмұны, түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың ақпарат алу арналарын жетік меңгеруі үшін оқушылармен тест жұмысы жүргізілді. Тест жұмысынан кейін оқыту үшін бағалауды пайдаланып отырдым.

Сабақтар барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, денсаулықтарын сақтауға, көңіл күйлерін көтеру мақсатында оқушылармен сергіту сәті жүргізілді.

Біздің ақпаратты түрлі арнадан алатынымызды ескере отырып, кестелермен жұмыс жүргізілді.

Бұл жаттығуларда талантты және дарынды оқушыларды оқыту модулінің идеялары пайдаланылды.

Сабақтарды қорытындылау кезеңінде оқушылардың жазбаша тілін дамыту, ойларын қорытындылап, нақтылау жеткізуге машықтандыру мақсатында «Конверт- сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға бір – бір конверт дайындап, әр оқушыдан конверт ішіндегі сұраққа жазбаша жауаптар алынды. Сұраққа жауап беру барысында оқушылардың бүгінгі сабақты қалай түсінгендігі анықталды. Конверт ішінде «Ақпарат туралы не білемін?» т.б сұрағына жауап болатын. Оқушылардың жауаптары әр түрлі деңгейде болды. Сыныпта сұрақтың жауаптары бойынша талдау жасалып, оқушылар өз қателерін түзетті. Бұл кезеңде мен ОҮБ дың арнайы қателерді түзету стратегиясын пайдаландым.

Сабақтарды өткізу барысында маған қиындық келтіргені оқушылардың өз ойларын жүйелеп жеткізе алмауы, уақыттың жетпей қалуы.

Сәтті шыққан жерлері оқушылар өздігінен жұмыс жасауға дағдылана бастады, өзім жұмыстарды жүйелей білуді үйрендім.

"Мектептегі тәжірибе" кезеңінде педагогикалық тәжірибесін жетілдіруде қолдау көрсету мақсатында мен бастауыш сынып мұғалімі Әбдіраманов Мақпал Төлегенқызымен жұмыс істедім, оған тәлімгер болдым. Әбдіраманов Мақпал Төлегенқызы жоғары білімді, екінші саннаттағы мұғалім, еңбек өтілі алты жыл.

Бірінші аптада өткізілген мұғалімдермен кездесуге арналған семинар-кеңесте мұғалім неге және қалай өзгеру керектігін түсіндірген болатынмын. Соңында мен әріптестерімнің арасынан тәлім алушы тағайындау үшін «кім жаңаша жұмыс істегісі келеді, кім үйренгісі келеді?» деген сұрақ қойдым. Сол уақытта М.Әбдіраманова өзінің осы деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мектепте жалғыз мұғалім екенін және қосымша І, ІІ деңгей бағдарламаларына қызығушылық танытатындығын айтты. Мектеп әкімшілігімен ақылдаса келе, мектеп мұғалімдерінің ішінде осы бағдарламалард игерген мұғалімдердің саны көбейіп, жұмыс алға қойылғанша біраз уақыттар өтеді, ал бізге уақытты ұтуда мұндай көмекшілер өте қат екені ескеріліп, мен Әбдіраманова Мақпал Төлегеноваға тәлімгер болып тағайындалып, ол жұмыс жоспарланды

М.Әбдіраманова мектебімізде 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өзі түрлі байқауларға қатысып тәжірибе жинақтаған, жаңашыл мұғалім. Сондықтан бұл әріптесіме тәлімгерлік ету үдерісінде басты ұстаным қатынас болып табылатын, мен объективті тыңдаушы және бағыттаушы болатынымды түсіндірдім. Бұл үдеріс оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлім алушыға сондай – ақ әріптесіме қосымша білім мен дағдыларды олардың білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуын саралай отырып көмектесу, тәлім алушымның тәжірибесін жетілдіру мақсатында оның оқытудың теориялық және практикалық тұрғыда кәсіби құзыреттілігінің өсуіне ықпал ету негізгі мақсаттарым екенін түсіндіріп өттім. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болатындығы да ескертілді.

Тәлім алушының сабағын мен және мектеп әкмішілігінен мектеп директорының орынбасарларымен бірлесе отырып жоспарлап, оған жаңалық ретінде Lesson Study сабақты зерттеу әдісін енгізуді ұсындым. Бұл әдістің негізгі әдістемелік нұсқаулығы бойынша үш сабақ өткізетін болып шештік. Зерттеуге А деңгейіндегі үлгерімі жоғары Төлеубай Динар, В деңгейіндегі орта үлгерімді Сарбасов Болатбек, С деңгейіндегі үлгерімі төмен оқушыға Жақсылықов Жігер деген оқушыларды алдық.

Lesson Study-дың бірінші кезеңінде тәлім алушының бірінші сабағы өзінің екінші 2-сыныбында өткізілді. М.Әбдіраманова сабақ барысында жеті модульдің әдістері қолданып өз сынып кабинетінде өткізілді. Сабақ өз деңгейінде өткізіліп, сабақ соңында зерттеудегі оқушылармен сұхбаттастық. Содан соң зерттеуді жүргізген мұғалімдер өзара кеңесіп, Lesson Study-дың екінші кезеңін интерактивті тақтаны пайдаланып өткізуді ұйғардық.

Ұйғарым бойынша Lesson Study-дың келесі кезеңіндегі сабақты информатика кабинетіндегі интерактивті тақтаны пайдалану арқылы өткізуді сабақ жоспарына енгіздік. Бұл кезең соңында да оқушылармен сұхбаттасып, сұхабаттан кейін өзара талқылаулар жасадық. Сабақта АКТ пайдалануда оқушылардың қызығушылығы зор екені, оның сабақты меңгертуде үлкен роль атқарғандығы ескеріліп, соңғы үшінші кезеңдегі сабағын мультимедия кабинетінде, АКТ-ның барлық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өткізу керек деп шештік.

Соңғы қорытынды сабақ барысында қабылдаған шешімдеріміздің дұрыс бағытта екендігі және бағдарламаның идеяларын енгізу нәтижесінде оқуышларда көптеген өзгерістер болғаны байқалды. Оқушылар өздігінен реттелген, өз ойларын еркін жеткізе білетін, сыни ойлауы қалыптаса бастаған, байланыстырып сөйлеу дағдылары сәлде болса қалыптасқан оқушылар болып қалыптаса бастады.

Осылайша атқарылған жұмыстар қорытындысында, нәтижеге бағытталған білім беру системасына қол жеткізу - ол қолжетімділікті қамтамасыз ету, ғасыр көшіне ілесетін кең ауқымды, жаңашыл ойлайтын азамат, болашақ ұрпақ дайындау. Тәжірибеде жаңа идеялар мен технологияларды қолдана отырып, білім беру мазмұнын жаңартуға үлес қосу әрбір кәсіби тұлғаның маңызды факторы болып табылады дегім келеді

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Система контроля в организации обычно состоит из | Task 3. Без словаря никуда.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных