Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сыныпта бірінші ондықты оқытуда қолданатын көрнекілік құралдар




1. Пәндік құрал:

А) қоршаған болмыстағы заттар: сыныптағы жиһаз, оқу құралдары, табиғи материалдар, жеміс жидектер, түйме, ілгіш, ойыншықтар;

Б) санауға арналған, арнайы дайындалған құралдар: таяқшалар, арифметикалы қорабтар, сыныптық және жеке шот;

В) геометриялық фигуралар

Г) жеміс трафореті, жидек, жануар, құс және т.б трафореттері.

2. Иллюстративті құрал:

А) жеміс, жидек, аң, құс, көлік бейнеленген суреттер жинағы;

Б) 1 ден 10-дейінгі сандар бейнеленген заттардың суреті;

В) «Сандық баспалдақ» кестесі;

Г) бірыңғайлы және бірыңғайлы емес заттардың қандай да бір сюжетпен біріктірілген бейнедегі суреттер;

Д) қозғалатын сандар мен білгілер жинағы,...... жасалған заттар;

Е) санның резіңкелі штампы;

Ж) санды дұрыс сызу кестесі;

З) тиынға арналған касса;

И) «Бірінші ондықтың нумерациясы» тақырыбындағы кестелер сериясы (Серия авт. М.И.Моро, Е.В.Степанова, Н.А.Янковская).

Бірінші ондықты оқыту келесідей жағдайда іске асады:

1-сабақта таңба мен санға түсінік беріледі. Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларды санмен таныстыру, жазхуға үйрету, сандық қатардағы санның орнын анықтау, т.с.с.

2-сабақта балалар сандық қатардағы санның орнын анықтауды бекітеді, санауды үйренеді (оң және кері бағытта).

Келесі сабақта оқушылар сол санның құрамы мен қосу азайтуға үйренеді. Мұндай сабақтардың көлемі санның құралымен сынып құрамына байланысты.

Бірінші ондықты кез-келген санмен жұмыс жүргізуді толық қарастырайық.

Сандарды шығару (получение)

4 саннын шығаруды мысалға келтірейік. Мұғалім оқушыға жапырақты санауды ұсынады. «Мұнда неше сары жапырақ бар?» деп мұғалім сұрақ қоя отырып 3 жапыраққа нұсқайды. Оқушылар санап мұнда 3 жапырақ деп жауап береді. «Талдан тағы бір қызыл жапырақ түсті, бәрін бірге санайықшы?» Қалайша 4 жапырақ болды? Неше сары жапырақ жатыр еді? Неше қызыл жапырақ түсті? Сонда қанша жапырақ бар? Содан кейін 4 санын шығарудың басқа әдістерін қарастырады. «Сонмен 4 санын қалай шығарамыз? Қандай санға біз бірлікті қосамыз?» - дей отыра мұғалім басқа да мысалдар арқылы 4 сан шығарады «4 санын шығару үшін 3ке 1-і қосамыз». Мұндай қортындыны 1-сыныптың барлық оқушылары шығара алмайды. Содан кейін мұғалім мысал ретінде «Егер 4 жапырақтың біреуі желмен ұшып кетсе, онда 3 жапырақ қалады» келтіреді. Оқушылар осылайша 3 санын шығарудың жаңа тәсілін үйренеді.

1-сыныптың аяғына таман оқушыларда әр ондықтағы сандарға 1санын қосу арқылы қалыптасатынын, ал 1санын азайтқанда алдындағы сан шығатыны туралы түсінік болуы қажет. Сандарды шығару барысында олар жаттығулармен бекітіледі. Кейінірек оқушылар 4 элементтен тұратын заттарды санауға үйренеді.

ҮІІІ типтегі оқушыларға келесіні түсіндіруіміз керек. Яғни біз санды санап қана емес, өлшеп те шығара аламыз. Сондықтан сандарды шығару барысында сызықтағы сандарды өлшеу немесе кесінді және өлшемдерді санауда ең әуелі сызықта кейіннен масштабты сызғышпен жүргізілетін жаттығуларды орындауы керек. Сызғыш нумерация сұрағын қарастырудағы жақсы көрнекілік болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных