Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зияты зақымдалған балалардың дамуына «Өлшемдер» бөлімін оқыту маңызы және міндеттері.




VIII- типтегі мектептің оқушылары ұзындық, баға, салмақ, сыйымдылық, аудан, көлем және уақыт өлшем бірліктерімен танысады. Қарапайым құралдармен көлемнің өлшемін жасап үйренеді.

Бұл тақырыптағы тапсырмалар талдап қорытуды қалыптастыруға мақсаттылықты және әрекетті толық орындауды жетілдіруге, әрекетті жоспарлай білуге тәрбиелеу, кез-келген жұмысты толық орындауға, өзін өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға қабілетті.

Практикалық іскерлік және дағдының қалыптасуы барысында зейін, есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамиды. Моторика, тактильді және көру түйсіктері жетіледі. Мұның барлығы таным әрекеті сияқты интеллектісі бұзылған оқушылардың жеке қасиеттерін түзету мәселелерін шешуге арналған.

Оқушы көлемнің өлшем бірлігімен танысу процесінде сандар туралы елестетулерін кеңейтеді. Олар сандарды тек заттың жиынтығын санау арқылы ғана емес, сонымен қатар көлемін өшеуден соң да шығатынын түсінеді.

Бұл материалды оқыту ондық санау жүйесінің заңдылықтарын түсінуге (көлемнің өлшем бірлігіне байланысты уақыт өлшем бірлігінен басқа ондық санау жүйесіне негізделген) арифметикалық әрекет түсінігін кеңейтуге қабілетті.

Сандармен жұмыс жасап, оқушы тапсырманың алдын ала талдау дағдыларын бекітеді, әртүрлі сандардың айырмашылығы мен ұқсастығын белгілейді.

Бұл сабақты оқу математика сабағын өмірмен тығыз байланыстырады: оқушылар өлшеу дағдыларын және тәжірибелік іскерлікті үйренеді, күнделікті өмірге қажетті болашақ мамандығын игеруге, өлшеуіш құралдары: сызғыш пен рулетканы дұрыс қолдануды (сызғышты орнатып, нөлден бастап өлшем бірлігін жүргізуді), салмақты өлшеуді (салмақты теңестіріп, таразымен жұмыс істеуді), сағатты да меңгереді (сағатты минутына дейін анықтауды үйренеді).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных