Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақыл-ойы кем оқушылардың аталган материалды меңгеру киыншылықтары мен ерекшеліктері.




Бұл тақырып математиканың басқа бөлімдерімен салыстырғанда мағынасы көмекші мектеп оқушылары үшін қиын. Төменгі және жоғарғы сынып оқушыларында көлемнің өлшем бірлігін шынайы елестету жоқ, оларда көлемнің өлшем бірлігін басқа өлшем бірлігімен (сантиметрді метрмен немесе дециметрмен) немесе түрлі өлшеу жүйесімен (метрді квадрат метрмен, кейде килограммен) шатастыру байқалады. Оқушылар өлшем бірліктерді және өлшеу құралдарын шатастырады.

Көлемнің өлшем бірлігі туралы нашар білім және оларды ажырата алмауы, өлшем туралы қатынастың орнауына қиындық туғызады.

Осы тақырыпты игергенде оқушылар өте көп қателер жібереді. Мысалы, өлшеуден шыққан сандармен жұмыс жасағанда, өлшем бірліктерін жазуға көңіл бөлмейді (5м + 6см =65), ол сандарды жазғанда өлшем бірлігінің орындары ауыстырылады (4м 40см). Жиі әрекетті орындағанда басқа ат кездейсоқ жазылып кетеді (125 * 80 = 10000 квм = 1000р).

Бұл қателердің басты себептері, әр өлшем бірліктің шамасы туралы нақты елестетудің жоқтығы болып табылады.

Интелектісі бұзылған оқушылар да дұрыс өлшей алмайды. Бұл практикада өлшеудің тура белгілерін түсінбегендіктен, құралдарды дұрыс орналастыра алмағандықтан, сәйкес өлшем бірлікті таңдамағандықтан, өлшеуіш құралдарымен (сызғыш, таразы, сағат) шкала бойынша есеп шығаруды, өлшемнің қорытындысын дұрыс жазуды білмегендіктен пайда болады.

Бұл қиындықтарды жеңу үшін келесі талаптарды басшылыққа алу керек:

1. Төмендегі сыныптарға елестетуін қалыптастыру керек, ал жоғарғы сыныптарға, яғни көлемді тек өзіне берілген өлшем бірлігімен өлшеу керек (ұзындықты ұзындық өлшемімен: метрмен, дециметрмен т.б. өлшейді) деген сияқты түсінікті қалыптастыру керек.

2. Жаңа өлшем бірлікпен таныстыру кезінде, оны өмір жағдайында қажет екенін көрсету керек.

3. Оқушылар сезініп, барлық түйсіктерін қолдана отырып,әрбір өлшем бірлікті нақты елестетуін тудыруға талпыну керек (ақыл- есі кем балалардың қиялының әлсіздігін, аз тәжірибелік іскерлігін, ойлау қарқынын ескеру керек). Өлшем бірлік туралы өткен білімін, тәжірибесін, бақылауын жиі пайдалану керек.

Мысалы: 1км ұзындықтың өлшемімен танысу кезінде 1м білімін қолдану керек, оқушылардан 1км алыс жүріп, өткен уақытын белгілеу керек.

Түйсіне алмайтын қиын өлшемдерді (жүктің массасы1ц не 1т) мысал келтіріп, жанама түрде түсіндіру керек.

4. Өлшемді үйрену оқушылардың белсенді практикалық әрекетімен жүруі керек:

а) өлшеу кезінде (метрмен, дециметрмен, сантиметрмен, миллиметрмен, квадраттық және шаршылық өлшеммен)

б) Құралдардың көмегімен көлемді өлшеуде

в)Өлшеуіштердің ара қатынастарын анықтауда (дециметрде бірнеше сантиметр бар, метр дециметрге және сантиметрге бөлінеді, қорытындыға келсек: 1дм = 10см, 1м = 10дм = 100см).

Бұл тақырыпты оқығанда оқушылар тәжірибесінде өте жиі кездесетін және басқа адамдардың өмірінде кездесетін заттардың өлшемдерін елестете алады және қоршаған ортаға жақсы үйренуге көмектесетін, тиімді кәсіби еңбекке араласуға дайындайтын білім алуы тиіс. Мысалы: оқушы өзімен жасты баланың орташа бойының ұзындығын, ересек адамның орташа бойының ұзындығын, дәптердің, мектеп тақтасының ені мен ұзындығын, сынсптың биіктігін, ені мен ұзындығын, қаламның ұзындығын, адамның орташа бойын, үстелдің биіктігін, бір алманың массасын білуі тиіс, шамамен өлшемін көрсете білуі керек 1см және 1м.

5. Өлшеуді үйрену көзмөлшер мен бұлшықет түйсігінің дамуымен бірге жүруі керек. Сонымен қатар оқушылар өлшеммің шамалас нәтижесін бағалауды игеру керек (егер қалдық өлшем бірлігінен аз болса, онда ол төмен түседі, ол қалдық өлшем бірлікке тең немесе жартысынан көп болса, онда пайда болған өлшем бірлікке тағы да бірлік қосылады, мысалы: 1м 30см ≈1м; 1м 50см ≈ 2м; 1м 80см ≈ 2м).

6. Өлшем білімі мен өлшей алу дағдысын бекітуді тек математика сабағында ғана өтпейді, басқа да оқу пәндерінде, әсіресе қол және кәсіби еңбек, дене тәрбиесі,сызу сабақтарында, мектеп қасындағы алаңда жұмыс істегенде, өндірістік тәжірибеде, сонымен қатар сыныптан тыс уақытта өтеді.

7. Заттың өлшем белгілерін құралдың көмегімен тура анықтаудың алдында бұл өлшемді көзбен анықтау керек. Сонда оқушылар көзмөлшерін үйреніп, өлшем бірлігі туралы елестетулерін бекітіп, өлшем бірліктерінің аттарын біліп ажырата алады.

8. Интеллектісі бұзылған балалардың дағдысын қалыптастыру өте баяу жүреді, және де басқа да дағдыларын қалыптастыру үшін ұзақ уақытқа созылған көп жаттығулар керек. Сондықтан өлшеу жаттығуларын жүйелеп жүргізу керек. Оқушыларға аптасына 2- 3 рет кесіндіні, геометриялық фигураларды сызу немесе өлшеу, ыдыстың сыйымдылығын, заттың биіктігін, енін, ұзындығын көзбен анықтау, жүктің массасын, уақытты сағат бойынша анықтау, сонымен қатар сол немесе басқа жұмысқа жіберген уақытын анықтау жаттығуларын ұсынған дұрыс. Тапсырма қаншалықты индивидуалды болса («пакеттегі қиыршықтың, алманың массасын анықтаңыз»), соншалықты фронтальды болады. («Мысалдар қатарын шешу керек. Жұмыстың басталу уақытын жазыңыз. Мысалдарды шешіңіз. Жұмыстың аяқталған уақытын жазыңыз. Әр қайсысы қанша уақыт жібергенін анықтаңыз»).

Өлшем бірлік туралы білімді бекітуге, өлшеу және өлшеуіш құралдарын пайдаланудағы практикалық дағдыларын өңдеуге, білімнің өмірмен байланысын орнатуға өте пайдалы дидактикалық ойын «Дүкен» болып табылады.Бұл ойынды жүйелі түрде 1- ші және 4- ші сыныпқа жүргізу керек. «Дүкен» ойынының артынша «Почта», «Транспортпен жол жүру» ойындарын ұйымдастыру қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных