Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көмекші мектепте метрикалық өлшем жүйесін оқыту мазмұны және әдістемесі




Баға туралы түсінік – түзету мектебінде оқитын оқушылар үшін қиындықтың бірі. Егер қалыпты бала мектепке түсер алдында ақшамен танысып, әжептеуір тәжірибе жинайды, ал ақыл – есі кем оқушылардың аз байқағыштығынан, аз қызығушылығынан, енжарлығынан ақшаның құнын білмейді, «көп» және «ақша құны» ұғымдарын ажырата алмайды.

Пропедевтикалық кезеңде баланың ақша туралы, оның белгіленуі, ақшаның құны туралы елестетулері пайда болады.

Ақшамен танысу. VIII- типтегі мектеп мұғалімдері тәжірибесінің көрсетуінше, егер алғашқы танысу оқыған сәйкес сандармен түсіндірілсе, оқушылар ақшаны тез есте сақтайды және ажырата алады. Мысалы: оқушылар 1 санымен танысқанда, олар 1 тиын, 1теңгемен танысады.

Ақшамен танысу келесі кезекпен жүреді:

1. Ақшаның сыртқы көрінісі: түсі, түрі, өлшемі, ақшада жазылған саны;

2. Ақшаларды құнына байланысты таңдау;

3. Аталуы бойынша ақшаны таңдау(«1тиын, 2теңге және т.б. ақшаларды тап»)

4. Ақшаны дәптерге салу;

5. Ақшаның құнымен тең болытын бағадағы заттармен танысу;

6. Оқушылар ақша төлеп ұсақтамай, зат сатып алатын «Дүкен» ойынын ұйымдастыру;

7. Ақшаны ұсақтау және ауыстыру.

Алғашқы кезде оқушылар «теңге» және «тиын» сөзінің мағынасын түсінбейді және ажырата алмайды, олардың әлі тәжірибесі жоқ. Көбісі кез келген теңгені- 1 тиын деп санайды. Оқушылар теңгені ажыратуды үйренгенде ақшаға байланысты айтарлықтай тәжірибе жинайды, «теңге» және «тиын» сөздерін ажырата алады.Ол үшін міндетті түрде практикалық сипаттағы тапсырма беру керек, «Бір теңгені ал», «Екі тиынды ал», «Мұнда қанша теңге бар?», «Мұнда қанша тиын бар?» немесе «Қанша ақша бар?».

Ақшаны ұсақтау мен ауыстыруды тәжірибеде көрсеткендей, 1 – 5 сандарын қайталау кезінде яғни балаларосы сандардың құрамын білген кезде өткізу керек. Ақшаны ұсақтауды практикалық тапсырмаларды шешумен байланыстырған өте пайдалы. Мысалы: «Дәптер 2теңге тұрады. Дәптерді сатып алу үшін кассаға қанша ақша беру керек? Сол ақшаны көрсет(Оқушылар 2теңге ақшасын көрсетеді). Васяда 2теңге ақшасы жоқ, бірақ оның 1 теңгелік бірнеше ақшасы бар. Ол бұған дәптер сатып ала алады ма? Вася 1теңгеден нешеуін беруі керек?» Яғни 2теңге ақшасының орнына 1теңгеден екеуін беруге болады, сөйтіп 1т + 1т = 2теңге болады. Демек, 2теңге ақшасын 1теңге ақшасының екеуі алмастырады.

«Жиналатын матаға 5теңге ақшасын қойыңыз.Бұл ақшаны 1теңге ақшасымен алмастыр.1теңге ақшасынан нешеуін алу керек?». (Оқушылар жиналатын матаға 1теңге ақшасынан бесеуін қояды).

Бірінші 1теңге ақшасын ұсақтау, одан соң барлық ақшалармен ұсақталады. Көрнекілікке мұғалім ақша кассасын кәдімгі ақшасекілді қолданады. (картонға жабыстырылған тиынның бейнесі). Ақша кассасының орнына жанымен біріккен, үстіне тиын жабысқан каропкалар қолданылады.(18сурет).

Ақша кассасымен әрбір оқушы ойнайды. Мысалы,мұғалім 5теңгені ұсақтауға береді.Әрқайсысы ұсақтаудың түрлерін табуы керек. Керісінше де тапсырма беруге болады: бір ғана ақшамен 10 теңге және 5теңге ақшасын алмастыру керек.

1- сыныпта «Дүкен» ойынын ұйымдастыру кезінде мына жүйелілікті сақтау керек: 1)бір затты қайтарым ақшасыз сатып алу керек; 2)сатып алынған заттың құнын қайтарылыммен төлеу керек; 3)екі немесе үш затты сатып алу қайтарымсыз; 4)екі затты сатып алу қайтарым ақшамен болуы керек.Барлық оқушылар сатушы мен тұтынушының ролінде болуы керек.

Ақшалармен мынадай жұмыс жасауға болады: Заттардың құнын баға көрсеткішпен анықтау, тапсырма құру. Оқушылар сұрақтарға жауап беруге үйренеді: «Сатып алынған затқа қанша ақша төлеу керек? Зат қанша тұрады? Бұл затты сатып алу үшін ақшаң жете ме? Қанша ақша қайтару керек?».

Оқушылар 1теңгені ауыстыру үшін100 санын өтуікерек. Оқушыларға таяқшамен 100- ге дейін санауды ұсынады, содан соң мұны 10тиынмен өлшейді. Оқушылар санайды: «10тиын, 20тиын,..., 100тиын». Мұғалім сұрайды: 100тиын шығу үшін қанша 10тиын алынды? 100тиынын алмастыратын ақша бар ма?Кейбір балалар 100тиын 1теңгені құрайтынын біледі. Мұғалім 1теңгені көрсетіп, басқа ақшалармен салыстырады. Оқушылар бұл ақшалардың түсін, өлшемін, формасын қарайды.

Оқушылар 2т, 5т, 10т, 50т ақшаларымен танысады.

Мұғалім оқушыларға заттардың бағасы ірі не ұсақ бағаның өлшем бірліктерімен берілетінін түсіндіреді. Мысалы: 1кг ірімшік - 30теңге 50тиын, 1кг алма – 10теңге 50тиын тұрады, бірақ 1теңге = 100тиын, сөйтіп өте ұсақ бірлікте 1кг алма- 1050теңге, ал ірімшік – 3050теңге болады.

Ұзындықтың өлшем бірлігін үйрену. VIII типтегі мектептің оқушылары ұзындықтың барлық өлшемімен және ара қатынасымен төменгі сыныпта (1- 4) танысады,ал оларды бекіту мектептегі барлық оқу жылының ішінде өтіледі. Ұзындықты өлшеу білімі, ұзындығын, енін,биіктігін т.б. таба білу дағдысы оқушыларға тұрмыста,мамандық игеруде өте қажет.

Ұзындық өлшемін оқыту міндеттері: 1)оқушылардың шаманың біртекті шамамен өлшенетіні туралы елестетуін қалыптастырады; 2)Сызғыштық өлшембірлікпен және оның ара қатынасымен таныстыру; 3)Заттың сызғыштық өлшемін салыстыруға үйретеді; 4)Өлшеуіш құралдарын қолдануға үйретеді.

Заттың белгілерімен алғаш танысуды: ұзын – қысқа, кең – тар, биік – аласа, оқушылар дайындық кезеңінде өтеді.

1-сыныпта оқушылар ұзындық пен енді адыммен анықтайды. Балалар сыныптың ұзындығы мен енін өлшеген адымдарын санайды, арқанды созып, басынан аяғына дейін адыммен санап,санын анықтайды т.б.Оқушылар аралықты адыммен өлшеуді білген соң, мұғалім олар таңдаған ұзындық өлшемінің, яғни адымның аяқталмағанын бірнеше мысалда көрсетеді.

Мысалы, мұғалім 3- 4 оқушыға сыныптың ұзындығын өлшетіп, өлшемнің нәтижесін, яғни адымдар санын тақтаға жазуды сұрайды.Барлығында әртүрлі сандар шығады. Мұғалім барлық баланың адымы әртүрлі екенін дәлелдеу үшін ол оқушылардың адымдарының ұзындығын өлшейді, сөйтіп мұғалім қағазжолағын алып, балалардың адымдарын өлшейді. Сөйтіп одан түрлі ұзындықтағы жолақтар шыққанын көрсетеді, сондықтан олар әртүрлі еді.

Сабақта оқушы 1м ұзындықтағы қатты қағаздан жасалған жолақ алады. Жолаққа "1м" деп жазылған. Мұғалімнің көмегімен балалар осы жолақпен сыныптың ұзындығын өлшейді, өшенген жерді бормен сызады. Сөйтіп метрдің санын анықтайды, одан шыққан нәтижені тақтаға жазады. Барлық оқушыларда бірдей қорытынды шығады. Мұғалім сыныптың ұзындығын, енін, биіктігін 1м ұзындық жолағымен, яғни метрдің көмегімен өлшейтінін айтып сабақты қорытады. Ұзындықтың өлшем бірлігі – метр осылай жүргізіледі. «метрмен тағы да не өлшеуге болады?» - деп сұрап, метр - ұзындықтың өлшем бірлігі екенін айтады. Метрді өзіміз жасай аламыз немесе сатып аламыз. Метрді ағаштан, металдан, арқаннан т.б. жасауға болады (көрсетеді). Метр – бұл анықталған аралық, ұзындық деп нақты түсіндіру керек.«Метр» сөзінің сандық жазылуы: 1м.

Ары қарай мынадай жұмыс жүргізіледі: оқушылар метрді иығы мен саусақтарының басына дейінгі аралықпен салыстырып, шамамен 1м ұзындықтың өлшемін көрсетеді, өзінің бойын метрмен өлшейді, ұзындығы 1м болатын заттарды атайды, метрді қатты қағаздан жасап, оның көмегімен өлшеу жүргізеді. Сыныпта міндетті түрде метр эталоны болу керек. Оқушылар көзбен өлшейтін затты метрмен салыстырып, өзінің көзмөлшерін дамытады. Оқушы еңалдымен өлшенетін заттың мөлшерін көзбен анықтап, содан соң сызғышпен өлшейді.

Оқушылар заттың бөліктерін өлшеп үйренеді («Лентаның ұзындығын тап»). Өлшеу метрмен жүреді. Мұғалім сонымен қатар оқушыларға өлшемнен шыққан санның жазылуын көрсетеді (1м, 3м, т.б.). Оқушылар бұл кезеңде алғаш рет шамамен өлшеу туралы елестете алады.

Өлшеу өзбетінше болмау керек. Оларды міндетті түрде қандайда бір өмір жағдайымен, ойынмен байланыстыру қажет.

Сонымен қатар оқушылар 1- сыныпта сантиметрмен танысады. Мұғалім әдеттегідей қағаздан немесе сымнан жасалған сантиметрдің эталонын көрсетеді. Сосын сантиметр саусақтың енімен, дәптердің екі торымен салыстырылады. Оқушылар 1см үлгісін гуммирленген қағаздан қырқып алып, дәптерге жабыстырылады. Содан соң мұғалім "сантиметр" сөзінің сандық жазылуын көрсетеді: 1см, 3см, 101см. Ары қарай мынадай жұмыс жүргізіледі: мұғалім балаларға 10см –ге тең жолақтар беріп, өз бетінше 1см ұзындық өлшемімен немесе сызғышпен 10 тең бөлікке бөлуін ұсынады. Бұл тапсырманы өз бетінше орындай алмаған оқушыға мұғалім 10 тең бөлікке бөлінген қағазды береді.Оқушылар әр бөлікке қатарымен 0- ден 10-ға дейінгі сандарды жазады.

Ары қарай балалар өлшеумен, сантиметр жолдарын сызумен танысады. Балалардың алғашқы өлшейтін заты сантиметрдің толық сандарынан құралуы керек. Өлшеу алдымен сантиметр жолдарымен, содан соң сызғышпен жасалады. Оқушылардың оқу техналогиясына назар аудару маңызды. Ақыл- есі кем оқушылар жиі сантиметрмен өлшеуді нөлден емес, сызғыштың соңынан немесе 1- ден бастауы мүмкін. Сондықтан үлкен қателіктер кездеседі. Бұны есте сақтау керек. Қате өлшеудің тағы бір себебі, оқушылардың моторикасының бұзылуы. Моторикасы бұзылған оқушыларға индивидуалды көмек көрсету керек. 3 – 4 сыныптарда балаларға тек нөлден емес, кез келген бөліктен өлшеуді үйрету керек.

Ұзындықтың жаңа өлшем бірлігімен – дециметрмен танысу 20- ға дейінгі нөмірлеумен байланыстыру керек (2 - сынып).

Алдымен мұғалім 1дм үлгісін көрсетіп, 1дм 1см- мен салыстырылады. Оқушылар 1 дм ұзындығын есте жақсы сақтау үшін әрбір бала қатты қағаздан дециметр жасап, оны қырқып, лентаны, жіңішке арқанды және басқа заттарды өлшеу керек. Оқушылар дм белгісімен 1дм, 2дм және т.б. сандары арқылы танысады.

Алғашында балаларды тек ұзындығын ғана емес, енін, биіктігін, тереңдігін анықтауға үйрету керек. Сонымен қатар оқушылар өлшеу кезінде өлшеуіш обьектісін ғана емес сызғышты ауыстырып отыру керек.

Оқушылар ұзындықтың өлшем бірліктерінмен – сантиметрмен, дециметрмен, метрмен танысып, ұзындықты тек бір ғана емес, екі өлшем бірлікпен анықтайды.

Тәжірибеде көрсеткендей дециметр мен сантиметр, метр мен дециметр, метр мен сантиметр ара қатынасын оқушылар 20 мен 70 аралығындағы санауды үйренген кезде, сантиметрмен, дециметрмен өлшеуді үйренгенде, метрлік сызғышпен сантиметрдің ондық жолақтарын көрсетіп үйренгенде танысады. Оқушылар 1см, 1дм, 1м ұзындық бөліктерін көзбен жаттайды.

Сұрақ қою пайдалы: «1 метр неше сантиметрден (дециметрден) құралады? Метр пайда болу үшін неше сантиметр (дециметр) санау керек?».

Өлшем бірліктің ара қатынасы дециметр мен сантиметрге бөлінген метрлік сызғышпен, дециметрге бөлінген метрлік жолақтан дециметрді өлшеу практикалық жұмысымен бекітіледі.

Миллиметр - көмекші мектеп оқушылары үшін, әсіресе ұсталықпен айналысатын адамдар үшін үлкен практикалық негізі бар ұзындықтың өлшем бірлігі.

Алғашқы кезде мұғалім тура өлшеу үшін сантиметрден де майда ұзындықтың өлшем бірлігі керек екенін айтады. Ол үшін алдымен картон қағаздың қалыңдығын өлшеуді ұсынады. Содан соң оқушыларға біріншісі 4см, екіншісі 4см 5мм жолақ сызылған карточка таратып, екеуі бірдей ме, қайсысы ұзындау, қайсысы қысқалау деп сұрайды. Оларды өлшетіп, сұрақ қояды:«Үстіңгі жолақтың ұзындығы қандай? Төменгі жолақтың ұзындығы қандай?».

Төменгі жолақтың ұзындығын анықтағанда 4 см және 1см – ден аз қалдық шықты. Мұғалім олардан «Қалдықты өлшеуге бола ма?», «Қандай ұзындықтың өлшем бірлігімен өлшеуге болады?» - деп сұрайды. Кейбір балалар ұзындықтың өлшем бірлігі – миллиметрді біледі. Мұғалім оқушыларға миллиметрлік қағаздағы, сызғыштағы миллиметрді көрсетіп, жолақтың қалдығын миллиметрмен өлшеуді ұсынады. Оқушыларв тағы да миллметр бөліктерін сызып, өлшем жасайды. «Миллиметр» сөзі тақтаға және дәптерге жазылады, мұғалім бұл атаудың біроліктерін сандық түрімен таныстырады: 1мм, 5мм т.б.

Жаңа өлшем бірлікті еңбек сабағымен байланыстырып оқыту керек. Алдымен оқушылардан өз бетінше миллиметрлік өлшем мысалдар келтіруін сұрайды. Мысалы: айна кесуші айнаны 2мм немесе 3мм ұзын кесіп қойса, онда ол рамкаға кірмейді т.б.

Оқушылар сантиметр мен миллиметрдің ара қатынасын сызғышпен есептеп орнатады. Сосын миллиметрлік қағазға 10 мм – ді санап, 1см ұзындықты бөліп белгілейді.Сонымен қатар миллиметрлік қағаздың көмегімен балалар геометриялық фигуралардың қабырғаларына, оқу құралдарына (қалам, ручка т.б.) миллиметрлік өлшеу жасайды. Оқушылардың өлшемінің нәтижесі қалай ірі қолданса, солай майда өлшем бірліктермен сандық түрде жазылады.

10 мм – ден аз кесіндіні құру мен өлшеу тапсырмаларын көбірек беру керек. Бұл тек қана тура өлшеу дағдыларын қалыптастырып қоймай, әрқашан шкала бойынша санаудың басын ұмыттырмайды.

Киллометр – балалар ұзындықтың өте майда өлшем бірліктерімен танысып болған соң үйренетін ұзындықтың өлшем бірлігі (1м, 1дм, 1см, 1мм). Мұғалім балалардың қандай ұзындықтың өлшем бірліктерін білетінін, олардың қандай заттарды өлшей алатынын анықтап, ұзындықтың қандай өлшем бірлігімен қалалар, ауылдар аралығын өлшеуге болатынын сұрайды. Оқушылардың көпшілігі өлшем бірлігін дұрыс айтадй. Бірақ ешқайсысы ұзындықтың бұл өлшем бірлігі туралы шынайы елестете алмайды. Киллометр туралы елестетулері тек қана сол 1км – ді жүріп өткенде, 1км мен уақыт аралығына байланыс орнатқанда ғана пайда болады.

Бұл жерде киллометр туралы түсінікті сыныптың ішінде бере алмаймыз. Ұзындықтың жаңа өлшем бірлігі – киллометрмен танысу сабағы мектептің сыртында жүреді. Мұғалім алдын ала киллометрмен танысуға ыңғайлы жерді белгілеп қояды. Мектептен 1км жердегі обьектіні белгілейді. Өйткені, жол тура сызықпен өтуі керек. Мұғалім оқушыларды екеуден тұрғызып, олар қазір бірдей 1км жүріп өтетінін айтады. Ол бұл жолды жүріп өтуге қажетті уақытты белгілейді және сол жолды жүретін оқушыларға назар аударады. 1км жолды жүріп болған соң, мұғалім уақытты белгілнп, айтады: «Біз 1км жол жүрдік, жолға 15 минут кетті». Қайтарында мұғалім 1км- де қанша адым болатынын санауды ұсынады. Бірінші пар 100 адым жасап сапқа қарай кетеді, екінші пар ары қарай жалғастырады 200, 300 т.б.

Келесі сабақта оқушылар (Мұғалімнің сұрақтарымен) қандай аралықтағы жол жүргендерін, 1км жолға қанша уақыт кететінін еске түсіруі керек. Мұғалім мектептен 1км қашықтықта тұрған обьектілерді атайды. Сосын оқушылар 1км жүргендегі адымдарын санайды. Балалар өздерінің адымының ұзындығын біледі. Адымдарының саны 1000 – ға жетеді. Олар қанша метр жүргендерін санайды.

Олар қанша метр жүргендерін санайды. Мұғалім жүріп өткен жолды метрмен өлшетеді, сөйтіп 1 км-де 1000 метр болатынын айтады.

Оқушылар 1 км жолды бірнеше рет жүруі керек. Серуен және экскурсия кезінде мұғалім мен тәрбиеші мектептен шыққан уақытты белгілеп, 12-15 минуттан соң балалардан сұрайды: «Сендер 15 мин. жүрдіңдер. Осы уақытта қанша қашықтықтан өттіңдер?».

Оқудың 4-ші жылының соңында оқушылар ұзындықтың барлық өлшем бірлігімен танысып, 5-ші сыныпта олардың ара қашықтығымен танысады. Жоғарғы сыныпта ұзындықтың өлшемін дифференциациялау жұмысы жүйелі түоде өткізіледі. Сызғыштық өлшемнің эталондары: 1мм, 1см, 1дм, 1м және олардың ара қашықтығының кестесі үнемі сыныпта тұруы керек.

Сыйымдылық өлшем бірлігін үйрену. Тағы да пропедевтикалық кезең оқушылардың көптеген елестетулерін дамытып, балаларға құмды, суды қасықпен, формамен, кесемен өлшеп, қандай формаға құм аз (көп) кететінін анықтауды оқытады. 2-сыныпта бұл жұмыс жалғасады: оқушылар әртүрлі ыдыстардың сыйымдылығын не кеңдігін салыстырады. Алғашқы кезде көзбен салыстырады. Мысалы: Судың қайда көп құйылатынын салыстыру берілді: банкаға немесе кастрюльге. Оқушылардың алдына жарты литрлік банкі және 2-3 л сыйымдылығындағы кастрюль қояды да, кастрюльге неше банкі су құйылатынын есептейді.

Балалардың тәжірбиесін тексере отырып мұғалім 1л, 2л, 3л сыйымдылығындағы бірдей банкілерді қояды. Кейбір балалар бұл банкінің сыйымдылығын біледі, ал кейбіреулерінің ол туралы ешқандай елестетулері жоқ. Мұғалім тағы да балалардың білімін тексеріп, сүтті, керосинді, бензинді, өсімдік майын, тіпті еріткішті де қандай өлшеуішпен өлшейтінін сұрайды. Сөйтіп мұғалі балаларға метрлік кружканы, бутылканы, банкані көрсетіп, кружкаға су құйып алып, кезекпен бутылкаға және банкаға құяды. Сөйтіп оқушылар банкаға қанша кружка су кетсе, сонша кружка су бутылкаға да кететінін, яғни бірдей мөлшердегі су-1л деген қорытындыға келеді. Бұл қорытынды оқушыларға түсінікті болу үшін, әр оқушы жұмысты өздері істеп көреді. Маңыздысы, балалар бұл жаңа сөзді есінде сақтап, оны дұрыс айтып, сандық түрде жазылуын үйренуі керек. Оқушылар басқа ыдыстардың ішінен 1л ыдысын іздеп табуды үйренуі керек. Ары қарай оқушылар ыдыстардың сыйымдылығын өлшеуді, берілген литрдегі мөлшерді өлшеп үйренеді. Олар банкігк кішірек бидонға, кастрюльге, шелекке су құйып, сыйымдылығын анықтайды. Маңыздысы оқушылардың көз мөлшерін, яғни көзбен ыдыстың сыйымдылығын анықтай алуын дамыту. Оқушлар тұрмыста өте жиі кездесетін ыстардың бірдей сыйымдылықтарын есте сақтаулары тиіс: 1л, 2л, 3л, 5л сыйымдылықтағы банкі, 1л, 2л, 3л, 5л, 10л, 20л, 40л сыйымдылығындағы бидон (3-сынып), 8л, 10л, 12л сыйымдылығындағы шелек.

Массаның өлшем бірлігін үйрену. Оқушылардың массамен алғаш танысуы, заттарды салмағымен салыстыру (ауыр-жеңіл, ауырлау-жеңілдеу) пропедевтикалық кезеңде (1-сынып) болады.

Матеметика, қол еңбегі сабақтарында, сыныптан тыс уақыттарда мұғалім практикалық сипаттағы түрлі жаттығулармен және арифметикалық тапсырмаларды шешу кезінде түрлі өмірлік жағдайларды құрып, осы елестетулерін бекітеді. Бұл кезеңде оқушыларға заттың массасы оның кеңістікте алатын көлемі мен өлшеміне тәуелді емес екенін түсіндіру керек.

3-сыныпта оқушылар алғаш рет массаның өлшемі – киллограммен танысады. Зерттеудің көрсетуінше, VIII-типтегі мектептің оқшылары бұл өлшем туралы біледі, қандай заттың массасы киллограммен өлшенетінін біледі. Бірақ оларда киллограмм массасын шынай елестету, тура түйсіну жоқ. Сондықтан олардан 1кг мөлшердегі затарды ата дегенде, олар қанттың қорабына, құмшекердің пакетіне қарап және батонды, булочканы, қарбызды, пакеттегі 3кг катопты атайды. «Бөлке нанның массасы қандай?» - деген сұраққа балалар: «1кг, 2кг, 500г, 300г, 700г» деп жауап береді.

Масса өлшемі – киллограммен танысуды бастаудың ең тиімдісі, оқушылар массаның өлшем бірлігінің қажеттігін сезінетіндей жағдай тудыру керек.

Ұзындықтың өлшемінің (см, м) сыйымдылық өлшемдерінің қосындысымен

аналогия жүгізген дұрыс т.б. Мысалы: бокс сияқты спорт түріне қатысуда қатысушыдан белгілі массаны талап етеді. Массаны анықтау үшін (салмақ) массаның өлшем бірлігін таңдау керек. Бұл бірлік киллограмм болып табылады (1кг). Мұғалім балаларға гирді (1кг) көрсетеді. Әрбір оқушы гирдің массасын сезіну үшін біресе оң, біресе сол қолымен көтереді. Мұғалім оқушылардың тәжірбиесіне қарап, 1кг заттарды, азық-түлікті атауды сұрайды. Сыныпқа азық-түліктер алып келіп, оның массасын 1 кг гирдің массасымен салыстыру керек. Тағы да 2кг және 5кг гирлерді көрсету керек. Ары қарай жемістерді, көкөністерді, қиыршықты, тұзды өлшеу және таразыға тарту практикалық жұмыстары өтіледі.

Жұмысты осы және барлық келесі кезеңдерінде массаның өлшемін оқыту оқушылардың бұлшықет сезімдерін дамытуға, заттың массасын «қолмен» шамалап анықтауға арналады. Сондықтан өлшеу алдында мынадай сұрақ қою керек: «Сен қалай ойлайсың, мына заттың массасы қандай? Тараздың көмегімен өзіңдң тексер. Қаншалықты қателескеніңді анықта». Заттың массасын киллограммен анықтауда оқушылар шамалап өлшеумен танысады.

3-сыныпта оқушылар таразының табақшаларымен жұмыс істеуді үйренеді. Онда жүктің салмағы массасының өлшем бірлігі – киллограммен салыстырылыатыны анық көрінеді. өлшемнен шыққан сан жазылады. Мұғалім оқушыларды масса өлшем бірлігінің сандық жазылуымен таныстырады.

5-сыныпта оушылар массаның жаңа өлшем бірлігі – граммен танысады. Қайтадан массаның майда өлшем бірлігін қажет ететін жағдай туғызу керек. Мғалім мынадай мысал келтіреді: Астанада әрбір оқушының стакандағы шайына 2 кесек қант немесе 2 шай қасық шекер салады. «Білесіңдер ме, бұл қанттың массасы қандай?» - деп сұрайды. Оқушылар жауап беруге қиналады, бірақ бұл оларды қызықтырады. 1кг гирдің көмегімен қанттың массасын анықтауға болмайтыны анық, бұл үлкен өлшем. Мұғалім оқушыларға 1г гирмен таныстырады. 5-сыныптың көптеген оқушылары массаның өлшем бірлігі – граммды біледі. Тәжірбие мен бақылаудың көрсетуінше оқушылар бұл массаны нашар елестетеді. Мысалы, қаламды, алманы, конфетті, бидайды 1грамм деп ойлайды.

Оқушылар 1г массаны сезіну үшін 1г гирді қолымен көтеру керек. Тек соден кейін ғана балалар түрлі салмақтағы гирлермен танысады: 5г, 10г, 20г, 100г, 200г, 500г.

5-сыныпта оқушылар алғаш рет циферблатты таразымен танысады. Мұғалім таразды сыныпқа әкеліп бөлікиермен таныстырады: бөлу сызықтарымен және сандарымен, бағыттағыш, табақтар. Оқушылар бағыттағыш жүктің тура массасын көрсететінін түсіну керек. Содан соң мұғалім оқушыларға циферблатты таразымен дұрыс өлшеуді үйретіп, өлшеу жүргізеді. Оқушылар таразымен өз бетінше орындайтын практикалық жұмысқа өтпес бұрын, алдымен таразының модельдерімен жаттығу өткізу керек. Киллограмм мен граммның ара қатынасын оқушылар өздері орнатады: 1кг гирді басқа гирлермен туралап қанша грамм қажет болатынын санайды. Сөйтіп оқушылар қорытады: 1кг ═ 1000г.

Кейбір заттардың массасын есте сақтау керек, өйткені тұрмыста есептеуге оңай болады. Оқушылар бір қап картошканың орташа массасы 50кг, шелектегі картоп 8-10кг екенін білуі керек т.б.

Тонна, центнер сияқты массаның өлшемдерін үйрену көбінесе қиын болады. Бұлардың массасын сезіну мүмкін емес. Мұғалім центнерді 2 қап катоппен немесе 1 қап күрішпен тең екенін, тоннаны мұндай күріштің 10 қабына тең екенін түсіндіреді. Бұл жағдайда товар станциясына экскурсияға барған жөн (жергілікті шарттарға байланысты).

Оқушылар массаның өлшемдерінің ара қатынасымен және сандық белгілерімен соңында танысады. Оқушыларға мынадай тапсырмалар берген дұрыс: 9. 1000 көлеміндегі және көптаңбалы сандардың нөмірлеуін және олармен арифметикалық амалдарды орындауын оқьпу әдістемесі

Жіптің ұзындығын өлшеу керек. Қандай өлшем бірлікті таңдаған дұрыс? Жіптің ұзындығын қандай бірлікпен өлшеу керек?.

2 қап картоптың, бөлке нанның, пакет дәннің массасын анықтау керек. Бұл заттардың массасын қандай өлшем бірлікпен анықтау керек?

Терезенің ені мен биіктігін анықтау керек. Ол үшін қандай өлшеуішті таңдау керек?

Оқушының бойы мен салмағын анықтау керек және т.б.

VIII-типтегі мектептің шартымен өлшеуді меңгеру және өлшеу дағдыларын игеру пәнаралық байланыс жүзеге асырылса, яғни мұғалімдер мен тәрбиешілер математика сабағынан алған білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын басқа да қол және кәсіби еңбек, география, табиғаттану сабақтарында және сабақтан тыс уақыттарда бекітіп отырса ғана сәтті болуы мүмкін.

Лекция






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных