Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Арапайым есептерді шешуге үйрету әдістемесі.




Бұл этапта оқушыар мұғалімнің сұрағына жауап беру арлы есепті шешу жолын іздестіреді.

Көптеген есептердің мәтінінде барлығы, қалғаны, көп, аз деген сөздер көп кездеседі. Бұл сөздер арифметикалық амалды таңдауға нұскқау боады, бірақ оқушыларды тек сол сұраққа негізделіп есеп шешуге үйрету дұрыс емес, себебі бұл қажет шешуге әкелуі мүмкін. Бұл тірек сөздері есептен алып тастауға да болмайды, себебі, олар белгілі бір жағдайды нұсқайды. Мысалы, оқушыға былай деуге болмайды: «егер есепте барлығы, болғанда сөздері болса» - қосу амалы, ал қалды сөзі болса – азайту амалы орындалады.

Есепті шешу үшін амалды таңдау – берілгені мен белгісіздіктің бір – біріне тәуелділігіне байланысты анықталады. Бұл тәуелділікті оқушылар дұрыс түсінуі үшін, есептің мазмұнын дұрыс түсінуі қажет. Осындай мақсатпен мұғалім оқушылармен есеп мазмұнын жіктеуге кіріседі.

Жіктеу барысында берілгені мен белгісіздің арасындағы тәуелділік анықталады. Есеп мазмұнын қарастыру кезінде мұғалім сұрақты оқушылар дұрыс амалды қолданатындай етіп қояды. Есепті жіктеуді белгіленгеніндегі сандардан бастап, негізгі сұраққа әкелуге болады. Дұрыс сұрақ қою да ескеріледі. Мысалы: оқушылар мектеп бақшасына 17 атыз қызан отырғызды, әр атызғ 30 түп қызанан отырғызылды, және 20 атыз орамжапырақ, әр атызға 25 түп орамжапырақ отырғызды. Барылығы неш түп көкеніс отырғызылды?

Есепке байланысты әңгімені былай жүргізуге болады: «17 атыз, 30 түп қызан отырғызылғаны белгілі». Бұл берілгенімен нені табуға болады? Қандай амал орындалады?

Сондай – ақ, 20 атыз, 25 түп орамжапырақ отырғызылғаны белгілі. Бұл арқылы да нені табуға болады? Қандай амал қолданылады. (Көбейту 25 түп * 20). Неге?

Енді біз қанша түп қызан, қанша түп орамжапырақ отырғызылғанын жеке-жеке садарын білеміз. Осыдан нені табуға болады? (Барлығы қанша түп көкеніс екенін табуға болады). Қандай амалмен табуға болады? (Қосу арқылы) Неге? Есепті нені табу керек еді? Негізгі сұраққа біз жауап бердік па? Есепті біз шештік па?

Оқушыларға таныс есептерді көп жіктеп, түсіндірудің қажеті жоқ. Кейде балаларға негізгі бір – екі сұрақты қойып, есепті шығаруға болады. Мысалы: Мектеп бақшасынан бірінші кері 120 кг алма жиналды, екінші күні бірінші күнге қарағанда 35 кг –ға кем, ал үшінші күні 78 кг алма жиналды. Оқушылр үш күнде 78 кг алма жинады. Оқушылар үш күнде барлығы неше кг алма жинады?

Мұғалім оқушыларға жоспар құрмас бұрыншешуші сұрақтар қояды. Мысалы; Есепте нні табу керек? Берілгеннің барлық сандары белгілі ма? Не белгісіз? Есеп шартынан 2-ші күні жиналған алма кг-ын табуға бола ма? Есеп қанш амалдан тұрады? Бірінші қандай амал орындалады? Неге азайту? Екінші амал қандай? Неге қосу?

Есепті шешу. Алдындағы этапқа негізделе отырып, оқушылар есепті шешудің жолдарын ауызша айта бастайды, сұрақтарға жауап беру арқылы орындалатын амалды таңдай алады.

Мұғалім сұрайды: «Есеп қанша амалдан тұрады? Бірінші сұрақ қандай? Бұл сұраққа қандай амалмен жауап беруге болады? Ары қарай ауызша жоспар құрылады және амалдардың орындалуының реттілігі құралады. Содан соң есепті жазу ұсынылады.

Есептің шешуін жазу. 1-сыныптың басында оқушылар әріпті әлі меңгермегендіктен есеп шарты сөздермен емес, арифметикалық сандармен жазылады. Кейде әріптердің орнына есепте берілген заттардың суреті салынады. Есепті шешу жолы жолдың ортасына жазылады, бұл есеп шартынан ррррррррр көп септігін тигізеді. Есепті шешу кезінде мұғалім оқушылардан әрі іс-әрекетін ауызша түсіндіруін талап етеді. Қиын есептерді жазу кезінде жазу тәртібінің мынадай түрлері қолданады:

а) арифметикалық амалдарды және жауабын жазу.

б) әр амал нәтижесін түсіндіріп жазу.

в) есепті шешуді сұрақтармен бірге жазу, соңында жауабы жазылады.

г) алдымен жоспарын, содан соң шешу амалын жазу немесе керісінше, соңында жауабы жазылады.

Бір есепті мысалға алып, жазу формасының әр түрін қарастырайық.

А) 1) 120 кг – 35 кг = 85 кг

2) 120 кг + 85кг + 78кг = 283 кг

Жауабы: 283 кг алма үш күнде жиналады.

 

Б) 1) 120 кг - 35 кг = 85 кг (екінші күнгі жиналған алма).

2) 120 кг + 85 кг + 75кг = 283 кг (үш күнгі жин. алма)

 

В) 1) Екінші күні неше кг алма жиналады?

120 кг – 35 кг = 85 кг

2) Үш күнде неше кг алма жиналды?

120 кг + 85 кг+78 кг = 283 кг

Жауабы: 283 кг алма үш күнде жиналады.

 

Г) Жоспар

1) екінші күні неше кг алма жиналды?

2) Үш күнде неше кг алма жиналады?

Шешуі:

1) 120кг – 35 кг = 85 кг

2) 120 кг + 85 кг +78 кг = 283 кг

Жауабы: 3 к8нде 283 кг алма

Жауабын құрастыру. Жауабын жазу формасы қысқаша немесе толық болуы мүмкін. Мысалы: қысқаша Жауабы – 283 кг немесе 283 кг алма.

Толық жауабы: үш күнде 283 кг алма жиналады.

Есептің шешуін тексеру. Интелектісі бұзылған балаларда бақылау функциясы әлсіз боғандықтан, есеп шешуін тексеру білім беру тұрғысынан ғана емес, түзету бағытында жүреді.

Төменгі сыныптарда міндетті түрде:

1. Есеп шартын (белгілі, белгісіз)

2. Жауабының дұрыстығын

3. Есеп шарты мен жауаптың сай келуін тексеру керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных