Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыпты оқытуда қолданылатын кейбір дидактикалық талаптар




1. Балалардың уқытша елестетулерін тәжірбиеде, іскерлікте және бақылауда қалыптастыру. Әрбір фактіні, құбылысты, оқиғаны болған уақытпен байланыстыру керек.

2. Оқушыларда әңгіме, ойын арқалы уақыт байланыстарымен таныстыру (уақыт бірліктерін және олардың байланыстарын оқытуға дейін): тәулік түн және күнге қарағанда көп екенін, тәулік аптадан аз екенін; жылдың айдан көп екенін; сағат минуттан көп екенін және т.б

3. Оқушыға уақыт бірлігінің ұзақтығын, нақтылығын көрсету және осы уақыт аралығында ол өзінің тәжірбиесі арқылы не істеуге болатындығын анықтау қажет.

4. Балалар ылғида өздері қатысатын немесе бақылайтын оқиғалар мен құбылыстарды (мысалы, сабақ, күн тәртібі, ұзіліс уақыты және т.б) ұзақтығы туралы елестетулерін дұрыс және ертерек қалыптастыру;

5. Басқа оқу пәндері мен (қазақ тілі, тарих, дене тәрбиесі, сурет сабақтары, әсіресе қол және кәсіптік еңбек сабағында) сабақтан тыс пәндер туралы елестетулерін қалыптастыру туралы жұмыс жүргізу.

6. Сабақтың тақырыбымен байланысты уақытша елестетулерін дамыту жұмысын, сабақтың 5-10минутында аптасына (2-3реттен) жүргізу

Уакыттық өлшемдерді оқыту әдістемесі. (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай. жыл, т.б. уақыт бірліктерді окыту әдістеме мысалдары).

Пропедефтикалық кезеңнің өзінде мұғалім өз алдына балалардың уақытша елестетулерін дамыту және нақтыландыру туралы мақсат қояды (кеше, бүгін, ертең) осы мақсатпен мұғалім суретерді пайдаланып, балалардың кезекшілігі туралы күнтізбе жасайды. Күн сайын мұғалім «бүгін» қандай жұмыстар атқару керек? «Кеше» қандай істер атқардық? – деген сияқты әңгімемен бастайды. Сабақтың соңында мұғалім міндетті түрді оқушыларға ертең қандай істер күтіп тұрғанын айтады. Осының нәтижесінде оқушыларда кеше, бүгін, ертең деген уақыт түсініктері туралы тәжірибелері қалыптасады және оларды белгілі-бір оқиғалармен байланыстырып үйренеді. Олардың назарын, яғни бүгін болған оқиға «ертең» өткенге кетіп, «кеше» деген түсінікпен байланысатына көңіл аудару қажет.

Кезекшілік күнтізбеде балалардың аты жазылған карточкалар ілулі тұрады (балалар әлі оқи алмайтын жағдайда карточкадағы балалардың аттарының қасында сурет салынады), кеше кезекшілік жасағандар бүгін де, ертең де ілінеді. Келесі күні бұл карточкалар жылжиды.

Тәулік бөліктерінің қатарына (кеше, бүгін, ертең) уақыты сипаттайтын жаңа терминдер кіреді. Мысалы қкзір, ерте, кеш, бұрында, жақында, баяу, үлкенірек, жасырақ және т.б.

Тәулік. 1сынып оқушыларына тәулік бөліктерін (таң, кеш, күн, түн) таныстыру бекітіледі. Бұл уақыт елестулерін дамыту барысында мұғалім оқушының уақытқа бейімделуі мен ол туралы тәжірибесіне көңіл бөлу қажет.

Мұғалім оқушының уақыт туралы түсінігін ойын және әңгіме барысында анықтайды. Әңгіме тек математика сабағында ғана емес, сонымен қатар басқа сбақтар мен сабақтан тыс уақыттарда да жүргізіледі. Әңгімені алғаш жүргізі барысында мұғалім немесе тәрбиеші оқушылардың өзіндік тәжірбиесіне сүйенеді. Егер бұл мектеп-интернат немесе балалар үйі болса, онда тәрбиеші әңгіме барысында балалардың таңертең не істеу керек екендігіне назар аудартады, ал мұғалім сбақ барысында олардың таңертең не істегендерін, олардың ата-аналары, тәрбиешілері сол уақытта не істейтіндері туралы сұрақтар қояды. «Таң ертеңнен кейін түс мезгілі болады. Сендер түс мезгілінде немен айналысасыңдар?» - деп мұғалім сұрқтар қою тиіс. Дәл осы сияқты кеш туралы әңгіме қозғалады және т.с.с. Келесі әңгіме барысында мұғалім балалардың бақылауына сүйене отырып қоршаған ортадағы жақын адамдардың жұмыстарына, содан аоң өмірлік оқиғалар мен құбылыстарға және табиғат құбылыстарына назар аудартады. Мысалы, «Таңертең жаңбыр жауды», «Түс мезгілінде күн шықты», «Кешке күн батып, түн басталды», «Түнде өте қараңғы болды». Мұғалім әңгіме барысында блалардың байқағыштғын дамыту үшін талпыну керек, тәуліктің кез-келген уақытында айналадағы завод, фабрикалардың жұмыстары туралы айта отырып ой-өрістерін дамытуы керек.

Кейбір оқушылар апта бөліктерінің жүйелігін штастырады, мысалы күннен кейін бірден түн, ал түннен кейін күн болады деп ойлайды. Тәулік бөліктернің жүйесі мен ауысмын дидактикалық материалдар мен көрнекілік құралдарға бекітіп қоюға болады. Мысалыға, «Күннің шығысы мен батысы», «Тәуліктік үйшік» деген тақырыпта макеттер қолдануға болады. «Тәулік сағаттары» - деген макетпен ойындар ұйымдастырылады.

«Тәулік үйшігі» макетінде тәулктің әр күніне сәйкес келетін (таң – розовый, күн – сары, кеш – көк, түн - қара) ленталармен белгіленген. Лента үйшіктің тілік жеріне орналасады да үдайы жылжытылып отырады. Тәуліктің бір бөлігі келесісімен ауысып отырады. Оқушылар осы тәулік бөліктерін бақылап сәйкесінше бекітіп және жүйелендіріп отырады. Сонымен қатар тәуліктің әр бөлігінде жұмыспен айналысып жатқан ата-аналар мен оқушылардың суретерін пайдалануға болады. Мұғалім осы суреттерді рет-ретімен орналастырады, мұғалім тексереді. Содан кейін оқушының біреуі оны түсіндіріп береді, яғни суреттерді қандай сәйкестікпен орналастырғанын және неге дәл осындай жүйелікті таңдағанын түсіндіріп береді.

Мұндай ойындар ақыл-есі кем 1-снып оқушыларының тек қана уақыт елестетулерін дамытып қана қоймай, олардың сөздік қорын толықтырады және дамытады.

2-сыныпта оқушылар «таң, күн, кеш, түн» деген түсініктерді жинақтап «тәулік» деп айта алулары тиіс.

Апта. ҮІІІ типтегі мектептің оқу бағдарламасы бойынша оқушылар апта және апта күндерінің жүйелілігін туралы білімді тек 2-сыныпта алу керек, бұл білімді алдын-ала 1-сныпта қалыптастыра бастау керек (есеппен екінші жарты жылдықтың басында).

Тәжірбие көрсеткендей мұғалім оқушылардан күнделікті апта күндерін және оларджың жүйесін сұраған сайын олар жақсы есте сақтайды. Сонымен қатар кезекшілік күнтізбесінде бекітілген жыртылмалы күнтізбемен жүргізген өте тиімді. Күнтізбе прақтары дүйсенбіден бастап тасталмай, олар күнтізбе астындағы қалташаға салынады. Сенбі және дүйсенбі күні қорытынды шығарылады. Мұғалім балалардан сұрайды: «Қанша күн оқыдыңдар? (Балалар санайды). Ертең қай күн? Сендер қанша күн демаласыңдар? Дүйсенбіден келесі дүйсенбіге дейін қанша күн болады? (Бір апта өтті) Бір аптада қанша күн бар?». Осы ретпен күнтізхбемен және келесі апталар жайлы жұмыс жүргізіледі.

2-сыныпта оқушылар апта барысында күндердің салдарын бекіту үшін көптеген дидактикалықойындар жүргізіледі. Осының нәтижесінде оқушылар апта күндерінің қатарын дұрсыс меңгеру керек, мысалы: жұма – аптаның 5-күні, сейсенбі – аптаның 2-күні, және т.б

Балаға аптаның күнтізхбелік түсінігімен қатар (апта дүйсенбіден басталып, жексенбіге аяқталады) аптаның тұрмыстық түсінігінде беру керек (егер берілген күннен 7 күн өтсе, ол апта болады, бейсенбіден бейсенбіге дейін 1апта өтті).

Ай. Жыл. ҮІІІтиптің 3-сыныбында оқушылар уақыт өлшемінің бірі аптадан көп ай түсінігіментанысуы керек, яғни жылдың әр айлары, бір айда қанша күн бар т.с.с 3-сыныптың негізгі міндетті көрнекілік құралы болып жыртылмалы күнтізбе және табел-күнтізбе болып табылады. Әр оқу күнінде оқушылар аптаның күнін, санын, айын атап күнтізбеден өшіріп отырады. Бір аптадан кейін күнтізбе парақтары біріктіріліп жабыстырылады. Апта ішінде жасалған жұмыстардың қолрытындысы шығарылады. Оқушы өткен уақытты нақты есте сақтап қалмай, сол кезде өткен қандай да бір оқиғаға байланысты есте сақтауын қамтамасыз ету үшін күндер саны, ал соңында бір айда қанша күнбар екені анықталады. Дәл осындай жұмыс келесі айларда да жалғасады: қазан, қараша, желтоқсан. Қаңтар айында оқушыларда мезгіл, уақыт туралы айтарлықтай тәжірбиелері жинақталады: бір айда 30, 31 күн, 4 апта, сонымен қатар 2-3 күн, жаңа жыл 1қаңтардан басталатыны туралы. Көрнекілік ретінде «Жыл» кестесі қолданылады.

Оқушылар ай аттарын ғана емес, сонымен қатар әр айдың орын тәртібін білу қажет. Осыған сәйкес «Жыл», «Қай ай жоқ тапшы?», «Қатар бойынша қайсйсй?», «Бұл қай ай?» сияқты дидактикалық ойындары қолданылады

Түзету барысында оқушылар ай ішінде жасаған оқиғалар мен жұмыстарды өз ойларымен жеткізе алу үлкен рол атқарады (еңбек сабағынан қандай заттар жасады, не оқыды, қанша өлең жаттады. әр сабақтан қандай жаңа тақырыптармен танысты, осы уақыт ішінде қай жақтарда болып қайтқандарын және т.б). бұл үшін бақылау күнтізбесін пайдаланған жөн. Оқушылар 10000-ға дейінгі сандар мен танысып жұмыс жасау барысында оларға «Жыл» кестесінен әр жыл мезгілдерінде қанша күннен бар екенін, содан соң жылдар ішінде қанша күн бар екенін сұрауды ұсынған жөн. Мысалы, күз: қыркүйек - 30күн, қазан – 31күн, қараша – 30күн, қорытындысы 91күн. Дәл осындай ретпен басқа да жыл мезгілдер айлардың саны шығарылады, яғни 365 (366) күн (ақпан айында 28 немесе 29күн, 3жыл сайын төртінші ақпан айы 29-на толады, бұл жыл.... д.а.)

5-сыныпта оқушылар мұғалімнің көмегімен уақыт өлшемлдерінің өлшеу кестесін құрастырады:

1жыл – 365 (366) тәулік 1ай – 28 (29, 30, 31) тәулік

1жыл – 12ай 1апта – 7 тәулік

1 тәулік – 24 сағат

Бұл кестені оқушылар уақыт бірлігіне байланысты жаттығулар мен тапсырмалар орындағанда қолданады.

Сағат. Минут. Секунд. Арнайы мектенптің 2-снып оқушылары уақыт бірліктерінің өлшемі – сағат, оны олшейтін құрал сағат туралы ақпарат алады. Алғашқы сабақтан бастап мұғалім оқушылардың азарына сағттың нақты толымымен (бір сағат ішінде қандай істер атқаруға болады?) сағаттың орташа есеппен ұзақтығын түсіндіреді, яғни – бұл сабақ уақтысы және үзіліс кезі, содан соң оқушылардан осы уақыт аралығында қандай жұмыстар істегенін түсіндіреді.

Ары қарай оқушылар сағат түрлерімен танысады (дуалға ілінетін, қол сағаты, үстел сағаты). Мұғалім олардың қолданылуы мен адамдарға уақыттың не үшін қажет екені туралы және де уақытты айыра білуге үйретіп, түсіндіреді. Берілген сабаққа негізгі көрнекі құрал ретінде сағат циферблат (сағаттың цифрлы беті) қолданылады. Олар әрбір оқушыда болуы тиіс. Циферблаттан оқушылар сандарды оқиды, оның сағаттың және минуттық тілін көреді. Мұғалім сағаттың кіші тілі бір сағатты көрсететінін және сағаттың үлкен тілі 12-ге келгенде сағат болатынын түсіндіреді (минуттық үлкен тіл циферблатта 12санына бектулі болуы тиіс).

Демек, уақытты анықтау барсында сағаттың минуттық үлкен тілі 1сағатта толық бір айналады (яғни, барлық сандардан өтеді), ал сағат тілі келесі санды көрсетеді.

Осы сабақта балалар сағатқа қарап уақытты оқуды үйренеді және сағат тілін айтқан жәрежеде көрсетіп, жылжытып бере алу білімдерін меңгереді.

Келесі күні мұғалім сағаттың нақты толымын түсіндіруді ұйымдастырады. Осы мақстпен балалардың назарын 1-сбақтан бастап уақытқа аудартады, сағат азанға 9. Сағат тілі 9 санының тұсында тұр, ал минуттық тілі – 12 санында тұр. Сабақ пен үзіліс өтті. Сағат тура 10 болған кезде мұғалім тағыда балалардың назарын өзіне аудартып: «Бірінші сабақтан кейін 1сағат уақыт өтті. Есімізге алайықшы біз бір сағат ішінде қандай жұмыс жасап үлгердік» - деген сұрақтар қояды. Мұндай уақыт бірліктерін әсіресе далада серуен құрғанда, жұмыс уақтсында бақылаған өте жақсы нәтиже береді.

Келесі және басқа сабақтарда мұғалім 5-10минут ішінде уақытты анықтау, сағат және уақыт деректерін бекітіп отыруы тиіс.

Оқушыларға күн тәртібінің сәттері мен сағаттарын жазып қоюды және «Күн тәртібі» кестесін жасауды ұсыну керек (әр сабақтың басталу уақытын).

Циферблатпен жұмыс жасау барысында оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды: «Сағат тілін 9-ға, 7-ге қой және т.б», «Сағат тілін 5-ке, ал минут тілін 12-ге қой. Сағат нешені көрсетіп тұр?» және т.б.

Балаларға сағат тілінің тек бір бағытта болатынын түсіндіру өте маңызды. Кейінірек оқушылар еңбек сабағында сағат тілінің қозғалу бағыты туралы өз білімдерін нақтылай түседі. Бұл балаларға уақыттың өткен, болашақ және келер шақтарын меңгеруге жақсы мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер сағаттілі 5-ті көрсетіп тұрса, онда ол 3, 4 көрсеткенін (уақыттың өтіп кеткенін), ал 6, 7-ні енді көрсетеніні туралы және т.б.

Күнтізбелік күнді сағат уақытымен байланыстырып отыру керек: «Бүгін 10-шы ақпан, сағат таңғы 10».

3 сыныпта сағатпен жұмыс жасау жалғасады. Оқушылар жарты сағаттқа дейінгі уақыт бірліктерін анықтауға үйренеді. (цифрблаттың 6 санында сағат тілі тұрса, яғни сағаттың жарым болғанын көрсетеді).

ҮІІІ тип оқушылары минут туралы естігенімен оны ешкім анықтайалмайды, оның нақты өлшемін және де минут ішінде қандай жұмыс жасап үлгеруге болатындығы туралы түсініктері анықталмаған.

Сол себептен оқушылар минут туралы алғашқы танысу туралы білімді бақылау арқылы берген жөн. Бұл жағдайда құм сағаты көрнекілік ретінде пайдаланған жөн: оқушылар құмның төгілуін 1 минут аралығында бақылап тұруы мүмкін. Сонымен қатар оқушыларға 1 минут үнсіз тұрып, 1-ден бастап саарды жазу немесе шынжырға түрлі-түсті жолақтарды ілуді ұсынуға болады. Минут өткеннен кейін мұғалім әр баланың қандай жұмыс жасап үлгергендерін салыстырады. Сонымен бірге басқа да (оқу, секіру, шапалақ ұру және т.б.) түрлі жаттығулар жасау арқылы баланың 1 минут мүмкіншілігін сезіндіруге көмектеседі.

Осыдан кейін мұғалім циферблаттағы минут бөліктерімен таныстырады. Ол санмен сан аралығындағы сызықшаларды ұқыпты санап шығып, сонымен 1 сағат ішінде неше бірлік бар екенін сұрап, яғни минут тілі бір айналым жасағанда 60 бірлік болатыны түсіндіріп талап етеді. Тапсырманы былай орындаған тиімді: «минут тілінің санмен көршілес санның ара қашықтығы (1-5 дейінгі) 5 минутқа». Минут тілі сағат бойымен бір айналым жасаса қанша уақыт өтеді? Бұл уақыт ішінде қанша сағат өтеді? 1 сағатта қанша минут бар?. Мұндай жаттығуларды орындау барысында оқушылар қорытынды шығару сияқты үлкен түзетушілік маңызы бар. Бұл балалардың уақыт байланыстарын жақсы түсіну (1с – 60 мин., жарты сағат – бұл 30 мин.) және олардың сандық белгілерін түсінуге көмектеседі. Оқушылар 5 минутқа дейінгі нақты уақыт бірлігімен (3 сыныпта), ал содан кейін 1 минутқа дейінгі (4 сынып) белгілерімен танысады.

Байқағанымыздай 3 сыныпта уақыт анықтау сұрағына былай жауап береді: «3 сағат 5 минут өтті». Бірінші оқушылар минут тілімен 5 минутқа дейінгі түсінікпен жауап беру үшін жаттығады: «минут тілін 12-ге қойып, 1-ге дейін жылжытады – 5 минут өтті, 2-ге дейінгі санға жылжытамыз – тағы 5 минут өтті, ал жалпы 10 минут өтті» және т.б.

4 сыныпта оқушылар уақыттың тұрмыстық белгіленуі сағат бөлігі ширектеліп, жарым, үш ширек деген түсінікпен танысады (бұл атауларды оқушылар жақсы меңгеру үшін, циферблатты 4 теңдей бөлікке бөлу керек 22 сурет). Ары қарай мұғалім оқушыларды уақыттың жаңа бөлігімен таныстырады, мысалы: 4-ке 20 минут қалды.

Оқушылар күнделікті сағатпен жұмыс жасау (1-ші сабақтың басталу уақыты мен аяқталу уақытын айту және т.б.), сол уақыт ішінде қандай жұмыс жасағандыры туралы есеп берулері қажет. Олар бір мысалды шешу үшін қанша уақыт жіберді және сол сияқты.

Маңыздысы оқушылар бұл білімдерін басқа да пәндерді оқыған кезде білімдерін бекітіп отырулары тиіс. Бұл жатығулар оқушыларға уақыты екі түрлі мағынасын түсінуге мүмкіндік берді. Оқушылар өздерінің жек тәжірбиелерін (радио тыңдау, теледидар көру, кинолардың басталу уақыты, т.с.с) кешкі сағат 8-ді 20 деп белгілеу керек екенін біледі. Мұндай тәжірбиені және уақытың екі белгіленуін барлық оқушылар біле бермейді, сондақтан мұғалім бұл тақырыпқа арнайы сабақ жүргізеді. Бұл сабақта оқушылар бір тәулікте 24сағат және бір тәулікте сағат тілінің циферблатты екі рет айналатынын еске түсіреді. Бұл сабақта міндетті құрал ретінде екі айналу циферблаты бар сағат болуы тиіс: бірінші айналымда 1-ден 12-ге дейінгі сандар, ал екінші айналымда 13-тен 24-ке дейінгі сандар жазылуы және екінші айналымынан диаметрі кіші болады.

Уақытты тәулік бөліктерін қосып және қоспай айтуды жатықтыру оқушылардың жаңа терминалогияны меңгеруге мүмкіндік береді.

Ғасыр. Тарихи оқиғалар туралы мәліметтерді білуіне байланысты, оқушылардың ғасыр туралы түсінігі қалыптасады. Белгілі бір тарихи мақаланы оқи отырып мұғалім, оны суреттермен толықтырады, оқиғаларды сол уақытқа сәйкестендіреді және олардың қаншалықты кеш болғанын, одан соң қанша уақыт өткенін, одан кейін қандай оқиғалардың болғанын айтып түсіндіреді.

Мүмкіндігінше 100 жыл аралығын нақты мәлімет және оқиғалармен толықтыру керек. Мұғалім белгілі бір тарихи оқиғаның жылын, атақты адамдардың өмір сүрген жылдарын айтады, ал оқушылар осы оқиғалардың қай ғасырға жататынын айтады. Мысалы: 1812жыл – бұл ХІХғасыр, 1917жыл – ХХғасыр т.с.с

Осыдан кейін мұғалім 100жылдың – уақыттың бір өлшем бірлігі ғасыр болатынын түсіндіреді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных