Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






лекция Психикасының дамуы тежелген балаларды арифметикалық есепті шешуіне үйрету әдістемесі




 

1. Психикасының дамуы тежелген балаларды арифметикалық есептерді шешуіне үйретуде кездесетін қиыншылықтары, олардың себебі. Ұзын-қысқа, ұзынырақ-қысқарақ, тең ұзындыққа байланысты әртүрлі деген түсініктердің қалыптасуы.

Ұзын-қысқа, ұзындығы бойынша тең түсініктерінің жасалуы секілді заттардың өлшемдерін сипаттайтын олардың сапалары жайында түсініктердің қалыптасуының жұмысын көрсетеміз.

Түзету мектебінде оқитын оқушылар, тіпті жоғарғы сынып оқушылары ұзындығы бойынша заттарды салыстырып ұзын-қысқа сияқты мәнді белгіні сирек қолданады, олар көбнесе оны үлкен-кіші деген жалпы сөзбен алмастырады. Мұғалім оқушылардың сөздігіне ұзын-қысқа терминіні кіргізіп және өзінің сөйлеу тілінде сол терминдерді қолдануына күш салады.

Ұзын-қысқа сөһздерінің жасалуымен анықталуы мақсатында сабақ кезінде мұғалім белгілі бір өмірлік жағдайды тудырады. «Екі қораптың қақпағына түрлі-түсті жолақты жапсыру қажет». (Мұғалім бір ұзын қорапты және қысқа қорапты көрсетеді.) Сендер әрбір қорапқа қандай жолақты таңдайсыңдар (жолақтардың ұзындығы әртүрлі: бірі ұзын, екіншісі қысқа)? Неліктен сендер бұл жолақты таңдадыңдар? Мұндай тәжірбиелік тапсырманы орындау арқылы мұғалім күнделікті өмірде белгілі бір жұмысты орындаған кезінде заттардың ұзындығын ескеру керек екендігін көрсетеді. Ұзын-қысқа сөздерін анықтау және ұзындығы бойынша заттарды салыстыру үшін арнайы дидактикалық материал қолданылады: қағаздың, таяқшаның сонымен бірге лента, шнур тілімі, тоқыма бау, сым, және т.б заттар. Мұндай құралдар тек бір белгісі – ұзындығы бойынша өзгешеленеді, бірақ басқа белгілері бойынша қалыңдығы мен ені ұқсас келеді.

Сабақта мұғалім алғашқыда ұзындығы бойынша едәуір өзгешеленетін екі жолақты көрсетеді (1см және 10см). Одан кейін ұзындығы бойынша әртүрлі, бірақ басқа белгілері бойынша: биіктігі мен қалыңдығы бірдей заттар ұсынылады. Мысалы: ұзын және қысқа шарф, ұзын және қысқа лента және т.б. оқышылар әрбір затты ұзындығына байланысты сипаттап беруі қажет. Одан соң ұзын және қысқа затардың бейнелері салынған суреттер ұсынылады: ұзын-қысқа белбеулер, сым, карандаш, сызғыш, т.б. оқушылар суреттерді атап көрсете отырып, сол жағына ұзын зат бейнелерін суреттейді, оң жаққа қысқалары бөлінуі қажет. Сабақ кезінде оқушылар тәжірбиелік жұмыстарды орындайды: бір орам жіптен ұзын және қысқа жіпті қиып алады, ұзын және қысқа қағаздан жасалған жолақты әртүрлі түспен бояйды.

Серуен немесе экскурсияда, ұзындық белгілері заттардың басқа да сапаларымен бірге көрінеді, оқушылардың ұзындық жайындағы көрінісі қорытындыланады. Оқушылар ұзын және қысқа жолды, ұзын көше мен қысқа көлденең көшені, бақылап және жол мен тратуардың ұзындығы бірдей екендігіне көз жеткізеді. Сондай-ақ екі жақын орналасқан столбтардың арасындағы сымдардың ұзындығы мен қысқалығын қарайды. Келесі сабақтарды мұғалім оқушыға басқа да белгілері бар ұзын заттарды бөлуін ұсынады. Мысалы: қалың және жіңішке ине, жіңішке және қысқа ине, ұзын-қалың, ұзын-жіңішке ине. Мұғалім барлық ұзын инелерді айыруын сұрайды.

Оқытушы оқушыларды ұзындық бойынша бір затты екіншісінің үстіне қою жолымен оларды салыстыру тәсілімен таныстырады. Бұған қоса салыстыру кезінде салыстырылып жатқан заттардың оң және сол жағы бірдей болуына көңіл бөлінеді. Егер бір-біріне қою кезінде екі аяғы сәйкес келсе, онда заттардың ұзындығы бір-біріне сай келеді.

Ұзындығының айыршмашылығын көрсетуді үйрену қажет: зат қаншалықты ұзынырақ (қысқарақ).

Алғашқыда оқушылар ұзын, қысқа немесе ұзындығына байланысты бірдей заттарды анықтай отырып, екі затты салыстырады. Заттардың саны салыстыру үшін біртіндеп көбею қажет. Мысалы: жолақтан басқыш құрастыру керек және оларды бір-бірімен ең ұзынынан ең қысқасына дейін қойып шығу керек. Мұғалім ұзындығы бойынша және бірдей емес заттарды салыстыруды ұсынады: «Қайсысы ұзынырақ: қарындаш па әлде сызғыш па?, Қайсысы қысқарақ: парта ма әлде тақта ма?», «Қайсысы ұзынырақ: пальто ма әлде көйлек пе?».

Мұнан кейін оқушылар көз алдына елестетіп ұзындығы бойынша заттарды салыстырады, яғни сол уақытта оларды көрмей елестетеді. Мысалы: каридор кластан ұзынырақ, ал класс каридордан қысқарақ, біздің көшеміздегі жол мен тратуар ұзындығы бойынша тең және т.б.

Оқушылар заттардың өлшемдерін сипаттайтын түсініктерін қорытындылайтын кезде, өмірлік жағдайды құру қажет, оларға тәжірбиелік тапсырма ұсыну керек. Мысалы: дорожканы каридор мен асханаға төсеу керек (нақты жерді көрсету керек): «Қай дорожка ұзынырақ? Қайсысы қысқарақ? Не үшін?».

Оқушыларда заттардың үлкендігінің салыстырмалылығы жайында түсінікті қалыптастыру керек, мысалы, кесіндінің ұзындығы. Кесіндіні салыстыру кезінде сол мақсатпен екі сұрақ қою қажет: «Қай кесінді ұзынырақ? Қайсысы қысқарақ?». Кесінділердің ұзындықтары әртүрлі бағалануы мүмкін екенінін ескеру қажет. Бұл қандай кесіндімен салыстырылып жатқанына байланысты.

Ұзын-қысқа белгілерін қортындылау үшін оқушылар алдымен қолдан бастап, содан соң сызғышпен ұзын және қысқа кесінділерді сызады және т.б.

Аналогиялық талаптар көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды таңдағанда, сондай-ақ биік-аласа, биіктігі бойынша тең, жуан-жіңішке, ен бойынша тең, тең сияқты белгілермен танысу кезіндегі жүргізілетін сабақтың әдісінде талап етіледі және осы белгілері бойынша көрнекі құралдарды салыстыру қажет.

Ауырлығы бойынша заттарды ажырату. Оқушылардың білімдерінің деңгейін бақылау олардың бұлшықет сезімдерін біршама әлсіз дамығандығын көрсетеді. ҮІІІ типтегі мектептердің 1-сыныбының оқушылары ауырлығы бойынша заттарды ажырата алады. Олардың бұлшықет сезімін біртіндеп дамыта алатын жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Оқушылар алдымен бұлшықет сезіміне ауырлығы бойынша заттарды ажыратады, нәтижесінде алғашқы түсінік қалыптасады: ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек. Салыстыруды ауырлығы бойыншы және шынының көмегімен, гирдің қажеттінсіз көрсету қажет. Таразының екі шынысына заттарды салады, оларды массасы бойынша өлшеу қажет, ауыр заты бар жағы төмен түсіп, ал жеңілі – жоғары көтеріледі. Егер заттар массасы бойынша бірдей болса, таразының екі жағы теңдей болады.

Интелектісі бұзылған 1-сынып оқушылары заттардың массасын көлемімен немесе орнымен ұқсастырады. Мысалы: оқушылар 1кг болатын мақта мен кішкентай 1кг болатын тұзды көргенде, олар әдетте мақтаны көп болғандықтан ауыр деп, ал тұз кішкентай болған соң аз деп айтады. Оқушылар заттың кеңістіктегі тұрған орнымен шаттастырмау үшін әртүрлі заттардың ауырлағын салыстыруға көптеген тәжірбиелік жұмыстар өткізу қажет.

Кеңістік түсініктерінің дамуы. Оқушылардың кеңістік түсініктерін дамыту үшін арнайы сабақтар жүргізіу қажет емес. 1-сыныптағы барлық оқыту және тәрбие жұмысы баланың кеңістіктегі түсініктерін дамытуға бағытталу қажет: математика, ритмика, ән-күй, еңбек, ойын сабақтарында, мұғаліммен, тәрбиешімен әңгімелесу кезінде жақын-алыс, жоғарыда-төменде, алдында-артында, оң жағында-сол жағында, арасында, жанында деген сияқты түсініктер анықталады. Алғашқы күннен бастап, сабақта мұғалім оқушыларды партаға отарғызғаннан кейін оқушылардың кеңістіктегі түсініктерін анықтайтын әңгімені ұйымдастыру қажет. Әңгімелесу шамамен мынандай жоспарда жүргізілуі мүмкін: «Балалар сыныптағы өз орындарыңды жаттап алыңдар. Қараңдаршы, мұғалімнің столынан алыста отырсыңдар ма, жақында ма? Кім мұғалімнің столына ең жақын отыр? Кім алыста отыр? Ваня, кәне айтшы сенің алдыңда кім отырады? Артыңда кім отырады?». Есіңде сақта: сенің алдыңда Надя есімді қыз отырады. Балалар, қараңдаршы сендердің әрқайсыларыңның алдыңда кім отырады? Оң жағыңда? Сол жағыңда?

Оқушылармен бірге мұғалім сыныпта жоғарыда, төменде қандай заттар орналасқандығын анықтайды және т.б.

Одан соң мұғалім қандай кеңістіктегі заттарды ең бірінші қалыптастыру керектігін айтады. Олардың қалыптасуы мен барлық сабақтарда, ойындарда жұмыс жүйелі түрде өткізіледі. Мысалы, оң жақтан және сол жақтан деген түсініктерді қалыптастыра отырып, мұғалім алдымен оқушылардың қай қолы оң, қайсысы сол екені туралы білімдерін тексеріп алады және күнделікті олар оң және сол қолдарымен не істейтіндігін сұрайды. Содан кейін ол сол және оң аяқты, сол және оң көзді, сол және оң құлақ пен сол және оң бетті көрсетуін сұрайды және т.б. бұл түсініктерді қортындылауға дидактикалық ойындар қолданылады.

Кеңістіктегі түсініктер тәжірбиелік тапсырмаларды орындаған кезде тұжырымдалады. Мысалы: «Кітаптарды сол жаққа қойыңдар. Дәптерді өздеріңнің алдарыңа қойыңдар. Ручканы оң қолдарыңа алыңдар. Сол қолдарыңмен дәптерді ұстаңдар» немесе «Парақтың ортасына қызылмен дөңгелек сызыңдар, оның сол жағына көкпен, оң жағына – аспан көкпен сызыңдар. Айтыңдаршы, дөңгелектер қалай жатыр?» және т.б.

Заттардың кеңістікте қалай орналасқандығын білдіретін сөздерді қолдана отырып, оқушылардан ауызша жауапты талап ететін сыныпта жағдай туғызу қажет. Мысалы: мұғалім математика сабағына арналған көрнекі құралдарды орналастыруды сұрайды: «Жоғарыға шырша қой, төменгі жаққа саңырауқұлақ қойып, оның астына сандарды жаз».

Сюжетті картиналарды қарастыру бойынша жұмыспен заттардың кеңістікте орналасуын анықтайтын тапсырмалар балаларға өте пайдалы.

Өмірлік жағдайларды, арнайы ойындарды құрастыру, дене шынықтырумен, қол еңбегімен айналысу оқушылардың кеңістік түсініктерін жүзеге асыруға және дамытуға көмектеседі.

2. Арифметикалык есептерді шешудің алдында өткізілетін дайындық жұмыстың мазмұны, өзгешілігі. Сандық түсініктердің дамуы. Пропедевтикалық кезеңде, балалар әлі 10-ға дейінгі сандармен таныспай жатып, мұғалім 1-сынып оқушыларына сандық түсініктерді дамыту тапсырмаларын қояды.

ҮІІІ типтегі мектептің 1-сыныбына келген оқушылардың көбісінде сандық түсініктері қалыптаспағандығы белгілі. Олардың біразы элементтердің санының көптігі бойынша емес, олардың кеңістікте орналасқан орнына байланысты деп айтады. Мысалы: егер оқушыға 5-6 үлкен шар мен 8-10 кішкентай шар көрсетіп, «Көп шар қайда? Және аз шар қайда?» - деп сұрақ қойғанда, олар үлкен шарларды көп, ал кішкентай шарларды аз деп жауап қайтарады. Егер заттар бір-бірінен алыс орналасқан жағдайда, ақыл-есі кем оқушылар мұндай жағдайда аралары алшақ шарлар көбірек, ал жақын тұрған шарлар азырақ деп санайды, тіпті оның саны көп болса да. Сондықтан да заттарды алыс қашықтықта және жақын қашықтықта орналастыру қажет.

Белсенді сөйлеу тілінде ереже бойынша бірнеше, біраз сөздерін қолданбайды. Бұл сөздер нақты қолданысқа түспегендіктен, сондықтан олар балаларға қиындық тудырады.

Оқушыларды сандық түсініктерді қалыптастыруға дайындық кезеңінде олармен бірге заттың жиынтық жұмысы жұргізіледі.

Көрнекі құралдар ретінде заттық құралдар (оқу керек-жарақтары, жемістер, көкөністер, ойыншықтар, табиғи материал), трафарет түріндегі заттардың бейнеленуі суреттер, кестелер, сандық фигуралар, ойын түрлері: домино, балалар ыдыс-аяғы және т.б қолданылады.

Оқушыларға сандық түсініктерді дамыту тапсырмаларын бере отырып, мұғалім көп, аз, біршама, біраз түсініктерін анықтау және тұжырымдау мақсатымен жұмысты бастайды. Мысалы: мұғалім екі гүл салынған вазаны көрсетеді. Бір вазада гүлдер көп, ал екіншісінде – 3,4 (аз). Мұғалім гүл қай вазада көп, қай вазада аз екенін сұрайды. Оқушылар алдымен бір-біріне еліктеп, одан соң өз беттерінше көп, аз сөздерін дұрыс қолданып сөйлемді құрастыра бастайды. Мысалы: «Ақ вазада гүл көп, ал қызыл вазада гүл аз» және т.б. Онан соң қорап пен стакандағы қарындаштар ұсынылады. Оқушылар «аз» және «көп» деген сөздерге сөйлем құрастыру қажет. Сол уақытта, заттық жинақтық қарастырып және оларға сандық бағаны бере отырып, оларды заттың бірлігінен тұратындығын нұсқау керек. Осы мақсатпен жиынтықтан бір зат бөлініп шығады.

Ары қарай балалар берілген жиынтыққа заттың бірлігін қосады немесе азайтып, өздеріне тиімді қорытынды жасайды. Мысалы: «Вазадан бірнеше гүлдерді алып, олардан букет жасаймыз. Вазада қанша гүл қалды?». «Вазада аз гүл қалды. Вазада біршама гүл қалды» - деп оқушылар жауап береді.

Сондай-ақ картиналар да қарастырылады. Мысалы: карзинада саңырауқұлақтар көп, карзинаның жаныныда аз саңырауқұлақтар жатыр (біршама, біраз). Мынадай да жұмыс жүргізіледі: мұғалім дәптерде 2-3торды бояуды сұрап, дәптердің бетіндегі көп тордың азын бояғанына оқушылардың назарын аударады. Қол еңбегі сабағында оқушылар сәбіз жасады. Мұғалім оқушылардың жұмысының және бір оқушының жұмысын көрсетеді: «Біздің сыныптағы оқушылар қанша сәбіз жасады? Бір оқушы қанша сәбіз жасады?». Одан соң мұғалім оқушыларға көп, аз, біраз, бірнеше деген сөздермен бірнеше сөйлемді толықтыруды сұрайды, мысалы: «Орманда ағаштар.... Сыныпта парталар.... Сыныпта столдар.... Карзинада алмалар.... Ал Сашаның қолында алма....».

Өзінің бұрынғы тәжірибесін қолдана отырып, оқушылар көпті сипаттайтын сурет бойынша сөздерден сөйлем құрастырады. Интелектісі бұзылысы бар оқушылардың сандық түсініктерін дамыта отырып, тек көру анализаторына сүйеніп қана қоймай, сондай-ақ есту және сипап сезу анализаторына тірек болады. Осы мақсатпен оқушылар дыбыстың санын есту арқылы ажырата алатын дидактикалық ойындар ұйымдастырады.

Бұлшықет сезімдерін дамытатын ойындардың маңызы өте зор, мысалы: «Қапшықтың ішінен оң қолыңмен көп кубик, ал сол қолыңмен аз кубик ал» немесе «Мен сенің қай қолыңда көп жаңғақ, ал қайсысына аз жаңғақ салғанымды тапшы?» (Мұғалім оқушылардың арқасынан барып көзін жауып, оның оң және сол қолдарына жаңғақтарды салады).

Оқушылардың назарын көп элементтердің ішінен алған кезде олар азайып, ал қосқан кезде көбейетіндігіне аудару керек. Мысалы: «Қорапта көп қарындаш бар, олардың ішінен бірнеше қарындаш алайық. Қорапта аз қарындаш қалды».

Сабақ кезінде көп, аз, біраз, бірнеше түсініктерін анықтау жане тұжырымдау мақсатымен, мұғалім оқушыларды болды, қалды, барлығы, бірігіп деген сияқты сөздермен таныстырады. Оқушылар мынаны бақылайды: егер белгілі бір заттардың санын жиынтықтан алатын болса, онда олар азаяды, ал егер де үстіне қосса, екі-үш жинақтың заттарын біріктірсе, онда олар көбейеді.

Ең көп зейінді заттық жиынтықты салыстыруға бөлу қажет. Оқушылар заттың көп немесе аз екендігіне жауап бере алмайтындай жағдай туғызу керек. Мысалы: мұғалім, «Ыдыс-аяқ наборынан оқушыларға вилькамен қасықтарды көрсетіп айтады: «Міне қасықтар, міне вилькалар. Қанша вилька бар? (көп). Қанша қасық бар? (көп). Қайсысы көбірек қасық па, әлде вилька ма? Қалай тексереміз?» Алдымен мұғалім оқушылардың айтқанын тыңдап алады. Көп оқушылар қасық пен вильканы санап шығуды ұсынады. «Ал тағы да қалай білуге болады?» - деп мұғалім сұрайды. Жауап жоқ. Сонда мұғалім бір қатар қасық қойып шығады. Әрбір қасықтың астына вилькаларды қояды. «Әр қасықтың астына 1вилька қойдық, бір вилька артылып қалды. Қасық көп па, вилька ма? Қасық аз ба, әлде вилька ма?».

Ақыл-есі кем оқушылар бірінші сұраққа дұрыс жауап беріп, көбінесе екінші сұраққа жауап бере алмайды немесе дұрыс емес жауап береді. Сондықтан анологиялық сұрақтардың біреуіне болса да жауап берсе, жиі қойып тұру керек. Оқушылар санаудың қажетінсіз жиынтықтарды салыстыру тәсілін меңгеру үшін, неғұрлым дидактикалық материалдармен көбірек жаттығулар жүргізу қажет, мысалы: мынау көк және қызыл дөңгелектер «Оларда қай дөңгелектер көбірек (азырақ) деген сұраққа жауап бере алатындай етіп орналастыр» немесе «Мына қуыршақтарға доп жетеді ме? Қайсысы көбірек: қуыршақ па, доп па? Қайсысы азырақ?».

Алдымен аз ғана элементтер жиынтығын және біреуге ғана айырмашылығы бар жиынтықты алу керек.

«Қайсысы көбірек: алма ма немесе алмұрт па? Қайсысы азырақ: алма ма немесе алмұрт па? Алма мен алмұртты теңестіру үшін не істеу қажет?».

Оқушыға екі тәсілін көрсету қажет:

  1. Алмұрт қанша болса, алманы да солай істеу қажет (бір артық алманы алу).
  2. Алма қанша болса, алмұртты да солай істеу қажет (бір алмұрт қосу)

Одан кейін сонша, теңдей, бірдей түсініктерін ұғындыруға бірдей жұмыс

жүргізіледі. Бұл түсініктер ақыл-есі кем оқушыларға өте қиын болады, бұны олар тек көрнекі құралдармен немесе дидиактикалық материалдармен жұмыс жүргізгенде ғана игеруі мүмкін, мысалы: «Сыныпта әрбір партада оқушылар бір-бірден отырады. Біздің сыныпта парта қанша болса, сонша оқушы. Парталар мен оқушылар теңдей (бірдей)». Мұғалім барлық оқушыларға осы терминдарді оқыта отырып, оларды қолданады. Бұл оқушыларға қайта-қайта қайталатып, содан өздерінің сөйлеу тілінде қолдануын айтады.

Сонша, тең, бірдей түсініктер «Картиналық жоқ»,«Картиналық домино» ойындарында қорытылады.

Дайындық кезеңіндегі математиканы оқытудың ұйымдастырылуы.

Сабақтың пропедевтикалық кезеңі баланы математикаға қызығушылығын оятып және дамытатындай етіп ұйымдастырылуы қажет. Сондықтан сабақтың ұйымдастыру формасы бірыңғай болмау тиіс. Бұл кезеңде оқушыларға өлшемі бойынша орналасқан жері, формасымен және т.б заттарды салыстыру бойынша кең көлемді материал ұсынылатындай экскурсиялар жүргізіліп тұрған дұрыс. Экскурсиялар мектеп шеберханасына, мектепішілік учаскеге, саябаққа ұйымдастырылады.

Математика сабағының белгілі бір бөлімі бөлмеде ойнау үшін дене шынықтыру залында өткізілуі мүмкін. Оқушылар ойын кезінде алған білімдерін тұжырымдап, сонымен бірге оны практика кезінде қолдана алады. Сабақ кезінде оқушылар кеңістікте өздерінің бейімделуін және өлшемдері бойынша заттарды айыру іскерлігін көрсете алатындай өмірлік жағдай туғызу қажет. Құрылыс конструктрімен ойнауды ұйымдастырған дұрыс. Мұндай ойындар кеңістікте оқушылардың жақсы бейімделуіне мүмкіндік туғызады.

Сабақта ұйымдастырылған кезінде математиканы оқытудың өмірмен тығыз байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сабақ үшін таңдап алынған материал бала үшін өмірлік-тәжірибелік маңызы болуы қажет. Сабақ оқудан алған білімді оқушы ойын және тәжірбиелік әрекеттерде, яғни күнделікті өмірге оған керектігін түсіну керек.

Бұл кезеңде математика сабақтары жетерліктей көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдармен жабдықталуы тиіс. Сабақта әсерлі дидактикалық материалдарды, қабырға кестелерін, жемістер, көкөніс, ағаш, саңырауқұлақ, құстар, жануарлар және т.б бейнеленген трафарет наборы, құм жәшігі, дыбыс шығаратын әртүрлі ойыншықтар, домино, мозайка сияқты ойындарды, сонымен қатар оқу құралдары, табиғи материал, жеміс пен көкөністерді (оқушылар оларды экскурсия кезінде жинайды) қолдану керек. Бір баланың зейінінің тұрақсыздығын жылдам шаршағыштығын, қозғыштығын және екіншілерінің пассивтілігі мен инерттілігін ескере отырып, көмекші мектептегі мықты мұғалімдер көрнекі құралдарды қолдану мен қатар оқыту әдістеріне түрлендіруге тырысады. Көмекші мектептің 1-сынып оқушысы ұзақ тыңдауды, бақылауды, сурет салуды, тіпті ойнай алмайды. Сондықтан оқыту әдісінің кезектесуі, сабақ уақытында бір әрекеттің екіншісімен алмасуы оқытудың тиімділігін қолданады. Математика сабағындағы пропедевтикалық кезеңде мұғалім мектепке дейінгі мекемелерде қолданылатын дидактикалық ойындарды және т.б әдістерді қолданады. Осымен қатар әңгімелесу, бақылау, тәжірибелік жұмыстар, оқулықпен жұмыс және т.б.

Алғашқы сабақтардың мазмұны барлық оқушылардың қызығушылығын арттыру қажет. Пропедевтикалық кезендегі негізгі принцип мұғалімнің жұмыстарының сыныптық ұжыммен және әрбір сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмыстарымен үйлесуі қажет.

Мұғалім балаға деген адамгершілік қатынасын көрсету керек, сонымен бірге бақылап, оның оқу, ойын әрекетін мадақтап отыру тиіс. Бұл кезеңде балаларды оқытудың кепілі баланы күнделікті оқыту, тек оның дамуының актуальды деңгейін ғана емес, сонымен бірге потенциальды мүмкіндіктерін оқыту болып табылады, баланың жеке қасиеттеріне сүйеніп оларды дамыту керек.

Пропедевтикалық кезеңде мұғалім сабақты оқушылардың білімі мен математика сабағына деген дайындығы көрінетіндей етіп құрады және сонымен қатар заттардың өлшемдері туралы кеңістік және сандық түсініктерін құру және анықтау болып табылады. Бұл материалды мұқият жоспарлағанда ғана мүмкін болады. Мұғалім қандай сабақта тексеруді, қандай сабақ беруді, қандай дағдылырды құруды күнделікті жоспарлап отырады.

Сабақтың жоспарын мысалға келтіріп көрейік:

Сабақтың тақырыбы: «Заттардың өлшемдері туралы түсініктерді қалыптастыру: + үлкен, - кіші».

Сабақ жоспары:

1. Есептің шамасының бөлінуі.

А) 1-ден ары қарай сана

Б) кері қарай сана

В) қарындаштарды сана

Г) қарындаштарды қорапқа жинап кері қарай сана

2. Заттың өлшемдері туралы түсініктерді қалыптастыру: үлкен-кіші.

А) тәжірбиелік тапсырмаларды өмірлік жағдайда орындау

Б) дидактикалық материалдарды қарастырған кезде үлкен-кіші түсініктерін қалыптастыру;

Бейнеленген заттардың өлшемдері бойынша картиналарды дифференциациясы: сол жаққа үлкен заттар бейнеленген картиналарды, оңға кішілерін бөлу. Дәптерге үлкен-кіші дөңгелектер сызу.

3. Заттардың өлшемдері туралы түсінікті қорыту.

Үлкен және кіші шариктер мен алмаларды жасау. Үлкен шарик пен алмаларды қорапқа, ал кіші шарик пен алмаларды кіші қорапқа салу.

4. «Шарик қай қолымда» ойыны.

Көмекші мектептегі оқушылардың жылдам шаршағыштығын ескере отырып, олардың зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін 45минут бойы ұстап отыру мүмкін емес, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен пропедевтикалық кезең сабақтары 30-35минутқа қысқартылуы тиіс. Сабақтан қалған 10-15минутта мұғалім оқушылармен сандық, кеңістік және уақыттық түсініктерін дамытуға арналған қимыл ойындарын ұйымдастырады, қозғалыспен байланысты өлеңдер, санамақтар үйретеді т.б.

Пропедевтикалық кезеңнин біраз уақыты математика пәні бойынша дәптермен жұмысқа кетеді. Мұғалім оның басқа дәптерден айырмашылығын көрсетеді, бұл дәптермен қалай жұмыс керектігін айтады, дәптерге ұқыптылықпен қарауды айтып түсіндіреді.

Пропедевтикалық кезеңде балалар қарындаш пен ручка ұстауды, көлденең және тігінен сызуды ажыратуды үйрену қажет. Мүмкін болатын жаттығулар:

  1. Нүкте қою; Сызғыш үстіне нүкте қою.
  2. Сызықтардың қиылысу нүктесін қою
  3. Тордың ортасына нүкте қою, нүктені солға (оңға) және жоғарыға, тордың бұрышына қою
  4. Тақтадағы белгі бойынша нүкте қою

Ең маңыздысы балаларды дәптер сызықтары бойынша сызуды үйрету.

1. Нүктеден нүктеге дейінгі бөлікті сызу.

2. Алдымен сызық бойынша торды сызып,одан соң жеңіл орнаменттерді орындау, тор ішіне бір немесе одан да көп нүкте қою

3. Тор ішінде сызық жүргізу

4. Үлгі бойынша торға пішінді суреттер сызу

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных