Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азіргі уақытта Қазақстан Республикасының телекоммуникация рыногында 300 – ден астам байланыс операторлары жұмыс істейді.




2006 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2006-2008 жылдарға Қазақстан Республикасының телекоммуникация салаларын дамыту Бағдарламасын бекітті.

Онда мынадай негізгі міндеттер қалыптастырылған: тиянақталған және ұялы байланыстарды дамыту; халық үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін ұсыну; Интернетті дамыту, ұлттық спутниктік байланысты дамыту және т.б.

2008 жылдың соңында Бағдарламаны жүзеге асыру мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталатын болады:

- тиянақталған телефондық желілер тығыздығы – елдің 100 тұрғынына 23-тен;

- ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – елдің 100 тұрғынына 50-ден;

- Интернетті қолданушылар тығыздығы – елдің 100 тұрғынына 10-нан келеді;

- телекоммуникацияның жергілікті желілерін цифрландыру – 80% және т.б.

Қазақстанда АҚ «Қазақтелеком» Ұлттық Ақпараттық Супермагистрал (ҰАСМ) құрылысы жүруде. Ұлттық Ақпараттық Супермагистралдың (ҰАСМ) үш тармағы тұрғызылды - ТАЕ, Батыс БТОЖ (байланыстың талшықты-оптикалық торабы), Астана-Қарағанды-Алматы торабы. Шығыс БТОЖ құрылысы аяқталды.

DAMA Ұлттық спутниктік торабының құрылысы жалғасуда, сыйымдылығы 276 станцияны құрайды.

2006 жылдың 18 маусымы күні, сағ. 4-44 минутта Байқоңыр космодромынан KazSat тұңғыш қазақстандық геостационарлық спутникті тіркеген «Протон-К» раекта-тасымалдағышы сәтті ұшырылды, ол телевизиялық хабар таратуға, тиянақталған спутникті байланысты қамтамасыз етуге, деректер беруге арналған.

Спутник Қазақстанның шет аймақтарында, Орталық Азия елдерінде және Ресейдің бірқатар аймақтарында байланыс орнатып, телевизиялық хабар таратуды қамтамасыз ететін болады. Спутниктің салмағы 980 кг, техникалық ресурсы 12,5 жылды құрайды.

«Телекоммуникациялық жүйелер мен желілерде АЖЖ құру негіздері» пәні телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді құру облысындағы арнайы білімдер негізі болып табылады.

Адамзат ертедегі заманнан-ақ өзара байланысу-араласу қажеттілігін сезінген болатын. Басқа сөзбен айтқанда, ақпарат алмасу қажеттілігін білген. Техникалық прогресс нәтижесінде бұл қажеттіліктер күннен күнге ұлғайып, мүмкіндігінше жүзеге асырылып отырды.

Алғашқы ақпараттық желілер телефондық болатын. Компьютердің пайда болуымен байланысты, телефондарда ЭЕМ элементтері (жады, компьютерлік зерде) қолданыла басталды, ал есептеу техникасында телефондық байланыс үшін бұрыннан қолданылып жүрген желіні құру маңыздылығы ескеріле бастады. Бұл жаңа енгізулердің ақырғы мақсаты - кез келген адамға талап етілген мекенжай бойынша және қажетті уақытта ақпаратты жеткізу.

Телефондық байланыста бұрыннан қолданылып жүрген желіні құру маңыздылығы. Есептеу техникасында бірден түсінген жоқ, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы концепцияда жүзеге асыру да бірден ойға келген жоқ.

Ұзақ периодта ЭЕМ байланысын дамыту процесі жалпы қолдануға арналған телефондық желілер бойынша деректерді беру жүйелерін құру және пайдаланудың ұзақ жолын жүріп өтті.

Алмасатын цифрлық ақпараттар көлемі аса үлкейіп кеткенде ғана деректерді берудің мамандандырылған желілерін құру экономикалық жағынан тиімді екені анықталды.

Қазіргі уақытта барлық әлем бойынша осындай мыңдаған желілер құрылған, ол өз қолданушыларына бір-бірімен байланысу мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Мұндай желілердің көлемі жеке ғимарат немесе кешеннің көлемінде деректерді беру терминалдарын біріктіретін шағын жүйелерден (мысалы өнеркәсіптік кәсіпорын), бүтін елді, және керек болса жер шарын қамтыған географиялық үлестірілген үлкен желілерге дейін жайылып отыр.

Желінің даму тарихынан аздаған түсінік. Есептеу желілерінің дамуы қызметтің үш басты бағыттарымен тарихи қалыптасқан..

1960-жылдарда есептеу техникасы уақытты үлестіру режимінде жұмыс істейтін, ұжымдық қолдануға арналған қуатты да, қымбат әмбебап ЭЕМ-дер құру жолында елеулі даму кезеңін бастан кешірді. Елдің әр жеріндегі қолданушылардың басты ЭЕМ-ге қатынас құруын қамтамасыз ету үшін желілік жабдықтар жасала бастады. Бұған Дженерал Электрик ақпараттық қызметі осындай мысалдардың бірі бола алады, бұл қызмет қазіргі уақытта әлемдегі ең ірі деректерді беру желілерінің бірінің қызметін қамтамасыз етеді.

Желінің дамуына екінші себеп, мамандандырылған ЭЕМ-ң пайда болуы, ол байланысқан процессорлар деп аталады, міндеті үлкен ЭЕМ-ді байланыс процесінен босату (разгрузка) болып табылады. Бұл көпдеңгейлі байланыс жүйелерін құрудың басы еді.

Үшінші себебі, күрделі есептеу тапсырмаларын шешуге арналған мамандандырылған қуатты ЭЕМ-ң пайда болуы. Желіні құру нәтижесінде кез келген қолданушы осы ЭЕМ-дерге қатынас құру мүмкіндіктерін алады.

Бұл міндеттер (жетістіктер) бүкіл әлемде әзірлеушілердің желіні дамытуына ықпал етті.

Бірнеше желілер сәулеті құрылды. Мысалы, IBM фирмасы SNA (Systems Network Architecture) жүйесі торабының көпдеңгейлі сәулетін әзірлеудің негізін қалаушы болды.

Есептеу техникасы саласындағы басқа өндірушілер өздерінің жеке сәулеттерін әзірледі.

Байланыстың түрлі өндірушілер жүйелері арасында бөгет құрушы ролін атқарған бұл сәулеттердің түрлілігі, Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымға (МОС, ISO-International Standards Organization) байланыс сәулетінің әлемдік стандартын әзірлей қажеттілігін талап ретінде қойды, бұл стандарт жүелерге бір-бірімен ашық (кедергісіз) байланысуға мүмкіндік беретін еді. 1980 жылы ашық жүйелердің өзара әрекеттесуіне арналған (ВОС, OSI - Open System Interconnect) эталондық модель ұсынылды.

Жетідеңгейлі байланыс сәулетінің концепциясын қамтитын көрсетілген ұсыныс, IBM фирмасының және басқа да өндірушілердің SNA сәулетінен өздеріне көптеген нәрселер алды.

1983 жылы бұл ұсыныс халықаралық стандарт ретінде бекітілді.

Желілер қолданушылардың үлкен санын өзара байланыстыруға арналған. Бұл жерде бір-бірімен байланысқысы келетін мыңдаған және миллиондаған қолданушылар туралы әңгіме қозғалып отыр. Дегенмен, бұл тапсырма өте күрделі.

Қазіргі кездегі концепция мынадай болжам жасайды, желі өзара беріліс линиялары арқылы байланысқан желілік коммуникациялық жабдықтардан, немесе түйіндерден тұрады. Бұл линиялар сымды, кабельді, радио линия, спутникті немесе жарықтолқынды болуы мүмкін.

Кейбір желіге мысал келтірелік (Сур.1.3). Байланысқысы келетін қолданушылар түйіндерде коммутацияланған маршрут бойынша сәйкес байланысу мүмкіндігін алу керек.

Бейнеленген абстрактылы желі сөздерді (телефондық желі), бейнекөріністерді, деректерді немесе айтылғандардың бірнешеуін біріктіріп қатар беруге арналуы мүмкін.

 

Сурет 1.3 – Желі фрагменттері (үзінділері)

1960 жылдардың соңында АҚШ үкіметі қорғаныс министрлігінің талабы бойынша, аймақтық жағынан әр жерде орналасқан әскери және ғылыми ұйымдар арасында ақпарат алмасу үшін сараптық желі құруды қаржыландыратын болып шешім қабылдады. АҚШ перспективті зерттеу агенттілігінің (US Advanced Research Project Agency) құрған бұл торабы ARPANET деп аталды. Бұл желіге қойылған талаптар мынадай еді: жеңіл ұлғайтылатын қасиетке ие болу керек; жекелеген бөлімдер (түйіндер) арасында байланыс бұзылған жағдайда өзінің жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу керек; сондай-ақ түрлі типті компьютерлер бір-бірімен жеңіл байланыса алатындай мүмкіндікке ие болу керек.

Нәтижесінде, 70-жылдары осындай желі құрылды, оның негізгі сипаттамаларын Internet иемденді. Осы сәтте атақты желілік хаттама TCP/IP (Transmission Control Protocol / Internet Protocol) пайда болды – Берілісті басқару хаттамасы / Internet хаттамасы, және стандарт болып қалды.

1983 жылы ARPANET негізінде Internet торабы дүниеге келді. Ол кезде онда барлығы 213 тіркелген хосттар (host) – компьютерлер болатын. 1986 жылдың ақпанында олардың саны 2308 данаға көбейді. Қазір олардың саны бірнеше миллионды құрап отыр.

Аумақты компьютерлік желілер көптеген нәрселерді басқа ескірек және аумақты желі – телефондық желіден алып қалды.

Негізгі әдебиет: 3 [11-23]

Қосымша әдебиет: 11 [14-65]

Бақылау сұрақтары:

1. Торапты құрудың маңыздылығын қалай түсінесіз?

2. Түйін деген не?

3. Сигнал деген не?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных