Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс 9. Тораптың техникалық жабдықтары.




Оған мыналар жатады: канал жабдықтары (модем, тораптық адаптерлер, концентраторлар, коммутаторлар, маршрутизаторлар, көпірлер, қайталағыштар), желілік құрылғылар (кәбілдер, сымсыз технология, ВОСП), шеткі құрылғылар жабдықтары.

Барлық құрылғылар аналогты және цифрлық болып бөлінеді. Бұл құрылғылар элементтік базалары бойынша ерекшеленеді. Аналогты – диодтар, транзисторлар, жартылай өткізгіштер. Цифрлық құрылғылар – шағын габаритті, құны аз интегралдық сұлбалар.

Концентраторлар. Тораптық адаптерлер және олардың айырмашылықтары. Концентраторлар және тораптық адаптерлер кәбілдік жүйемен бірге локальдық торап үшін минимум жабдықтар болып табылады.

Кәбілдік жүйе – бұл торап негізі, сондай-ақ коммутациялық элементтер жиыны, бұл жиынға: кәбіл, разъемдер, коннекторлар, кросстық панельдер, кросстық шкафтар (стандарт бойынша байланысқан) жатады.

Концентраторолар және тораптық адаптерлер бір-бірімен көпірлердің, коммутаторлардың және мршрутизаторлардың көмегімен біріктірілетін шағын базалық фрагмент немесе бірнеше фрагменттер құруға мүмкіндік береді.

Тораптық адаптер – бұл драйвермен бірге тораптың ақырғы түйінінде – компьютерде екінші каналдық деңгейді жүзеге асыратын құрылғы. Тораптық адаптерлер екі операцияны орындайды:

Кадрды беру (биттер жиынтығы) және қабылдау. Адаптер мен оның драйвері арасындағы міндеттер стандартпен анықталмайды, сондықтан әр қолданушы бұл мәселені өзі шешеді. Тораптық драйвердің екі түрі бар:

a. клиенттік компьютерлер үшін;

b. серверлер үшін (SMS Ether Power c Intel I 960).

Клиенттер адаптерлерінде жұмыстың елеулі бөлігі драйверге артылады, сондықтан адаптер арзанырақ және қарапайымдау болады.

Кемшілігі: Жедел жадыдан торапқа кадрларды беру кезінде процессор жүктемесінің жоғары дәрежелілігі.

Серверлерге арналған адаптерлер кадрды жедел жадыдан торапқа және кері беретін процессорлармен жабдықталады. Хаттамаға байланысты адаптерлер мынадай түрге бөлінеді:

1) Ethernet;

2) Token Ring;

3) FDDI.

Тораптық адаптер орнатар алдында мынадай конфигурацияны орындайды: Үзу нөмірін, жадыға тікелей қатынас құру каналының нөмірін, енгізу/шығару порттарының базалық адресін береді. Кей жағдайларда конфигурация автоматты түрде жүзеге асырылады. Конфигурациялау процедурасы драйверге арналған конфигурация параметрлерін қайталайды, сондай-ақ адаптер беімделіп әзірленген шинаның мүмкіндіктеріне байланысты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных