Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс 12. Ақпараттық-есептеу тораптары. ЭЕМ тораптары.




Ақпараттық-есептеу торабының құрылымы. Деректерді өңдеудің ірі масштабтағы жүйелерін құру үшін жекелеген өнеркәсіптер мен ұйымдарға қызмет көрсететін есептеу орталықтары (ЕО) мен ЭЕМ-дер деректерді беру жабдықтарының көмегімен ақпараттық-есептеу тораптарына (АЕТ) біріктіріледі. Мынадай белгіленулер қабылданған: ДБ-деректер банкы; басты ЭЕМ; ұжымдық қолданыстағы есептеу орталығы (ҰҚЕО); дербес ЭЕМ (ДЭЕМ); торап администраторы (ТА); жырақтан деректерді телеөңдеу процессоры (ЖДТП); коммутация түйіні (КТ); коммутация орталығы (КО); ДБ мультиплексоры (ДБМ); терминалды ЭЕМ.

Жалпы жағдайда АЕТ логикалық модульдердің үш класын қамтиды:

- қолданушылар деректерін өңдеу модульдері, абонентке түрлі есептеу ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл модульдер АЕТ-ң басты мақсаты – қолданушылар деректерін өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- терминалдық модульдер, өңдеу модульдеріне қолданушылардың қатынасын қамтамасыз етеді;

- өзара әрекеттесу және байланысу модульдері, терминалдық модульдердің деректерді өңдеу модульдерімен, сондай-ақ терминалдардың өзара бір-бірімен жергілікті немесе жырақтан әрекеттесулерін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда келтірілген модульдерге АЕТ—дағы белгілі бір физикалық объектілер сәйкес келеді. Деректерді өңдеу модульдеріне тораптың бас ЭЕМ-дері сәйкес келеді (АЕТ ақпараттық-есептеу ресурстарын құрушы ЭЕМ-дер).

Шеткі пункттер немесе АП терминалдық модульдерге сәйкес келеді, ал коммутациялық орталықтар (коммутациялық ЭЕМ) өзара әрекеттесу модульдеріне сәйкес болмақ.

АЕТ-ы төрт өзара байланысқан объектілерге бөлінеді:

- деректерді берудің базалық торабы;

- ЭЕМ торабы;

- терминалдық торап;

- торап администраторы.

ДБ базалық торабы – ЭЕМ арасында, сондай-ақ АЕТ басқа құрылғылары арасында ДБ-ге арналған аппараттық және программалық жабдықтар жиынтығы.

Байланыс каналдарынан және коммутация түйіндерінен (коммутация орталықтары) тұрады. Әдетте КТ коммутациялық ЭЕМ және АПД негізінде жүзеге асырылады. Осылайша, ДБ базалық торабы АЕТ-ң ядросы болып табылады, ЭЕМ мен басқа құрылғылардың физикалық бірігуін қамтамасыз етеді.

ЭЕМ торабы – ДБ-ң базалық торабымен біріктірілген ЭЕМ жиынтығы. ЭЕМ торабына мыналар кіреді: бас ЭЕМ (БЭЕМ), ДБ, ҰҚЕО, ТЭЕМ.

ТЭЕМ-ң негізгі міндеті – ДБ базалық торабымен терминалдарды түйіндестіру. Бұл функцияны ДТӨП (деректерді телеөңдеу процессоры) және ЖДТП (деректерді берудің жырақтағы мультиплексоры) да орындай алады. Терминалдар қажет болса басты ЭЕМ-дерге де қосылуы мүмкін.

Терминалдық торап – терминалдар мен ДБ терминалдық тораптарының жиынтығы. Терминал дегеніміз - көмегімен абоненттер деректерді енгізіп/шығаруды жүзеге асыратын құрылғы. Терминал ретінде интеллектуалды терминалдар (ДЭЕМ) және АП (абоненттік пункттер) қолданылуы мүмкін. Терминалдарды ЭЕМ торабына қосу үшін байланыс каналдарымен қатар, терминалдық ЭЕМ-дер (ТЭЕМ), ЖДТП, ДТӨП қолданылады.

Административті жүйе АЕТ күйін бақылауды және өзгермелі жағдайда оның жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе мамандандырылған ЭЕМ-ді, терминалдық құралдар мен программалық жабдықтарды қамтиды, олардың көмегімен:

- торап немесе оның компоненттері қосылады немесе ажыратылады;

- тораптың жұмыс мүмкіндігі бақыланады;

- торап және оның компоненттерінің жұмыс режимі орнатылады;

- торап абоненттеріне ұсынылатын қызметтер көлемі орнатылады және т.б.

 

 

 

 

Сур. 12.1. АЕТ құрылымы

АЕТ шлюздік элементтері ДБ базалық торабының, сондай-ақ АЕТ-ң басқа сыртқы тораптарымен бірігушілігін (сәйкестендіру) қамтамасыз етеді. Сыртқы АЕТ хаттамаларының қолданыстағы хаттамалардан ерекшелігі болуы мүмкін.

Сондықтан шлюздер қажет болған жағдайда интерфейстерді, форматтарды, адрестеу тәсілдерін және т.б. түрлендіруді және келістіруді қамтамасыз етеді. Шлюздер мамандандырылған ЭЕМ-де қолданылады.

АЕТ-н шартты түрде екі класқа бөлуге болады:

- территориялық, яғни қызмет көрсетудің үлкен ауданын қамтитын;

- жергілікті – бір ғимарат ішінде орналасқан.

АЕТ-ң негізгі сипаттамалары мыналар: операциялық мүмкіндіктері, өнімділігі, хабарды жеткізу уақыты, деректерді өңдеу құны.

Осы сипаттамаларды нақтырақ қарастыралық:

Тораптың операциялық сипаттамалары (мүмкіндіктері) – деректерді өңдеу бойынша негізгі әрекеттер тізбегі. Торап құрамына кіретін БЭЕМ қолданушыларды қызмет көрсетудің дәстүрлі барлық түрімен (программалауды автоматтандыру жабдықтарымен, қолданбалы программалар пакеттеріне, деректер қорына және т.б. қатынас құрумен) қамтамасыз ету. Осымен қатар, АЕТ мынадай қосымша қызмет түрлерін ұсынады:

- тапсырманы жырақтан енгізу – кез келген терминалдан тапсырманы кез келген ЭЕМ-де пакеттік немесе сұқбаттық режимдерде орындау;

- торап ЭЕМ-рі арасында файлдарды беру;

- жырақтағы файлдарға қол жеткізу;

- рұқсатсыз қатынас құрудан деректер мен ресурстарды қорғау;

- терминалдар арасында мәтіндік, мүмкін сөздік хабарларды беру;

- тораптың ақпараттық және программалық ресурстары туралы анықтама беру;

- бірнеше ЭЕМ-де орналасқан үлестірілген дерекқорды ұйымдастыру;

- бірнеше ЭЕМ-де тапсырманы үлестірілген түрде шешуді ұйымдастыру.

Торап өнімділігі – бас ЭЕМ-ң қосынды өнімділігімен анықталады. Әдетте БЭЕМ өнімділігі олардың процессорларының номиналды өнімділігін білдіреді.

Хабарды жеткізу уақыты – торапқа хабарды жіберген сәттен ол хабарды адресаттың алу сәтіне дейінгі орташа уақыт ретінде анықталады.

Деректерді өңдеу құны – деректерді енгізу/шығару, беру және өңдеу үшін қолданылатын жабдықтардың құндарын ескерумен қалыптасады. Бұл құн АЕТ-ң пайдаланылатын ресурстарының көлеміне және деректерді беру мен өңдеу режиміне байланысты.

АЕТ-ң негізгі параметрлері тек қолданылатын техникалық және программалық жабдықтарға ғана емес, сондай-ақ қолданушылар туындататын жүктемеге де байланысты.

Телематикалық қызметтер. Қазіргі уақытта байланыс торабы ұсынатын түрлі қызметтер саны елеулі түрде өсіп отыр. Сондай-ақ тораптық және сервистік қызметтерді тұтынушыға жақындата түсуде елеулі қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта ДЭЕМ, телефон, телевизор сияқты жабдықтар кеңінен қолданылады. МСЭ-Т жаңа термин енгізді – телематикалық қызмет деп аталады, яғни арнайы байланысты шеткі құрылғыларды қолданусыз, қолданушыларға ұсынылатын қызметтер.

Жалпы, көптеген телематикалық қызметтер құру жоспарланған, мысалы, «телекс», «телефакс», «бюрофакс», «автофакс», «бейнетекс», «телемәтін», «телеавтограф», «электронды почта» және т.б.

Дегенмен, іс жүзінде бәрі бірдей жүзеге асырылған жоқ. Солардың ішінен кең таратылымға ие болған телематикалық қызметтерді қарастырайық.

«Телемәтін» және «бейнетекс». Бұл жүйелер мынадай қызмет түрлерімен қамтамасыз етеді: Жарнама және үйден шықпай-ақ сатып алуды жүзеге асыру; қаржылық-коммерциялық әрекеттер, биржадағы акциялар курсы; электронды-анықтамалық жүйе, радио және телевизиялық программалар тізімдері; жаңалықтар, ауа райы, спорт туралы хабарлар. «Телемәтін» жүйесі арнайы ақпараттық-есептеу орталықтарынан (АЕТ) тұрмыста қолданылатын телевизорлар экрандарына әріптік-цифрлық деректерді беру үшін ТВ хабар тарату торабын немесе кәбілдік телевидениені пайдаланады. Программаларды немесе қызметтерді таңдау үшін тестатуралы немесе арнайы кілтжиынды (телефондық аппаратқа қосылған) қарапайым телефон аппараты қолданылады.

«Телемәтін» жүйесінің сұлбасы 12.2 суретте көрсетілген, ондағы:

ДБ-деректер банкы, ҚТТ- қалалық телефон торабы; ТВ-телевизор; ТЛФ-телефон.

 

 

Сур. 12.2. «Телемәтін» жүйесінің құрылымы

 

Берілетін мәтін парағы оны циклдық ауыстырғанға дейін экран бетінде қалады. Мәтін телепрограммаға тәуелсіз, 1200 бит/с жылдамдықпен (кадрлық айналдыру сәулесінің кері жүріс уақытына сәйкес) беріледі.

Негізгі кемшілігі – мәліметтерді барлық қолданушыға орталықтандырылған түрде бірден беру.

«Бейнетекс» жүйесі. Бұл жүйеде тұрмыстық телевизор дисплей (ақпаралғы) ретінде қолданылады; деректер жалпы қолданыстағы телефондық торап бойынша беріледі және тұрмыстық телевизорға шығарылады, яғни әрбір қолданушы анықтамалық ЭЕМ-мен жеке-жеке қатынас құра алады.

Жүйе сұлбасы 12.3 - суретте берілген.

Қолданушы ҚТТ бойынша (қалалық телефон торабы) АЕТ-на сұраныс жібереді, ал АЕТ-нан жауап ҚТТ арқылы және қолданушының телефон аппараты арқылы телевизор экранына түседі. Қызмет жеке-жеке көрсетіледі.

 

 

Сур. 12.3. «Бейнетекс» жүйесінің құрылымы

 

Негізгі кемшілігі – беріліс жылдамдығы төмен, қозғалмалы көріністерді беру мүмкін емес.

Электрондық почта. Электрондық почта – салыстырмалы түрде жедел емес, бірақ құжаттық сипатқа ие қызметтік ақпараттарды беру үшін қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Бұл технология жәй почтамен салыстырғанда хабарды жылдам жеткізуді қамтамасыз етеді, және де бұл жеткізудің құны жәй почта көрсететін қызмет құнынан орташа есеппен алғанда аз болады.

 

Сур. 12.4. «Электрондық почта» жүйесінің сұлбасы

 

Электрондық почта «почталық жәшік» орналасқан түйіндік ЭЕМ-ді бөлуді қамти отырып хабарды коммутациялау принципі бойынша құрылады.

«Почташы» құрылғысы қолданушымен интерфейсті қамтамасыз етеді, сонымен қатар сәйкес почталық жәшікке, яғни ЖЕСҚ аумағына қатынас аша отырып, идентификациялайды. Түйіндік ЭЕМ-дер почталық жәшіктер құрамындағылармен периодты түрде алмасып отырады.

Цифрлық факсимильді жүйелер. Хабарды берудің факсимильді тәсілі: қолданылатын «телефакс», «датафакс» және «бюрофакс» қызметтері кең таралған.

«Телефакс» және «датафакс» жүйелері абоненттік жүйелер болып табылады, яғни шеткі жабдықтар тікелей қолданушыда орналасқан. «Телефакс» ШП телефондық торап каналы бойынша жұмыс істейді, сондықтан бұл торапты құру үшін қолданушыларға қазіргі заманғы факсимильді аппарат алса жетіп жатыр.

«Датафакс» жүйесі деректерді беру торабы бойынша жұмыс істейді.

«Бюрофакс» жүйесі жалпы қолданушылық жүйе болып табылады, яғни шеткі жабдықтары байланыс мекемелерінде орналасқан.

Қазіргі кездегі факсимильді жүйелер цифрлық болып табылады, телефондық торап бойынша жылдамдығы 4800 бит/с-қа дейін. ДБ торабы бойынша – 48 Кбит/с-қа дейін жетеді.

 

Негізгі әдебиет: 5 [176-183]

Қосымша әдебиет: 13 [54-78]

 

Бақылау сұрақтары:

1. АЕТ-ң негізгі сипаттамалары?

2. Электронды почтаны құру принциптері?

3. Телематикалық қызмет деген не? Мысал келтіріңіз?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных