Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Түсініктеме жазбаны әзірлеу ережесі




Түсініктеме жазба А4 форматты ақ қағаздың бір бетінде ғана жазылуы немесе мәтіндік редакторда терілуі тиіс. Өрістер өлшемі келесі тәртіппен белгіленуі қажет: сол жақ өріс – 3 см, оң жақ өріс – 1,5 см-ден кем болмауы керек, жоғарғы және төменгі шекаралар- 1,5 см-ден аспауы тиіс. Жазбаны әзірлеу барысында кездескен қателерді міндетті түрде жою керек.

Арнайы қысқартулар, символдар және терминдерді мәтінде 3-5 реттен артық кездесетін жағдайда ғана қолданған жөн. Оларға берілетін толық түсінік мәтіннің соңында (сноскада) келтіріледі.

Жазбаның мәтіні тараулар мен ішкі тарауларға бөлінеді. Тараулар жазбаның басынан аяғына дейін араб цифрларымен нөмірленеді. Жоғарыда айтылған негізгі мәтіннің бөлімдері тарау ретінде белгіленеді.Тарау нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Әрбір тараудың ішіндегі ішкі тараулар осы тараудан аспай араб цифрларымен нөмірленеді. Ішкі тараудың номері, нүктемен бөлінген тараудың және ішкі тараудың реттік санынан тұрады. Ішкі тараудың нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Мысалы, “2.1” (Екінші тараудың бірінші ішкі тарауы). Егер тарау мен ішкі тараулардың тақырып аттары екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралса, олар нүктемен бөлінеді. Тақырыптар аттарының соңына нүкте қоюдың қажеті жоқ. Тақырыптың астын сызуға болады, бірақ тақырып сөздерін келесі қатарға тасымалдауға болмайды. Ішкі тараудың реттік саны абзац бойымен қойылады.

Беттерді нөмірлеу тура болуы керек: бірінші бет – титул парағы, екінші – тапсырманың көшірмесі және т.б. Парақтардың реттік саны жоғарғы оң жақ бұрышта араб цифрларымен қойылады. Титул парағына нөмір қойылмайды. Егер курстық жұмыста суреттер мен кестелер қамтылса және олар жеке парақтарда орналасқан болса, онда оларды да жалпы нөмірлеуге қосып жібереді. Сурет немесе кесте көлемі А4 форматынан үлкен болса да, ол бір бет болып саналады. Мұндай жағдайда парақ бетіне нөмір қоймауға да болады. Қосымшалар мен әдебиеттер тізімін тікелей нөмірлеуге қосып жіберген жөн.

Жазбаға енгізілген иллюстрациялар саны, оның мазмұнымен анықталады және де мәтінді толықтыратындай нақты, айғақ болуға тиіс. Иллюстрациялар да, суреттер де, кестелер де, блок-схемалар да суреттер деп белгіленеді. Суреттерге тікелей нумерация қойылады. Суреттерге “қараңыз” сөзі арқылы сілтеме жасалады. Мысалы: (6-суреттке қараңыз). Суретке тән түсініктерден кейін суреттің беріліп кеткені жөн. Әрбір суреттің төменгі сол жағына реттік нөмері және сызықша арқылы суреттің аты беріледі. Курстық жұмысқа А4 форматынан асып кететін суреттерді орналастыруға болмайды.

Жазбадағы цифрлық материалдарды кесте түрінде көрсеткен ыңғайлы. Әрбір кесте белгілі бір атпен аталады. “Кесте” сөзі кестенің жоғарғы сол жағында орналасады, кесте нөмірі және сызықша арқылы кестенің аты көрсетіледі. Кесте сөзін және оған берілген түсінікті үлкен әріптен бастап жазған жөн. Кесте атының астын сызу қажет емес. Кестенің әрбір баған атауларын үлкен әріптен бастап жазу керек. Және де әр бағанның реттік нөмірі болғаны дұрыс. Кесте көлемі үлкен болып, келесі бетке жалғасатын болса, онда келесі беттегі кесте бағандарының басына реттік нөмірлерді қайтадан қойып, сәйкес нөмірі көрсетілген “Кестенің жалғасы” деген сөзді көрсетіп қойған жөн. Суреттерге сілтеме жасалғандай, кестеге де “қараңыз” сөзі арқылы сілтеме жасалады. Мысалы: (6-кестеге қараңыз). Егер кесте бағандарында бір сөз бірнеше рет қайталанатын болса, оның орнына -//- (тырнақша) таңбасын қоюға болады. Қайталанатын математикалық таңбалар мен сандардың орнына мұндай символды қоюға болмайды. Ал егер кесте жолдарына жазылатын ешқандай мәлімет болмаса, сол ұяшыққа “–“ таңбасы қойылады.

Курстық жұмыста формулалар қолданылған болса, формуладағы әрбір символдарға түсінік берілуі қажет. Формулаға түсінік “мұндағы” сөзінен басталады, бұл сөзден кейін қос нүкте қойылмайды. Формуланың реттік нөмірі жақшаға алынып, төменгі қатардың оң жағына жазылады. Ол араб цифрларымен белгіленеді. Мәтінде формулаға сілтеме жасалса, онда формуланың толық реттік нөмірі көрсетілуі керек. Мысалы: “(5) формулада”.

Әдебиеттер тізіміне курстық жұмыста қолданылған барлық әдебиеттер көзі енгізіледі. Әдебиет көздерін мәтінде жасалған сілтемелерге байланысты орналастырған жөн. Кітаптар жөніндегі мәліметтер мыналарды қамтиды: Автордың (немесе авторлардың) аты-жөні, егер бірнеше автор болса, олардың аты-жөні үтірмен бөлініп жазылады. Сондай-ақ, кітаптың аты, баспасы, баспадан шыққан мерзімі беріледі. Курстық жұмыста газет-журналдардан алынған материалдар пайдаланылса, онда тізімде газет-журналдардың атаулары тырнақшаға алынып жазылады да, қасына мақаланың авторы, шығарған баспаның аты, шыққан жылы, басылым нөмері көрсетіледі. Мәтінде әдебиетке сілтеме кітаптың немесе газет-журналдың әдебиеттер тізімінде тұрған реттік нөмірі бойынша жасалады. Реттік саны тік жақшаға алынып жазылады.

Қосымшалар курстық жұмыстың соңы ретінде жалғанады. Әр қосымша жаңа бетте орналасуға тиіс, беттің ортасына “Қосымша” сөзі жазылады. Егер курстық жұмыста бірнеше қосымшалар болса, онда оларды алфавиттің бас әріптерімен белгілеген жөн. Мысалы, “Қосымша Б”. Әрбір қосымшаның тематикалық атауы болуы шарт.

Курстық жұмыс тақырыптары:

- Телефондық торап;

- Телеграфтық торап;

- ISDN торабы. Цифрлық абоненттік желілер;

- Globalstar спутникті байланыстың қазіргі заманғы технологиясы;

- IP – телефония;






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных