Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тыныс алу мүшелердің онтогенезі




Тыныс алу жүйеесі мүшелерінің бастамасы адам ұрығында эмбриогенездің алғашқы кезеңдерінде пайда болады. 3-аптаның соңында-ақ, ұрықтың ұзындығы 3,5 мм кезінде алдыңғы ішектің вентральды қабырғасында эпителийдің томпаюы – тыныс алу жолдарының бастамасы пайда болады.

Одан әрі бұл энтодермалық бастама түтік болып қалыптасады да, ішектен каудальды ұшы жекеленеді, ал тыныс алу жолының ас қорыту байланысы мәңгі сақталады (жұтқыншақтан көмекейге өтетін тесік).

Ұрық дамуының 4-аптасының басында түтіктің бос ұшында 2 томпаю пайда болады. Бұлар негізгі бронхтардың бастамасы болып табылады да бронхтық бүршік деп аталады.

5-аптада (5 апталық ұрықта) алғашқы бронхтық бүршіктер бөліне бастайды: сол жақтағы – 2 бүршікке, оң жақтағысы – 3-ке, демек бөліктік бронхтар пайда болады.

5-аптаның соңында бөліктік бронхтар сегменттік бронхтарға бөліне бастайды (барлығы әр жағыннда 10 бронхтан). Одан әрі бронхтардың бөлінуі дихотомиялық жолмен жүреді. 6-аптаныың соңында барлық сегменттер қалыптасады және бөлікшелер мен бөліктер жақсы көрінеді.

Бұл уақытта өкпелер соматоплеврадан дамыған плевралық қатпарда орналасқан.

Одан әрі біркелкі өспеудің арқасында алғашқы өкпе көпіршіктерінің энтодермасының жаңа томпаюлары пайда болады және олар қоршаған мезенхиманың ішіне қарай өседі. Сонымен, құрсақтағы дамудың 5-айының аяғында терминальдық және распираторлық бронхиолалар, альвеольдік жолдар және альвеольлер арасындағы аралықтар пайда болады.

Дамудың алғашқы сатыларында алғашқы өкпе көпіршіктерінің, бронхтардың, кеңірдектің және көмекейдің қабырғалары тек қана энтодерманың жасушаларынан тұрады. энтодермадан тыныс алу жолдарын және өкпенің альвеольдерін астарлап жататын эпителий дамиды. Көмекейді, кеңірдекті және бронхтарды қоршаған мезенхиимадан оларды түзетін элементтер дамиды: шеміршектер (қалқан тәрізді шеміршектен басқасы, ол төртінші және бесінші желбезек доғаларынан дамиды), дәнекер ұлпа, бұлшықеттер, тамырлар. Кілегей қабықтың бездері эпителийден қалыптасады. Тыныс алу жолдарының бастамаларының дамуымен қатар олардың нервтенуі жүреді.

Адамның өкпелері туудан әлдеқайда бұрын, оларға туғаннан кейін тән болатын түрде ие болады. Әрине, олардың мөлшерлері кіші және оларда ауа болмайды. Өкпелердің көпіршіктерінің қалыптасуы туралы ғалымдардың ортақ пікірлері жоқ.

Көпжасушалы организмдердегі әрбір жасуша тыныс алады да, оған оттегін қан жеткізеді. Тыныс алу мүшелерінің «міндеті» - ауаны қанмен тығыз жанастыру. Тыныс алу құбылысы іске асу үшін ауаның қан тамырларының қабырғасымен қарапайым түрде жанасуы жеткіліксіз. Ол үшін ауаның тыныс алу жолдарының бетімен үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін бейімденушілік және ауаның айналымы (циркуляциясы) керек. Бұл арнайы мүшелер мен бейімденушіліктер арқылы іске асады.

Адам мен сүтқоректілердің тыныс алу жүйесі жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына бөлінеді.жоғарғы тыныс алу жолдары сыртқа танаулар арқылы ашылады да, оларға мұрынның кіреберісі, мұрын қуысы (мұрын жолдары), хоандар және жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жатады.Төменгі тыныс жолдарына көмекей, кеңірдек, бронхтар және өкпелер жатады.

Мұрын қуысы. Мұрын қуысының үлкен қызметтік маңызы бар. Мұрынмен дем алудың іс жүзіндегі маңызы өте зор. Бір себептермен оың бұзылуы ауыр патологияға ол кейде ақыл-ойдың кемтарлығына әкеліп соғады.

Мұрын қуысын жауып жатқан кілегей қабықтың қатысуымен ішке кіретін ауа мөлшерленеді: сыртқа ауа суық, құрғақ әрі шаң болғанда мұрын қуысындағы кілегей қабық астылық ұлпа ісінеді де, мұрын жолдары тарылып, ішке өтетін ауаның мөлшері шектеледі; сыртқы ауа жылы әрі ылғалды болғанда мұрын қуысы кеңейіп, ішке өтетін ауаның көлемі ұлғайады. Одан басқа, мұрын қуысы арқылы ішке өтетін ауа тазарады, жылынады, ылғалданады және залалсызданады. Қалыпты жағдайда мұрынмен дем алғанда ауадағы шаң-тозаң бөлшектері мұрын қуысында қалады, бірақ 5-микроннан кіші бөлшектерөкпе көпіршіктеріне жейін барады. Шаң-тозаң бөлшектерінде дейін барады. Шаң-тозаң бөлшектерінде көптеген «жолаушылар» - микроорганизмдер бар екендігін естен шығармау керек. Сонымен бірге табиғат адамды өте тамаша қорғаныш тетіктермен – жыбырлағыш эпителиймен жабдықтаған. Кілегей қабықтың бактериоцидтік қасиеті бар екенін қарапайым тәжірибе дәлелдейді: үй қоянның бактерияларға толтырылған камераға танауларын жаппай орналыстарғанда ол тірі қалады, ал оны танауларын жауып қайтадан камераға орналыстарғанда, біраз уақыттан кейін ол өліп қалған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных