Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Артериялардың таралуының заңдылықтары

ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

 

 

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Ангиологияға кіріспе. Қантамырлар құрылысының, тармақталуының және жіктелуінің негізгі принциптері. Микроайналыстық арна. Коллатералды қанайналыс.

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

Қарағанды 2014ж

Тақырыбы: Ангиологияға кіріспе. Қантамырлар құрылысының, тармақталуының және жіктелуінің негізгі принциптері. Микроайналыстық арна. Коллатералды қанайналыс.

М ақсаты: Студенттерге тамырлар жүйесі туралы қысқаша сипаттап, қан тамырлары қабырғаларының құрылысын, жіктелу принциптерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1) Тамырлар жүйесіне кіріспе.

2) Қан тамырлыры қабырғаларының құрылысы.

3) Қан тамырларының жіктелуі.

4) Артериялардың таралуының заңдылықтары

5) Микроайналыстық арна.

6) Коллатералды қанайналыс.

Тамырлар жүйесі - сұйықтарды өткізгіш жолдар, туралы ілім ангиология деп аталады. Тамырлар жүйесі жүрек-тамырлық жүйе деп атайды. Сонымен, жүректің тамырлар жүйесіндегі орталық мүше ретінде ерекше маңызы атап көрсетіледі. Тамырлар жүйесі қанды тасмалдау қызметін атқарады, ал қанның құрамында қоректік заттар мен жандандырғыш заттар мүшелер мен ұлпаларға жетеді (оттегі, глюкоза, белоктар, гормондар, витаминдер және т.б.) Олар әртүрлі физиологиялық процестердің іске асуына қатысады. Мүшелер мен ұлпалардан қан тамырлары арқылы зат алмасудың соңғы заттарды жетіледі.

Адам организмде сұйықтарды өткізетін қандай жолдар бар? Ондай жолдар бірнешеу және олар тамырлардың қабырғаларымен шектелген: артериялар, веналар және лифалық тамырлар. Бұларды басқаша да айтуға болады: қан айналыс және лимфалық жүйелер. Қан айналыс жүйесіне артериялар мен веналар жатады. Қан тамырлары тек терінің кілегей қабықтың эпителилік жамылғысында, шаштарда, тырнақтарда, көз алмасының мүйіз қабығында және буын беттік шеміршектерде ғана болмайды.

Артериялар. Организмде тамырлардың болатындығы тіптен Аристотель де /б.д.д. 384-322 жылдар/ білген еді. Айта кету керек, ең үлкен артериялық тамырға қолқа деп ат берген де Аристотель болтын. Жүректен басталып, барлық қан аппаратын тамырлар артериялар деп аталады. /-ауа-ұстаймын; мәйіттерде артерия әрқашанда бос болады, сондықтан ертеден олрады ауа жүретін түтіктер деп есептеген/. Мысалы, Абуали Ибн Сина былай деп жазған: «Артериялар жүректі үрлеп, одан түтін буын кетіру үшін, және жаратқанның құдіретімен ауаны/пневмаы/ дененің бөліктеріне тарату үшін жаратан».

Артериялардың қабырғалары үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық, тамырдың қуысы жағанан эндотелимен астарланған. Оның астында субэндотелі мен ішкі элатикалық жарғақ жатады; ортаңғы қабық, жазық салалы бұлшық ет талшықтарының екі қабатынан /сыртқы-ұзын бой, ішкі-айналмалы, циркулярлы/ тұрады. Олардың арасында эластикалық талшықтар болады; сыртқы қабық, дәнекер ұлпалық талшықтардан тұрады. Артерия қабырғасының эластикалық қаңқа құрап, артерия қабырғасына пружина тәрізді жұмыс істейтін серпімділік қасиет береді. /С.И.Шелкунов/.

Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, ұсақтана береді.Жүрекке жақын артериялар /қолқа мен оның тарамдары/ негізінен қанды өткізу қызметін атқарады.Олар,бәрінен бұрын,жүректің соғуымен итеріліп шығатын қанның көлеміне қарсы тұру қызметін атқарады.Сондықтан олардың қабырғаларында механикалық сипаттағы құрылымдар басым дамыған,яғни,эластикалық талшықтар мен жарғақтар.Мұндай артерияларды артериялардың эластикалық түрі деп атайды.жүректің соғуының инерциясы әлсіреген орташа және уақ артерияларды қанның әрі қарай жүру үшін қан тамырының кабырғасының өздерінің жиырылуы қажет.Сондықтан оларда жиырылғыштық қасиет басым болады.Бұл жиырылғыштық қасиеті тамырлардың қабырғасында жақсы дамыған жазық салалы бұлшық ет ұлпасы қамтамасыз етеді. Орташа артиялардың көпшілігі /ұйқы, сан, бұғанаасты артериялары/ артериялардың аралас /бұлшық еттік – эластикалық /түріне жатады. Жекеленген артериялар қанмен тұтас мүшелерді немесе олардың бөліктерін қамтамасыз етеді. Мүшелерге қатысты, олардан тысқары, мүшелердің ішінде тармақтанатын –мүшеішілік артерияларды ажыратады.

Дененің қуыстарының қабырғаларын қанмен қамтамасыз ететін артериялар париетальдық /қабырғалық/, ішкі мүшелердің артериялары - висцеральдық /ішкі мүшелік/, артериялар деп аталады. Сондай-ақ, артериялар қанмен қамтамасыз етілетін 1) мүшелердің атына сәйкес аталады /бүйрек артериясы, көк бауыр артериясы т.б./ Кейбір артериялар өздерінің ірірек артериялардан 2) басталу деңгейіне байланысты /жоғары және төменгі шажырқайлық артериялар/, тамыр жанап жатқан 3) сүйектің аты бойынша /кәріжіліктік артерия/ 4) тамырдың бағыты бойынша /санды айналып өтетін медиальды артерия/, сондай-ақ 5) орналасу тереңдігі бойынша /беткей немесе терең артериялар/ болады. Арнаулы аттары жоқ артериялар тармақтар деп белгіленеді.

Мүшеге тарқалғанда немесе мүшенің артерия уақ тамырларға тармақтанады. Артериялардың тармақтануының магистарльды және шашырыңқы түрлерін ажыратады. Магистральды түрде, негізгі /сабау / - магистральдық артерия болады да, одан біртіндеп бүйір тармақтары кеткен сайын кішірейе береді. Артерияның тармақтануының шашыраңқы түрі негізгі сабаудың бірден екі немесе одан да көп соңғы тармақтарға бөлінуімен сипатталады.

Бір сабаудың тармақтары немесе әртүрлі сабаулардың тармақтары өзара жалғаса алады. Тармақтардың осындай капиллярларға бөлінгенше жалғасуы анастомоз /-саға, құйылыс/ деп аталады. Анастомоз жасайтын артериялар анастомозданатын деп аталады. Дененің негізгі бөлшектерін қамтамасыз ететін және тамырлардың жеке жүйесі болып табылатын ірі артерия /қолқа, ұйқы, бұғанаасты және т.б. артериялар/ тармақтарының арасындағы анастомоздар жүйе аралық деп аталады. Бір ірі артерияның тармақтарының арасындағы анастомоздар жүйе ішілік анастомоз деп аталады. Бұл анастомоздардың кейбіреулерімен сіздер практикалық сабақтарда танысасыздар. /мысалы, Риоланов доғасы/.

Артериялардың таралуының заңдылықтары

Артериялық жүйе өзінің құрылысында организммен оның жекеленген мүшелерінің және олрадың жүйелерінің құырысымен дамуының жалпы заңдылықтарын қайталайды. /П.Ф.Лесгафт/, сондықтан, денеде артериялардың таралуы белгілі бір заңдылыққа бағынады:

1. артериялар нерв түтігімен нервтердің бойында орналасады. Мысалы, жұлынға параллелді негізгі артериялық сабау – қолқа өтеді.

2. организмнің өсімдіктік және жануарлық өмір сүру мүшелеріне бөлуіне сәйкес, артерияларда да париетальдық дене қуыстарының қабырғаларына және висцеральдық - ішкі мүшелерге баратын болып бөлінеді.

3. әрбір қол, аяқ басты бір артериялық баған алады

4. тұлғаның артериялары сегментарлық құрылысын сақтайды.

5. артериялар жалпы тамырлар жинағын жасап, тамырлар жүйесінің басқа да бөліктерімен /веналар, ЛТ/ бірге жүреді.

6. артериялар қаңқаға сәйкес жүреді – омыртқа жотасы - қолқа, сан - І, сирақ - 2 артерия т.с.с.

7. артериялар мүшелерге ең қысқа жолмен барады. Қысқа жол заңын және даму тарихын біле отырып, әрқашан да берілген артериядан кететін тармақтарды және олар баратын мүшелердің анықтауға болады.

8. артериялар дененің бүгіліс бетінде орналасады. өйткені, жазылу бетінде орналасса тамырлар созылады және қабысады.

9. артериялар қорғалған жабық жерлерде орналасады; салаларда, өзектерде және т.б. /оларды қысылуымен зақымданудан сақтайды/.

10. мүшелерге артериялар олардың /ойысқан/ иілген медиальді немесе ішкі беттерінен кіреді. Бұл бет қоректену көзіне қарай орналасады. Сондықтан барлық мүшелердің қақпалары ойысқан, орталық сызыққа қараған беттерінде орналасқан.

11. артерилар мүшелердің қызметіне сәйкес әртүрлі бейімделушілік түзеді: буындарды қоршаған тамырлар торын; өзінің көлемін өзгертетін мүшелерде артериялар сақина немесе доға тәрізді анастомоздар және т.б.

12. артериялардың диаметрі мен саны мүшелердің тек көлемімен ғана анықталмайды, сондай-ақ олардың қызметтерімен де анықталады – бүйрек, бүйрек үсті безі және басқа да ішкі секрециялық бездер.

Капиллярлар алмасу қызметін атқаратын өте жіңішке қыл тамырлар болып табылады. Капиллярлардың бар екендігі туралы ғалымдар тек 1661 жылы, оларды италия ғалымы Марчелло Мальпиги ашқаннан кейін, ғана білді. Капиллярдың қабырғасы арқылы алмасудың негізгі процестері жүреді. Осыған байланысты ол жазық эндотелиальлық клеткалардың бір қабатынан тұрады. Капиллярда жырылғыш элементтер бар ма, жоқ па деген сұрақ осы күнге шейін біріңғай шешім тапқан жоқ. Өзара кеңінен анастомоз жасап, капиллярлар венаға жалғасатын тор, капиллярлар торын құрады.

 

Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

негізгі:

А.А Идрисов.Адам анатомиясы: Атлас Т.1.: Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана: Адам анатомиясы: Атлас Т.2.: Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

Адам анатомиясы. Атлас: тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана: Сарыарқа

1 том. – 2011

Адам анатомиясы: Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы: Атлас / [et al.]; ред.. - Астана: Фолиант Т.2.: Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010

қосымша:

Т. Смит Адам денесі: суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия: Атлас структур, срезов и систем 2008

Адам анатомиясы: Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана: Сарыарқа, 2008.

Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы: Кітап баспасы

Т.3: Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.

"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы: оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова; КГМУ. - Қарағанды, 2010.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Жүректің дамуының заңдылықтары.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных