Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жүректің дамуының заңдылықтары.

ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

 

 

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Жүректің функциональдық анатомиясы, дамуы.

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

 

 

Қарағанды 2014

 

 

Тақырыбы: Жүректің функциональдық анатомиясы, дамуы.

М ақсаты: Студенттерді жүректің жалпы сипаттамасы және оның организмдегі маңызымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Жүректің жалпы сипаттамасы, құрылысы мен топографиясы.

және оның организмдегі маңызы.

2. Жүректің дамуы

3. Жүректің даму ауыткулары

4. Ұрықтың қанайналысының ерекшілектері.

5. Жүректің өткізгіш жүйесі

 

Жүрек, cor, біздің барлық тіршілік әрекеттерімізге, әрбір қимылымызға, туғаннан бастап соңғы демге дейін “әрқашан бәріне” қатысатың таңғажайып мүше болып табылады. Жүрек-тамырлар жүйесіндегі орталық мүше. Қанды артерияларға айдап, веналардан қан қабылдайтын қуыс, бұлшық етті мүше, басқа мүшелермен бірге көкірек қуысында, алдыңғы көкірек аралықта орналасады Жүректің сыртқы пішіні конус тәрізді. Оның негізгі, basis жоғары, артқа әрі оңға бағытталған: дөңгееленген ұшы, apex төмен, солға және алға қараған. Жүректің екі бетін; төс-қабырғалық sterno-costalis және көкеттік, diafragmatica екі қырын: сол жақ-доғал және оң жақ-сүйір, ажыратады.

Жүректің 4 қуысқа /камераға/ бөлінуі сыртынан нашар байқалады. Сонда да, оның сыртында қуыстарының шекараларына сәйкес келетін тайыз салалар бар: алдыңғы және артқы қарыншааралық салалар және жүрекшелерді қарыншалардан бөліп тұратын көлденең сала, тәждік.Бұл салаларда жүректің меншікті тамырлары орналасқан. Жүрек ұзына бой қолқамен /аралықпен/ бір-бірімн қатыспайтын оң, веналық, және сол, артериялық жартыларға бөлінген; әрбір жартысы жүрекшемен қарыншадан тұрады. Әрбір қарыншаның екі тесігі бар: қарыншаны сәйкес жүрекшемен байланыстарын веналық, немесе жүрекше- қарыншалық және шығатын тесік. Сол қарыншадан шығатын тесік қолқаға апарады, оң қарыншадан- өкпелік сабауға. Қарыншалардың тесіктері қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз ететін қақпақшалармен жабдықталған. Олар бір жиегімен тесіктердің шетіне бекіген жұқа табақша /эндокардтың қатпарлары/ түрінде болады. Өкпе сабауы мен қолқаның басталар жерінде жарты ай түріндегі үш-үштен қақпақшылар бар. Жүрекше-қарыншалық тесіктерде жармалы қақпақшылар бар; олардың әрқайсысы бірнеше жармалардан тұрады: оң жақ қақпақша үш жармадан, сол жақ- екі жармадан.

Жүректің қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы, эпикард, жүректің сір қабығы, жүрек қабының перикардтың, висцеральды табақшасы; ішкі эндокард, қан тамырларының қабырғасының ішкі қабатына сәйкес келеді. Ортаңғы, миокард, көлдеңжолақты бұлшық ет талшықтарынан тұрады; олардың жиырылуының арқасында жүректің жұмысы іске асады, бірақ жүрек бұлшық етінің жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес, яғни жазық салалы бұлшық ет ұлпасы тәрізді қызмет атқарады.

Жүрекшелер мен қарыншалардың бұлшық еттері бір-бірінен бұтіндей ерекшеленген /оларды тек Гис шоғы байланыстырады/. Жүрекшелердің миокарды беткей көлденең, екі жүрекшеге ортақ, бұлшық ет талшықтарынан және терең ұзына бой, бір жүрекшеден екіншісіне өтпейтін бұлшық ет талшықтарынан тұрады.

Қарыншалардың миокарды күрделі құрылысты. Сыртқы, ұзынабойлы, қабаттың шоқтары екі қарыншағы ортақ, жүрекше-қарынша аралық тесіктің айналысандағы фиброздық сақинадан басталып, жүректің ұшына қиғаш барады да, “бұрама”- түзіп, келесі қарыншаның терең ұзынабой бұлшықет қабатына айналады. Сыртқы және ішкі ұзынабой қабаттардың арасында шеңберлі бұлшықет қабаты орналасқан. Ол әр қарыншадан жеке қабат болып келеді. Жүректің қалыпты жағдайда орналасуы өте тұрақсыз. Оның орналасуы көп жағдайларда байланысты: жеке адамның ерекшелігі, жынысы, жас шамасы, дененің қалпы /отыру, жату, түрегеліп тұру т.б./, көкеттің тыныстық қозғалыстары және жүрек жұмысының фазасы. Жүрек көкірек қуысының алдыңғы көкірекаралығында, өкпелер орналасқан плевра қапшықтарының арасында орналасқан. Плевра қапшықтары жүректі біршама алдынан және артынан да жауып жатады. Жүректің артында артқы көкірекаралықтың мүшелері, алдында төс сүйегі мен сол жақ қабырғалардың шеміршектері орналасқан. Төменде жүрек көкеттің сіңірлік орталығында жатады, ал жоғарғы және артқы жағында өзінен басталатын және қан әкелетін тамырлармен бекіген.

Жүректің скелетотопиясы: жүректің жоғарғы шекарасы ІІІ қабырғалардың төске бекитін деңгейі арқылы жүргізілген горизонтальды сызыққа сәйкес келеді. Жүрек ұшының проекциясы сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойынша Ү - қабырғааралықта 1,5 см. ішке қарайға сәйкес келеді. Оң жақ шекарасы ІІІ және Ү қабырғаларды қосатын төстен 2-3 см. оңға қарай өтетін сызыққа сәйкес келеді; төменгі шекарасы оң жақтағы Ү қабырғаның шеміршегінен жүректің ұшына баратын сызықтын бойында, сол жақ шекарасы ІІІ қабырғаның шеміршегін жүректің ұшымен қосатын сызық бойында жатады.

Жүрек қабы /перикард/ - тұйық сірлі қашық. Оның ішкі сірлі және сыртқы фиброзды қабаттарын ажыратады. Ішкі сір қабат екі табақшаға бөлінеді: висцеральдық, немесе жоғарында аталған эпикард және париетальдық.

Висцеральдық және париетальдық табақшалардың арасында саңылау түріндегі қуыс – жүрек қабы /перикард/ қуысы бар. Онда шамалы мөлшердегі сірлік сұйық бар. Ірі тамырлардың бойында жүрекке жақын жерде висцеральдық және париетальдық табақшалар бір-біріне өтеді. Екі бүйір жағында жүрек қабы /перикард/ көкірек-аралық плевраға жанасып жатады, ал оның артқа жағында өнеш пен төмендеген қолқа ораналасқан. Қолқаның өрлеме бөлімі мен өкпелік сабау жүрек қабының жалпы табақшасымен барлық жағынан жабылады да, жүрек қабын ашқанда саусақпен оларды айналып өтуге болады.

Жүректің дамуының заңдылықтары.

Сүтқоректілер мен адамның ұрықтарында жүрек қос бастама түрінде дамудың 17- күні мезодермадан пайда болады. Бастың маңайында энтодерма мен бүйірлік табақтың висцеральды жапырақшасының арасында орналасқан мезенхимадан екі түтікше қалыптасады. Осы екі бастамадан олардың бірігуі арқылы қарапайым түтікте жүрек пайда болады. Ол алдығы ішектің вентральды жағында орналасқан. Оның каудальды ұшы кеңіп веналық қойнауға, ал краниальды ұшы енсіз артериялық сабауға айналады. Одан әрі түтікше жүректің ортаңғы бөлігі тез ұзарады да сигма тәрізді жүрекке айналады. Және де, артериялық және веналық бөлімдерінің арасында тарылған жер пайда болады. Ол болашақ жүрекше мен қарынша аралық тесіктің орналасатын деңгейіне сәйкес келеді. Сонымен қоса жүректің веналық ұшы жоғары және аздап артқа, ал артериялық – төмен және алға ауысады. Веналық бөлімнің тұсында қарыншадан шығатын артериялық сабауды екі жағынан қайтып жататын жақсы дамыған екі өсіндісі /құлақшалары/ бар. Жүрекше қалыптасады. Жүрекше қарыншамен енсіз жүрекше - қарыншалық өзек арқылы жалғасады. Оның қабырғаларында жүрекше –қарыншалық эндокардиальды біліктер пайда болады. Олардан кейіннен екі және үш жармалы қақпақшалар дамиды. Артериялық сабаудың басталатын жерінде, көбіннен қолқа мен өкпелік сабаудың жарты ай тәрізді қақпақшаларына айналатын төрт эндокардиальдық біліктер пайда болады.

4- аптада жалпы жүрекшенің жоғарғы – артқы бөлімінің ішкі бетінде алғашқы /жүрекше аралық/ қалқа пайда болады. Ол жүрекше-қарыншалық өзекке қарай өседі де, алғашқы қалқамен бітісіп, оң жақ жүрекшені сол жақ жүрекшеден толық бөледі. Бұл қалқаның краниальды бөлігі тез тесіледі де жүреше аралық екінші реттегі тесік пайда болады.

Дамудың 8 – аптасының басында қарыншаның артқы - төменгі бөлігінде жарты ай пішінді қатпар пайда болады. Ол алға және жоғары қарай өсіп, біртіндеп қарынша аралық тесікке айналады да,оң және сол қарыншаларды бөледі.Онымен қатар артериялық сабауда сагиттальды жазықтықта,бір біріне қарама-қарсы және төмен қарынша аралық қалқаға қарай өсетін екі ұзына бой қатпар пайда болады.Бұл қатпарлар бітісіп қолқаның өрлеме бөлігі мен өкпелік сабауды бөледі.Осының нәтижесінде артериялық сабаудың төрт эндокардиальдық білігі бөлінеді де қолқа мен өкпелік сабаудың 6 /әр тамырда үш үштен/ жарты ай тәрізді қақпақшаларына айналады.

Жарғақты қарынша-аралық және қолқа-өкпелік қалқалары пайда болғаннан кейін адам ұрығында жүрек төрт камералы болады.Шағын сопақша тесік /екінші реттегі жүрекше аралық тесік/ туғаннан кейін жабылады.

Ересек адамның жүрегі, қалыпты жағдайда, бір рет жиырылғанда 70-80мл қанды итеріп шығарады. Бір минуттағы қанның мөлшерін 5 литр деп есептесек, жүрек сағатына 300 литр, тәулігіне7000 литрден астам, жылына 2,5млн.литр,ал 50 жылда 130 мың м3 қанды итеріп шығарады екен. Қанның мұндай мөлшерін тасымалдау үшін 50 теміржол құрамасы /состав/ керек болар еді.

Жүрек пен ірі қан тамырының аномалиялары ұрықтық дамудың 8-аптасына дейін пайда болады.Үйткені жүректің құрылыстық қалыптасуы 8-аптада аяқталады да, одан кейін оның гипертрофиясы көлемінің ұлғаюы жүреді. Бұл мерзімнен кейін жүректің аномалиясы дамымайды.

 

Көрнекі құралдар: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

негізгі:

А.А Идрисов.Адам анатомиясы: Атлас Т.1.: Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана: Адам анатомиясы: Атлас Т.2.: Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

Адам анатомиясы. Атлас: тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана: Сарыарқа

1 том. – 2011

Адам анатомиясы: Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы: Атлас / [et al.]; ред.. - Астана: Фолиант Т.2.: Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010

қосымша:

Т. Смит Адам денесі: суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия: Атлас структур, срезов и систем 2008

Адам анатомиясы: Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана: Сарыарқа, 2008.

Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы: Кітап баспасы

Т.3: Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.

"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы: оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова; КГМУ. - Қарағанды, 2010.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Артериялардың таралуының заңдылықтары | Несеп мүшелері


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных