Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ендердің төмендеуі және олардың қабықтары




Не ендер, не аналық бездер өздері қалыптаса бастаған жерде қалып қоймайды. Жыныс бездері алғашқыда, несеп-жыныс жүйесінің басқа мүшелері сияқты, іштіктің артында (ретроперитонсальды) пайда болады. Ұрықта ендер құрсақ қуысының артқы қабырғасында жоғарғы екі бел омыртқаларының деңгейінде орналасқан. Еннің төменгі ұшынан төмен қарай тартпа – еннің жетекшісі,кетеді. Ол жазық салалы бұлшықет талшықтарымен фиброзды ұлпадан тұрады және төменгі ұшымен шап аймағына бағытталған. Ұрықтың өсуімен қатар ен біртіндеп төменгі деңгейге ие болады. Ұрықтық дамудың 3-айында ен мықын шұңқырында, 7-айында шап өзегінің терең сақинасының маңында жатады.

Ен құрсақ қуысынан шығардан бұрын іштіктен бітеу өсінді – іштіктің қынаптық өсіндісі,кетеді; ол құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасы арқылы умаға бағытталады да, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қабаттарынан өзі не қабықтар алады. Іштіктің қынаптық өсіндісінің жолымен жүріп ен, бала туғанға дейін, умаға түседі де, өзінің түпкілікті орнына ие болады. Қынаптық өсіндінің жоғарғы жағынан бітіп кетуіне байланысты іштік пен еннің сір қабығының арасындағы бұрынғы байланыс үзіледі. Қыныптық өсінді бітіп кетпеген жағдайда ашық өзек қалады да, ол арқылы туа пайда болған жарықтар шығуы мүмкін. Еннің құрсақ қуысынан шығуымен қатар еннің жетекшісі, атрофияға, кері дамуға ұшырайды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, атрофия еннің төмендеуіне мүмкіндік береді. Бұл процесс бұзылған жағдайда, ен құрсақ қуысында қалады немесе шап өзегінде болады. Еннің осылай қалыпсыз орналасуы оның дамуының аномалиясы монорхизм (бір ен орнында болиайды) және крипторхизм (еннің екеуінің де өз орнында болмауы) деп аталады.

Ішектің қынаптық өсіндісі ізімен төмен түсіп, ен де құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасының қабаттарына сәйкес қабықтарға ие болады. Ол қабықтар мыналар:

1) Уманың терісі

2) Етті қабық – шап аймағының майсыз дәнекер ұлпасы

3) Сыртқы тұқымдық шандыр қабық – іштің беткей шандыр қабығы

4) Енді көтеретін бұлшықеттің шандыр қабығы

5) Енді көтеретін бұлшықет, іштің көлденең бұлшық етінің төменгі шоқтарының жалғасы

6) Ішкі тұқымдық шандыр қабық, көлденең шандыр қабығының жалғасы

7) Еннің қынаптық қабығы – іштіктің қынаптық өсіндісінің жалғасы – сірлі қабық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных