Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.




1. Бұлшық ет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынық -тырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

Қимыл белсенділігінің негізгі түрлері мынадай:

·таңертеңгі гимнастика;

·денебап;

·қимыл ойындары;

·сауықтыру жаттығулары;

·спорт секцияларына қатысу;

·серуендеу.

 

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

 

3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді.

«Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Дегенмен дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі бар, ол:

1.аш қарынға су ішу, әсіресе таңертең

2)Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз

3)«Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық

4) Иммунитетті күшейтіңіз

5) Асты дұрыс қабылдаңыз

6)Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер

7)Барлық аурулар тістерден-тісті емдетіңіз

8)Тамақты жақсылап шайнаңыз

9)Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз

10)Салауатты өмір сүру салты -ұзақ өмір сүрудің жолы!

4.Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау ережелерін сақтау үшін:

1.Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.

2) Сатып алу, тамақ əзірлеу жəне сақтау кезінде шикі, пісірілген жəне пайдалануға дайын тағамдарды бір бірінен бөлек ұстау керек

3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздыру керек.

4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтау керек.

5) Мыналарды пайдаланудаң алшақ болыңыздар:

·шикі (пастерленбеген) сүттен жəне құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;

·шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан

· шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;

· пастерленбеген шырыннан






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных