Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Сақтандыру.




Дәріс мақсаты: Тақырыптың мазмұнын ашу, қойылған мақсатқа жету, дәріс сұрақтарын студенттерге дұрыс түсіндіру. Сақтандырудың экономикалық мәні, сақтық қатынастарының дамуын студенттерге түсіндіру.

1) Сақтандырудың экономикалық мәні, оның іс-әрекет сферасы

2) Сақтандыру мен қаржы категорияларының ортақ белгілері

3) Нарықтық экономика жағдайында сақтық қатынастарының дамуы

4) Қазақстанда сақтық рыногының дамуы

Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесінде өзіне тән бөлімдері келесі құбылыстарға байланысты бөлінеді:

Бұл қатынастарға қатысатын табиғи ерекшеліктер мен адамдардың жағдайлары (ауру, кәрілік пен өлім, баланың туылуы);

Адамдардың еңбек қызметіне қатысуы, оның тәуекелділігі; қызметінің әр түрлеріне байланысты (жарақаттар, мүгедектілік, кәсіби аурулар)

Өндірістің қолайсыз табиғи климаттық жағдайлары (құрғақшылық күрт суыту)

Төтенше апаттар (жер сілкіну, су тасқыны, жел)

Авариялар мен кездейсоқ апаттар (жарылыстар, катастрофалар, өрттер).

Көзделген жағдайдың болуынан, сондай-ақ қателер мен дұрыс есептемеуден ұлттық шаруашылықтың дамуындағы диспропорциялар.

Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама-қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие болады.

Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында қажетті қаражаттармен жабдықтау табиғи заттық запастар мен резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай-ақ азаматтардың жекелеген категорияларының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау керек.

Мұндай ақша қаражаттарды сақтандыру және резервтік қорлар түрінде құрылады.

Табиғаттың төтенше күштері, кездейсоқ құбылыстар, өндірістік факторлар мен ақшалай кірістер есебінен қатерлердің орнын толтырумен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясын бөледі.

Сақтандырудың мақсаты азаматтарды, мүлікті, қоғамды немесе ұжымды қорғау және ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді қорғау болып табылады.

Сақтандыруға тән қасиеттер:

1) қатынастардың ықтималды сипаты;

2) қатынастардың төтенше сипаты (әр түрлі масштабта - мемлекеттік, аумақтық, кәсіпорын немесе оның бөлімдері, жеке адамның деңгейінде).

Қатынастардың бір бөлігі сәйкес ақша қаражаттар қорының, бағыты кең мақсатты рсзсрвтік қорларды қолдану, қоғамдық қорғау жүйесі арқылы жалпы салыстырмалы сипатқа ие болады. Бұл қатынастар мен қорлар жалпы ұлттық сипат алатын төтенше құбылыстарды жою мен алдын алу үшін бағытталған және олармен байланыста болады. Мұндай жағдайларда тұрақты қорлардан басқа (жалпы қоғамдық материалдық резервтер, Үкіметтің резервтік қорлары) кәсіпорындар, ұйымдар, қайырымдылық есебінен қосымша қаражаттардың жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халық залалының орнын толтыру үшін, инфрақұрылым мен өндіріс объектілерін қайта құру, экологиялық тепе - тендікті қалыптастыру шараларын іске асыру үшін қолданылады.

Қатынастардың екінші жағы әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету тәрізді салыстырмалы тар мақсатты қорларды құру және пайдалану арқылы азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталады. Бұл қатынастар халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты болып келеді.

Қатынастардың үшінші бөлігі халықтың дснсаулығы мен әл-ауқатын, мүлігін, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлігін сақтандыруды және осы жиынтық шеңберінде қатынастың баламалылығына қол жеткізуді сипаттайды. Бұл - азаматтарды мүліктік және жеке сақтандыру, сондай-ақ шаруашылық субъектілерінің мүлігін сақтандыру.

Жалпы сақтандыру жүйесінің дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандырудың экономикалық мәніне осы категорияның қоғамдық мақсатының сипатталуы ретіндегі қызметтері сәйкес келеді. Бөлу қызметі: оның ерекшелігі - ол қайта бөлу ретінде қатысады. Ол ескерту қызметіне қосылады, мысалы, сақтандыру жағдайының болу мүмкіншілігін ескерту шараларын қаржыландыру жолымен болдырмау. Жеке сақтандыруда бөлу қызметі жинақтау қызметіне қосылады. Бақылау қызметі сақтандыру қорының мақсатты қолдануы мен сақтандыру төлемдерінің жұмылдыруын қамтамасыз етуі бойынша нақты қатынастарда көрінеді.

Сақтандыруда сақтандыру резервтері мен қорларды құруының негізгі екі тәсілі қолданылады: бюджеттік және сақтандырушылық. Ірі катастрофалар мен апаттардын нәтижелерін жою үшін қосымша әдіс ретіндс қайырымдылық жииау қолданылады. Сонымен бірге өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражатының немесе материалдық запастардың құрылу әдісі болуы мүмкін, яғни бір азамат немесе бір шаруашылық субъект шегінде. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (запасы - фураждар қоры, дән, жем, жанармай және т.б.), материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындарда (шикізат, жартылай фабрикаттар және тағы басқа материалдар запасы) қолданылады; азаматтардың жеке жинақтары оларды сақтандыру запастары (қорлары) ретінде қарастырылуы мүмкін.

Қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттік қаражаттар, яғни коғамның барлық қаражаттары негізінде болады.

Сақтандыру әдісі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың төлемдері есебінен құрылатын қорларды білдіреді; төлемдер мөлшері мен тәртібі сақтандыру түріне және заңға немесе сақтандыру қатынастарының қатысушылар арасындағы арнайы келісім-шартқа байланысты анықталады.

Сақтандыру қатынасының бірінші бөлімі - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс қолданылады, екінші бөлім - әлеуметтік сақтандыруда - екеуі де, үшінші бөлім - мүліктік және жеке сақтандыруда тек сақтандыру әдісі қолданылады.

Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық заттай тасушылары бөлігі коғамдық ұдайы өндіріс элементтері, сақтандыру қорлары қатысушыларыныц жарналары, мемлекеттік бюджет қаржылары, ерікті аударымдар мен қайырымдылық қаржылары және басқа да сақтандыру қатынастарының қатысушылары тарапынан төленетін арнайы төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай және заттай құралдар резерві түрінде сипатталатын сақтандыру қоры табылады.

Нарықтық экономикада сақтандыру қатынасының маңызды бөлігі коммерциялық болып табылады. Біріншідең, бұл жеке және мүліктік сақтандыруға қатысты. Өйткені, олардың қызметтері өзіндік сақтандыру қызметтеріне трансформацияланып, қызметтердің еркін нарығында ұсынылады. Мұндай қызметтің бағасы сақтандыру тарифтері мен салымдар түрі ретінде көрінеді.

Сақтандыру қызметіне сұраныс олардың сапасы мен баға деңгейіне байланысты анықталады. Сақтандыру ұйымдары клиенттерді тарту үшін қызметін жақсартады, оның ассортиментін кеңейтеді, шығындарды өтеу туралы кепілдіктерді жоғарылатады.

Сақтандырушылар салымдары есебінен қалыптасқан сақтандыру қорлары белгілі бір уақытта өздерінің тікелей мақсаты бойынша - сақтандыру төлемдері үшін қолданылмайды. Мұндай жағдайларда сақтандыру (төлемдері үшін) қорының қаражаттары табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберіледі. Сонымен бірге, бұл табыстардың бір бөлігі клиенттерді тарту үшін сақтандыру қызметіне бағаларды мақсатты түрде төмендетуге бағытталады. Сақтандыру ұйымының мұндай операцияларды жүргізуі (клиенттерді тартуы) сақтандыру нарығында бәсекенің пайда болуына әкеледі. Өйткені, көптеген адамдар жағымсыз жағдайлар кезінде шығындардан тиімді шығу жолын іздейді.

Сақтандыру ұйымының қызметі, пайда табу мақсатында аралас салаларға қаражаттарды инвестициялауы сақтандыру ісі деп аталады.

Әлеуметтік сақтандыру - бұл азаматтардың жұмысқа қабілетін, жұмысын және денсаулығын жоғалтқан кезде материалдық көмек түрінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі.

Әлеуметтік сақтандыру әлеуметтік қамтамасыз ету деген үлкен жүйенің бір бөлігі болып танылады. Бірақ бұл екі жүйенің арасындағы ерекшелік - азаматтық еңбек қызметіне қатынасы және еңбекке қабілетсіздер үшін қорларды құру тәсілі.

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру категориясының қызмет етуінің объективті қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің талаптарына, әсіресе оның құрамдас бөлігінің біреуіне жұмысшы күшін ұдайы өндіруге байланысты. Ұдайы өндірістің бұл түрінің негізгі көздерінің каражаттарымен - жалақы қоры, басқа да жеке табыстармен бірге әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс жасайды.

Әлеуметтік бағыттағы қорлардың құрылуының екі қағидасы бар:

1) ұрпақ бірлігінің негізінде, яғни жұмыс істейтіндер жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, жұмыс қабілеттілігін жоғалтуына байланысты оларды еңбек қызметіне кірген жаңа жұмысшылар ауыстырады;

2) азаматтардың жеке аударымдары әлеуметтік қорлар, әсіресе зейнетақымен қамтамасыз ету негізінде, яғни бұл қағида бойынша төлем мөлшері нақты тұлғаның жұмыс істеген барлық уақытында салған сомасына байланысты болады.

1998 жылға дейін Қазақстанда бірінші қағидаға негізделген және қызмет еткен жүйе келесі ерекшеліктермен сипатталады:

1) зейнетақымен қамтамасыз етуге мемлекеттік монополия;

2) әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарының түрін жоғалтуы;

3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы - директивалық экономика жағдайында тиімді, яғни еңбекке қабілетті халықтың толық жұмыс бастылығы, мемлекет жағынан бақылау, зейнеткерлерден жұмыс істейтін халықтың көп болуы. Бұл жүйе азаматтардың әр түрлі кәсіби және әлеуметтік категориялары үшін көп жеңілдіктердің болуымен сипатталады.

90-шы жылдардың орта шеніне дейін болғаи дағдарыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де дағдарыс туғызды. Өйткені бұл базалық көрсеткіштердің төмендеуіне және төлеушілердің әлеуметтік қорларға уақтылы және толық аударым жасауға мүддесіздігінен әлеуметтік сақтандыру төлемдерін жинаудың төменгі деңгейге түсуіне алып келді; бұл өз кезегінде зейнеткерлер мен жәрдем алушылар алдында қарызға алып келді; әлеуметтік қорлардың қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің өмір сүру минимумын қамтамасыз етпеді, нәтижесінде бұл қорлардағы қаражаттардың тапшылығы жағдайында әлеуметтік төлемдерге индексация жасаудың кажеттігін туғызды.

Екінші қағидаға негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасымен сипатталады:

1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

2) зейнетақы қорының қалыптасуына 30 жылдан кем емес уақыт қатысқан азаматтарға бекітілген өмір сүру минимумын сақтауға мемлекеттің кепілдігі;

3) зейнетақы жинақтарын және әлеуметтік қамтамасыз етудің басқа да нысандарын шектеу;

4) еңбекке қабілетті жастағы адамның зейнетақы жинақтарын құруға міндетті түрде қатынасуы;

5) еңбекке қабілетті адамның өздерінің қартайғандағы зейнетақымен қамтамасыз етілуіне жеке жауапкершілігі;

6) инвестициялау тиімділігін және зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7) азаматтардың жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарына мүрагерлік құқықтарын бекіту;

8) азаматтарға қосымша ерікті зейнетақымен қамтамасыз ету құқықтарын беру;

9) зейнетақы жинақтарын оның дамуына алып келетін экономикаға инвестициялау.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақы сақтандыру, яғни зейнетақы келісім - шартына сәйкес зейнетақы қорларына жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары арқылы қосымша зейнетақыны құру арқылы азаматтарды әлеуметтік қорғау жүргізіледі.

Ынтымақтастық негізінде жинақтау жеке жинаққа өту кезеңі зейнетақы алушылар арасында құқықтық тәртіптің сақталуының қажеттігімен, көптеген азаматтардың зейнетақы жасына жеткілікті зейнетақы жинақтарын мемлекеттік емес зейнетақы жүйесі арқылы жинақтау мүмкіндігінің жоқтығымен сипатталады. Сондықтан мемлекеттік кепілденген зейнетақы мөлшері мемлекеттік зейнетақы қорынан беріледі. Реформаға дейін зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақы мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесіне қатысуы мүмкін жылдарының санына пропорционалды түрде қысқара береді.

Көптеген мемлекеттерде жұмысты жоғалтқан кезде әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шараларға қызметін жоғалтқан жұмысшыларға табыстарын компенсациялау әдістері кіреді; олар біліктілігіне, еңбек стажына, жұмыстан айырылу себептеріне, жанұя табысының деңгейіне және тағы басқаға байланысты болады. Сөйтіп жұмыстан айырылғандарға төленетін төлемдер қорының құрылу әдістері ретінде қорлардан төленетін төлемдердің деңгейі мен мерзімдері қарастырылады.

Жұмыстан айырылғандардың мәртебелері бөлінуі мүмкін. Мысалы, босатылған - еңбек нарығындағы жағымсыз жағдайларға байланысты, ал мұндай жағдайлар фирмалар мен компаниялардың құрылымдық қайта құруларға бейімделуі нәтижесінде пайда болады; экономикалық дағдарыстан пайда болған ауыр және ұзақ мерзімді қиыншылықтар нәтижесінен - жұмыссыздар болып бөлінеді.

Бірінші жағдайда жаңа жұмысты, еңбек стажын басқа да, потенциалды жұмысқа кіру мүмкіндіктерін іздеу мерзімінде орташа жалақыны сақтау шаралары қолданылады.

Жұмыссыздар деп өздеріне тәуелсіз себептерге байланысты жалақылары жоқ (еңбектік табысы), мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінде жұмыс іздеуші, жұмыс істеуге дайын және оларға сәйкес жұмыс ұсынылмаған тұлғалар ретінде тіркелген азаматтарды айтады.

Жұмыссыздарға жұмыссыздық туралы жәрдемақы төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз деп тіркелу сәтінен бастап жұмысқа шығу шешіміне дейін төленеді; бірақ заңмен белгіленген мерзімнен көп болмау керек. Мысалы, Қазақстанда "Халықты жұмыспен қамту" заңына сәйкес, егер азамат 12 айлық кезеңнің 26 күнтізбелік аптасында, жұмыссыз болып қайтадан өзінің қызметін жаңартуға ұмтылса, 1 жыл ішінде 26 күнтізбелік апта, егер де (1 жылдан көп болса); 13 күнтізбелік апта - бірінші рет жұмыс іздеген тұлғалар.

Төмендегі жағдайларда жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы тоқталады және үш айға дейін төленбейді: жұмысқа кіру туралы 2 ұсыныстан бас тарту; жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа кіргені туралы ескертпесе; егер тұлға белсенді түрде жұмыс іздемесе және апта сайын жұмыспен қамту қызметіне тіркелмесе.

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар жұмыс пен қамту орталығында тіркеліп, азаматтар жұмыссыз деп танылғаннан кейін төленеді. Жәрдемақылар мөлшері жұмыссыз отыру мерзімінің ұзақтығына байланысты дифференцияланған:

- соңғы жыл ішінде 3 айға дейін - соңғы жұмыс орнының айлық жалақысының 50% құрайды, бірақ ол Қазақстандағы орташа жалақыдан көп болмау керек және де 6 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмау керек (заңмен бекітілген).

- 3 айдан жоғары - 3 айлық есептік көрсеткішке тең болу керек.

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар халықты жұмыспен қамтуға көмектесетін қордан қаржыланады. Бұл қор шаруашылық субъектісінің әлеуметтік сақтандыруға аударымдары және жалақы қорынан жұмыс берушілердің аударымдары, еңбек заңдылығын бұзғаны үшін төленген санкциялар саласы, аударым төлемдерінің мерзімдерін бұзудан, аударымдардан құрылған; бюджеттік ұйымдар бюджетке сәйкес келетін, оларға берілген қаражаттар есебінен аударымды жүргізеді; қорды толтыру үшін мақсатты трансферттер мен гранттар бағытталған.

Басқа мемлекеттерде жұмыстан айырылған кезде әлеуметтік қорғауды қаржыландыру үшін қорлардың құрылуының әр түрлі механизмдері қолданылады. Бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар жұмыс берушілердің жалақы қорларынан төленетін сақтандыру төлемдері есебінен қаржыландырылады. Егер жұмыссыз мәртебесі болмаса, әлеуметтік көмек қайырымдылық қорларынан немесе жергілікті бюджеттерден беріледі. Мұқтаж жұмыссыздарды қолдаудың бұл түрі халықты жұмыспен қамтуға көмектесетін қор жойылған соң, 1999 жылы Қазақстан Республикасында қабылданған. Бұл акция Мемлекеттік қаржы ресурстарын басқарудағы орталықтандыру кезіндегі қажетті шара ретінде қолданылады. Жұмыстан айырылған кездегі әлеуметтік көмектің ерекшелігі - оның уақытша сипатта болуы, адамдардың мәселелерін өзі шешуге белсенді қатысуы, яғни өзін-өзі қолдау элементінің бар болуы.

Медициналық сақтандыру - бұл жұмыс берушілердің, азаматтардың және бюджет қаржыларының сақтандырылған тұлғалардың ауру-сырқау кезіндегі, медициналық мекемелердін шығындарының орнын толтыру үшін сақтандыру жарналары есебінен жұмсалатын денсаулық сақтауды қаржыландыру барысында туындайтын қатынастар. Медициналық сақтандыру әлеуметтік мәселеге басым көңіл бөлінген экономикаға бет бұрған елдердің сақтық қорғау жүйесінің толықтай міндетті бөлігінің бірі болып табылады. Мысалы, АҚШ-та "Медикэйр" жүйесі - зейнет жасындағыларға, "медикэйд" кедейлерге, жұмыссыздарға және мүгедектерге; ФРГ-да - ауруханалық сақтандыру сияқты. Әдетте, шетел медициналық сактандыру жүйелері өзара қаржыландыру қағидасымен (жұмыс берушілердің, жұмысшылардың және мемлекеттің, негізінен төменгі әкімшілік бөлігінің қатысуымен), нысандары мен әдістерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Қоғамдық (мемлекеттік), ұжымдық (салалық) және жеке (жеке меншік) медициналық сақтандыру, қорғау жүйесінің түрлері бар. Жұмыс берушілерінің міндетті медициналық сақтандыру қорларына сақтандыру жарналарын төлеуде міндетті түрде қатысуы заңда қарастырылған. Сақтандыру қорларын, қызмет көрсету сияқты, құру сақтандырушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне кейде сақтандырылғандардың жасына байланысты өзгеріп отырады.

Қазақстанда медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі жинақталған, бірақ ол басқарудың төмен сапасына байланысты және шоғырланған қаржылардың тиімді пайдалануына бақылаудың дұрыс болмағандығынан кері көзқарас туғызған.

Қазақстанның медициналық сақтандыру жүйесі келесі ерекшеліктермен сипатталады. Ол міндетті және ерікті нысандарда жүргізіле алады. Азаматтар міндетті медициналық сақтандырылуы керек болды. Бұл оларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті.

Жұмыс берушілер өздерінің жұмысшыларын міндетті медициналық сақтандыру жарнасынан басқа ерікті түрде сақтандыра алады, ал азаматтар - өздерінің денсаулығын өз қаржылары есебінен жанама сақтандырады.

Медициналық сақтандыру қорларының қаржылары алдын ала құрылған нормативтер бойынша құрылады:

- жұмыс берушілердің өз жұмысшыларын медициналық сақтандыруға арнаған сақтандыру төлемдері есебінен;

- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың сақтандыру төлемдері есебінен;

- бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға медициналық сақтандыруға арналған бюджет қаржылары есебінен.

Міндетті медициналық сақтандырудың сақтандыру төлемдерінің мөлшері еңбекақы төлеу қоры есебінен үкіметпен бекітіледі және өнім, жұмыс немесе қызмет көрсетудің өзіндік құнына қосылады.

Қор мен сақтандырушы міндетті медициналық сақтандыру келісімін жасайды, бұған байланысты сақтандырушы қорға сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді, ал қор сақтандыру жағдайы туғанда шығындарды өтеп беруге міндеттеледі. Бұл шығындар медициналық ұйыммен сақтандырылған тұлғаға көрсетілген қызметтер үшін алынады. Медициналық ұйымдардың шығындары медициналық қызметтерге тарифтер негізінде анықталған; тарифтер жергілікті атқарушы органдармен бекітілген.

Базалық бағдарламада сақтандыру жағдайларының тізімі көрсетіледі. Бұған сәйкес қор қаржылары есебінен медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық қызметпен айналысатын тұлғалардың медициналық қызметтері өтеледі. Базалық бағдарламадан басқа, денсаулық сақтау органдары арқылы мемлекеттік бюджетпен қаржыланатын медициналық көмекті қамтамасыз етілген көлемі қарастырылған.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек сапасына бақылау қарастырылған, оның мақсаты – азаматтардың алатын медициналық көмегінің сапасы мен жағдайларының жақсы болу құқын қамтамасыз ету. Бұлар міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен қамтамасыз етілген және медициналық көмектің стандарттарына сәйкес алуға құқылы.

Медициналық сақтандырудың қызметі медициналык қызметтер нарығын тудырады. Бұл жерде қызметті өндірушілерде - медициналық ұйымдар, олардың жұмысшылары мен жеке жұмыс жасайтын арасында нақты бағасы бар еңбектерінің сапасы мен санында тікелей мүдде туады. Екінші жағынан, ем алушыларда медициналық көмекті тұтынушы ретінде емдеу - сауықтыру орнын және нақты дәрігерді тандау құқығы туындайды. Бұл міндетті медициналық қор жағынан ем алушылардың мүдделерін қорғаумен бірге жүреді: ол көрсетілген медициналық қызмет көлеміне және сапасына сараптамалық баға бере алады, емдеу қорытындыларына келіспеушілік білдіруі мүмкін, ал қажет жағдайда ем көрсетуші ұйымға немесе жеке жұмыс жасайтын дәрігерге экономикалық санкция қолдана алады.

Осылайша медициналық сақтандыру жүйесін маңызды құрамдас бөлік және оны әлеуметтік-экономикалық қайта өндіріс процесінде басты фактор ретінде қабылдаған жөн. Оның қоғамдық өндірісте - еңбек ресурстарында алатын орны ерекше.

Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының қызмет етуінің қағидалы ерекшеліктеріне негізделеді: қоғамдық құрудың бірлігі, қызметтің орталықтандырылмауы, ұйымдастырудың міндетті нысанына негізделіп, барлық азаматтарға керекті медициналық көмек көрсетуін қамтамасыз етеді.

Мүліктік және жеке сақтандыруға сәйкес экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс кезінде шеккен зиянды өтеумен байланысты, егер бұл процесс төтенше жағдайлар және басқа төтенше немесе болжамдалмаған оқиғалар кезінде бұзылса, пайда болған зиян біріккен түрде қатынастардың қатысушыларымен төленетін жарнамалары есебінен толтырылады.

Мүліктік және сақтандыру негізінен кездейсоқ жағдайлар, апаттық шығындар, өрт, бақытсыз жағдайлар, аурулар, іскерлік конъюнктуралардың өзгерісі, тонау сияқты жағдайларда таратылады.

Сақтандырудың жалпы категориясы бола тұра, мүліктік және жеке сақтандыру субкатегория ретінде келесі белгілерімен ерекшеленеді:

- сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлу қатынастары пайда болады. Олар қоғамдық өндіріс кезінде белгілі бір тәуекелдің болуымен түсіндіріледі;

- сақтандыру қорының қаржылары сақтандырушылар арасында пайдаланылады;

- сақтандыру шығынды қайта бөлуді кеңістікте және уақытта қарастырады; тиімді кеңістікте қайта бөлу үшін, үлкен территория және сақтандырылғандар саны керек; зиянның пайымдалуы кездейсоқ жағдайға байланысты бір жылдан артық болып көптеген жылдар мөлшерінде қызмет етеді;

- сақтандырушылар арасында қатынастардың баламалылығы.

Мүліктік және жеке сақтандырудың жіктелуінің критерийлері сақтандырушылар категориясының ескерілуі, сақтандыру объектілеріндегі айырмашылықтар болады. Сонымен қатар, бұл айырмашылықтар сақтандыру жауапкершілігінің көлемі заңмен белгіленген ережеге сәйкес болады. Қазақстанда "сақтандыру қызметі туралы" заңға сәйкес (18 желтоқсан 2000 жыл) келесі жіктеу қабылданған. Сақтандыру қызметі "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" бойынша жүргізіледі.

Өмірді сақтандыру екі сыныпты қосады: өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру 16 сыныптан тұрады. Соның ішіңде: бақытсыз жағдай мен аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, автомобиль, темір жол, әуе және су көлігін сақтандыру; жүктерді; мүліктерді; кәсіпкерлік тәуекелділікті, азаматтық, құқықтық жауапкершілікті (транспорт, тасушы, келісім бойынша зиян келтіргені үшін иелеріне) тағы басқалар.

Сақтандыру түрі сақтандыру ұйымы мен сақтандырушыға бір немесе бірнеше сақтандыру сыныптары шегінде сақтандырудың келісім бекіту арқылы жасалатын және ұсынылатын сақтандыру өнімін көрсетеді.

Өмірді сақтандыру - сақтанушының өлімі жағдайында сақтандыру төлемін жүзеге асыратын жеке сақтандырудың түрлерінің жиынтығы.

Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырушы мен белгілі бір жасқа жеткен соң зейнетақы немесе рента түрінде кезеңдік сақтандыру төлемдерін қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы, сонымен қатар оған еңбек қабілетін жоғалту (жасы бойынша, мүгедектік ауру) асыраушының өлімі, жұмыссыздық немесе басқа жағдайлар, яғни сақтандырушының жеке табыстарының азаюына алып келетін жағдайлар да жатады.

Сақтандырудың екі нысанын бөліп қарауға болады - міндетті және ерікті. Міндетті сақтандыру - заң күші есебінен сақтандыру, ал ерікті - өз еркімен сақтандырылады. Міндетті сақтандыруда сақтандырушы сақтанушымен сақтандыру қатынастарын реттейтін құқықтық актілер белгілеген шарттар мен мәмілеге отыруы тиіс.

Мүліктік және жеке сақтандыруда келесідей ұғымдар мен терминдер қолданылады:

Сақтандырушы - сақтандыруды жүргізетін және шығынмен сақтандыру сомасын өз жауапкершілігіне алатын ұйым.

Сақтанушы - сақтандыру жарналарын төлейтін және заң немесе келісім-шарт негізінде сақтану жағдайы туған кезде ақшалай соманы алуға құқы бар жеке немесе занды тұлға.

Сақтандырылған – сақтандыру келісім-шарты пайдасына шешілген тұлға: "сақтанушы" және "сақтандырылған" ұғымдары балаларды сақтандыру, үйлену тойын сақтандыру, кәсіпорын есебінен жұмысшыларды сақтандырудан баска кезде бір-біріне сәйкес.

Сақтандыру жағдайы - сақтандыру келісіміне немесе заңға сәйкес сақтандыру төлемі төленетін оқиға. Оқиға оның тууының мүмкіндігі мен кездейсоқтық элементтеріне ие болу керек.

Мүліктік сақтандыруды бағалау - сақтандыру кезінде ескерілетін құн. Негізінен ол жалпы қабылданған мүлікті бағалаумен тұспа-тұс келеді - баланстық құнымен, нарықтық бағасымен және тағы басқа. Кей жағдайларда мүлікті арнайы бағалау жүргізіледі. Мысалы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарда өнімді сақтандыру кезінде.

Сақтандыру сомасы – сақтандыру бойынша бекітілген қамтамасыз етудің нақты көлемі; мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы мүліктің сақтандыру бағасынан төмен қойылады. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы әдетте сақтандырушының еркі бойынша қойылады.

Сақтандыру залалы болып сақтандыру кезінде жойылған және құртылған мүлікпен сақтандыру жағдайы кезінде мүлікті құтқарумен байланысты шығындар құны саналады. Ол толықтай немесе бөлшектеп өтелуі мүмкін. Жеке сақтандыруда зиянды өтеу ұғымы жоқ. Келісімнің мерзімі біту кезінде немесе сақтандырылған сомасы толықтай төленеді, ал қабілетін жоғалтқан жағдайда - жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту деңгейіне сәйкес сақтандыру сомасының бөлігі төленеді.

Сақтандыру өтемі – шеккен зиянды өтеу. Оның максималды көлемі сақтандыру сомасымен анықталып және мүліктің толық жойылған кезде төленеді; мүліктің құртылған жағдайында өтеуі болып сақтандыру сомасының бөлігі табылады.

Сақтандыру төлемі – сақтандырылған мүліктің сақтық сомасының белгілі бір мерзімдегі төлемі. Жеке сақтандыруда мұндай сақтандыру жарнасы термині қолданылады. Сақтандыру төлемінің немесе жарнасының мөлшері сақтандыру сомасы және тарифтік ставка көлеміне байланысты болады.

Сақтандыру тарифі – сақтандырудың жылдық кезеңінде сақтандыру сомасының бірлігінен алынатын сақтандыру төлемі.

Бұдан басқа да терминдер бар: қайта сақтандыру және өзара сақтандыру, екі жақты (көптік) сақтандыру, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру мерзімі, сақтандыру кеңістігі сақтандыру портфелі, сақтандыруды қамтамасыз ету жүйесі – яғни сақтандыру өтемін есептеу әдістері.

Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары болып мыналар табылады:

1) сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;

2) сақтандыру брокерлері;

3) сақтандыру агенттері;

4) сақтанушылар, сақтандырылғандар, пайда табушылар;

5) актуарийлер;

6) өкілетті аудиторлық ұйымдар (өкілетті аудиторлар);

7) өзара сақтандыру қоғамдары;

8) сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысушы басқа жеке және занды тұлғалар.

Сақтандыру қызметі кәсіпкерлік қызметтін негізгі түрі болын табылады. Ол сақтандыру ұйымымен жүзеге асырылады. Олар бұдан басқа келесі қызмет түрін жүзеге асыруға құқылы:

- инвестициялық қызмет;

- өзінің сақтандырушыларына келісімде қарастырылған сома шегінде заемдарды беру;

- бұған дейін өз қажеттіліктері үшін қолданылған мүлікті жалға тапсыру немесе сату;

- сақтандыру қызметімен байланысты сұрақтарға кеңестік қызмет көрсету;

- сақтандыру саласында мамандардың білімін жоғарылату мақсатында оқытуды өткізу және ұйымдастыру;

- сақтандыру агенті ретінде сақтандырушылык делдалдық;

- консорциум немесе жәй серіктестік құруға қатысу. Жинақтаушы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алу сомасы шегінде өз сақтандырушыларына сақтандыру ұйымының нормативті-құқықтық актілеріне байланысты заем бере алады. Сонымен қатар, сақтандыру ұйымдары жеке және заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері заңмен қарастырылған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес болуы керек.

Мемлекет сақтандыру ұйымының құрылтайшысы және акционері ретінде тек қана Қазақстан Республикасының үкіметі түрінде бола алады:

Жарғылық қорының 50% мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтандыру ұйымдарының құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Егер де Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше қаралмаса, мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтандыру ұйымының жарғылық капитал қаражаты шегінде жауапкершілік артады.

Сақтандыру ұйымы міндетті түрде келесідей органдар құрады:

1) директорлар кеңесі - басқару органы;

2) басқарма - атқарушы орган;

3) ревизиялық комиссия - тексеруші орган. Сақтандыру ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері алынатын акцияларды тек қана ұлттық валютамен төлеуге тиіс.

Құрылып жатқан сақтандыру ұйымының жарғылық қорының минималды көлемін мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін құрылтайшылары төлеуі тиіс.

Сақтандыру саласында мемлекеттік реттеудің мынадай негізгі міндеттері бар:

1. Қазақстан Республикасының тұрақты сақтандыру жүйесін құру, қолдау және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын құру;

2. Сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін бақылау;

3. Сақтандыру негіздерін заңдылықтармен бекіту, міндетті түрдегі сақтандыруларды Қазақстан Республикасының халықаралық сақтандыру жүйесіне қатысу қағидаларын белгілеу;

4. Сақтандырушы, сақтандырылушы және пайда табушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау.

Мемлекеттік өкілетті орган және олардың қызметі шегінде мемлекеттік басқа органдар сақтандыру саласының мемлекеттік саясатын, сақтандыру нарығындағы істі мемлскеттік бақылауды қоса алғанда, жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды қызмсткерлерінің сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің ісіне араласуға, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көрсетілгендерден басқа жағдайларда тыйым салынады.

Лауазымды мемлекеттік орган – сақтандыру нарығының реттеуін және сақтандыру қызметін бақылау қызметтерін атқаратын лауазымды мемлекеттік орган.

Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі оның өзінің қаржылық міндеттемелерін уақытында және толық орындау қабілетімен анықталады. Төлем қабілетінің көрсеткіштері болып қабылданған міндеттемелер мен активтерінің нормативтік қатынастары арасындағы ережелерді орындау табылады.

Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы өзінің сақтандыру келісімдері мен міндеттемелерінің бүкіл қызмет ету мерзіміне төлем қабілеттілігін сақтау мүмкіндігімен анықталады. Қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері мыналардан тұрады:

1) жарғылық және меншікті капиталдың минималды мөлшері;

2) активтердің құны және оларды диверсификациялау деңгейі;

3) сақтандыру резервтері мен басқа міндеттемелерінің мөлшері;

4) төлем қабілеттілігі көрсеткіші;

5) сақтандыру бойынша міндеттемелерінің арақатынасы;

6) сақтандыру және қайта сақтандыру қызметтерінің пайдалылығы;

7) жүргізілетін инвестициялық саясаттың тиімділігі. Сақтандыру ұйымы мен тұлғалардың қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттілігіне бақылау нормалар мен лимиттер шегінде жүзеге асырылады.

Пруденциалды нормативтер басқа міндетті сақталатын нормалар мен лимиттер шегінде жүзеге асырылады.

Пруденциалды нормативтер лауазымды мемлекеттік органдармен жасақталып, мыналардан тұрады:

1) төлем қабілеттілігі нормативтері;

2) қаржылық норматив тұрақтылығы.

Сақтандыру келісімінен бөлек келісім бойынша рәсімделген сактандыру ұйымының міндеттемелерінің максималды көлемі меншік капиталы мен сақтандыру резервтерінін сомасының 10% аспауы керек.

Сақтандыру келісімдері бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымының арнайы сақтандыру резервтері болуы керек. Сақтандыру резервтерінің қаржылары әрқашан сақтандыру ұйымы мен өзінің сақтандыру міндеттемелерін орындаумен байланысты сақтандыру төлемдеріне жұмсалады.

Сақтандыру ұйымдарына санкциялар қолдануды өкілетті орган немесе сот жүзеге асырады. Өкілетті орган санкция ретінде келесі шараларды қолданады: айыппұл төлеу; лицензияның күшін тоқтату; лицензияны қайтарып алу; сақтандыру ұйымдарын олардың акционерлерінен күштеп сатып алу және оны жаңа инвесторға сату туралы шешім қабылдау сақтандыру ұйымдарының басшыларын қызмет міндеттерін орындаудан ажырату.

Сақтандыру ұйымы жыл сайын міндетті аудит жүргізеді. Жыл қорытындысы бойынша аудиторлық шешім сақтандыру ұйымының жылдық қаржылық есеп беруінің бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Сақтандырушының негізгі сақтандыру қызметінен түскен табысы сақтандыру төлемдері мен және басқа сақтандыру қызметінен түскен табыстар мен шығындар арасындағы айырмамен анықталады.

Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс осы қызмет түрлеріне белгіленген ережелеріне сәйкес саналады және салық салынатын табыстан резервтік қорларға салынатын сома азайтылады.

Қазақстанның сақтандыру нарығы қалыптасу сатысында: экономикалық және құқықтық негізде (ұзақ дағдарыс, заң базасының сапасыздығы) ол әлемдік деңгейден бірталай артта қалуда. Нарықтық қатынасты елдерде сақтандыру қызметтерінің ассортименті 500 түрге дейін, ал Қазақстанда болса, 40 түрге жетеді.

Жеке сақтандыру және азаматтардың мүліктерін сақтандыру тұрғындардың төмен табысына байланысты нашар дамыған.

Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, сақтандыру ісі бизнес саласының пайдалы және кең тараған түрі болып табылады, ал сақтандыру компаниялары нарықтық экономикада қатаң позицияларға ие болып, өзінің қызметтерін бизнестің аралас салаларына диверсификация жасай отырып, органикалық және қаржылық тұрақты нарықтық құрылымды көрсетеді.

Негізгі ұғымдар: сақтандыру, сақтық қорлары, әлеуметтік сақтандыру қоры

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных