Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жауабы: кристаллогидраттың массасы 16,22 грамм.




 

40-есеп 40 г қаныққан темір (ІІ) хлоридінің сулы ерітіндісіне 10г сусыз тұз енгізген.

Алынған қоспаны толық буланып кеткенше қыздырған, сонан соң бастапқы температураға дейін салқындатқан. Сол кезде 24,3г кристаллогидрат тұнбаға түскен. Егер қаныққан ерітінді құрамында 38,5% сусыз тұздың бар екені белгілі. Кристаллогидраттың формуласын анықтаңыз.

 

40 есептің шешуі:

Шi әдісі

M(FeCl2)=127 г/моль

Х моль- кристаллогидраттағы темір хлоридінің сандық мөлшері болсын.

40г қаныққан ерітіндіде 40*0,385=15,4(г) FeCl2 бар.

Кристаллогидрат тұнбаға түскеннен кейін ерітіндінің массасы:

40+10-24,3=25,7(г.)

0,385=15,4+10-127х /25,7

х=0,122(моль)

М(кристаллогидрат)=m/ν=24,3/0,122=199 г/моль

М(судың)=199-127=72г/моль

N(судың)=72/18=4

сәйксінше, заттың формуласы FeCl2*4H2O

 

Ші әдісі

FeCl2 + х H2O = FeCl2*хH2O

Кристаллогидраттың тұнбасы түскеннен кейін соңғы ерітінді массасы:

40 +10-24,3=25,7(г.)

Бастапқы ерітіндіде 40*0,385=15,4 г. FeCl2. Сәйкесінше, түскен кристаллогидраттағы темір(ІІ)хлоридінің массасы

15,4+10-9,9=15,5 (г.)

хмоль- бұл кристаллогидраттағы судың заттық мөлшері болса, онда

15,5/24,3=127/127+18х х=4

Кристаллогидраттың формуласы-

FeCl2*4H2O

Жауабы: FeCl2*4H2O

41-есеп Массасы 18 г темір пластинкасы мыстың (ІІ) сульфатының ерітіндісіне батырылды. Оның беті мыспен қапталған соң, оның массасы 20 г болды. Темірдің қандай массасы ерітіндіге өтті?

 

41есеп шешуі: Металдардың стандартты электродты потенциалдар мәнін пайдаланып реакция теңдеуін жазамыз.

Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu

І-тәсіл

Егер v ( Cu) мәні x моль болса, ерітіндіге өткен теміірдің массасы мына мәнге тең болады,

m= v ·M

m (Fe) = 56 · x г..,

 

ал пластинканың бетінде бөлінген мыстың массасы, сәйкесінше 64x г..,

Ерітіндіге өткен темірдің массасын, мыстың массасын ескере отырып, пластинканың бетіне қонған массаны ескере отырып, реакция теңдеуін құрамыз:

18 -56 · x + 64 = 20

X= 0,25

m (Fe) = v ·M m (Fe) = 56 · 0,25= 14(г)

ІІ-тәсіл

Алдымен реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі пластинканың массасының айырмашылығын тауып аламыз:

∆m = 20-18 =2(г)

 

Реакция теңдеуін ескере отырып, пластинканың бетіне қонған және ерітіндіге өткен металдардың молярлық массасының айырмашылығын табамыз:

 

∆M = 64 ·1 - 56 ·1 = 8(г/моль)

 

Төменде берілген формула бойынша реакция қатысқан заттардың зат мөлшерінің мәнін табамыз:

 

∆ n = ∆m/ ∆M

∆ n = 2/ 8= 0,25 (моль)

Темірдің массасын есептейміз:

m`(Fe) = m (Fe) = n ·M m (Fe) = 56 · 0,25= 14(г)

Жауабы: ерітіндіге 14 г темір өтті.

 

42-есеп Массасы 4г мыс сульфаты ерітіндісіне кадмий пластинкасы батырылды. Мыс толығымен бөлініп шыққан соң, пластинканың массасы 3 %-ға артты. Ерітіндіге батырылған пластинканың массасын есептеңдер.

42есептің шешуі:

Химиялық реакцияның теңдеуін жазамыз:

0,025 моль 0,0251 моль 0,0251 моль

Cd + CuSO4 → CdSO4 + Cu

112,4 г/моль 160г/моль 64г/моль

Егер пластинканың бастапқы массасы х г деп алсақ. Онда өзгеріске ұшырған пластинканың массасы

∆mпл =0,03 ∙х

Есептің шартына байланысты мыс сульфаты толығымен әрекеттесі, яғни

n(CuSO4) = 4/160 = 0,025 (моль)

Осыған сәйкес дәл осындай мөлшерде кадмий еріп кетіп, мыс пластинканың бетінде тұнбаға түсті.

∆mпл =63,5∙0,025 – 112,4 ∙0,025 = 1,594 – 2,821 = -1,227(г)

Есептің шарты бойынша бастапқы пластинкамен салыстырғанда пластинканың массасы 3% өзгеріп, массасы х г болып табылады.

∆mпл = 0,03 ∙x

1,227= 0,03∙x

X=40,9 г

Жауабы: 40,9 г

 

Есеп

Түссіз кристалды А затын термиялық жолмен айырған кезде (400 К) тек қана газ тәрізді өнімдер ғана алынды. 273 К температураға суытқан соң газ көлемдері үш есеге дейін азайды. Реакцияны баяу жүргізу үшін қалған Б газын аргонмен араластарды және алынған қоспаны қатты қыздырылған магний үгінділері арқылы жіберді. Содан соң, магний үгінділерін су буымен өңдеді нәтижесінде В газы алынды, ол газдың көлемі Б газының көлемінен екі еседей көп болды. В газы азот қышқылымен әрекеттесіп нәтижесенді Г заты алынады, ол алынған заттың құрамы дәл А затының құрамымен бірдей болады.

А, Б, В, Г заттарын атаңдар.

Баяндалған реакциялардың сандық мөлшерде жүретінін ескере отырып, егер А затының орнын Г затымен алмастыратын болсақ, есептің шартында өзгеріс бола ма?

Барлық реакция теңдеуін жазыңыз.

43-есептің шешуі:

 

Г затының –нитрат екендігі әбден белгілі, қыздырған кезде ол нитрат қатты қалдық бермейді. Мұндай қосылыс тек қана аммоний нитраты NH4NO3 ғана болуы мүмкін.

Онда В – NH3, ал Б, есептің шарты бойынша, N2.

Олай болса, А – NH4NO2.

Реакция теңдеуі:

NH4NO2 = N2 + 2H2O

N2 + 3Mg = Mg3N2

Mg3N2 + 6H2O = 3Mg(OH)2 + 2NH3

NH3 + HNO3 = NH4NO3

Егер А затын Г затына алмастыратын болсақ, бізге “…тек қана қауіпсіздік ережесін сақтап қана термиялық ыдырау реакциясын жүргізу қажет.…” және “… азот қышқылында еріткен кезде бастапқы зат алынатынады” деп ескертуіміз қажет.

Жаңа жағдайдағы реакция өзгересі:

NH4NO3 = N2O + 2H2O

N2O + 4Mg = Mg3N2 + MgO

 

 

Есеп

Аузы бекітілген бірдей ыдыстар сәйкесінше оттек пен азот газдарымен толтырылды. Осы ыдыстардың әрқайсысында 7,13 г екі валентті металл карбонатын қақталды. Реакция аяқталғаннан кейін, сосудтарды бастапқы жағдайға келтірген кезде, екі ыдыста да қысымның артқандығы байқалды. Бірінші және екінші ыдыстағы қысымның өзгерісінің қатынасы 0,833 тең. Бірінші ыдыстағы қатты қалдықтың массасы 4,81 г тең болды. Қандай металл карбонаты қақталып, қыздырылғанын анықта.

44- есептің шешуі:

 

Ыдыстардағы қысымның әртүрлі өзгеруіне байланысты, онда оттек газын металл карбонаты ыдыраған кезде түзілген оксидті тотықтыруға жұмсалған деп есептейміз. Олай болса мынадай реакциялардың жүруі мүмкін:

4MeCO3 + O2 = 2Me2O3 + 4CO2 (1)

6MeCO3 + O2 = 2Me3O4 + 6CO2 (2)

2MeCO3 + O2 = 2MeO2 + 2CO2 (3)

Ыдыста азотпен карбонаттың термиялық ыдырау процесі жүреді:

MeCO3 = MeO + CO2 (4)

1 моль карбонат оттек пен азотта ыдыраған кезде (1 – 4 реакция теңдеуіне) газдар көлемі сәйкесінше 0,75; 0,833; 0,5 және 1 моль дейін өзгереді. Сондықтан есептің шарты бойынша (2) және (4) теңдеулерге жауап береді. Онда металдың салыстырмалы атомдық массасын Х еп белгілейміз. (2) реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз: 7,13 г MeCO3 ¾ 4,81 г Me3O4

6(60 + х) ¾ 2(3х + 64)

Пропорцияны шеше отырып, х = 58,8, табамыз, олай болса кобальт металына сәйкес келеді.

 

Есеп

Оттегінің артық мөлшерінде катализатор қатысында (қ.ж.) 56 см3 жағымсыз иісті А газын жақты. Қалған оттекпен әрекеттескен реакция өнімін 50 см3 суға жіберді. Алынған ерітіндіге бейтарап реакция жүргенше 50 см3 лакмус қосып, оның үстіне 0,1 моль/л натрий гидроксиді ерітіндісі құйылды. Сонан ерітіндіні буландырды нәтижесінде құрамында 32,4% натрий бар, сусыз тұзы Б алынды. Анықтаңдар:

А және Б қандай заттар сәйкес келеді?

Б затын 600 К температурада қыздырғанда, есептің шешімінде қандай өзгеріс болады?

Құрамында массалық үлесі 34,6% натрий болатын тұзды алуға бола ма? В затын анықтап, аталған реакция теңдеулерін жазыңдар.

 

45- есептің шешуі:

Жағымсыз иісті газдарды жаққан кездегі жану өнімін суға еріткен кезде – H2S және PH3 қышқылдары түзіледі.

Оттегінде жану реакциясы:

2PH3 + 4O2 = P2O5 + 3H2O

2H2S + 4 O2 = 2SO3 + 2H2O

Жану реакциясындағы өнімінің сумен әрекеттесуі:

P2O5 + 3H2O = 2H3PO4

SO3 + H2O = H2SO4

Олай болса, А – күкіртсутек немесе фосфин.

Газдың моль саны: 0,056/22,4 = 2,5×10-3 (моль).

Сілтінің моль саны: 0,1×0,05 = 5×10-3 (моль).

Қышқыл мен сілтінің мөлшерінің қатынасы 1: 2.

Бейтараптану реакциясы:

2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2O

2NaOH + H3PO4 = Na2HPO4 + 2H2O.

HPO4- - өте әлсіз қышқыл, соған байланысты натрий гидрофосфатының ерітіндісі бейтарап ортадай дерлік орта (әлсіз сілтілік) реакция береді. Натрий сульфатындағы натрийдің массалық үлесі 46/142 = 0,324 тең, натрий гидрофосфатында – 46/142 = 0,324 тең болады, яғни Б заты – сульфат немесе натрий гидрофосфаты болып табылады. 600 К температураға дейін қыздырғанда Na2SO4 тұрақты, ал Na2HPO4 натрий пирофосфатын түзеді:

2Na2HPO4 = Na4P2O7 + H2O.

Пирофосфаттағы натрийдің массалық үлесі 92/266 = 0,346 тең болады. Осыдан екінші жағдайда: А – PH3, Б – Na2HPO4, B – Na4P2O7 болады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных