Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жүйелі васкулит» тақырыбы - 15 тест

ОРЛ

! Жедел ревматикалық қызбаға БАРЫНША тән белгі:

* миокардтың жайылмалы гипокинезиясы

* қарыншааралық перденің гипертрофиясы

* митральды қақпақшаның алдыңғы жармасының пролапсы

* сол қарыншаның шығу жолының динамикалық обструкциясы

*+митральды қақпақшаның артқы жармасының шеттік қалыңдауы және гипокинезиясы

! 16 жастағы оқушы дене қызуының 38,5оС дейін көтерілуі, оң жақ буын аймағының ісінуі және ауыру сезімі, координациясының бұзылғанына шағымданады. Анамнезінен: апта бұрын ангинамен ауырған.

Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:

* Scl 70 антиденелері

* Ваалер- Розе реакциясы

* Хеддельсон және Райт реакциялары

*+стрептококқа қарсы антиденелердің титрі

* цитруллинирленген пептидке антиденелер

! 15 жастағы қызда баспадан кейін үш аптадан соң дене қызуы қайта көтеріліп, ірі буындарында симметриялы ұшпалы ауыру сезімі мен жүрек қағуы пайда болды. Қарап тексергенде: ісінген тізе буындарының сіңірге бекінген аймағында майда түйіншектер анықталды. Антистрептолизин-О, антисрептогиалуронидаза титрлерінің динамикада жоғарлағаны анықталады.

Медикаменттік емдеу жоспарына қандай препараттарды қосу БАРЫНША тиімді:

* дигоксинді

* амлодипинді

*+диклофенакты

* преднизолонды

* спиронолактонды

! 16 жастағы ер бала жедел ревматикалық қызбаның ІІІ дәрежесімен ауырады, преднизолонды қандай мөлшерде тағайындаған БАРЫНША тиімді:

* тәулігіне 10 мг

*+тәулігіне 20 мг

* тәулігіне 60 мг

* тәулігіне 100 мг

* тәулігіне 120 мг

! Рецидивтердің алдын алуға бағытталған жедел ревматикалық қызбамен ауырғандардың екіншілік профилактикасы мынаны жүйелі енгізумен жүргізіледі:

* ампициллинді

* цефтриаксонды

* рокситромицинді

*+экстенциллинді

* бензилпенициллинді

РА-13

! 82 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, 7 кг салмақ түсіруіне, бұлшықеттерінің ауру сезіміне, білек буындарының қатты ауру сезіміне және қимылының шектелуіне, қол басы буындарының 3 сағатқа дейін таңертенгілік құрысуы, алақан-саусақ, шынтақ буындарының кейіннен тізе және иық буындарының қатты ауру сезіміне және ісінуіне шағымданады. Буындарның зақымдалуы ремиттирлеуши сипатта – біреуінде басылады, басқаларында 3-4 айда пайда болады. Кейде аяқ басы және қол ұшының қатты ісінуі пайда болады («жастық сияқты»). Объективті: білек буындары ісінген, жергілікті температура, қимылы айқын шектелген, білек каналының екі жақты синдромы; Геберден түйіндері, терісі құрғақ, иық бұлшықеттерінің пальпациясы кезінде ауру сезімі. ЖҚА: Эр – 3,6, Нб – 118 г/л, Л- 12,9 *109/л, Нф – 75%, Лф – 22%, СОЭ 58 мм/сағ. СРБ – айқын оң. РФ – теріс.

Қандай диагноз болуы БАРЫНША ықтимал?

* бруцеллезды артрит

* екіншілік синовиті бар остеоартроз

*+ревматоидты артрит

* ревматикалық полимиалгия

* паранеопластикалық синдром

! Ревматоидты артриті бар 27 жасар әйелді бір ай көлемінде айқын әлсіздік, дене қызуының39,3ºС көтерілуі мазалайды. Қарағанда: аяқ терісінің айқын гиперпигментациясы, сирағында трофикалық жаралар. Лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Қан анализі: лейкоциттер-1,5 мың., СОЭ-60 мм/сағ, РФ-1:80.

Бірінші кезекте науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША ықтимал?

* миокардит

* полисерозит

* токсикалық гепатит

*+жұқпалы асқынулар

* жедел бүйрек жетіспеушілігі

! 30 жастағы әйел адам қол басы буындарының ісінуіне және ауру сезіміне, таңертенгілік құрысуға шағымданады. Об-ті: екі қол басының II-IV саусағының проксимальды фаланга аралық симметриялық дефигурациясы. Экссудативті құбылыстар және ауру сезімінің әсерінен қимылы шектелген. Қанда: эр-4 млн., Нв-128 г/л, лейк-10 мың., СОЭ-41 мм/сағ, СРБ - оң. Қандай лабораторлы зерттеу әдісі диагнозды БАРЫНША дұрыс анықтайды?

* ревматоидты фактор

* антицитруллинді антиденелер

*+антинуклеарлы антиденелер

* С-реактивті белок

* рибонуклеопротеиндерге антиденелер

! 40 жастағы әйел ұзақ жылдар бойы ревматоидты артритпен ауырады. Бір ай бұрын қақырығы бар жөтел, қол басы буындарында ауру сезімі, тәулік ішінде құрысу пайда болды. Об-ті: лимфаденопатия, қол басының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түіндер. Өкпеде қатаң тыныс, шашыраңқы құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Қанда Hв-96 г/л, эритроциттер - 3 млн, лейкоциттер - 12,3 мың, СОЭ - 56 мм/сағ. Рентгенограммада: фиброзды компонент әсерінен көбіне төменгі бөлімінің өкпе суретінің күшеюі, өкпенің КТ – өкпенің төменгі бөлімінің түйіндерін көрсетті.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ықтимал?

* кризанол

* диклофенак

* метотрексат

*+преднизолон

* сульфасалазин

! 34 жасағы әйел ЖРВИ кейін ауырды: алақан-фалангалық және білек-фалангалық,шынтақ, білек буындары ауырып, кейіннен ісініп, қызарды, таңғы 12 сағатқа дейін құрысу сезімдері; кешке - субфебрилитет. Жоғарыда аталған симптомдар 3 айда пайда болып келеді. Ауру сезімі әсерінен кетонал ішкен, енді кетонал инъекциясына көшкен – эффект жартылай. Объективті: зақымдалған буындардың ісінуі, жергілікті температурасы бар, қол ұшының бүгілу симптомы оң, белсенді және белсенді емес қозғалыстың шектелуі. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 105 г/л, Л- 11,9 *109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, СОЭ 55 мм/сағ. РФ- 52 МЕ\мл, АЦЦП – оң.

Берілген науқаста қол ұшының Р-графиясында БАРЫНША қандай нәтиже болуы мүмкін?

* Буын саңылауының тарылуы, субхондральды склероз

* Буын саңылауының тарылуы, буын маңы остеопорозы

* Буын саңылауының кеңеюі, буын маңы остеопорозы

* Буын саңылауының кеңеюі, бірен сараң жиекті эрозиялар

*+Буын саңылауының тарылуы, остеопороз, көптік эрозиялар

! Ревматоидты артриті бар 37 жасар науқаста дәрігерге бірінші қаралу кезінде қол ұшының Р-суреттерінде буын саңылауының тарылуы, буын маңы остеопорозы, алақан-фалангалық және білек буындарының бірен сараң жиекті эрозиялары анықталды. ИФА РФ 62 МЕ/мл.

6 айдан кейін қайталмалы Р-суретте проксимальды фалангааралық буындардың көптік эрозиялары және остеопороз, алақан-фалангалық және білек буындарының жалған кисталары және көптік эрозиялары, білек сүйектері арасындағы саңылаудың жоғалуы анықталды. Осы кезеңде лимфаденопатия, Рейно синдромы, леведо анықталды.

Науқаста қандай генотип болуы ықтимал?

* HLA DR1

*+HLA DR4

* HLA DR7

* HLA B3

* HLA B5

! 42 жастағы ер адам тамағындағы ауру сезімге, дене қызуының тәуліктің екінші жартысында қалтыраумен 40,5º дейін көтерілуіне, қызба 3 сағатқа созылып, аспиринді қабылдағаннан соң қатты тершеңдікпен төмендейді; қызбаның жоғары шегінде іште және санда ашық-қызыл эритематозды бөртпе, айқын әлсіздік (төсектен тұра алмайды) пайда болады. 2-3 рет аспиринді қабылдамай көрген – температура өздігіннен төмендеген. Шетелде командировкада ауырып қалды. Антибиотиктер қабылдады – цефтриаксон, азитромицин - эффектсіз, жағдайы нашарлады – білек, аяқ басы, тізе буындарының ісінуі және ауру сезімі пайда болды. ЛОР қарауы – патология анықталмады. ЖҚА: Эр. – 3,7, Нб – 124 г/л, Л – 20*109/л, п/я – 24%, с\я – 55%, СОЭ- 48 мм/сағ. РФ – теріс, ферритин – айқын жоғарылаған, фиброноген – 7 г/л, АНА – әлсіз оң.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?

* Криоглобулинемиялық васкулит

* Сепсис

* Малярия

* Жүйелі қызыл жегі

*+ересектердегі Стилл синдромы

 

! 38 жастағы әйел учаскелік дәрігерге 4 апта ішінде алақан-фалангалық, білек-фалангалық, білек буындарындағы ауру сезімге және ісінуіне шағымданып келді, 30 минутқа дейін таңертенгілік құрысуы бар. Білекті бүгу тесті– оң. ЖҚА: Эр. – 3,7, Нб – 124 г/л, Л – 9*109/л, п/я – 4%, с\я – 75%, СОЭ- 28 мм/сағ. РФ – оң, СРБ +++, АНА – әлсіз оң. РА, РХ – теріс.

Берілген науқасты жүргізудегі ең оңтайлы жолы?

* 1 айдан соң ревматоидты факторға қайтадан зерттеу жүргізу

* Антицитруллинді антиденеге зерттеу жүргізу

*+Қол басы және аяқтың Р-графиясын тағайындап, ревматологқа жіберу

* В және С гепатит маркерлерін тағайындау

* Білек буынының пункциясын тағайындау

! 36 жастағы әйел учаскелік дәрігерге бір апта көлемінде білек, шынтақ және тізе буындарының ауру сезіміне және ісінуіне, 30 минут ішінде таңертенгілік құрысуға шағымданып келді. Білекті бүгу тесті– оң. ЖҚА: Эр. – 3,7, Нб – 124 г/л, Л – 7*109/л, п/я – 4%, с\я – 65%, СОЭ- 28 мм/сағ. РФ – оң, СРБ ++, АНА – әлсіз оң. РА, РХ – теріс.

Берілген науқасты жүргізудегі ең оңтайлы жолы?

*+парвовирусты жұқпаға тексеру

* Антицитруллинді антиденеге зерттеу жүргізу

* Қол басы және аяқтың Р-графиясын тағайындап, ревматологқа жіберу

* Білек буындарының Р-графиясын тағайындап инфекционистке жолдама беру

* Білек буынының пункциясын тағайындау

! 40 жастағы әйел мойын омыртқасының ауру сезіміне, табан-фалангалық, проксимальды фалангааралық, білек буындарының ауру сезіміне және құрысу сезімдеріне, субфебриальды температураға, әлсіздікке, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, салмағының 4 кг төмендеуі шағымдарымен дәрігерге шағымданып келді, барлық симптомдар 2 айда өршіп келеді. Аурудың басталуын ештеңемен байланыстырмайды. Р-графия: буын саңылауының тарылуы, буын маңы остеопорозы,табан сүйектерінің бірен сараң эрозиялары. РФ 64 МЕ\мл.

Берілген науқастар категориясында қосалқы ретінде қандай патология дамуы мүмкін?

*+Атеросклероз

* Қант диабеті 2 тип

* Аутоиммунды тиреоидит

* Созылмалы бүйрек аурулары

* Бейспецификалы жаралы колит

! 32 жастағы ер адам 2-3 ай бойы мазалайтыниық, білезік, тізе, балтыртобық буындарындағы ауыру сезіміне, таңертелік қырысулардың бір сағатқа созылуына, 6 кг азуына, субфебрильді қызбаға шағымданып келді. Өздігімен нимесулид қабылдаған нәтижесі жартылай. Объективті: юуындарының жергілікті температурасы, қозғалыс және пальпация кезінде ауыру сезімі, полилимфаденит анықталды. ЖҚА: Эр. – 3,8, Нб – 134 г/л, Л – 9*109/л, п/я – 4%, с\я – 70%, ЭТЖ - 30 мм/с. РФ – оң, СРБ +++, АНА – әлсіз оң. РА, РХ – теріс.

Базисті терапия ретінде қандай дәріні тағайындау қажет?

*+Метотрексат

* Лефлюнамид

* Сульфасалазин

* Преднизолон

* Диклофенак

! 33 жастағы әйел ЖРВИ кейін ауыра бастады: алақан және білезік фалангалық, табан фалангалық буындарының қызаруы, ісінуі және ауыру сезімі пайда болды, таңертелік қырысулар сағат 12 дейін; кешке қарай – субфебрилитет мазалайды. Жоғарыда аталған симптомдар 6 ай бойы мазалайды. Ауыру сезімін басуға кетонал қабылдаған, енді кетонал инъекциясына көшкен – нәтижесі жартылай. Объективті: зақымдалған буындардың ісінуі, дергілікті температура, қол саусақтарын бүгу симптомы оң, активті және пасивті қозғалыстар шектелген. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 105 г/л, Л- 11,9 *109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, ЭТЖ 55 мм/с. РФ- 52 МЕ\мл, АЦЦП – оң. Метотрексат және преднизолон тағайындалу туралы шешім қабылданды.

Метотрексаттың алғашқы қандай мөлшері БАРЫНША науқасқа тағайындалуы мүмкін?

* 2 мг тәулігіне

* 7,5 мг тәулігіне

* 7,5 мг аптасына

* 15 мг аптасына

*+25 мг аптасына

! 28 жастағы әйел тамағының ауыруына, дене қызуының 39,6º дейін көтерілуіне, тустен кейін керемет қалтырау және профузды терлеуден кейін дене қызуының төмендеуіне шағымданады; қызба шыңында сұр қызыл эритематозды бөртпе және білезік және тізе буындарында ауыру сезімі және ісінулер пайда болады. 2 апта бойы кең спектрлі антибиотиктер қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қызбамен науқасты жоспарлы тексеруде ештене анықталмады. Аурудың 3 аптасында ЭхоКГда – лақтырыс фракциясының төмендеуі, митральді қақпақшалардың регургитациясы анықталды. РФ – теріс, ферритин – кенет жоғарлаған.

Бірінші кезекте қандай дәріні тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Инфликсимаб

* Лефлюнамид

* Сульфасалазин

*+Преднизолон

* Диклофенак

! Ревматоидты артриті бар әйелде метотрексат мөлшерін өз бетінше төмендеткеннен дене қызуы көтеріліп, ЭТЖ жылдамдаған, оң білезік буыны ісініп, қызарған және кенет ауыру сезімді. Орындалған буын пункциясы нейтрофилдерден тұратын 3 ммге 20 мың цитозбен сұйықтық анықталды, бак себінді – теріс. Антибиотиктер тағайындалды.

Артритті басу үшін көрсетілген тәсілдердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Ремикейд тағайындау

* метотрексат 25 мг/аптасына тағайындау

* қосарланған терапия метотрексат+лефлюнамид

*+преднизолон 40 мг/тәу per os

* дипроспан 1 мл буын ішіне

! 28 жастағы әйел бір сағат көлемінде таңертелік буындарының қырысуларына, әлсіздікке, субфебрильді дене қызуына шағымданады. 6 жылдай ауырады, ем қабылдаған. Жүктілік мерзімі 18 апта. Жүктілікке дейін аурудың салыстырмалы ремиссиясы байқалған. Об-ті: екі қолдарының II-IV саусақтарының проксимальді фаланг аралық симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі анықталды. ЖҚА: ЭТЖ 35 мм/с.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* кризанол

* диклофенак

* метотрексат

*+преднизолон

* сульфасалазин

СКВ -13

! Жүйелі қызыл жегіде метилпреднизолонмен пульс терапияны тағайындау көрсетілген, БАРЫНША мынада:

* полиартритте

* дискоидты бөртпеде

* гепатоспленомегалияда

* оқшауланған зәрлік синдромында

*+ауыр тромбоцитопениялы цитопенияда

! 19 жастағы темір дәнекерлеуші әйел, 39оС дейінгі қызба, тамағындағы ауыру сезімі, жөтел, бетінің қызаруына шағымданады, бұны өзі дәнекрлеу кезіндегі күйікпен байланыстырады. Өздігінен ампициллин, парацетамол қабылдаған. Объективті: бетінің ісінуі мен гиперемиясы. Кеудесінде, арқасында эритематозды папулезді бөртпе. Лимфоаденопатия. Афтозды стоматит. Шаштарының түсуі. Жүрегі ұлғайған, үндері тұйықталған. АҚҚ - 150\90 мм. с.б.б., ЖЖЖ мин – 110 рет. Гепатомегалия. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн, гемоглобин - 100г/л, лейкоциттер - 3 мың, ЭТЖ – 40 мм/сағ. ЖЗА: белок - 0,9 г/л, эритроциттер 1-8 көру алаңында.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* иерсиниоздың

* агранулоцитоздың

* дәрілік аурудың

* аллергиялық дерматиттің

*+жүйелі қызыл жегінің

! Нефриттің гистологиялық суреті мен «сымтемірлік ілмек», фибриноид, гиалинді тромб, ядролық дерт симптомдары бар дәнекер тіннің диффузды зақымдалуымен байланысты қызба, мынаған БАРЫНША тән:

* ревматоидты артритке

* жүйелі склеродермияға

* түйінді периартериитке

*+жүйелі қызыл жегіге

* созылмалы гломерулонефритке

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 18 жастағы пациентке метилпреднизолонмен пульс терапия көрсетілген.

Төмендегі дозалардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:

* 60 мг

* 100 мг

* 150 мг

* 300 мг

*+1000 мг

! Жүйелі қызыл жегіде цитостатиктерді тағайындау төмендегілерің қасйсысында БАРЫНША тиімді:

* цитопенияда

* полисерозитте

* люпус-кардитте

* люпус-артритте

*+люпус-нефритте

! Белсенді жегілік нефритке БАРЫНША тән:

* лейкоцитоз

* лейкоцитурия

* гипоальбуминемия

*+қос спиральды ДНК-ға антиденелер титрінің жоғарылауы

* комплементтің жалпы гемолитикалық белсенділігінің жоғарлауы

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын ер адамға метилпреднизолонмен пульс терапия жүргізу қажет.

Препараттың қандай мөлшері БАРЫНША тиімді:

* 60 мг

* 120 мг

* 250 мг

*+1000 мг

* 5000 мг

! Циклофосфан қабылдайтын жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде лейкоциттер деңгейі 2,9 мыңға дейін төмендеді.

Емдеу тәсілін қалай өзгерткен БАРЫНША тиімді:

* циклофосфанды тоқтату

* циклофосфанды азатиопринмен алмастыру

* циклофосфан мөлшерін төмендетіп, плазмрферез курсын бастау

*+циклофосфанды тоқтатып, 1,5-2 мг/кг мөлшерде преднизолонды тағайындау

* циклофосфан мөлшерін өзгертпей, оған қосып, преднизолон тағайындау

! Рецидивті артериальды және венозды тромбоз, жүктілікті көтере алмау және тромбоцитопениямен сипатталатын симптомдық кешен, мынаған БАРЫНША тән:

* дерматомиозитке

* жүйелі васкулитке

*+антифосфолипидтік синдромға

* рецидивтеуші полихондритке

* идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураға

! Антифосфолипидті синдромның диагностикасын нақтылауда анықтаған,

БАРЫНША мәліметті:

* Кумбс реакциясын

* Хагеман факторын

* қан ұю уақытын

* протромбин уақытын

*+жегілік антикоагулянтты

! 45 жастағы ер адамда, соңғы 3 жыл бойы аяқтың веналарының тромбозы, ӨАТЭ қайталанады. Науқастың әкесінде де қайтамалы тромбоздар байқалған. Науқасты зерттегенде кардиолипинге антиденелер титрі 2 есе жоғарылаған.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* тромбофлебиттің

* Бюргер ауруының

* кезеңдік аурудың

*+біріншілік антифосфолипидтік синдромның

* екіншілік антифосфолипидтік синдромның

! 38 жастағы әйелде АҚҚ мезгіл - мезгіл 200/120 мм. с.б.б. көтеріледі. Анамнезінде: жүктілік кезінде мезгілінен бұрын босану және өлі туумен аяқталған ауыр нефропатия дамыған. 30 жасында ишемиялық инсульт алған. Қарап тексергенде: «торлы ливедо», АҚҚ 180/110 мм.с.б.б. Зерттегенде: протеинурия - 0,23 г/л мен аздаған несептік тұнба, креатинин – 1300 мг/л; антикардиолипиндік антиденелер 34,1 МЕ (қалыпты 23 МЕ дейін).

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* түйінді полиартерииттің

* созылмалы гломерулонефриттің

* креоглобулинемиялық васкулиттің

*+біріншілік антифосфолипидтік синдромның

* екіншілік антифосфолипидтік синдромның

 

! Қайталамалы тромбозды антифосфолипидтік синдромда тағайындау БАРЫНША тиімді:

* лефлюнамидті

*+варфаринді

* преднизолонды

* фраксипаринді

* триамцинолонды

! Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелде сол жақ балтырының бұлшық етінің ауыруы мен ісінуі пайда болды. Троксевазин тағайындағаннан кейін келесі күні ентігу, жөтел, қан қақыру пайда болды. Зерттегенде кардиолипинге антидене титрінің жоғарылауы анықталынды.

Қандай препаратты тағайындау БАРЫНША тиімді:

*+гепаринді

* варфаринді

* преднизолонды

* дексаметазонды

* циклоспоринді

! 30 жасқа дейінгі аралықта қызбамен жүретін ауыр ағымды паротит, конъ­юнктивит, артралгия, анемия, лейкопения, гипергаммаглобулинемия,РФ, АНА, жоғары мөлшерде ЦИК, өмірінің алғашқы жылдарында экзокринді бездердің бұзылысы қай ауруға тән?

* Шегрен ауруы, созылмалы ағымы

*+ЖҚЖ кезіндегі Шегрен синдромы

* Шегрен ауруы, жеделдеу ағымы

* Активті РА кезіндегі Шегрен синдромы

* Шарп синдромы

! 50 жастан жоғары экзокринді без бұзылыстары кезіндегі біртіндеп пайда болған симптомдар (жас пен сілекей бездері), минимальды жүйелі көріністер, қандағы жедел фазалық көрсеткіштердің кезеңдік көтерілуі қай ауруға тән?

*+Шегрен ауруы, созылмалы ағымы

* ЖҚЖ кезіндегі Шегрен синдромы

* Шегрен ауруы, жеделдеу ағымы

* Активті РА кезіндегі Шегрен синдромы

* Шарп синдромы

! Қандай жүйелі ауруларда жоғарғы эозинофилия кездеседі?

* ревматоидты артрит

*+эозинофильді фасциит

* CREST-синдромы

* жүйелі склеродермия

* қабынулық фибромиалгия

! 50 ж әйел соңғы 2 ай бойы күше»ген әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Жоғары сөрелерге заттарын қою, шашын тарау және баспалдақпен көтерілу қиындаған. Бұлшықеттегі немесе буындағы жайсыздық сезімге пациент шағымданбайды.Физикальды тексеру кезінде симметриялы проксимальды бұлшықет әлсіздігі байқалады. Дистальды бұлшықет күші қалыпты. Бұлшықеттегі ауру сезімі жоқ. Рефлекстері бар, симетриялы.Теріде қолдың фалангааралық аймақтарында күлгін тусті көтерілген бөртпе және тырнақ маңында эритема анықталды. Антинуклеарлы антидене оң, СОЭ 25 мм/сағ. Науқаста КФК және альдолоза деңгейін анықтады.Электромиография жүргізілді.Науқасқа бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу қажет?

* РФ анықтау

* Криоглобулиннің анықтау

* СРБ

* Онкомаркерге тексеру

* Эндокринологтың консультациясы

! Әйел 32 жаста. Қолын суық суға салғаннан кейін қол саусақтарының ауру сезімі және тері түсінің өзгеруіне шағымданумен келді. Бастапқыда саусақ түсі ақ,содан кейін көк, кейде қызыл және ауру сезімі пайда болады. Бұл жағдай 2 жылдан бері байқалады. Бетінде бірнеше телеангиоэктазия және тырнақ маңында кеңейген капиллярлар бар. Қандай патология деп ойллайсыз?

*+Жүйелі склеродермия, созылмалы ағымы

* Рейно ауруы

* Жүйелі склеродермия, жеделдеу ағымы

* Криоглобулинемиялық васкулит

* Жүйелі склеродермия, жедел ағымы

! Науқас 5 жыл бұрын бірінші рет көзінде құм тұрғандай және аузында құрғау сезімінің үдемелі күшеюін сезінген.Сонымен қатар, тісінде көптеген кариес бар. 3 ай бұрын оң жақ бетінде ауру сезімді ісік жіне диффузды артралгия пайда болды.Тексеру кезінде көзінде және ауыздың шырышты қабатында құрғақтық, тістерінің нашар болуы, ісінген және ауру сезімінсіз оң жақ құлақ маңы сілекей безі анықталды. Ширмер тесті және бенгальдық алқызыл тесті оң..Науқаста қандай қауіпті асқыну болуы мүмкін?

* жедел бүйрек жеткіліксіздігі

* панкреонекроз

* кандидозды вульвовагинит

*+нұрлы қабаттың перфорациясы

* герпетикалық кератит

! Қай патологияға АНА антиденелер, РФ және антиРНК оң кезінде полиартрит, Рейно синдромы, қолдарының ісінуі немесе склеродактилия, пневмосклероз, өңеш тарылуы, миалгия мен бұлшықет әлсіздігі, алопеция, бетіндегі бөртпелер, серозит, жүрек және бүйрек зақымдалуы тән.

* Жүйелі склеродермия мен дерматомиозиттің қосарлауы

* Жүйелі қызыл жегі мен ревматоидты артриттің қосарлауы

* Жүйелі қызыл жегі мен Педжет синдромы

*+Дәнекер тіннің жүйелі ауруы

* Жүйелі қызыл жегі

! Ер адам 45 жаста білезік, тобық буындарының ауру сезіміне, жаурап, жансыздануына, буындағы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: бетінде “жұлдызша» типті қантамырлық тор бар. Білезік буыны бүгілу контрактура қалпында, шеткі фалангтардың қысқаруы, аяқ және қолбасы саусақтарында жаралар бар. Қан анализінде: ЭТЖ-25 мм/сағ, АНА оң. Төмендегі диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

* Жүйелі қызыл жегі

*+Жүйелі склеродермияда

* Түйінді периартрит

* Ревматоидты артрит

* Дермпатомиозит

! Әйел 38 жаста кеуде тұсындағы ауру сезіміне, ентігуге, жұтынудың қиындауына, артралгия, бет және білезік терісінің тығыздануына шағымданады. Қарап тексергенде: беті мимикасыз, ауыз аймағында радиальды қатпарлар, телеангиэктазияға шағымданады. Фалангтары деформацияланған, терісі тығыздалган, бұлшықеті гипотофияланған, шашы түскен (алопеция). Рентгенограммада: пневмосклероздың белгілері.

Диагноз верификациялау үшін келесі анализді анықтау тиімдірек?

* АНФ

* РФ

* Антистрептолизин-О

*+Антицентромерлі антидене

* Антицитруллинді антидене

! 38 жастағы әйелде бірнеше айлар бойы жүрісі өзгерген-ақсақтық пайда болды; ауыз аймағындағы терінің тартылуы және жансыздануы,ұстама тәрізді көгерулер,суықта ерін және тілдің жансыздануы мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ,алақан және табанның гиперкератозы мен теріде телеангиоэктазиялар бар. Келесі дианоздың қайсысы болуы мүмкін?

* Диффузды эозинофильді фасцит

* Қайталамалы полихондрит

* Ревматикалық полимиалгия

*+Жүйелі склеродермия

* Дерматомиозит

! 34 жастағы әйел бет терісінің қатаюын,суық пен эмоциональды стресстен пайда болатын аяқ-қол саусақтарының жансыздануын байқады.Қарап тексергенде:ауыз аймағында радиальды қатпар бар. Ішкі ағзада өзгеріс жоқ.

Диагноз верификация үшін мынаны анықтау тиімдірек?

* Антинейтрофильді антидене

* Антистрептолизин – О

* РФ

* Кардиолипинге антидене

*+антицентромерлі антидене

! Әйел 56 жаста көзінде «құм» тұрғандай сезім және ауызда құрғақтық барына шағымданады.Объективті қарағанда тістерінің кариесі, көздің және шырышты қабаттың айқын құрғақтығы, оң жақта құлақ маңында және сілекей безінің ұлғайғаны байқалады. Ширмер тесті және қызғылт бенгаль тесті оң. Гематокрит - 35 %, лейкоцит саны 3,2 тыс, ЭТЖ 47 мм/ч. IgG и IgM концентрациясының жоғарлауы. Ревматоидты фактор 1:640 және антинуклеарлы антидене титрі 1:256.

Мына диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

* Рейно синдромы

* Такаясу ауруы

*+Шегрен ауруы

* жүйелі склеродермия

* Жүйелі қызыл жегі

! 27 жасар әйелде 2 жыл бұрын суықтап қалғаннан кейін әлсіздік, есеңгіреу, тізе буындарының ісінуі, Рейно феномені байқалады. Содан кейін бетінде қызару және мұрын қырында «көбелек қанаты» пайда болды. Жүйелі қызыл жегі деген диагноз қойылды. Бірақ біраз уақыттан кейін тізе буындарының ісіну, қызаруы, ауру сезімі мазалайды. Сонымен қатар 2 сағ дейінгі таңертеңгілік құрысу, интенсивті емес бұлшықеттің ауруы бар. Соңғы уақытта бетінде, аяғында таңертеңгілік ісінуі, бас ауруы,басында пульсация сезімі қосылды. Тексергенде: АНА,РФ-1:640; буын маңының остопарозы мен біркелкі эрозиялар бар.Төменде берілгеннің ішінде қандай диагноз болуы мүмкін?

* полимиозит

*+Шарпа синдромы

* Шегрена ауруы

* ревматоидты артрит

* жүйелі склеродермия

! 35 жастағы әйелде 2 жылдан бері қызба, шырышты қабаттарының құрғақтығы,симметриялы артит, бұлшықет әлсіздігі, Рейно феномені бар. Тексеру кезінде анықталды:ЭТЖ-54 мм/сағ,АНА,РФ 1:640. Соңғы уақытта аузын ашқанда қиналады,эпигастральды аймақта күйдіру сезімі, қолдың білезік терісінің тығыздануы және ісінуі, дене массасының төмендеуі. Төменде берілгендердің ішінде қайсысы диагноз верификациясы үшін тиімдірек?

* комплемент

* антифосфолипидтых антидене

*+рибонуклеопротеинге антидене (анти-РНП)

* антинейтрофильді цитоплазматиалық антидене (АНЦА)

* циклидік цитруллинирленген пептидке антидене (АЦЦ)

! Әйел 39 жас 7 жыл бойы әлсіздік, ентігу, ұшпалы артралгия, дене массасының төмендеуі мазалайды. Өкпесінде пневмонияға ұқсас сырыл естіледі. Бірақ антибиотикпен ем қабылдағанда ем нәтижесіз болды. Кейін аузында құрғау және көзінде «құм» тұрғандай сезім пайда болды. ЭТЖ 43-53 мм/сағ. Соңғы кезде симметриялы эрозивті артрит, білезік буынының және мықын терісінің тығыздануы мен ісінуі, лоқсу қосылды, АНА оң, рибонуклеопротеинге антидене оң. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

*+Өкпе гипертензиясының үдеуі

* Орталық жүйке жүйесінің ауыр патологиясының дамуы

* тромбоцитопенияның ауыр дамуы

* апластикалық анемияның ауыр дамуы

* Өмірге қауіпті бүйрек патологиясының дамуы.

! 49 жастағы әйелде 10 жыл бұрын қызба, айқын әлсіздік, артралгия, миалгия, Рейно феномені, ентігу және шырышты қабаттардың құрғауы басталды. Тексергенде келесі мәлімет анықталды: ЭТЖ-50 мм/сағ, АНА және қостізбекті ДНҚ ға антидене деңгейінің жоғарлауы. Бірнеше уақыттан соң эрозивті симметриялы артрит және оң РФ қосылды. Соңғы 3 жылда науқаста қол білезік терісінің қатаюы және ісінуі, жұтынудың қиындауы, саусақ басында жаралар, дене массасының төмендеуі байқалды. Қандай емдік тактика дұрыс?

*+преднизолон 20 мг/тәул, метотрексат 7,5 мг/аптасына

* пульс-терапия метипредпен 1500 мг т/і тамшылатып

* циклофосфамид 600 мг/апт, преднизолон 60 мг /тәул

* преднизолон 120 мг/тәул плазмаферезбен

* пульс-терапия метипред500 мг және циклофосфамидом 600 мг т/і тамшылатып

! Әйел 21 жаста үдемелі шеткі бұлшықет әлсіздігіне және бұлшықет ауру сезіміне, қатты және сұйық тағам қабылданғанда түйілу, даусының қарлығуына шағымданды. Тексергенде тері жамылғысында гелиотропты бөрпе, ''көйлек симптомы'' және Готтрон симптомы оң, креатинфосфокиназа деңгейі және АНА жоғарлауы. Төменде берілген тактиканың қайсысы тиімдірек?

*+пульс-терапия метипредпен 1500 мг т/і тамшылатып

* циклофосфамид 600 мг/апт, преднизолон 60 мг /тәул

* преднизолон 50 мг/тәул плазмаферезбен

* преднизолон 100 мг/тәул парентеральды, метотрексат 7,5 мг/апт

* пульс-терапия метипредпен 500 мг және циклофосфамид 600 мг т/і тамшылатып

! Қол аяқ бұлшықеттерінің айқын әлсіздігі бар 24 жастағы әйелде анықталды: периорбитальды ісіну, бетінде және мойнында алқызыл түстес эритема, аңқа және дауыс байламдарының ісінуі; шеткі

бұлшықеттің проксимальды бөліктерінің көлемінің үлкеюі және қамыр тәрізді болуы. Миоглобин, креатинфосфокиназа, миоглобинурия деңгейінің жоғарлауы. Берілген асқынулардың қайсысы бірінші кезекте болуы мүмкін?

* ойық жаралар

* дистрофия

* өкпе абцессі

*+аспирационды пневмония

* жүрек жеткіліксіздігі

Жүйелі васкулит» тақырыбы - 15 тест

! Алып жасушалық артериттің клиникалық диагнозын дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісі жүргізіледі?

* ангиография

* ұйқы артериясына УДЗ

*+самай артериясынан биопсия алу

* сыртқы ұйқы артерия тармағына реография

! 16 жастағы науқаста суық тигеннен кейін крапивница, жамбас бөлігіндегі және аяқ терісінде ортасында неекроз бар мономорфты симметриялық папулезды-геморрагиялық бөртпе пайда болған, температурасы 39С жоғарылаған. Бір аптадан соң бел аймағында ауру сезімі мен зәрінің күңгірттенуі пайда болды. Қан анализінде: лейк-18 мың. ЭТЖ-54 мм/с, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторының деңгейі 3 есе жоғарылаған., СИА тест-оң.зәр анализінде - протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Бұл кандай ауру?

* Тромбоцитопениялық пурпура

* микроскопиялық ангиит

* Виллебранд ауруы

*+Шенлейн-Генох ауруы

* Рандю-Ослер ауруы

! 65 жастағы науқас басының оң жақ бөлігінің қатты ауру сезіміне,оң жақ көзінің көруінің төмендеуіне,иық бұлшық етінің ауру сезіміне,арықтауына шағымданады. 3 жылдан бері ауырады. Кейінірек оң жақ бетінің ауру сезімі мен парестезиясы қосылды. Жағдайы ауыр,оң жақ бетінің жарты бөлігі қолымен фиксацияланады, оң жақ самай артериясы сипағанда тығыз,пульсациясы әлсіз, АҚ - 140/70 мм. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Окулист: Көру нервінің атрофиясы. Емдеу тактикасы қандай?

* преднизолон дозада1 мг/кг 1 ай

* гепарин

*+преднизолон 2 мг/кг жағдайының жақсаруына деиін, содан кеиін дозасын төмендету.

* циклофосфан преднизолонмен бірге

* трентал

! 40 жастағы ер адам сол жақ аяғының төменгі бөлігіндегі жараға байланысты 1 ай көлеміндегі ем нәтижесіз. 1 жылдың көлемінде науқас созылмалы синуситпен ауырады, жақын арада өршу пайда болды.Науқасты субфебрилитет, қақырықсыз жөтел және сол жақ қолының сезімталдығының жоғалуы мазалайды.Тексергенде температура 38 С, АҚ 150/90 мм рт. ст.,сол аяғының төменгі бөлігіндегі жара, пальпациялағанда синустың ауру сезімі,сол қолының сезімталдығы төмендеген.Кеуде қуысы ағзаларыпатологиясыз. Рентгенде екі жақты созылмалы жоғарғы жақ синуситі және өкпеде екі жақты инфильтрат.Лабораторлық тест: гематокриттік сан 35 %, лейкоциттер 12 000/мл, тромбоцит 490 000/мл, ЭТЖ 92 мм/с. Биохимиялық тесттер қалыпты, креатининнен басқасы 1,6 мг/дл. Зәр анализі: протеинурия 1+, орташа гематурия. Емді қай препараттан бастау керек?

* Преднизолон 2 мг/кг/тәулігіне ұзақ уақыт қолдану

* циклофосфан преднизолонмен бірге дозада 0,5 мг/кг/сут

* пульс-терапия метилпреднизолонмен

*+циклофосфан преднизолонмен бірге 1 мг/кг/сут

* азатиоприн монотерапия 1 мг/кг/сут

! 24 жастағы ер адам дене температурасының 38С жоғарылауына, буындарының ауруына және ісінуіне, ұмасының ауруына және арықтауға шағымданады. Антибактериалды терапиядан нәтиже жоқ. ЭТЖ – 55 мм/ч. 3 апта бұрын үнемі іштегі ауру сезімі пайда болды. Лапароскопияда аш ішектің бүрлерінің инфаркты анықталды. қандай диагноз болувнвң ықтималдылығы ең жоғары?

* Бехчет ауруы

* Бюргер ауруы

* Такаясу артериит

* Хортон артериит

*+Түйінді полиартериит

! 36 жастағы әйел қызбаға, буындарының ауруына, геморрагиялық бөртпеге және аяғындағы жараға, мұрынының қанауына, жөтелге, қан қақыруға, ентігуге шағымданады. Объективті: жаралық-некротикалық ринит, Рентгенде өкпесінде- бір бұзылу ошағы бар көптеген инфильтрация байқалады. Қандай иммунологиялық тексеру қажет?

* РФ оң

* АНА оң

*+ц-АНЦА оң

* анти-РНП оң

* анти-ДНК оң

! 45 жастағы әйел ұзақ уақыттан бері аллергиялық ринитпен, ауыр ағымды демікпемен ауырады. Соңғы уақытта 30 тәулік преднизолон қабылдаса да қайтпайтын уртикарлы бөртпе пайда болған; дене қызуы 38С қа жоғарылаған, арықтаған. Қан анализінде эозинофилия (12%) және ЭТЖ - 55 мм/ч. 3 апта бұрын жүрек аймағында ауру сезімі, тахикардия, (носки) типті нейропатия. Кай диагноз дұрыс?

* Эозинофилды лейкоз

*+Чарга-Строусс ауруы

* Гудпасчер ауруы

* Хортон ауруы

* Бехчет ауруы

! Вегенер гранулематозды аурумен ауыратын әйелде жаралы некрозды ринит және пулмониттің кері дамып, жазылып, жағдайының жақсаруы байқалады. ЭТЖ қалыпты, циклофосфамид 100 мг/сут және преднизолон 20 мг/сут 6 ай болйы қабылдаған. цАНЦА деңгейі жоғары сақталған. Қандай емдеу тактикасы ең тиімді?

* преднизолонды ауыстыру

* лефлуномидпен курсты бастау

* циклофосфамидтің дозасын төмендету

* циклофосфамидті метотрексатқа ауыстыру

*+циклофосфамидті сол дозада қалдыру

! 23 жастағы әйел вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін ірі буындарының ауру сезіміне, ифқ аймағындағы миалгияға, субфебрилитет,арықтау. Кейінірек мұздау, қолының ұйып қалған сезімі және қолдағы әлсіздік, сол жақ тәждік артериясының пульсациясының бірден төмендеуі. Сол қолдың АҚ анықталмайды. Қандай препаратты тағайындац ең тиімді?

* Азатиоприн

*+Преднизолон

* Индометацин

* Циклофосфан

* Пентоксифиллин

! 75 жастағы ер адам соңғы 2 айда сол жақ бетінің жарты бөлігінің ауру сезіміне, иық бұлшық етінің ауруына, құрысу сезіміне, температура 39С, шағымданады. Об-ті: тері үстінде тығыз және ауру сезімді қантамыр байқалады. СОЭ - 55 мм рт. ст.

Қандай диагноз болу мүмкіншілігі ең жоғары?

* Дерматомиозит

* Такаясу артерииті

*+Хортон артерииті

* Түйінді полиартериит

* Ұйқы артериясының атеросклерозы

! 25 жастағы ер адам температурсының 39С дейін жоғарылап, жедел ауырған. Ентігіп, қанмен жөтелген, ісінген. Рентгенде екіжақты өкпе тіндерінде инфилтрация. Қан анализінде: гемоглобин – 82 г/л, ЭТЖ - 60 мм рт. ст. Креатинин – 185 мкмоль/мл. зәр анализінде: эритроциты – 20-25көру алаңында. АНЦА –теріс.

Қандай диагноз болу ықтималдығы ең жоғары

* Туберкулез

*+Гудпасчер синдромы

* Вегенер гранулематозы

* Түйінді полиартериит

* жедел гломерулонефрит

! Әйелде криоглобулинемиялық васкулит және мезангиопролиферативті гломерулонефрит, метилпреднизолон және плазмаферезбен пульс-терапия жүргізгеніне қарамастан, 2 апта көлемінде протеинурия до 1,5 г/тәу. сақталады. қандай препарат тағайыдаған жөн?

* Хлорбутин

* Сарколизин

* Интерферон

*+Циклофосфамид

* Пентоксифиллина

! 45 жастағы ер адам көп темекі шегеді, балтыр бұлщықеттің ауру сезіміне, табанының мұздауына? онихомикозға шағымданады. Жүрген кезде ауру сезімі интенсивті, ал тыныштықта басылады, Қарап тексергенде алақан терісінің атрофиясы, трофикалық жара, Реовазографияда – төменгі аймақтың магистралды қан ағысының төмендеуі. Кай диагноз болуы ең ықтимал?

* Тромбофлебит

*+Бюргера ауруы

* Түйінді полиартериит

* Диабеттік нейропатия

* Аяқтарының артерияларының атеросклерозы

! 21 жастағы әйел суық тигеннен кейін әлсіздік, қызба, миалгия, артралгия пайда болды. АҚ -160\100. Абдоминалды ауру сезімі мононеврит мазалады. Зерттеу кезінде: лейкоцит - 16 тыс., таяқшаядролы – 7%, СОЭ - 53 мм/ч.; креатинин – 1,6 мг/дл. HBsAg -оң, ПЦР HBV ДНК –оң; протеинурия - 0, 24 г/л. Абдоминалды ангиограммада көптеген микроаневризмалар анықталды. Кіші және орта қантамырларда окклюзия және стеноздар анықталды?

* Вегенер гранулематозы

*+Түйінді полиартериит

* геморрагиялық васкулит

* Черджа – Строусс синдром

* криоглобулинемиялық васкулит

ССА-13

 

! Жүйелі склеродермияның патогенезінде қайсы процесс ең маңызды

*+вазоспастикалық бұзылыс және фибрилло түзілімінің жоғарылауы

* сүйектің синовиалды қабығына қарсы аутоиммунды процесс

* сүйек кемігінің аутоиммунды зақымдалуы

* жүректе, теріде, бүйректе иммунды комплекстердің жинақталуы

* Т-лимфоциттердің дәнекер тініне аутоиммунды реакциясы

! 20 жастағы ер адам сол жақ тізе буынының ауруына және ісінуіне, жиі дәрет сындыруына, уретрадан қоймалжың шырышты бөліндінің бөлінуіне шағымданады. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы дифференциалды диагностика жүргізуге тиімді?

* Антистрептолизин-О анықтау

* Райт және Хаддлсон реакциялары

* Ішектік иерсиниозға РПГА

* Сифилиске серологиялық тексеру

*+Гонококкқа бактериологиялық тексеру

! 22 жастағы ер адам сол жақ тізе және тобық табан буындарының ауруына және ісінуіне, жергілікті қызаруына, жиі дәрет шығууына, уретрадан қоймалжың шырышты бөліндінің бөлінуіне шағымданады. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, ПТР C. trachomatis –оң. Мелоксикаммен ем бастаған. Төмендегі препараттардың қайсысын қосымша тағайындау қажет?

* Ципрофлоксацин

* Амоксициллин

* Эритромицин

* Гентамицин

*+Ровамицин

! 22 жастағы ер адам сегізкөздегі басып ауру сезіміне, арқасына берілетін, қозғалған кезде басылатын, тыныс алғанда жағымсыз сезімге шағымданады. Бірнеше апта бұрын офтальмологқа увеитке байланысты емделген. Объективті: Томайер тесті – 15 см, Шобер сынамасы – 4 см. төмендегі диагноздардың қайсысы сәйкес?

* Псориаздық спондилоартрит

*+Анкилозирлеуші спондилоартрит

* Кеуде омыртқасының остеохондрозы

* Бруцеллезді этиологиялы созылмалы спондилоартрит

* Туберкулезді этиологиялы созылмалы спондилоартрит

! 45 жастағы ер адам сол жақ тізе буынының ауруына және ісінуіне шағымданады. Бір ай бұрын жедел дизентериямен ауырған. Объективті: сол жақ тізе буынының дефигурациясы, терісінің қызаруы. Қан анализінде: эр-4,2 млн., лейк -11 тыс., ЭТЖ - 26 мм/сағ. 3 ай көлемінде қабылдаған диклофенактың әсері болмады. Қандай препарат емге қосу қажет?

* Ципрофлоксацин

*+Сульфасалазин

* Преднизолон

* Сирдалуд

* Тималин

! 20 жастағы ер адам жарты жыл бұрын басталған тізе және тобық табан буындарының ауру сезімі және ісінуі мазалайды. Бір ай бұрын ауру сезімі кеуде қуысында, омыртқаның бел бөлімінде, сол жақ жамбас буынында басталған. Об-ті: ауру сезімі омыртқа бойымен. Сол жақ жамбас буынының және омыртқаның бүгілуі ауру сезімінің әсерінен қиындайды. Сол жақ кеуде-иық байламының деформациясы. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* Рейтер ауруы

* ревматоидті артрит

* туберкулезді спондилит

*+анкилоздаушы спондилоартрит

* кеуде омыртқаның остеохондрозы

! 24 жастағы ер адам тізе және тобық табан буындарының ауруына, ісінуіне және қимылының шектелуіне, температура 38,5С жоғарылауына, ауру сезімімен дәрет шығаруына шағымданады. Об-ті: сол жақ тізе және тобық табан буындары ісінген, ұстағанда ыстық, пальпацияда ауру сезімді, сіңір және оң жақ табан сүйегі ауру сезімді. Қан анализінде: Нв-130 г/л, эр-3,8 млн., лейк-10 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ, СРБ (++). РФ латекс тестінде 1:10. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс?

* алтын препараттары

* цитостатик

* аминогликозид

*+аминохинолин

* глюкокортикоид

! 45 жастағы ер адам сол жақ тізе және табанының ауруына, ісінуіне шағымданады. Бір ай бұрын жедел дизентериямен емделген. Об-ті: сол жақ тізе буынының және оң жақ табан буынының дефигурациясы, терісінің қызаруы. Қан анализінде: эр-4,2 млн., лейк -11 мың., ЭТЖ - 26 мм/сағ. Төмендегі диагноздың қайсысы ең ықтимал?

*+реактивті артрит

* септикалық артрит

* ревматоидты артрит

* подагралық артрит

* ревматикалық қызба

! 35 жастағы ер адам омыртқаның бел-сегізкөз аймағының, оң жақ тізе буынының, сол жақ білектің екінші саусағының ауру сезіміне, терідегі бөртпеге шағымданады. Об-ті: бастың шаштың бөлігінде, білек буынында гиперкератоз ошақтары гиперемия пайда болған. Сол жақ білектің екінші саусағы қысқарған, қызарған, сосика тәрізді конфигурацияда. Аяқ тырнақтарының түсі солғын (тусклые), кейбіреуінде нүктелі ойықтар (вдавления) бар. Төмендегі диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

* Бехчет ауруы

* Каплан синдромы

* Бехтерев ауруы

* реактивті артрит

*+псориаздық артрит

! 20 жастағы ер адам бір апта бұрын сол жақ жамбас-бөкселік, тізе буындарында ауру сезімі пайда болған. Об-ті: шап аймағындағы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда сезімтал. Сол жақ тізе буыны деформацияланған, ұстағанда ыстық, пальпациялағанда ауру сезімді. Фабер симтомы сол жағында оң. Ахил сіңірін ұрғылағанда ауру сезімді. Қан анализінде: лейкоциты - 10 мың, ЭТЖ-30 мм/сағ. Микроскоппен қарағанда зәр қалдықтарында - лейкоцитурия.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы тиімді?

* Ваалер-Роз реакциясы

* С-реактивті протеин

* Зәр қышқылының деңгейі

*+C. Trachomatis ке антидене анықтау

* Стрептококкқа қарсы антидене титрі

! Тобық табан буынындағы моноартрит, уретрит пен бір жақты алдыңғы увеиті бар ер адамда иммуноферментті анализде хламидиялық антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Уретрадан алынған жағындыда хламидия оң. Төмендегі этиотропты емнің қайсысы тән?

* флогэнзим

* линкомицин

* амоксициллин

*+кларитромицин

* бензилпенициллин

! 40 жастағы ер адам физикалық жүктемеден соң басылатын, көбіне таңертеңгілік уақытта мазалайтын бел аймағының ауру сезіміне және құрысуына шағымданып келді. Бір ай бұрын омыртқаның кеуде бөлімінде ауру сезімі мен қозғалудың шектелуі пайда болған. Об-ті: тәбеттің төмендеуі, бел аймағында лордоздың тегістелуі. Қан анализінде: Нb – 110 г/л, ЭТЖ - 35 мм/с. С- реактивті белок - 18 мкмоль/л. Рентген көрінісінде: сегізкөз-шап буынның тарылуы, субхондриалды склероз, эрозиялар. Төмендегілердің қайсысын базисті ем ретінде тағайдындаган жөн?

*+Цитостатик

* кортикостероидтар

* золота препараттары

* иммуномодуляторлар

* стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

Подагра ОА

! 55-жастағы әйел тізе буындарының алғаш басқанда (стартты) ауыруына шағымданады, зерттеу кезінде несеп қышқылының деңгейі - 0,47 мкмоль/л. Буындары өзгермеген, тофустар анықталмайды. Тізе буындарының рентгенограммасында сүйек буындары өзгеріссіз.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* Реактивті артриттің

* Бруцеллезды артриттің

* Подагралық артриттің

*+Асимптомдық гиперурикемияның

* Остеоартроз кезіндегі екіншілік синовиттің

! 56 - жастағы әйел бірнеше жылдан бері тізе буындарының артрозымен хондропротекторлар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен ем қабылдайды. Зерттеу кезінде: қанда несеп қышқылының деңгейі аздап, 500 мкмоль/л жоғарлағаны анықталды. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының біркелкі емес тарылуы, субхондральды склероз.

Емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* Димексидті қосу

* Колхицинді тағайындау

* СЕҚҚ препараттардың мөлшерін жоғарылату

* Аллопуринол тағайындау

*+Хондропротекторлармен емді жалғастыру

*Диуретиктер қабылдайтын 57 - жастағы әйелде, кенеттен 1-ші плюснефалангалық буынында ауырсыну пайда болып, буыны гиперемияланып, ісінген, дене қызуы 37,8°С дейін жоғарлаған. Қанда – лейкоциттер – 9,2х109/л.

Төменде көрсетілген препараттар тобының қайсын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

* Антибиотиктерді

* Кортикостеройдтарды

* Базисті қабынуға қарсыларды

* Селективті ЦОГ-2 ингибиторларды

*+Селективті емес стероидты емес қабынуға қарсыларды

! 47 -жастағы ер кісіде 8 жыл бұрын оңжақ 1-ші плюснефалангалық буынының жедел артриті дамыды. Сонан бері плюснефалангалық буынының ұзақ жүрген кезде күшейетін ауырсынуы мазалайды. Қарағанда; оңжақ тізе табан буынының дефигурациясы және оң жақта halux valgus үлкейгені анықталды. Қан анализінде – лейкоциттер 9,2х109/л, ЭТЖ -21 мм/сағ. СРБ +. Холестерин 6,6 ммоль/л, несеп қышқылы – 440 мкмоль/л. РФ латекс-сынама – 1:20.

Берілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін:

* Остеоартроз

* Реактивті артрит

* Бруцеллезды артрит

* Псориатикалық артрит

*+Созылмалы подагралық артрит

! Соңғы 7 жыл көлемінде, 52 - жастағы ер кісіні ұзақ жүрген кезде күшейетін тізе, балтыр - табан, плюснефалангалық буындарының ауырусыну мазалайды. Өршуі жылына 2-3 рет емдәмді бұзғанда байқалады. Қарау кезінде: оңжақ тізе, балтыр- табан буындарының дефигурациясы, құлақ қалқанында тофустар. Несеп қышқылы – 790 мкмоль/л. РФ латекс-сынама – 1:20.

Емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* Хондроитин сульфат

*+Аллопуринол

* Преднизолон

* Азатиоприн

* Метотрексат

! 55 - жастағы ер кісіде, рентгенограммада сол жақ 1-ші және 2-ші, оңжақ 1-2-3-ші плюснефалангалық буындар саңлауының тарылуы, шеттік остеофиттер, субхондральды склероз, эпифиз аймағында сүйек жасушаларының дөңгелек формалы «пробойник» типті ағаруы анықталады.

Осындай рентгенологиялық сурет кандай патологияға БАРЫНША тән?

* Реактивті артритке

* Бруцеллезды артритке

* Туберкулезді артритке

* Псориаздық артритке

*+Созылмалы подагралық артритке

! 44 - жастағы әйелді, 5 жыл көлемінде тізе және шынтақ буындарының ісінуі, ауыруы мазалайды. Бір рет бүйректік шаншу мазалап, дизурия, бел аймағында ауырсыну қосылған. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы1002–1007, рН-5,0, протеинурия 0,9 г/л дейін, эритроциттер 5-6 дейін к/а, лейкоциттер 12–13 дейін к/а, ураттар +++. Тәуліктік несеп қышқылының экскрециясы 1230 мг/тәл.

Төмендегі зерттеу тәсілдердің қайсысын тағайындау БАРЫНША мәліметті?

* Іш қуысы ағзаларының жалпы рентгенографияны

* Экскреторлы урографияны

* Ретроградты урографияны

* Хромоцитоскопияны

*+Бүйректі УДЗ

! 56 жастағы ер адам 28-жасынан бастап рецидивирлеуші бүйректік шаншу және буындарындағы ауыру сезімі мазалайды. Көп мөлшерде етті тағамдар мен ішімдікті қолданғаннан кейін бірініші аяқ саусағында ауыру сезімі, қою зәр мазалайды. Келесі күні анурия пайда болды. Жағдайы ауыр, ісінулер, АҚҚ 150/90 мм сб. б. Креатинин – 932 мкмоль/л, зәр қышқылы – 784 мкмоль/л. УДЗ – тастар жоқ.

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША мүмкін пайда болды?

* зәртас ауруы, постренальді ЖБЖ

*+Жедел подагралық нефропатия, ЖБЖ

* созылмалы уратты нефрит, ЖБЖ

* жедел гломерулонефрит, ЖБЖ

* Жеделнефритикалық синдром

! Ревматоидты артритпен ауыратын ер адам ұзақ уақыт диклофенак, ибупрофен және циклоспоринді қабылдағаннан ісінулер пайда болды, зәрдің қарқынды қою түске боялуы, бел тұсында ауыру сезімі пайда болды. анализде: белок - 1,1 г/л, эритроциттер 15–20 к.а, лейкоциттер 5–6 к.а. Зәр қышқылының тәуліктік экскрециясы 1230 мг/тәу.

Науқаста қандай асқыну БАРЫНША мүмкін пайда болды?

* бүйрек амилоидозы

* Гломерулонефрит

*+екіншілік подагра

* Токсикалық нефрит

* зәртас ауруы

! 44 жастағы әйелде жарақаттан кейін түнде қатты ауырсыну, балтыр табан буынының ісінуі, гиперемия; қалтырау, 38°С дейін қызба пайда болды. Қанда – лейкоциттер 11,2 х 109/л., ЭТЖ – 34 мм/сағ.

Бұл жағдайда салыстырмалы диагностиканы жүргізу үшін берілген зерттеу тәсілдерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША мәліметті?

* Қанды стерильділікке себу

* С-реактивті белокты анықтау

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Фиброздаушы альвеолит | Ішкі аурулар» мамандығына арналған 1 страница


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных