Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КПЕ-БРОНХЫ ЖҮЙЕСШІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ




Тыныс мүшелерінің қүрылымы мен қызметі туралы жетік білмейінше өкпе ауруларьгаың, оның ішінде туберкулез аурының диагнозын дұрыс қою және емдеу жүргізу мүмкін емес.

Өкпе мен бронхылар тыныс жүйесінің бір бөлігі болып табылады, тыныс жүйесінің қүрамьша жоғары тыныс жолы, кеңірдек және тыныс бұлшық еттері де енеді. Фтизиатрия (оның ішінде фтизиопульмонология) негізінен өкпе, бронхы ауруларын, сондай-ақ, олардың ағымын асқындыратын плевра және кеуде қуысы лимфа бездерінің патологиясын зерттейді.

Өкпе кеуде қуысының негізгі бөлігін құрайды. Оң өкпе үш, ал сол өкпе екі бөліктен түрады. Бөліктерді бір-бірінен бөлікаралық саңылаулар бөліп тұрады: оң өкпе — қиғаш — (үлкен) және көлденең (кіші) саңылаулармен, ал сол өкпе — жалғыз қиғаш (үлкен) саңылаумен бөлінеді. Өкпе бөліктері бронхы-өкпе бөлік-шелеріне (сегменттерге) бөлінеді. Өкпе сегменті құрылымы мен функциясы жағынан оқшауланған құрылым болып табылады және оның өз меншігіндегі сегменттік бронхысы мен артериясы болады.

Клиникалық жағынан алып қарағанда, өкпе сегменті — өкпенің негізгі құрылымдық бөлшегі. Кеуде қуысының әртүрлі бөліктерінде орналасқан сегменттердің вентилляциясы және капиллярларда қан лимфа айналымы әр түрлі. Осыған сәйкес олар туберкулез және басқа аурулардың жиі пайда болуына зақымданудың түріне елеулі әсер етеді. Сегмент өзіне көршілес орналасқан сегменттен дәнекер тіннің қабатшасымен бөлініп түрады және өз алдына дербес бронхысы, артериясы бар 2(3) майда субсегменттерге бөлінеді, одан әрі қарай бронхиола, ұсақ артериялар бар бөлікшелерге, сондай-ақ ацинусқа және альвеолаға тарамдалады. Кіші бөлікшелердің көлемі — 1—2 см.

Ацинус өкпенің ең кішкене анатомиялық-функционалды қүры-лымы болып саналады, оның көлемі 3 мм.

анатомиялық номенклатура бойын-ша оң өкпеде 10, ал сол өкпеде 9 бронхы-өкпе сегменттері болады. Сегменттердің пішіні пирамвдаға немесе конусқа үқсайды, оның жалпақ түбі кеудеге, ал сүйір үшы өкпе түбіріне бағытталған.

Бронхылар негізгі, бөлікті, сегменттік, субсегменттік (яғни 1, 2, 3-4 қатардағы) және одан да ұсақ тармақтарға бөлінеді. Адам өкпесінде бронхы тармақтарының тармақталу саны 23—25-ке жетеді. Сегментарлы бронхыларды сегменттердің, қатар саньша сәйкес белгілеу қалыптасқан.

Бронхылар қабырғасының шеміршекті сақинасы болады, олар кілегейлі, фиброзды-шеміршекті және сыртқы қабыршақтардан тұрады. Кілегейлі қабыршақтың эпителийін әртүрлі жасушылар құрайды. Олардың ішінде кірпікті жасушалар бар, олар кірпіктердің көмегі арқылы бронхы қабырғасын астарлап түратын кілегейлі қабыршықты сыртқа ығыстырады, сондықтан олар бронхылардың дренажды "сыртқа шығарғыштық" қызметін атқарады кілегей шығаратын жасушалармен бірге, кірпікті жасушалар өкпе-нің алғашқы қорғаныс функциясын орывдайтын мукоцилиарлы аппаратты (бронхы сүйығының клиренсі) түзеді. Кірпікшелердің қозғалу қызметінің бүзылуы (әсіресе олардың қозғалмауы), брон-хылар мен өкпеде қабыну процестерінің пайда болуына колайлы жағдай туғызады. Бронхы бөлінділері түтқырлығының өзгеруі, оның жоғарылауы кілегей бөліндінің бөлініп шығуын қиывдатады және бездердің шығару түтігін тығындап тастайды, сөйтіп, муко-висцидоз ауруының пайда болуына жол ашады. Бронхы бөліндісіне ферменттер, айталық, іріңді қақырықтың протеолизі әсер еткевде бронхы эпителийі жасушаларының протеолизі де бірге өтуі мүмкін.

Ацинустың терминалды (латынша — Іегтіпаііз — соңғы) брон-хиолалары альвеолаларға барып үштасатын бірнеше респиратор-лық (латынша гезрігаге —- тыныс, демалу) бронхиолаларға бөлі-неді. Бронхиолалар және альвеолалар өкпенің респираторлы аймағын құрайды. Альвеолалардың қабырғасы арқылы ауа мен қан арасывда газ алмасу жүзеге асырылады. Бүл қабырға қорға-ныстық және иммундық қызмет атқарады. Альвеолалардың ішкі бетінің көп бөлігін 1-түрдегі эпителиоциттер құрайды, олардың негізгі қызметі — газ алмасу. Сондай-ақ олар альвеола қуысына капиллярлардан өтетін бөтен заттарға тосқауыл жасайды. Екі аль-веоланың түйіскен жерівде 2-түрдегі эпителиоциттер орналасады. Олар сурфактант түзіп, оны альвеоланың үстіңгі бетіне шығарады.

Сурфактант дегеніміз — беткі-белсенді қабық; ол альвеолалар-да, альвеола жолдарывда және респираторлы бронхиолаларда ауа — сүйық шекарасында орналасады. Сурфактант альвеола бетінің (оның көлемі өзгергенде) және өте үсақ, ауа өткізетін жолдардың үстіңгі жақтағы созылуын реттейді, олардың бүрісіп қалмауына кедергі жасайды. Сурфактанттың беткі-белсенділік қасиеті, өкпе-дегі кез-келген қабыну процесінде, оның ішінде туберкулез кезінде, өзгеріске үшырайды. Созылмалы өкпе гипертензиясы жағдайывдағы гипоксия, гиповентиляция сурфактант жүйесіне жағымсыз, қолайсыз әсер етеді. Сурфактанттардың синтезінің түқым қуалаушылық бүзылуында, альвеолалар мен бронхиолалар-да ерімейтін белокты бөлінді (секрет) жиналады, ол өкпеде қауіп-ті ауру-альвеоларлы протеинозды тудырады.

Альвеолалар капиллярлармен шумақталып оралған. Капилляр-лар торлары альвеолааралық қалқада, екі альвеола арасывда ор-наласады, ол газ алмасу үшін қолайлы жағдай жасайды. Капил-лярларды астарлап түратын эндотелий тасымалдау қызметінен басқа фагоцитарлық белсеңцілікке ие. Өкпе қанды қан айналымы-ның кіші шеңберіне жататын өкпе артерияларынан және қанайна-лымының үлкен шеңбері жүйесіне жататын бронхиалды артерия-лардан алады. Кіші шеңбер қан тамырлары жүйесі газ алмасуға қатысады, ал бронхы артериялары жүйесі — өкпе тінін қанмен жабдықтайды. Өкпе артерияларының тармақтануы бронхылардың тармақтануын қайталайды, соңдықтан артериялық сегмент өкпенің бронхиалды сегментіне сәйкес келеді. Өкпе артерияларының серпімділік (эластикалық) қүрылымы веналарға қарағавда айқынырақ дамыған, соңдықтан олар негізінен рентгенограммада өкпенің суретін көрсетеді.

Капиллярдан кейінгі тамырлар (посткапиллярлар) қавды ка-пиллярлардан венулаға, содан соң венаға жеткізеді, одан әрі

(әрбір өкпеден екеуден) қан вена арқылы жүректің сол қүлакшасына құйылады.

Бронхиалды артериялар қолқаның кеуде бөлігінен 2—4 бүтақ-шалармен таралып шығады да, өкпе түбірі арқылы бронхымен қабаттасып, бронхиолаларға дейін жетеді. Бронхиалды артерия-лардың капиллярлары өкпе венасына, бронхы венасына біраз қан өткізеді, олар осы қаңды сыңар венаға жеткізеді. Өкпе артерияла-ры мен веналарының сызба-нүсқасы 5-суретте берілген.

Өкпе артериясындағы орташа қысым — сынап бағанасы бойынша 15 мм, бронхы артериясында — 90 мм-ге тең.

Өкпедегі аймақтық қан ағымы статикалық ықпалға бейімдел-ген. Дені сау адамдардың тыныш, қозғалыссыз күйінде өкпенің жоғарғы аймағывда қан ағымы өте төмен, соған байланысты қан тамырларының тонусы (серпімділігі) да төмендейді. Орталық аймақта қан ағымы артады, ал өкпенің төменгі аймағында ол ең жоғары деңгейге жетеді. Өкпенің әртүрлі сегменттерінде аймақтық қан ағымының, ауа алмасуының (вентиляциясының) ерекшеліктері әртүрлі сегменттерде патологиялық процестердің дамуына әсерін тигізеді.

Өкпенің лимфа жүйесіне лимфа түйіндері және лимфа тамыр-лары жатады. Лимфа торы беткі және тереңде орналасқан лимфа торы болып бөлінеді. Беткі лимфа торы өкпенің қыртыс бөліктеріндегі тамырлардан түзіледі, олар лимфаны плевра лимфа тамырларына және өкпе түбірівдегі лимфа түйіндеріне бағыттайды. Тереңде орналасқан лимфа торы арқылы лимфа өкпе түбіріне, содан соң тікелей немесе лимфа түйівдер арқылы көкірек өзегіне ағады.

Өкпеде патологиялық процестердің пайда болуын және оның даму жолдарын түсіну үшін олардың лимфа жүйесі бойынша өкпе бөліктері мен оның сегменттеріне сәйкес келетін лимфа түйін-деріне таралуының ықтимал жолдарын білу қажет. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің лимфасы кеңірдекті-бронхылы, бронхылыпуль моналды және паратрахеалды топтардың лимфалық түйініне өтеді, ал орта бөліктен бронхыпульмоналды, кеңірдекті-бронхылы топтардың, төменгі бөліктен бифуркациялы және кенірдекті-бронхылы топтардың түйіндеріне келіп түседі. Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің лимфасы әуелі кеңірдекті-бронхылы, әрі қарай паратра-хеалды лимфа түйіндерге, тілше сегменттерден-бифуркациялы және кеңірдекті-бронхылы лимфа түйіндерге, төменгі бөліктен бифуркациялық, одан әрі көкіректің артқы жағывдағы лимфа түйіндеріне ағады.

Өкпе плевраның висцералды жапырақшасымен қапталған, ол өкпе түбірі аймағывда кеуде қуысын астарлайтын париеталды (қабыр-ғалық) плевраға үласады. Плевра жапырақшаларының арасывда сүйық толған саңылау типтес түйық қуыс сақталады. Плевралды жапырақшалар мезотелиалды жасушалардан,коллагенді және серпімді талшықтардан қан тамырлары мен лимфа тамырларына бай қабаттан қүралған. Висцералды плевра өкпе және бронхы артери-ялары жүйелерінен шыққан қанмен қамтамасыз етіледі.

Өкпенің ең негізгі қызметі — қавды оттегімен қанықтыру және көмірқышқыл газының, басқа да зат алмасу өнімдерінің артығын сыртқа шығару болып табылады. Атмосфера мен өкпе капилляр-лары арасындағы газ алмасуы сыртқы тыныс алу деп аталады.

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ ТӘСІЛДЕРІ

Өкпе туберкулезінің клиникалық белгілері әр алуан және осы ауруға тән тікелей белгілері болмайды. Осыны, әсіресе сыртқы қоршаған ортаның өзгеруіне адам организміне бірнеше қайтара әртүрлі егілген вакциналардың, сарысулардың, антибиотиктердің әсеріне сонымен қатар туберкулез қоздырғышы қасиетінің өзге-руіне байланысты туберкулездің қазіргі патоморфозы жағдайывда әрдайым есте үстаған жөн.

Сүрастыру әдісі, тексерудің физикалды тәсілдері (көзбен көріп тексеру, перкуссия және т. б.) тьшыс оргаңдары туберкулезінің бар екендігіне тек қана күдік тудырады. Өкпе және басқа орган-дар туберкулезін ерте және дер кезінде анықтау үшін арнайы зерттеу тәсілдері қолданылуы қажет.

Туберкулезді анықтау, дифференциалды диагностика жүргізу және аурудың өту ағымына баға беру үшін шешуші мәні бар, негізгі арнайы тексеру тәсілдері мыналар: микробиояогиялық тәсілдер, туберкулин сынамаларын қолдану (туберкуливдік диаг-ностика) және интраскопиялық деп аталатын тәсілдер, бүған бар-лық рентгенологиялық тәсілдер, трахеобронхоскопия енеді; соны-мен қатар ультрадыбыс көмегімен тексеріс жүргізулер. Бұл тәсіл-дердің барлығы инвазивті емес болып саналады, және тексеріс-терді науқас жақсы көтереді. Кейде олар диагнозды дәлелдеуге жеткіліксіз болады. Бүл жағдайда инвазивті яғни, хирургиялық диагыостикалық әдістерді қолдану қажет. Аталған тәсілдердің не-гізгі мақсаты — гистологиялық, цитологиялық, микробиологиялық зерттеулер үшін биопсия материалдарын алу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных