Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Жер ресурстарын экономикалық тұрғыда бағалау.




1. Жер ресурстары.

2. Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы.

3. Қазақстан топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы.

4. Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау әдістері.

Жердің химиялық құрамы және қасиеттері. Жердегі су ресурстарының сипаттамасы. Жер ресурстарын қорғау және сапалы пайдалану. Топырақ жамылғысының осы заман жағдайы.

Қазақстан топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы.

Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау әдістері.

Қоршаған ортанын химиялық ластануының кейбір түрлері казіргі кезде глобальды экологиялық проблемаларды туғызып отыр. Олар жер шарындағы жиі-жиі байқалып отырған "Жылу эффектісі", "Озонның жүқаруы", "Қышкыл жауындар", "Фотохимиялық түмшалар" және осылардың әсерінен туындайтын аурулар. Адам баласы әсіресе, атмосфера (ауа бассейіні) ауасының ластану көздерін тереңірек білгені жөн. Жоғарыда біз, атмосфераның лас-тануына жалпы сипаттама берсек, ендігі жерде оған толығырақ тоқталуды жөн көрдік. Оның себебі, барлык зиянды заттар атмосфера арқылы түрлі химиялық қосылыстарға айналып, газ, сүйық немесе коспа түрінде топырақ, суға косылып, одан адам организіміне түседі. Атмосферадағы тіршілікке қажетті барлық процестер оның тропосфера қабатында жүреді. Оның жер бетінен қалындығы 10-18 км. қашықтықты (қалыңдықты) қамтиды. Енді біз жекелеген зиянды заттардың өзіне жөне коршаған ортаға тигізетін әсеріне тоқталамыз. Көміртегі оксиді (СО2) және монооксид (СО). Жалпы отын жакқан кезде көміртегінің екі газы түзіледі. Екеуі де ластағыш газдар. Оның бірі көміртегі диоксиді - улы емес, ал монооксид улы болып келеді. Ол адамның канындағы гемоглобинмен өте тез қосылып зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады. Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтиже-сінде, кеміртегі оксиді әрбір 10 жыл сайын 2 %-ке өсіп, атмосферада жылу эффектісін туғызуда. Ад жылу эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, түрлі экологиялық апаттардың (мүхиттардың көтерілуі, ауа райының өзгеруі, кдуіпті циклондар мен цунамилар, шөлейттену, өрттер, т.б.) тууына себеп болып отыр. Аталған газдармен қатар метан, азот оксиді, озон, т.б. газдар күн сәулесін жер бетіне кедергісіз жібергенімен, ал жер бетінен космос кеңістігіне кететін үзын толкынды жылу сәулелерін өткізбей, көмір қышқылы газдарының кызып, жалпы атмосфера шегінде жылу процесін тездетуде. Мәселен, XIX ғасырдың 20-жылдарында көмір Қышқылы газының атмосферадағы мөлшері 0,029 % болса, ал 90-жылдары - 0,035 %-ке жетіп, 20 %-ке көбейіп отыр. Бүл көрсеткіш БҰҰ-ның зерттеулері бойынша 2000 жылдары 30 %-ке жетпек. Ол жағдайда жер шарының орташа температурасы 0,1°С-қа, ал 2005 жылдары екі есеге өсе түсетіні дәлелденген. Осы мәліметтерді компью-терлік жүйе арқылы есептегенде жер шарының орташа температу-расының өсуі жақын жылдары 1,5-4,5°С-қа жетуі әбден ықтимал. Жер шарының осылайша жылып кетуі дүниежүзілік мүхиттардың деңгейін 1,5 метрге көтеріп, планетамызда "топан су" каупін туғызары сөзсіз. Мұхиттардың деңгейінің көтерілуі адамзат үшін кауіпті проблема. Міне, осының бәрі жылу эффектісінің әрекеті болғандықтан оның жүру механизмін бәріміздің де білгеніміз жөн. "Озонның жұқаруы". XIX ғасырдың 80-жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жүқаруы байқалған. Мәселен, 1987 жылы Антарктида түсында байкалып озонның мөлшері күрт азайып, (космостық станциясының фотосуреті бойынша) ол 7 млн км2 аумақты қамтыған. Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка түсында байқалған. Осыған байланысты БҮ¥ жанынан ғылыми кеңес қүрылып "озонның жүқару" себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі - хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды. Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға үшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады. Нәтижесінде озонның жүқару процесі басталып, Космостан келетін зиянды ультракүлгін (УК) сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ВОЗ) үйымының мәліметі бойынша атмосферадағы озонның 1 %-ке азаюы қауіпті ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған. Сол сияқты УК сәуленің жерге көбірек өтуі адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жүқпалы ауру-лардың мендеп кетуіне жол ашатыны дәлелденіп отыр. Осыған орай, 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конвенция қабылданды. Оның мақсаты - озон қабатын бүлдіретін заттарды шығаруды тежеу немесе тоқтату. Осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар үжымы еңбек етуде. Қышқыл жауындар - атмосфераға байланысты қазіргі кезендегі үлкен проблема. Оның негізгі көздері күкіртті ангидрид (SО2) пен азот тотығы (NO, азот қос тотығы NО2), және азот тетраоксиді (Sі2О4). Күкіртті ангидрид. Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт ангидриді ауаға түседі. Мәселен, 1 млн тонна көмір жаккан кезде 25 мың тонна күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, оның күкірт тотығы ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп, оттегімен тотығып әрі су буымен қосылып одан күкірт қышкылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар түмандыктар жауын түрінде биосфераға түсіп кауіпті зиян келтіре бастайды. Сол сияқты отынды жаққан кезде де күкірт қышқылы түзіліп, ауа ағысымен алыс жерлерге жетіп, күтпеген аймақтарда да фауна мен флораға, адам баласына зиян келтіріп отырады. Азот оксидтері. Азоттың қосылыстары атмосфераға көбінесе орман-дардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар төңірегінде жинакталады. Жалпы атмосфераға азот кышқылының 95 % көмірді пайдаланғанда бөлінеді. Оның 40 % автокөлік, 30 % электростанциялар, 20 % өндіріс орындарында қазба отындардың үлесіне тиеді. Нәтижесінде, жер шары бойынша жыл сайын атмосфераға 60 млн. тонна азот оксиді шығарылып отырады. Ол одан әрі су буымен реакцияға түсіп, азот қышқылын түзеді. Азот қышқылы табиғатта нит-раттарға айналып, одан жауын қүрамында жер бетіне түседі. Нәтиже-сінде, бүкіл тіршілікке зиянын тигізеді. Адам баласы азот оксидтеріне душар болған жағдайда тыныс жолдарының қабыну, бронхит, ентікпе және өкпе-тыныс жолдарының ауруынан зардап шегеді. "Смог" (улы тұман). Смог ағылшын сөзі, түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, басқа да қажеттіктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Түманның 2 типі бар. Лондондық түман типі - негізгі көзі көмір мен мазутты пайдалан-ғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бүл қүбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Мәселен, 1952 жылы ауа бассейінінде (үстінде) улы қара тұмандық (смог) 2 жүма бойы түрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон түрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т.б. жылдары зардап шекті. Фотохимиялық тұман. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға үшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық түманнан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдарды күрап күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық түман алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бүл қүбылыс Нью-Йорк, Токиң Сеул, Афин, т.б. Қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім. Жоғарыдағы фактілер қоршаған ортаның химиялық ластануы түрінде сипат алып, бүкіладамзат қауымын алаңдатып отыр. Оның зардаптары төмендегі жинақталған кестеде көрсетілген (1-кесте).

 

1-кесте Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестес

№   Химиялык ластану түрлері Табиғи ортаға тигізетін өсері Адамға тигізетін зардабы
  Ауыр металдар Автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға кыскартады
  Қышкыл жауындар Көмір кышқылының көбеюі, оттегінің азаюы Адам баласына зияны тиеді, сонымен катар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді
3. Радиация Химиялық улы заттардың ауаға жиналуы Адам баласы сөуле ауруына ұшырайды
4. Биологиялық, бактерия-лык жолмен ластану Биологиялық кару сыналған жер (Қазақстанда Арал теңізінде) Адам биологиялық ластанудан оба, шума, алапес, т.б. ауруларға шалдығады
5. Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау Озон кабатының жұкаруына байланысты ультракүлгін сәулелер тіршілікті жояды

Дәріс №12






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных