Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 16 страница




С.Меңдешев (жалғасы): «Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, «Алашорданың» орталығымен ешқандай байланыс пен ынтымақтастық болмаған, керісінше «Алашорданың» батыс бөлімі Орал казактарымен тығыз байланыста болған, атаман Толстовпен біріге отырып Кеңес өкіметіне қарсы күреске қатысқан өздерінің әскери бөлімшелерінен жазалаушы экспедиция жасақтаған. Оларды – большевиктерді қолдау пиғылын танытқан жаңадан қоныстанған поселкелер мен қазақ ауылдарына аттандырып отырған, ал олар болса ойларына келгендерін істеп баққан. «Алашордашылар» большевиктерге қарсы төтенше комиссия құрған, бұл комиссия өздерінің қатал әрекеттерімен жергілікті халықты дүрліктірген. Досмұхамедовтер казактарға Кеңес өкіметінің төтенше комиссары Андрей Латышты опасыздықпен ұстап берген, Латыш 1918 жылдың көктемінде Орал облысына жіберілген болатын. «Алашорданың» батыс бөлімі Колчакпен, Деникинмен жақын байланыста болған. Колчак «Алашорданың» батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеп, мақтау қағазын және көптеген қаражат берген. Деникин алашордашылар алып келген шикізатқа киім-кешек, өнеркәсіп заттарын ауыстырып берген. Екінші рет Деникинге жіберілген полковник Сархарджин (-?) «Алашорданың» батыс бөлімі кеңестер жағына шыққанға дейін оларға барып үлгере алмады. Жеке адамдардың айтуы бойынша полковник Сархарджин Жылқосы төңірегінде болған, оған Досмұхамедовтер арнаулы адам жіберген... 4) Казактармен ауыз жаласуға және бірігіп қызмет етуге ұмтылған Халел Досмұхамедұлы еді. Ал Жанша Досмұхамедұлы жергілікті халықты қорғап, казактардың ұрып - соғуына өзінше тойтарыс беруге тырысқан. 5) «Алашорданың» батыс бөлімінің кеңес өкіметі жағына өтуіне, казактардың Орал жерінен қашуы себеп болды, бірақ та «Алашордашылар» кеңес өкіметінің барлық істерін қолдай қойған жоқ, олардың қолдаудан басқа амалдары да жоқ еді. 6) Алашорданың батыс бөлімінің кейбір жақтаушылары: Жаһанша Досмұхамедұлын кеңес өкіметі хан қылып сайлады және де жергілікті жерді «Алашорданың» батыс бөлімі басқарады – деген жалған пікірді таратуға тырысқан. Ал жергілікті адамдар бұл жайды түсіне алмай дал болуда. Жоғарыда баяндалған барлық жағдайды ескере отырып, әскери революциялық комитет пен Әскери комиссияға (қазақ өлкесіндегі) «Алашорданың» күштерін пайдалануға байланысты төмендегілерді баяндайды:

а) «Алашорданың» батыс бөлімінің белсенді басшыларына ешқандай жауапты лауазымдық жұмысты тапсыруға болмайды. Қызылқоғадағы әскери бөлімді тез арада тарату керек. Казактарға болысқан, олармен ауыз жаласуға тырысқан Халел Досмұхамедұлын азамат соғысы жүріп жатқан кездегі заңға сәйкес тұтқындау қажет;

б) Жергілікті бұқара арасында «Алашорданың» батыс бөлімінің барлық атқарған істерін түсіндіріп, мәлімдеу қажет.

Қосымша: 1) Қасаболатов тобының арызы. 2) Асановтың арызы. 3) Тұрынтаевтың арызы. 4) Комиссияның қаулысы. 5) № 97, 21 ақпандағы (1919 ж.) әскери қызметтен қашушылар жайлы қаулының көшірмесі.

Қазақ өлкесін басқарушы Әскери революциялық комитеттің мүшесі және Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің мүшесі – С.Меңдешов. Қазақ өлкесіндегі Әскери комитеттің тексерушісі – Иванов. 13 ақпан. 1920 жыл. Жымпиты қаласы»,– деп бұйрық райындағы ұсыныс жасады.

Бұл қорытындының басты мақсаты – «Халел Досмұхамедұлын азамат соғысы жүріп жатқан кездегі заңға сәйкес тұтқындап», ату жазасына бұйыру екені түсінікті. Алайда 1918 жылы 8-23 қыркүйек арасында өткен Уфа кеңесінде «Ойыл уәлаятының» уақытша үкіметі таратылып, Алаш автономиясының Батыс бөлімі ретінде құрылғанын біле тұрып, С.Меңдешевтің оны заңсыз мемлекеттік құрылым қатарында көрсетуге тырысуы қалай? Ол:

«Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды. Оны саяси-қоғамдық бағыты жоқ бөлім деп есептейміз. Екіншіден, жоғарыда айтқанымыздай, «Алашорданың» орталығымен ешқандай байланысы мен ынтымақтастығы болмаған, керісінше, «Алашорданың» батыс бөлімі Орал казактарымен тығыз байланыста болған... Толстовпен біріге отырып Кеңес өкіметіне қарсы күреске қатысқан өздерінің әскери бөлімшелерінен жазалаушы экспедиция жасақтаған... Халел Досмұхамедұлы казактармен ауыз жаласып, олармен бірігіп қызмет етуге ұмтылды. Ал Жанша Досмұхамедұлы жергілікті халықты қорғап, казактардың ұрып-соғуына өзінше тойтарыс беруге тырысқан»,–деп Халел Досмұхамедовті өзге қайраткерлерден бөліп алып, қорытынды ұсыныс жасаған.

1918 жылғы 13 (26) шілде күні «Алашорданың» төрағасы Әлихан Бөкейханов Сібір үкіметінің премьер-министрінің атына:

«...Қазіргі кезде біртұтас Россия жоқ. Біртұтас мемлекеттік өкімет те жоқ... Сондықтан да тарихи оқиғалардың күшімен большевиктер билігінен құтылған автономиялы облыстар мен халықтар мемлекеттік тәуелсіздік жолына түсулері керек... Сібір мен «Алаштың» өзара ортақ мақсаты мен мүдделері екі автономияның өзара тығыз одағы болуын талап етеді. Бірін-бірі тану (мойындау) – (әскери) күштерді біріктіреді... Біз автономия мәселесін талқылау үшін Сібір үкіметіне келісімнің төмендегі баптарын ұсынамыз:

1) Сібір үкіметі мен «Алаш» автономиясы бірін-бірі таниды; 2) «Алаш» территориясын мекендейтін барлық халықтар мойындайтын үкімет құрылғанша «Алашорда» қазақ-қырғыз халқының өкімет органы болып табылады; 3) Армия территориялық және ұлттық негізде құрылады... Ол соғыс кезінде Уақытша Сібір үкіметінің әскерлерімен ортақ командованиеге бағынады. Сібір үкіметі армияны қару-жарақпен... азық-түлікпен және әскери нұсқаушылармен қамтамасыз етуге міндетті... «Алашорда» Алаш территориясын большевиктік бандалардан тазартуды, Түркістан мен Жетісуға көмек көрсетуді өзінің бірінші міндеті деп санайды»,– деген мәлімдеме жолдағанда, осы ұсынысты қолдап жеделхат жіберген Х.Досмұхамедовті:

«Колчакты қазақтың төбе биі етіп сайлады», –деп дуылдасқан большевиктер, соның ішінде бас лабашы С.Меңдешев тура осы арада неғып «Батыс Алашорданы» Бас «Алашордадан» бөліп тастады?

Демек, бұл: С.Меңдешев Халел Досмұхамедовті – «қарақшы», «монархист», «анархист» ретінде көрсетіп, оны әскери трибунал арқылы ешқандай сотсыз, табан астында атып тастауға барынша мүдделі болған, – деген жорамал жасауға негіз қалайды. Жалпы «Батыс Алашордаға» байланысты кеңестік мінездемелердің барлығында да Х.Досмұхамедовке тек қана «қара бояу» жағылып, көсем ретінде танылған Жаһанша Досмұхамедовке «немкетті мінездемелер» беріледі. Әйгілі белсенді Ә.Әйтиевтің өзі оған қарата:

«Жаһанша Досмұхамедов – заңгер, шешендік қабілеті өте мықты, көзқарасы жағынан түсініксіздеу, ақ көңіл, ерік-жігері әлсіздеу, орыс тақылеттес интеллигент, саяси жағынан толысқан саналы адам», деп баға береді.

Ал С.Меңдешев болса оны: «Ал Жаһанша Досмұхамедұлы жергілікті халықты қорғап, казактардың ұрып-соғуына өзінше тойтарыс беруге тырысқан», деп қорғай сөйлейді.

Ал осы «ал», «алдың» астарында қандай сыр бар? Әлде Ж.Досмұхамедовтің Тұрар Рысқұловпен бажалығы «алдатып» отыр ма?

Қалай десек те, дәл осы кезде кеңестің құрғақ уәдесіне сеніп Мәскеуге келген бес қайраткер өздерінің шартсыз кепілдікке алынып, биресми үкімсіз мырзақамақта отырғанын түсініп, шарасыздықтан қолдарына қалам ұстады. Сөйтіп:

«Біз, Алашорда өкілдері, Москваға келіп тұрып жатқанымызға бір айдан астам уақыт өтті, осы уақытқа шейін біздің шақырылуымыздың себебін түсіндіруді, осыған байланысты мәселелерді мүмкіндігінше тезірек қарауды өтінеміз. Біздің отбасыларымыздың Орынборға жақын жерде мүлдем панасыз қалуы да бұл өтінішті жазуға себеп болып отыр, олардың арасында, біз кеткенде, өкпе ауруымен, сүзекпен (тиф) ауырғандар да болды. Егер осы баянхатта айтылған басты пікірлерді дәлелдеуге айғақтар қажет болса, біз керекті құжаттарды көрсетуге және Кеңес өкіметі басшыларының күдігін туғызбайтын адамдардың түсініктері мен жауаптарын беруге әзірміз.

Қорыта айтқанда, біз, Алашорда өкілдері, өзіміздің Қазақ өлкесіндегі саяси басшылық пен Уақытша Үкіметтің басшылығына халықтың өз таңдауымен, халықтың қалауымен келгенімізді мәлімдеуді қажет деп есептейміз. Қиын-қыстау кезеңде басшылықта болған біз, өз шама-шарқымыз бен мүмкіндігімізге қарай өз халқымыздың еркін, қалауын жүзеге асыру жолында қызмет істедік. Сеніп тапсырылған билікті өз еркімізбен Қазәскериревкомға бере отырып, біз: бұл әрекет қазақ халқының мүддесіне қайшы келмеу керекдеген пікірге сүйендік, өйткені, Қазревком да: біз қызмет еткен идеяға, Қазақ өлкесін автономиялық басқару идеясына қызмет етеді немесе қызмет етуге тиісдеп сенеміз. Әзірге: жалпы Мемлекеттік билік жағдайында өзін-өзі сақтап қалу мақсатымен қазақ халқының дербес мемлекеттік аппараты болуға тиісдеген саяси көзқарасты ұстана отырып, біз: Қазақ өлкесін басқаратын жоғарғы органдарға міндетті түрде қатысуымыз керекдеген ниеттен аулақ екенімізді мәлімдейміз. Сонымен бірге: өлкедегі автономиялық билікті жүзеге асырушылардың қандай да болсын саяси сенім, нанымдарына қарамастан, біз өзіміздің барлық күш-жігеріміз бен білімімізді, еңбегімізді қазақ өлкесінің гүлденуі үшін жұмсауға әзір екенімізді де білдіреміз.

Біз тек: тағы да «өңін айналдырған» ұлы державалық үстемдік пен құлдықтың орнауына, сондай-ақ қазақтардың тағы да ұлы державалық ұлттың саяси қызметшісі мен қолшоқпарына айналуына барлық жан-тәнімізбен қарсымыз.

Алашорда өкілдері: Жанша Досмұхамедов, Кәрім Жәленов, Халел Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев»,– деген саяси мәлімдемемен бүкіл ұлт-азаттық қозғалысы мен «Алашорда» үкіметінің тарихын қамтитын баянхатын аяқтайды.

Бүкілодақтық Атқару Комитеті 3-маусымда арнайы Қаулы қабылдап, оларды Қазақ әскери ревкомына қызметке алуды ұсынды. Алайда бұл «қағаз қаулы» болып қалды. Өйткені бұл кезде олардың тағдыры Орта Азиядағы қызыл армияның бас командармы, мұхаррамшыл басмашылардың «бата оқыры» Фрунзенің:

«Олардың қазақ даласында болуы кеңестік құрылысқа қауіпті... Сондықтан да қазақ еңбекші бұқарасынан оқшауландырылсын....Буржуй Досмұхамедовтерді төңкеріп тастасын да, өкімет билігін еңбекшілер қолына алсын»,– деген ұсынысының негізінде шешіліп қойған еді.

Қызылдардың қырыпсал командирі Фрунзенің мұндай өктем бұйрықтары казактар мен қазақтардың арасын ашық арандатты. Ол: ешқандай алашорда үкіметін мойындамайтынын, әскери жасақтардан шұғыл түрде қаруларын тапсыруды талап етті. Бұл шешімге бойсұнған жағдайда, қылышын жалаңдатып отырған казак жүздіктері қазақ ауылын дереу жазалауға аттанатын еді. Сондай-ақ, Ж.Досмұхамедовтің жоспары бойынша: ақ ту көтерген зиялылар – алаш әскерлерінің шеруінің алдында, сырығы жоғары көтерілген жарты қызыл ай бейнеленген алаш туын түсіріп ұстаған алаш әскері – соңында жүреді, олар қарсы алып тұрған қызыл әскерлердің алдына саппен тоқтайды, содан кейін екі жақтың өкілдері бетпе-бет жүреді, алашордашылар өкілі кеңес өкіметін мойындайтыны туралы мәлімдеме жасалады, сол қару-жарағымен қызыл әскердің қатарына қосылып, қыр елін қорғауға аттануға тиіс болатын. Ал мынадай қорлық пен басынуды күтпеген еді. Ашық қорлық, бірақ, басқа амалы да қалмап еді. Сондықтан да ашулы қыр көрсету және қыр елін қауіпсіздендіру мақсатында Қызылқоғадағы генерал Акутиннің корпусына шабуыл жасап, оларды тұтқынға алып барып кеңес өкіметі жағына:

«Орал майданы әлі жойылған жоқ, ондаған қазақ болыстары әлі де казактардың әскері орналасқан аймақта тұрады. Біздің кеңес өкіметі жағына шығып соғысқанымызға өштескен казактар біздің бейбіт тұрғындарымызды қыра бастады. Казак әскерлерінің қол астында қалған оңтүстіктегі болыстардан басқа, біз алып отырған нақты мәлімет бойынша, жекелеген казак жасақтары тұрғындарға айтып жеткісіз зорлық көрсетіп, біздің ту сыртымыздан төніп келеді екен... Мұндай жағдайда тұрғындарды тағдырдың тәлкегіне қалдырып, әскери қосынмен Ойылға аттанып кету, біздің ойымызша, тұрғындардың алдындағы қылмыс болып табылады. Қашан біздің өлкеміз казактардан тазарғанша біз олармен соғыса береміз. Соғыс аяқталғаннан кейін қай жерге бар десеңдер де біз мақұлмыз. Біз сіздерден Орал майданын тезірек жоюларыңызды өтінеміз... Сондай-ақ біз қолға түсіріп, Орынбордағы Кирревкомның қарауына жіберілген қару-жарақ қызыл әскерді жасақтауға жұмсалуын өтінеміз. Төраға – Ж.Досмұхамедов, мүшелер – Т.Медетов, Т.Тұрмұхамедов»,– деп жеделхат жолдады.

Соған қарамастан, Фрунзенің ұсынысын негізге ала отырып Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Әскери-революциялық кеңес 1920 жылғы 5 наурызда:

«... Баяндаманы тыңдай келіп, құжаттармен танысып шығып, батыс алашорданың көптеген жауапты қызметкерлері Орал облысында Орал казактарымен және басқа да буржуазиялық құрылымның қорғаушыларымен тізе қосып соғысқанын ескере отырып, оларға жасалған кешірімге қарамастан, олардың бұдан кейін қазақ даласында тұруы қазақтарды кеңес өкіметіне тартуға кесірін тигізуі мүмкін екендігі атап өтіліп. 2. Екінші жақтан алғанда, олардың біразы қылмыскер ретінде олардан жапа шеккендер тарапынан азаматтық сотқа берілуі мүмкіндігі ескеріліп, Ревком: 1. Қазақ өлкесінде кеңес өкіметі барынша орныққанша «Батыс Алашорда» ұлттық үкіметінің төмендегі жауапты жетекшілері: 1) Жаһанша Досмұхамедов; 2) Халел Досмұхамедов; 3) Иса Қашқынбаев; 4) Кәрім Жәленов; 5) Беркінғали Атшыбаев еңбекші қазақ бұқарасынан аластатылсын: келген жауапты қызметкерлер Москваға немесе орталық губерниялық қалаларға жіберілсін... Кеңес өкіметін жақтайтын қазақ тұрғындары мен қоныс аударушылар Батыс «Алашорданың» белсені қызметкерлеріне өштікпен қарайтыны ескеріліп, алашордашылардың ұсынысына қарамастан олар ревком мүшелігіне де және басқа да жауапты қызметтерге алынбасын»,– деген қаулы қабылдады.

 

Сөйтіп, олар Қазақстанда тұру құқынан айырылды, оның орынына Ресейдің ішкі облыстарында бақылау астында өмір сүру мүмкіндігі берілді. Бұл биресми жер аудару деген сөз еді. Лениннің жоғарыда келтірілген:

«Алашорда» үкіметіне еш қолдау болмасын, бірақ уақытша олардың басшыларын (оқығандарын) кеңес өкіметінің қызметіне кеңірек пайдалану керек, жас кеңес өкіметіне олардың білімдері қажет. Ал қалғанын кейіннен көрерміз... Бірақ оларға мүлде сенуге болмайды»,– деген нұсқауын ескере отырып, С.Меңдешевтің Х.Досмұхамедовке қарата:

«Казактарға болысқан, олармен ауыз жаласуға тырысқан Халел Досмұхамедұлын азамат соғысы жүріп жатқан кездегі заңға сәйкес тұтқындау қажет»,– деген ұсынысы ұзақ талқыланып барып «жұмсартылды».

Алғашында таза орыстар тұратын Ресейдің ішкі облыстары ұсынылса да, кейін онда бақылаусыз қалып, шетелдік ұлтшылдармен байланысуы мүмкін екендігі ескеріліп (Сталиннің күдігі), ақыры Түркістан республикасына барып баспаналауына рұқсат етілді.

Кеңес өкіметінің осындай «кеңдігін пайдаланған» Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер, Кәрім Жәленов пен Иса Қашқынбаевмәжбүрлікпен Мәскеуден тікелей Орта Азияға, яғни, Ташкент қаласына «мырза қуғынмен» жер аударылды. Соның ішінде:

«Доктор Досмұхамедовке 1920 жылдың 28 маусымынан бастап анатомия, физиология және гигиена пәнінен Қазақ педагогикалық институтының студенттеріне лекция оқуға» рұқсат беріледі, «курстың санитарлық дәрігері ретінде арнайы бөлме бөлінеді», «қашан және қай күндері қандай пәннің өтілетінін доктор Досмұхамедовтің өзі белгілейтін» болып» (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, Ташкент, 2005 жыл, 11-бет)шешілді.

Бұған алғашында оқу ісінің меңгерушісі, директоры міндетін атқарған, ал 1920 жылы 21 тамыз күні институттың педагогикалық кеңесінің төрағасы боп бекітілген (демек қазіргі Абай атындағы педагогикалық университеттің бірінші ректоры) алаш қайраткері Иса Тоқтыбаев ұсыныс жасаған. Х.Досмұхамедов өзінің қызмет анкетасында:

Оқытушы-дәрігермін, Орал облысында туғамын, 1920 жылы Мәскеуден ауысып келдім, әйелім және 1 жас пен 12 жас аралығындағы 4 балам бар, Түркістан мемлекеттік университетінің ординатор – дәрігерімін, кеңес өкіметіне көзқарасым дұрыс, ескі өкіметтің тұсында полицияда қызмет істегемін жоқ,–деп анықтама берген.

Институтта педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық және физика-математика бөлімдері болған. Х.Досмұхамедов бір жылдың ішінде институт пен оның жанындағы педучилищеге ортақ 5 бөлмеден тұратын 8 орынды емдеу лазаретін ашады. 1920 жылдың 1 қазанынан мұнда А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев, М.Жұмабаев, К.Жәленов, Х.Болғамбаев, Қ.Қожықов, Ж.Аймауытов, Д.Әділев, А.Байтасов, Д.Сәрсенов, С.Өтегенов, П.Құлтасов, Е.Табынбаев оқытушы болып орналасты. Кейін бұлардың қатарына Әлімхан Ермеков пен Мұхтар Әуезов, Ж.Күдерин де қосылды.

Міне, сол кезде Орынбордан «астыртын ұйымның партизаны» Д.Әділев те келеді. Ол жыл толмай, яғни:

«1922 жылы 19 ақпан күні: оқу-ағарту комиссариатының қызмет тапсырмасына орай 16 ақпаннан бастап азамат Әділев институттағы қызметінен босатылады» (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, Ташкент, 2005 жыл, 11-бет).

Бұл Дінше Әділевті «қызыл партизаннан дала қарақшысына» айналуға бастаған, ең соңында «алашордашыларды» жаппай түрмеге тоғытқан тұйық жолдың алғашқы қадамы, том-том тергеу ісіне тіркелуге тиісті бірінші құжат болатын.

Сол қысқа мерзімде ол «ешкім құқық бермеген, ешкім мойындамаған», 1921-1922 жылы құрылған «астыртын ұйымның құпия мәжілісін өткізіп» үлгереді. Сөйтіп Д.Әділевтің:

«Дулатовтың қонақүйдегі бөлмесінде өткен Ташкенттегі ұйым мәжілісіне Дулатов, Иса Қашқынбаев, Халел Досмұхамедов, Ермеков (–?), Кәрім Жәленов, Ақмолда Ізтілеуов қатысты. Уәлихан Омаров пен Дулатовтан басқасын бұрын танымайтынмын. Сіз білесіз бе, білмесеңіз айтайын, содан кейін Ташкентте Орта Азиядағы үйлестіруші топ ретінде ашылған ұйымның бас қосуы өтті. Орынбордағылар бұл топтан хабарсыз болатын. Олар орынборлықтардың мақсатын қолдады. Ұйымдастыру шарасы қаралып, әр қаладан сенімді адам тауып, сол қалада шағын топ құру мәселесі талқыланды. Ақмоладан, Семейден бөлімше ашу ұсынылды. Ондағы басты сенгеніміз Ермеков пен Ғаббасов болды. Айтпақшы Петропавл мен Семейде ұйым бұрыннан бар екен...»,– деген көрсетіндісі Х.Досмұхамедовті және оның майдандастарын түрменің табалдырығынан аттатты.

 

Сонымен, 1930 жылы 14 қыркүйек күні: ПП ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің Каз ССР-і бойынша өкілі Попов, Қылмысты істер кодексінің 58/7 58/33 59/3 баптары бойынша айыпталған Мұхамеджан Тынышбаевтің үстінен қозғалған №2370 істі қайта қарап шығып, осы істе тергелетін қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымының мүшесі ретінде:

1883 жылы Гурьев округінің Қызылқоға ауданында туған, Алматы қаласының тұрғыны, ұлты қазақ, шаруадан шыққан, жоғары білімді, мамандығы дәрігер, КазГУ-дің профессоры, партияда жоқ, үйленген, қарамағында асырайтын 5 адамы бар, 1920 жылдан Қазақстанда тұру құқы шектелген, сотталмаған және тергеуде болмаған Халел Досмұхамедовті:

астыртын ұйымға белсене қатысқаны үшін,

өкімет пен партияның Қазақстанда жүргізген шаралары мен науқандарына бөгет жасау үшін жерге орналастыру,

мәдени-ағарту мен оқу орындарындағы, баспасөз мекемелеріндегі қызметкерлерді өз ықпалдарында ұстағаны үшін,

Орта Азиядағы басмашылар қозғалысына жетекшілік еткені үшін,

сондай ұйымды Қазақстанда құруға ұмтылғаны үшін,

көмек алу үшін шет елмен байланыс жасағаны үшін,

соның ішінде капиталистік елдерден қару алуға ұмтылғаны үшін,

сөйтіп ақырында кеңес өкіметін құлатып,

оның орнына буржуазиялық - демократиялық мемлекет орнатпақ болғаны үшін ҚІК-нің 128 бабына сәйкес»Шынәлі Мұсаевпен, Серікбай Ақаевпен бірге тұтқынға алу туралы қаулы шығарды.

1930 жылы 4-сәуір күні «Алашордашылардың» алдыңғы тобының үкімі шығып, Мәскеуге жөнелтіле салысымен олардың екінші легінің бәріне ортақ жоғарыдағыға қосымша:

«Кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құру үшін қасахна Ташкентте бас қосқан»,– деген айып тағылды.

Мұндай формулировканың қойылуына қазақ қайраткерлері де, біз мақтаныш етіп жүрген тұлғалар да, соның ішінде – Қазақстан үкіметінің төрағасы С.Сейфуллин мен Түркістан республикасының төрағасы Т.Рысқұлов та өз «үлестерін қосты». Т.Рысқұлов «партиялық тазалау» науқанында Сталинге екінші рет жолдаған құпия хатында:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных