Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 27 страница




З.Валидов (жалғасы): «Мен өтірік пен көлгірсуге төзе алмаймын. Егерде болашақтан сәл ғана сәуле көрінсе, онда мұндай алдамшылыққа төзуге болар еді. Бірақ та біздің төзіміміздің төлеуін өтейтін еш үміт жоқ. Мұндай әрекетке өз еркіңмен тәуекел етесің. Мен онда (Түркістанға – Т.Ж.) өз армиямды алып барып, олардың қанын мойныма алғым келмейді. Мен өз басымды ғана оққа тігіп отырмын. Менің сенімді достарым бар, олар мен қал десем де қалмайды, бірге жүреді... Шығыс түркі өкілдеріне, соның ішінде Тұрар Рысқұловқа да айттым. Ол бұл туралы Бөкей ордасындағы өзінің жақтас коммунисінің біріне хат жазды»»,– деп шешім қабылдағанын жазады.

Мұндағы «Бөкей ордасындағы жақтас коммунисі» кім екенін тап басып таба алмадық. Дегенмен де, Ташкенттегі өзара байланысын ескерсек, Жаһанша және Халел Досмұхамедов екеуінің бірі болуы әбден мүмкін деп жорамалдауға негіз бар. М.Мырзағалиев пен Ғ.Әлібековті де естен шығаруға болмас. Ә.Әйтиев пен С.Меңдешевке мұндай хабарды жеткізуі екіталай. Ал Б.Қаратаев пен М.Тұңғашинге сондай сеніммен қарады деудің қисыны келмейді. Тергеуден тыс, ол оқиға өткеннен кейін қырық жыл өткен соң Әлімхан Ермеков:

«1920 жылы 23-маусымнан 7-тамызға дейін Коминтерннің ІІ конгресінің мәжілістері өткен еді. РКП (б) делегациясының құрамына Владимир Ильич Лениннің басқаруымен партия мен үкімет басшылары кірді. Сондай-ақ бұған автономиялық республикалардан да делегаттар келді. ІІ Конгреске РСФСР Компартиясының делегациясының құрамында Тұрар Рысқұловтың т.б. қатысқаны есімде. Қазақ автономиясын Ахмет Байтұрсынов бастап барды.

Конгрессте Владимир Ильичтің: «Егер де алдыңғы қатарлы елдердің пролетариаты көмек берсе, әлеуметтік-экономиялық жағынан артта калған елдер капитализмді орағытып социализмге өте алады»,– деген сөзі маңызды теориялық мәнге ие болды. Ең алдымен В. И. Лениннің осы конгресте неміс тілінде сөйлегені мені таң қалдырды. Мұнда Үндістан Коммунистік партиясының лидері Ройдың өз Отанында ұлттық буржуазиялық-демократтық қозғалысты қолдауға қарсы сөйлегені көп пікірталас туғызғаны есімде қалды. Владимир Ильич Ройдың бұл пікіріне түбегейлі қарсы шығып, империализммен күреске бағытталған ұлт-азаттық қозғалысқа пролетариаттың шұғыл түрде көмек көрсетуі қажеттігін батыра айтты. Ағылшын коммунистік партиясының делегаты Квеч те осындай көңіл - күйде сөйледі. Иә, осы бір қысқа естелігімді аяқтай келе, мен жас, албырт шағымда Владимир Ильич Ленинмен кездескеніме өзімді бақытты санаймын. Оның шабытты да дана, аса адамгершілікті кейпі жүрегімде мәңгі сақталады...»,– деп еске алды.

Әрине, бұл жарияланымда Заки Валидовтің астыртын жұмысы және оның коминтерннің конгресі тұсында Ресейден дербес Ұлттық Түркістан партиясын құруға ұмтылғанының айтылмағаны өзінен-өзі түсінікті.

Алайда осы үш айдың ішіндегі оқиғалар араға жылдар салып барып «Алашорда» қайраткерлерінің алдынан шықты. Бұл кездесулер олардың тергеу ісіндегі басты мәселеге айналды. Бұған сәл кейінірек қайтып ораламыз.

3.

Сонымен, Коминтерннің конгресі өтісімен, Әлихан Бөкейхановтың тікелей кеңесімен Әлімхан Ермеков Қазақ автономиясының территориясы туралы баяндамаға дайындыққа кірісті. Онда әр сөз бен сөз тіркесіне саяси, тарихи, ұлттық, экономикалық, мемлекеттік мағына мен астар берді. Әсіресе, қоныстанушылар қордалана орналасқан, қара топырақты солтүстік облыстардың шекарасын анықтауға және оларды қазақ жерінің құрамында қалдыруға жанкешті дәлелдер іздестірілді. Ал жер жөнінде, соның ішінде солтүстік облыстардың жер, экономика, шаруашылық, этникалық құрамы мен мәдени шоғырлануына баға беруде сол кездегі кеңес өкіметі ғалымдарының ішінде Әлихан Бөкейхановпен теңдесетін маман да, ғалым да, саясаткер де жоқтың қасы болатын. Кейін одақтас республикалардың ғалымдары мен саясаткерлері Жер туралы заң мен қаулы-қарар қабылдар алдына Ә.Бөкейхановтың пікіріне жүгініп барып талқыға ұсынып отырғанын тергеу деректері де растайды.

Әр түрлі мүдделер мен ұсыныстарды жинақтап, талапкер жақтардың дәлелдері мен сараптамаларын саралап, жан-жақты дайындалған комиссия мәжілісі 9-10 тамызда Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының коллегия мүшесі А.З.Каменскийдің төрағалығымен өтті. Қазақ мемлекетінің тағдыры шешілген, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі территориясын түбегейлі анықтап берген қасиетті мәжіліс болғандықтан да және оның аса маңызды құжат екенін ескеріп, «Алашорда» тарихын алғаш құжаттық тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеген тарих ғылымының докторы, профессор Дина Ахметжанқызы Аманжолованың пайымдауын негізге ала отырып, комиссия мүшелерінің тізімі мен лауазымын, пікірлерін қоса ұсынамыз.

Мәжіліске: Ұлттар жөніндегі халық комиссариатынан – М.Сұлтанғалиев, Жер жөніндегі комиссариаттан – А.Д.Цюрупа, баяндамашы ретінде Семей облысы атынан – Ә.Ермеков, Қазревкомнан – С.Пестковский, М.Мырзағалиев, Г.Кулаков, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, Г.Әлібеков, Мәскеудегі қазақ өкілдігінен – П.Петровский, Орынбор губаткомынан – И.Мартынов, Түрккомиссиядан – Г.Сафаров, Сібірревкомынан – В.Соколов, Омбы ревкомынан – И.Полюдов, Челябі губкомынан – Поляков, Бөкей ордасынан – С.П.Милютин мен Д.Темірәлиев, Ақмола облысынан – Итбаев пен Оразаев, Астраханьнан – А.Каримов қатысты.

Баяндамашы Әлімхан Ермеков Қазақ ревкомы мен Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының ұсынысына жүгіне отырып: Астрахань, Урал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губернияларын қамтитын жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ республикасының құрамына беруді ұсынды. Көрсетілген жердің 81%–ын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатынын, бұл бүкіл тұрғындардың 54% – екенін атап өтіп ол:

«Қазақстанның шекарасын анықтау барысында мұқым өлкенің этникалық, экономикалық және мәдени ерекшеліктерін ерекше ескеру керек. Егерде қазақтардың дені осы уақытқа дейін көшпелі өмір салты мен мал шаруашылығын басты кәсіп ретінде сақтап қалғанын назарға ілсек, … онда бұл облыстардың өзара тығыз экономикалық байланыста екені көзге анық көрініп тұр. Сондықтан да Қазақ автономиялы республикасын құру тек солтүстік және оңтүстік облыстардың арасындағы шекаралық тұтастықты сақтаған жағдайда, ғана мүмкін әрі нақты өмірлік сыпат алады, бұл мәселе керісінше шешілген жағдайда, Автономия тіршілік көзінен айырылады. Сонымен қатар, мәдени және экономикалық орталықтар да аралас облыстық құрылымдар (Сібір ревкомы және т.б.) талап етіп отырған территориялардың құрамында қалып қояды. Бұл орталықтарсыз оңтүстік облыстар экономикалық, шаруашылық және экономикалық-мәдени ашаршылыққа ұшырап, тірі өлікке айналады. Осы пайымдауларды ескере отырып Қазақ автономиясының құрамын көрсетілген шекара бойынша бекіту қажет. Орынбор қаласы уақытша орталық ретінде қаралып отыр»,– деп (сонда, 361 бет) мәселені тікесінен және шешімді түрде қойды.

Бұл аса тағдырлы да тауанды талап еді. Ол талаптан бас тарту – қазақ жерін телімдеумен пара-пар болатын. Осы тұста өзгелердің назарын өзіне қаратып, көзқарасын қазақ автономиясының мүддесіне бейімдеп, дәлеліне сендіріп, бауырына тарта баурау тұрғысынан алғанда Әлімхан Ермековтің туа біткен шешен де өжет мінезі, мысы басым дегдарлығы, қисынды ұстанымы қазақ мемлекеттігінің негізін қалап, территориясын анықтауда шешуші қызмет атқарды. Ол өзінің аса жүйелі және батыл қисындары арқылы оппоненттерінің пікірлерін шарасыз жансыздандырды, олардың талаптарын: кеңес өкіметінің шешімімен, «байырғы халықтар еркіндікті қабылдап, Ұлы Октябрь революциясының жемістерін жинауы» үшін құрылып отырған автономияға қарсылық боп көрінуі мүмкін – екендігін тегеуірінді емеуірінмен жеткізді. Жанын үшкіріп Әлімханның жанына қосқандай болып отырған, мысымен де, демімен де демеп отырған Әлихан Бөкейханов:

«Мен сен сөйлеп отырғанда көтеріліп-басылған жанартаудың үстінде отырғандай болдым. Сөйлегендегі жалының бетімді шарпыды»,– деп баға берді.

Бұл пікірді Сібір ревкомының өкілі В.Соколов та өзінің алпысыншы жылдары жарияланған естелігінде:

«Қайратты қара шашы артына қайырылған, келбеті қазақтардан оқшаулау жас қазақ жігіті жалындай шарпып, аса қызу сөйлеп, ораторлық қисынды қабілетімен комиссияның ықпалын өзіне қаратып алды»,– деп (Мәдениет және тұрмыс, 1964, № 11) жазды.

Шындығында да, мүлдем басқа талап қойып, солтүстік облыстарды Ресейдің құрамында қалдыруға өкім дайындап келген В.Соколов қарар үшін дайындаған сөзін жұмсартып:

«Баяндамашының пікіріне негізінен қосыламын. Алайда Солтүстік облыстардың Сібірден бөлінуі, онда шоғырланған орыс тұрғындарының Қазақстанға мәжбүрлі түрде қосылуының салдарынан, ұлтаралық алауыздықты туғызуы, өзара қақтығысқа алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, Орынбор әкімшілік орталық ретінде казактар мен қазақтардың арасындағы қырғиқабақ қатынасты өршітуі мүмкін, сөйтіп, қазақтар көтерілістің отына шарпылатын қауіпті жағдайға тәуекел етіп отыр. Ресей тарихы қазақтарға Қазақстанның аса ауқымды территориясын басқара алатын мемлекеттік аппарат құратындай мардымды білім мен ұйымдастыру тәжірибесін игеруге мүмкіндік берген жоқ. Ал мұндай басқару аппаратынсыз Қазақ автономисы таяу арада өз-өзінен ыдырап тынады. Жерді бірте-бірте өз үлесіне қаратып, басқару аппаратын құрғанша бірталай уақыт керек, сондықтан да бұл міндетті қазір Қазақ ревкомымен тығыз байланыста басқарып отырған Сібірревкомы мен Түрккомиссиясының құрамында қалдыру қажет»,– деп (сонда, 361-бет) ұсыныс айтты.

Қазір, бұл пікір ашық қарсылық есебінде бағалануы мүмкін және Сібір ревкомы бұл ұсынысты 1922 жылға дейін ұстанып, солтүстік облыстарды қарамағынан шығармады. Алайда сол кездегі, сол күнгі психологиялық ырғасу тұрғысынан алғанда, бұл «жұмсақ пікір» еді. Әйтпесе, мәселе, Қазақ автономиясына солтүстік облыстарды беру – Ресейді бөлшектеу, қазақ еңбекшілерін социалистік қоғамнан шеттету, пролетариаттық интернационалдық парыздан бас тарту, қызыл армияның төгілген қанын қорлап, кеңес өкіметінің орнығуынан бас тарту – ретінде мәлімдеме жасалса, бұл мәселенің дәл сол кезде шешілуі және шешіле қалған жағдайда да солтүстік облыстардың Қазақстан құрамында қалуы неғайбыл еді. Ал, жаңағыдай «автономияны мойындай отырып келтірілген «бірақ тар», сөз арасындағы саяси «брак» – сылтау ғана еді. Түркістанның білгірі, «Түрккомиссияның» өкілі Г.Сафаров та:

«Түркістандағы қазақ облыстарында кеңес өкіметі әлі орныға қойған жоқ, бұл бағытта өз бетінше жұмыс істей алатын күш те жоқ, сондықтан да әуелі негізгі құрылымды нығайтып барып, содан кейін ғана бірте-бірте іске кіріскеніміз жөн»,– деп солқылдақтық танытты.

Түркістан республикасын «әсірекеңестендіріп, бір күнде социализм орнатпақ болып, мемлекетті анархиялық жағдайға әкелгені үшін» Кремльге шақыртылып алынып, «Түрккомиссиясының» жетекшілігі міндетін атқарған Г.Сафаров «қазақ автономиясының» құрылуына мүдделі емес болатын, керісінше, Т.Рысқұлов, Н.Хожаев сияқты жергілікті қайраткерлерді Сталиннің ырқымен биліктен ысырған «аралық қайраткер» еді. Автономияның құрылуына тікелей мүдделі Қазақ ревкомының төрағасы С.Пестковскийдің өзі:

«Қазақстанда өзгелер сияқты ұлттық автономия құруға болмайды. Тек территориялық принципті ұстану ғана ақылға сияды»,– деп түпкі пиғылын танытты.

Ал «кеңестік жер иесі» мекемесінің өкілі А.Д.Цюрупа:

«Егерде шөлейтті далаға құнарлы жер қосылмаса, онда бұл өлке өмір сүре алмайды. Қазақ өлкесінің барлық басқару құрылымы Қазақ ревкомына бағындыра шоғырлануы тиіс, әйтпесе, осыған дейінгі қалыптасқан жағдай өзгермейді»,– деп орынды пікір білдірді.

«Түрккомиссияның» тізгіні қолынан шығып бара жатқанын сезген Г.Сафаров тағы да өзеуреп:

«Орынборда отырып Жетісу мен Сырдарияны басқарамын деу – мазақ қана емес, арандату. Мұндай саясат ұлттық утопия»,– деді.

Ал Ахмет Байтұрсынов үшін бұл қиял емес, нақты тарихи мүмкіндік еді. Ол осы автономия үшін «Алашорданың» мүддесін кеңес өкіметімен байланыстырған және оған кепіл ретінде өз басын тәуекелге тіккен тағдырлы тұлға болатын. Сондықтан да өзеуреген «Түрккомиссиясының» алдын-ала Сталинмен келісіп тұжырымдаған пікірінің бетін бірден қайырып:

«Әңгіменің басын бірден ашып алу керек. Егерде Қазақ өлкесі өзін-өзі билей алмаса, онда республика құру мәселесінің пісіп-жетілмегені, оны құруға тиісті жағдайдың жасалмағаны ғой, онда бос сөзді доғару қажет. Демек, бәрінен бұрын басты мәселені – бұл республиканы құрудың қажеттігі бар ма, жоқ па, соны шешіп алу қажет. Егерде бұл мәселе оңды шешілсе ғана, содан кейін барып сол республиканы басқара алатын күштерді құруды қолға алу қажет, ал ондай күш бар»,– деп сеніммен айтты.

Ал Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың беделінің алдында Г.Сафаровтың сүреңі оңып сала беретін. Сол кезге дейін әсіресолшыл, бір жылдан кейін әсіреұлтшыл бағытты ұстаған Сталиннің орынбасары М.Сұлтанғалиев үш жақты пікірдің «алтын өзегін» ұстап:

«Егерде Түркістан мен Сібірдегі билік әлсіз болса, ал мұның шындық екенін ешкім жоққа шығара алмайды, онда олардың іс-әрекеттері Қазақ ревкомының, орталықтың өкімімен үйлесетіндігіне ешкімде кепілдік бере алмайды. Сондықтан да бұл облыстардың ревкомының жұмысы орталықтың өкілетті қарарларымен реттеліп отыруға тиісті. Басқару билігі Қазақ ревкомында болуға тиісті, ал қалған орталықтар соның ұлттық, әлеуметтік-экономикалық шешімдері бойынша жұмыс істеп, Қазақ ревкомының шешімдерін жетекшілікке алуы тиіс», – деген пікір білдірді.

Міне, осы арада бас баяндамашы Әлімхан Ермеков өзінің ұстанымы мен дәлелін түбегейлі орнықтыру мақсатында қайыра жарыссөзге шығып:

«Автономия беру мәселесін принципті түрде бір ауыздан қолдай отырып, автономияны құруға келгенде сөз бен істің арасынан алауыздықтың туып отырғаны түсініксіз. Анығында, мәселе: республиканы құрудың қажеті бар ма, жоқ па?,– дегенге тіреліп тұр. Егер мен дұрыс түсінсем: тек насихат үшін ғана емес, нақты іс жүзіндегі жұмыс істейтін автономия туралы сөз болып отыр, ендеше, соған сай басқару аппараты құрылуы тиіс, онсыз: қазақтар өзін-өзі басқара ала ма?, – дегенді былай қойғанда, республика жөнінде сөз қозғаудың өзі мағынасыз бос мылжың ғана. Ал Қазақ ревкомын қызметкерлермен қамтамасыз етуді орталық мойнына алсын»,– деп басты назарды автономияның жариялануына аударды.

Сөйтіп, 10 тамыз күні комиссия төрағасы А.З.Каменский барлық ескертулер мен ұсыныстарды қорыта келе:

«Қазақ республикасын құру – шешілген мәселе, қорытындысы дайындалып, тиісті мекемелер өкімет билігін республиканың басқаруына берудің жолдарын қарастырсын»,– деп жариялады.

Бұл үлкен жеңіс еді. Алайда бұл жеңісті тиянақты ету үшін автономияның территориясы мен тұрғындары туралы ұсыныстарды Лениннің алдында қорғап шығуы тиіс болды.

Ә.Ермеков (Естеліктен): «Москваға келгеннен кейін В.И.Ленин төрағалық еткен комиссияның отырысында мен Қазақстандағы жағдай туралы баяндама жасадым. Маған дейін Түркістан республикасындағы жағдай туралы «Түрккомиссиясының» мүшесі жолд. Сафаров сөйледі. Аса қуатты жігерге ие бұл адам отарланған аудандардағы бұратана халықтың аса ауыр жағдайы мен Столыпин реформасынан кейін қоныс аударушылардың кесірінен туындаған қиыншылықтарды сондай бір сенімді де нақты дәлелдермен жеткізе білген тиянақты баяндама жасады. Ол: өзінің ата қонысынан айырылған және келімсек-кулактардың аяусыз тәркісіне ұшыраған қазақ батырақтарының бишаралығы мен көрген қорлығын ашына айтты. Ол: «Шұғыл түрде жер реформасын жүргізіп, барлық кулактардың жерін тартып алып, олардан алынған жерді бұрынғы иесіне қайтарып беруді талап етті. «Сонда ғана бұратана халық бостандықты сезіне алады, ұлы қазан төңкерісінің жемісін көре алады»,– деді. Владимир Ильич оның көзқарасын қолдады және содан біраз уақыт өткен соң Ораз Жандосовтың т.б. қатысуымен Түркістанда жер реформасы жүргізілді».

12-тамыз күні Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте Ә.Ермеков негізінен қазақ автономиясының шекаралық аудан мәселесіне баса назар аударды.

Ә.Ермеков (Естеліктен): «Мен өзімнің баяндамама кіріспей тұрып, Ұлы Октябрь революциясы көсемінің алдында қатты толқыдым. Бірақ оның қарапайымдылығы, мейрімділігі, кіші халықтарға деген ерекше қамқорлығы маған жаймашуақ әсер етті. Баяндама кезінде мені оның ширақтығы, ойының өткірлігі, аз халықтың баяндама жасаған өкілін әділ де батыл қолдауы бей-жай қалдырмады.

Көтерілген барлық мәселелерді талдауы мен ондағы қойылған мәселелердің барлығынан хабардар болуы және оған бойлай енуі таңқаларлық еді. Ол менің баяндамама да катысты қызығушылық пиғыл көрсетті: мұқият тыңдады, мүмкін болатын қателіктерден сақтандырды, ал әділ шешімді талап ететін қажетті шараларды батыл қолдады. Владимир Ильич тек тыңдап, талдап қана қоймай, әрі қызына пікір айтып, бүкіл баяндаманың басынан бастап аяғына дейін белсене қатысып отырды. Сөйтіп, адамзаттың ұлы данышпаны маған ұмытылмас әсер қалдырды. Осынау ұлы ойшыл-революционердің рухы алдында басымды иіп тағзым етемін.

Енді Владимир Ильичтің баяндамадағы шиеленіскен мәселелерді дұрыс шешуге катысып, берген көмегі туралы, елу жылдан кейін де есімде қалған жеке-жеке эпизодтарға тоқталайын.

Мен өзімнің баяндамамда, негізінен, Қазақстанның шекарасын анықтауда үлкен маңызы бар күрделі де шиеленіскен жер мәселесіне тоқталдым (Бұл мәселелер Лениннің көзі тірісінде шешілген болатұғын, сондықтан да қазір тарихи-анықтамалық қана сипат алады.

Патшалық Россия кезінде сол кездегі қолданыстағы заң ережелерін бұза отырып, қазақ жұртының иелігіндегі өзен, көл жағалауын, орман алқабын, саяжай орналасқан тоғайларды, қара топырақты жерлерді, жасыл алқаптарды тартып алған болатын. Ал бұл «белдеулердің» Ертіс бойындағы көлемі әуеліде ені 10 десятинадан бастап ұзындығы 70 десятинаға дейін жетті, ал Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы әйгілі «миллиондық қор» деп аталатын аса ірі атырау мал өндірісімен айналысушылардан тартып алынып, шіркеуге, қазыналық қарашығын деп аталатын салғырттың есебіне және қазынаның жеке билігіне берілді.

Қазақтардың пайдалануындағы жерлерді тартып алатын мұндай әпербақандық – Ресейдің ішіндегі аса ірі жер иелері мен помещиктердің: құлқын жоқтайтын столыпиндік реформадан кейін тіпті өрістеп кетті. Ол Мемлекеттік Дума мінбесінен: «Қазақ даласы мен Түркістандағы ұйымдасқан кулактардың қожалығы жергілікті тұрғындардың мүддесін секермеуі тиіс, керісінше ол – патша режимнің тірегі болуы тиіс», деп ұран тастап, патшалық саясаттың тірегіне айналды. Сөйтіп жергілікті тұрғындарды ойламай, Қазақстан мен Түркстанда қулактардың иелігіндегі шаруашылықтың қанат жаюына бар күшін салған еді. Онда (мәжілісте – Т.Ж.) Каспий жағалауы туралы мәселелер өткір пікірталас тудырды. Ал жергілікті тұрғындардың жер туралы мәселесі, тіпті, қаралған да жоқ болатын. Ертістің он шақырым сол жақ беті 1904 жылғы орыс-жапон соғысы алдында сенат үкіметінің қаулысымен Сібір казактарының иелігіне берілген. Ал қазақ елі өзінің ата-бабасының жерінен айырылып қана қоймай, оның үстіне осы жайылымдыққа малын бағу үшін орыс кулактарына орасан зор қаржы төлеп, тез арада кедейлікке ұшырады. Сөйтіп олар әрбір казак семьясына қызмет ететін үй шаруасындағы жұмысшы ретінде батырақтарға айналды. Қазақ өлген кісісін жерлеу үшін зират орынына алтын ақша есебімен 18-20 сом төлегені туралы деректер архив құжаттарынан белгілі.

Мен баяндамамның соңында: осы он шақырымдық жерді қазақ халқы ежелден иеленіп келгендіктен де, өздеріне қайтарып берутуралы ұсыныс жасадым.

Ал Каспий теңізінің солтүстік жағалауы – салық жинайтын жер болып жарияланғанымен, патша үкіметі қазақ тұрғындарын иеленген жерлерінен көшіре алмады. Себебі, Каспийдің солтүстік жағына карай «Рың (Нарын –? – Т.Ж.) құмдары» деп аталатын құм бұйраттары созылып жатыр. Экономиканың қатал заңы тұрғындарды Каспий теңізі жағалауына қуды. Онда олар балық аулаумен шұғылданып, кемеде жұмысшы болып істеп, күн көріс мүмкіндігіне ие болды.

Баяндамамның соңында: қазақтардың бұрын иеленіп келген жерлері өздеріне қайтарылсын және жергілікті қазақ пен отырықшылданған орыс тұрғындары қашан орнығып біткенше Россиядан қоныс аударуды тоқтатқан жөн, – деген ұсыныс жасадым. Осы жерде Владимир Ильич менің сөзімді бөліп: «Қызық екен, орталықтағы жолдас, біздің ЦК-ның мүшесі Сафаров: Түркістаннан барлық кулак шаруашылығын көшіріп жіберу керек, – десе, сіз: тек жергілікті қазақтар мен отырықшылданған орыстар орын тепкенше қоныс аударуды тоқтату керек,– дейсіз. Бұл қалай? Мен мұндай пікірді күтпеп едім?»,– деп бір сәт күмілжи қарады. Мен: «Сафаровтың Түркістанның жағдайын жақсы білетінін, ол сол жерде ұзақ уақыт қызмет істегенін айта келіп, ал Қазақстанның жағдайында ондай ұсыныстан бас тарту керек»,– дедім. Және де өз ұсынысыма негіз ретінде солтүстік аймақтардағы қазақ пен орыс тұрғындарының сан жағынан арақатынасы жайлы статистикалык мәліметтерді келтірдім. «Орыс тұрғындарын көшіріп жібереміз деген шешімнің орындалу мүмкіндігіне сенбеймін, себебі, ұлттар арасында алауыздық туу қаупі бар» – дедім. Сонда Владимир Ильич: «Ендеше ойлану керек»,– деді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных