Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 33 страница




«Сыбағасын толық алуға» себепкер болған оқиғаның бірі мынадай, ол:

«1907 жылы маусым айында, Қоянды жәрмеңкесінде қоныс аударушылар мекемесінің бастығы отырған киіз үйге басып кіріп, бастыққа: «Мемлекеттік Думаның пәрменінсіз қазақтар бір сүйем де жер бермейді, қарсылық көрсетуге дайын. Күш жұмсайтын болсаңдар, мен осы жер үшін өлуге бармын»,– деп мәлімдеген.

Сол үшін оған 50 сом айып салынған. Ұлттық тәуелсіздік пен қарулы көтеріліс сияқты саяси мәселені ашық қойған тұңғыш алаш азаматы осы Жақып Ақбаев болатын.

Ж.Ақбаев (жалғасы): «1908 жылы мен үкіметке қарсы насихат жүргізгенім үшін Қарқаралыдан қарулы айдауылмен одан әрі бес жылға Якутскі облысына айдауға жіберу үшін Омбы қаласына жөнелтілдім, бірақ орталық мені дала өлкесіне жер аударуға рұқсат берді де, мен полицияның қадағалауымен Жетісу облысындағы Қапал қаласынан бір-ақ шықтым; ол жерден мен үкіметке қарсы қылмыстық насихат жүргізгенім үшін 1910 жылы Тобыл губерниясына жер аударылдым».

Ол граф Паленге жазған атақты айыптау хатында:

«Ал 17-қазан манифесін бейбіт жолмен жүзеге асыруға, жалпыға ортақ әділетті заңдылық орнатуға талпынған іс-әрекеттерімізге ешкім дау айтуға тиіс емес, өйткені біздікі заңды іс, әркімге-ақ түсінікті. Егер манифист жүзеге асырылмаса, «адамның дене мүшелерінің асқазанмен» астыртып немесе жария күресі тоқталмай, ақыры адамның бой қуаты әлсіреп, бүкіл дене тіршілік қабілетінен айрылатыны сияқты күй кешуі мүмкін.

Мемлекет идеясын ту етіп көтерген және заңдарды күшпен орындату мүмкіндігіне ие болып отырған үкімет пулеметтердің, зеңбіректердің, фугастар мен шрампельдердің және басқа да соғыс қаруларының көмегімен өз адамдарын басып-жаншуға қабілеті бар екені рас. Бірақ мұндай үкімет қаратүнек пен парықсыздық жайлаған елге қаулап өсіп келе жатқан, жай көзге көрінбейтін жұқпалы әрі тез таралатын бактериялармен, бациллалармен күресуге дәрменсіз.

Осынау дәрменсіз бациллалардың (тырысқақ, сүзек, оба) қатері күшті екендігі сонша, олармен санаспауға болмайды. Мұндай қауіпті жауға ашық соғыс жариялауға бола ма? Әрине жоқ! Жан-жануарлардың аяушылық білдірмейтін мұндай жауларына қарсы кім күресе алады? Ол – езгіден азат елдің, қандай да саяси партиялардың ықпалына түспеген, кісен мен бұғаудан азат елдің білімі ғана. Міне, біз сондықтан да саяси бостандық пен заңдылық үшін күрестік және күресіп келеміз»,– деп (сонда, 42-бет) ашық та ашына жазды. Сондықтан да…

Ж.Ақбаев (жалғасы): «1915 жылдың күзінде жандармдар маған Қылмыстық Заңдар Жинағының атақты 103, 108, 129-баптары бойынша (ұлы мәртебеліге тіл тигізу, сатқындық және өмір сүріп отырған құрылысты құлату мақсатымен үгіт, насихат жүргізу) мемлекеттік қылмыс жасады деп айып тақты. Әдеттегісіндей, мен тұтқынға алынып, отбасыммен бірге қарулы айдауылмен Қарқаралы түрмесінен Павлодар (Кереку) қаласы арқылы Семей түрмесінің абақтысына жөнелтілдім, Павлодарда қараңғы, ылғал, сасық орында қос құлыппен құлыпталып жападан-жалғыз отырдым. Павлодарда мені пароходтағы иттің үйшігіне отырғызды, онда Семейге жеткенге дейін мен үнемі жатып баруға мәжбүр болдым, өйткені оның тарлығы сонша, отыру да, тұру да мүмкін емес еді. Бұл үйшікке мен еңбектеп кіруге мәжбүр болдым, бұл үйшік жалпы жұрт баратын әжетхананың қасына орналасқан болатын.

1917 жылғы қаңтар-ақпан айларында мені бес жылға Якутскі облысына жер аудару туралы іс қозғалды. Мен бұл сапарға шындап әзірлене бастадым, мені Якутия түрмелеріне этаппен ұзақ уақыт айдаудан ақпан революциясы құтқарды. Бірақ оның есесіне комиссар (уақытша үкіметтікі) Вейсер 1917 жылғы наурыздың аяғында мені қазақтар арасында бірінші болып саяси ұрандар: халық басқаруы, автономия, республика ұрандарын ұсынғаным үшін қамауға алып, орыс казактарының айдауымен Семейге жөнелтті, ал 1918 жылдың наурызында орыстың сословиелік казактары менің нақ сол мұрат-мақсат, армандарым үшін мені екінші рет қамауға алып, әскери-казак айдауылымен Семейге жөнелтті.

1919 жылғы қаңтарда Колчак пен Анненковтың барлау агенттері мені Қарқаралы қаласында тұтқынға алып, Қарқаралы түрмесіне қамады. Айыптаудың мәніКолчактың әскери-казак диктатурасының және Атамандықтың жауы, Атамандар диктатурасын құлату және Кеңес өкіметін қалпына келтіру үшін халықты қарулы көтеріліске дайындауға ұмтылған. 1919 жылғы 7 шілдеде (ескі стиль бойынша 2 маусымда) Колчак пен Атамандардың Әскери-дала соты Қарқаралы қаласында мені атуға үкім шығарды. Мен кассациялық шағым беруден бас тартып, өлім жазасына өзім қол қойып бекітуге келісетінімді мәлімдедім және шынында да, үкімге 1919 жылғы 7 шілде күні, кешкі сағат бестің шамасында өзім қол қойып бекіттім».

Ә.Ермеков (15 қарашадағы жауаптың жалғасы): «1917-1919. Бұл әскерилердің – колчаковшылар мен атамановшылардың билеп тұрған кезі болатын. Жазалау отрядтары, зорлық-зомбылық, дала-әскери соты жаппай орын алған еді. Жұмысшылармен, шаруалармен бірге сорлы қазақ елі де майдан даласына тән террорды, езгіні, басынуды бастарынан кешті. Губерниялық, уездік жер басқармаларының мүшелерін, «Алаштың» орталық кеңесін тұтқындау күн өткен сайын жиілей берді. Олардың кейбіреулері әскери-дала сотына беріліп, дарға асылуға дейінгі жаза қолданылды. «Алашорданың» мүшесі Ақбаев (Ж.Ақбаев – Т.Ж.) «большевиктердің төңкерісіне көмектесу мақсатында қару жасырғаны үшін» ату жазасына кесілді».

Ж.Ақбаев (жалғасы): «Осы кезде Қызыл Армия колчакшыларды (Колчак әскерін) Ресейден Азияға қуып шықты, Колчак атамандары қазақ зиялыларынан көмек күтіп, оған жағынып бақты. Сондықтан Сібір үкіметінің төрағасы Вологодскийдің ұсынысы бойынша корпус командирі Березовский өлім жазасының күшін жойды».

Бұған себепкер болғанҚазақ комитетінің төрағасы, жалпыалаш сотының бас соты Р.Марсековтің:

«Егерде үкімет мекемелері «Алашорданы» мойындамаған жағдайда онда қазақ халқы Сібір үкіметінің ешқандай талабын да, өкімдерін де орындамайды. Сібір үкіметінің бірде бір өкімі жергілікті жерде таратылмайды»,– деген үзілді-кесілді жасаған мәлімдемесі болатын.

Ж.Ақбаев (жалғасы): «1903 жылдың тамызынан 1905 жылғы 3 қарашаға дейін мен сот ведомствосында қызмет еттім, 1907 жылғы 7 сәуірден 1918 жылға дейін Семей округтік соты жанындағы Сенім білдірілген адвокаттың көмекшісі болдым. 1918 жылдың аяғынан бастап мен Семей губревкомының заң бөлімі жанындағы сот-тергеу учаскелерін басқару жөніндегі комиссияның мүшесі болдым. 1920 жылдың қаңтарынан Семей губревкомы басқару бөлімі заң бөлімшесінің меңгерушісі болып істедім. Менің етене араласуыммен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері енгізілді (құрылды). 1920 жылдың сәуірінен бастап мен Семей кеңестік халық сотының мүшесі болдым. 1921 жылдың қарашасынан бастап 1922 жылдың ақпанына дейін мен Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімі жанында жұмыс істедім. Айтпақшы, Қазақ фольклорын жинау жөніндегі комиссияның төрағасы болдым.

1922 жылдың наурызында өкпе қабынуымен ауырып, науқастығым себепті үйге қайттым.

1925 жылдың наурызында Губком мен Губатком Губерниялық соттың конструкторлық-тексеру бөлімінің меңгерушісі болу және запастағы судья міндетін атқару үшін Губерниялық ішкі істер органына жіберді. 1926 жылдың шілдесінен 1927 жылғы 13 желтоқсанға дейін Семей губерниялық соты жанындағы қорғаушылар алқасының мүшесі болдым; сол жерден мен 1927 жылғы қазан айында қазақ халқының тарихын зерттеу және ауа райы жұмсақ оңтүстікте тұру үшін Қызылорда қаласына кеттім. 1928 жылғы 4 қазаннан бастап Сырдария округтік қорғаушылар алқасының мүшесімін. Сырдария округі Мойынқұм ауданының Ново-Троицкі селосында тұрамын.

1907 жылдан осы уақытқа дейін Семей географиялық қоғамының мүшесімін, оған мен қазақ халқының шығу тегі туралы тақырыпта баяндама табыс еттім.

Айтылғандардың дұрыстығы үшін моральдық жағынан жауап беремін. Сырдария қорғаушылар алқасының мүшесі Жақып Ақбаев.

Қорғаушылар алқасынын мүшесі Жақып Ақбаевтың қоятын қолын өзі қойғанын куәландырамын» (М.Құлмұхамед. Алаш ардагері. А. Атамұра. 1996. 144-147 беттер).

Тергеу орындарына қарата жазылған бұл анықтамаға қосарымыз, сол жазда науқастығына қарамастан 1930 жылы 8 тамыз күні Жақып Ақбаев тұтқынға алынды.

Әдетте, барлық сотталушылардың қылмысы көрсетілген, оның айғақтары мен куәгерлерінің көрсетіндісінен үзінді берілетін «Айыптау қорытындысында» Жақып Ақбаев туралы мағлұмат қарастырылмаған. «Алаш ісіне» байланысты айыптардың бірде-біреуінің оған қатысы жоқ екеніне олардың да көзі анық жеткен. Сонда екі жыл тергеуде ұстаудың, не ақтап жібермеудің мәнісі неде?

Зады, тергеушілер тура осы уақытта Қазақстан бойынша жаппай көтеріліске шығып жатқан жергілікті жердегі, соның ішінде Балқаш төңірегіндегі көтеріліске қатысқан және қолға түскен адамдардың «айғақтарын» күткен сияқты. Өйткені, Марат Әбсаметтің «Сәкен Сейфуллин» атты құжаттар жинағындағы тергеу хаттамаларына жүгінсек, Жақып Ақбаев түрмеде жатқан тура осы кезде тергеу орындары оның сыртынан қосымша айғақ пен дерек жинап жатқан. Бұл іске Сәкен Сейфуллин мен оның әкесі Сейфолланы да тартып, Жақып Ақбаевты «көтерілістің батагөйі» етіп көрсетпек болған. Оған жоғарыдағы жинақта көрсетілген Қарағанды облыстық архивіндегі «Аманбаев Ахметті тәркілеу және оны Қарқаралы округінің Шет ауданынан жер аудару туралы №154 істегі» мына тергеу құжаттары дәлел. Соның алғашқысында:

«Ахмет Аманбаев қазақ даласына аты әйгілі Ағыбай батырдың (Кенесарының қолбасшысы) тұқымы, Балқаш өңірінде аса үлкен ықпалға ие. Аманбаевтың ауылы азамат соғысы жылдары үнемі қырда көшіп жүрді, сөйтіп қашып жүрген «Алашорданың» көсемдерін паналатты, мысалы Міржақып Дулатов кешірім жасау туралы өкім шыққанша осында болды. Сондай-ақ «Алашорданың» белгілі қайраткері, ақгвардияшы эмигрант Райымжан Марсеков 1922 жылы Аманбаевтің ауылын паналады. Ақбаев Жақып та осы ауылда жасырынып, кейін Түркістанға кетіп қалуды ойластырды. Ақмола ЧОН-ының жасағы Аманбаевтардың ауылынан қайдан келгені белгісіз қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасын тауып алды»,–деген (М.Абсамет. Сакен Сейфуллин. Астана. 2006, стр.196) мағлұмат берілген.

Ал бұдан кейінгі Қайырлы Оспановтың:

«1930 жылы көкек айында Ақбаевтың Ново-Троицкідегі үйінде бұл мәселеге қатысты – көтеріліс пен Қытайға қоныс аударуға дайындық туралы кеңеске өте көп адам жиналды (40-тан астам кісі келді)»,–дегеніне сенсек (сонда, 202-бет); немесе ОГПУ-дің белсендісі, бұрынғы жылқышы Жылқыбай Түменбаевтің:

«1928 жылы тамыз айында Қарақаралы округінің Берікқара ауданынан Мойынқұм ауданына кетіп бара жатып жолай №16 ауылдың байы Қасенбек Дүйсеновтің үйіне үш күн қона жатып, Еркебек Дүйсеновті, Жуаспай Тасбаевты, Баймағамбет Алдабаевті, Мақтабек Түсіповты, Тәти Бейсеновті шақыртып алып, құпия кеңес өткізді. Жиналғандар Ақбаевтан: «Қазір кеңес өкіметі мен Қытайдың ара қатынасы қалай, кеңес өкіметінің құрығынан қашан құтыламыз?»,деп сұрады. Оған Жақып Ақбаев: «Байғұстар, шыдаңдар, таяуда қытайлар жеңіске жетеді, қытай үкіметі қазір олардың темір жолын басып алды, бір айдан кейін олар тұс-тұсына қашатын болады. Сендерге не істеу керек екенін айтамын, киіз үйдің сыртында біреу тыңдап тұрмасын, байқаңдар. Сендер енді бұдан былай өзен мен күре жолдың маңына жоламаңдар, Бетпақдалаға шығып кетіңдер. Әйтпесе, қызылдар сендерді қырғынға ұшыратады. Қызылдар келе салып аттарың мен атандарыңды тартып алады»,деді. Кеңеске қатысқандар бұған қауқылдасып, қуаныштан көздеріне жас алып: «Жақаң біздің көсеміміз. Арыстаным-ай! Оқымыстым-ай! Сенсіз не істер едік? Еркіндіктің өзін қолымызға ұстатқандай болды!»,десті. Ахмет Бектеміров Жақып Ақбаевқа қарагер атын мінгізді»,– дегеніне илансақ;

Жақып Ақбаев айтты деген:

«Таяу арада, 1930-1931 жылдары кеңес өкіметі қазақтың байларына қарсы көзқарасын өзгертеді, оларды тап ретінде жояды. Қазақ елі осы саясаттың құрбаны болады. Өйткені біздің халқымыз малмен күн көріп келеді. Соған әбден бейімделген. Егерде олардың тұрмысына бейімделсе, онда сөзсіз құриды. Жыл сайын мал тәргіленіп, саны азая береді, сөйтіп малсыз қалған қазақ аштан қырылады. Қазақ шаруашылығына алғашқы соққы 1930-1931 жылдары жасалады. Кеш қалмай тұрғанда мал мен басты аман сақтаудың қамына кірісу қажет. Қазіргі сәтті пайдаланып дайындыққа кіріскен жөн. Қазақтың мал мен басын сақтаудың жалғыз-ақ жолы бар, ол – Қытайға қоныс аудару. Әрине, Қытайда да қазақтарға еркіндік тимейді, Қытай өкіметі өзінің жерінде шет мемлекеттен келген адамдарды тегін асырамайды. Дегенмен де, қазақтың мал мен басын жоюға бағытталған саясатты ұстап отырған Қазақстаннан гөрі Қытайда өмір сүруге мүмкіндік беріледі. Осы ой кеше де, бүгін де мазамды алды. Менің ұсынысым – тұрғындарды Қытайға, Шәуешек қаласына қарай қоныс аударту»,– деген;

немесе тағы да Жақып Ақбаев айтты деген:

«Мен таяуда ғана Берікқара болысынан келдім, тұрғындардың арасынан: қоныс аудару мен көтеріліс ұйымдастыра алатын адам іздедім. Ондай адам өз ауылымнан табылмады. Тағы да соған қам-қаракет жасау үшін келдім. Бұл жолы ондай адамды таптым, ол – Еркебек Дүйсенов, батыл да шешімді адам. Мен оған Шет ауданының және басқа да жерлердің қазақтарымен байланыс жасауға тапсырма бердім»,–деген көрсетінділердің мазмұнына ден қойсақ, онда Ж.Ақбаев көтерілістің тікелей батагөйі болып шығады.

Әрине, бұл тәркілеу науқанында Шет ауданы бойынша 18 адамды тергеусіз, сотсыз атып тастаған қарағандылық төтенше бөлім қызметкерлерінің қылмысын әшкерелеген Жақып Ақбаевқа қарсы жасаған бопсасы. Әйтпесе, «Алашорданың» ісімен айыпталып отырған Жақып Ақбаевқа мұндай айып тағу қисынға келмейтін. Дегенмен де қаперлерінде ұстағаны анық. М.Әбсаметтің жарияланымындағы қарағандылық ерекше бөлімнің тергеушілері бұл қылмысқа Әлімхан Ермековті, Сәкен Сейфуллинді, Сәкеннің әкесі Сейфолланы – Жақып Ақбаевтың дем берушілері ретінде тартпақ болған. Бұған сол тәркілеу науқаны қарсаңында Жақып Ақбаевтың Шуда тұруы, Әлімхан Ермековтің ауылына келіп кетуі себепкерлік еткен сияқты.

Науқасы меңдеу тартқан Жақып Ақбаевты тергеуге алудың өзі де оңайға түспесе керек. Дегенмен де:

«Қазақстандағы бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың төтенше өкiлеттiгiнiң жанындағы үштiктiң мәжiлiсiнiң № III/к мәжiлiс – хатының 1932 жылғы 20-көкек күнгі хаттамасы бойынша:

«Тыңдалды: № 2370 – iс бойынша: Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелдi, Досмұхамедов Жаhаншаны қылмыс кодексiнiң 58/10, 57/7, 58/11 және 58/3 – статьялары бойынша; … Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3 – статьялары бойынша; … жауапқа тартты.

Шешiм: 1.Тынышбаев Мұхамеджанды. … 12. Ақбаев Жақыпты … – бес жыл мерзiмге концлагерьге жiберуге, оны сонша мерзiмге жер аударумен ауыстыруға... шешiм қабылдады», – деген үкім шығарылды.

Ол өзге де алашордашылармен бірге Воронеж қаласына жер аударылды. 1934 жылы 4-шілде күні сонда дүниеден қайтты. Соңында Кәмілмұрат, Кәмілшат, Арғұния, Наймания, Аспазия, Андромеда атты ұл-қыздары қалып, үрімді-бұтақты із қалдырды.

 

3.Даниал Ысқақов

«Алашордашылардың» тергеу ісіне тартылған екінші топтың соңына ала «Біләл Сүлеевтің, Даниал Ысқақовтың, Әбдірахман Мұңайтпасовтың және басқалардың» үстінен №2370 тергеу ісі (кейінгі қайта тіркеу бойынша №06610 іс) жүргізіліп, олардың жауаптары ІІІ томға тіркелген. Бұл азаматтарға нақты айып тағылмаған, тек көрсетінділерде аты аталғаны үшін ғана тергеуге тартылған. Олардан алынған сұрақ-жауаптар да бір-екі протоколдан аспайды. Оларды айыптылардан гөрі куәлардың қатарына жатқызуға болады. Солардың бірі – Даниал Кәкітайұлы Ысқақов.

«1931 жылдың 14 сәуірі. Алматы. ПП ОГПУ-дің 3 ерекше бөлімінің өкілі подполковник Лаптев осы күні тергеуге түскен №23-70 іс бойынша «Тынышбаев Мұхамеджанға және басқаларға ҚІК 58-7, 58-11, 59-3 баптар бойынша айып тағылғандармен» байланысы жөнінде жеткілікті айғақтар болғандықтан да Даниал Ысқақовты тұтқындау туралы қаулы қабылдады. Семей губерниясынан шыққан, 33 жаста, Ташкент қаласының тұрғыны, партияда жоқ, жоғары білімді, Орта Азия ауыл шаруашылығы институтының жанындағы рабфактің оқытушысы, үйленген, бұрын сотталмаған, жауапқа тартылмаған. Қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысқан, солармен бірге ұлтшылдық идеясын насихаттаған және тұрғындарды кеңес өкіметінің шараларына қарсы үгіттеген. ҚК-нің 12-8 баптарына сәйкес Даниал Ысқақовты №3470 істе көрсетілген ҚК-нің 58-10, 58-11 баптары бойынша жауапқа тартуға қаулы етілді.

Бұл туралы ГПУ-ге қарасты мекемелерді қадағалайтын прокурорға хабарланды. АТП өкілі Саенкомен келісілді. Рогожин».

Анкеталық анықтама: Даниал Кәкітайұлы Ысқақов – Абайдың туған інісі Ысқақ Құнанбайұлының немересі. Семейдің мұғалімдер гимназиясында Ж.Аймауытовпен, М.Әуезовпен қатар оқыған. «Алашорданың» Семейдегі «Талап» жас алаш ұйымын құрушы, оның жарнашысы, «Абай» журналының демеушісі болған. Алашордашылар жаппай қуғындала бастағанда бесіктен бірге өскен досы Мұхтар Әуезов екеуі Ташкентке ауысқан. Онда Х.Досмұхамедовпен бірге Ташкентте «Сана», «Шолпан» журналдарын шығаруға қатысқан. «Сананың» жарық көрген алғашқы екі санында М.Әуезовтің «Бәйбіше – тоқал» пьесасының әлеуметтік астары мен көркем бейнеленуі туралы «Қорғансыздар» атты әдеби сын мақаласы жарық көрді. Бұл сол тұста нақты көркем әдеби сынның талабына толық жауап беретін пайымды басылым болып табылады.

Тәркілеу науқанында Құнанбай тұқымдары тұтастай қуғынға ұшырап, жер аударылғанда оларды Ташкент пен Шымкент маңына жасырын қоныстандырған. Оған «үш-төрт жасар халық жауының тұқымы», Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың қызы Мінәш Ысқақованың:

«Шамасы 1929-1930 жылдардың бірі болар, менің туған әкем Әрхам Кәкітайұлы "Құнанбай ұрпағы" болғаны үшін қуғындалып, басына тұтқындалу қатері төнгенде Мұхтар ағаның көмегімен (естелік кеңес тұсында жазылғандықтан да Даниал Ысқақовтың есімін тура атаудан секемденген, кейін алғашқы мәтінді өзгертуге Мінәш апай бізге ықылас білдірмеді – Т.Ж.) Ташкент түбінен пана тауып, сонда қоныс тепкен екен. Әкемнің соңынан іздеп барған анам Сақыпжамал 3-4 жасар мені өзімен бірге ала кетіпті. Бізді Ташкентте қарсы алған, пәренже жамылған әйел (ол Зина деген апай еді, 1961 жылы көргенмін) анамды өзбектің арбасына отырғызды да мені алып қалды (Әкесі Әрхамның жасырынып жатқан жерін сыр сақтауды қаперіне ала қоймаған жас нәрестеден жасырған – Т.Ж.). Бөтен адамнан қорқып, жылап келе жатқан мені биік үйдің жанында тұрған екі ер адамның қасына әкелгенде, аққұба өңді кісі мені құшағына алып: "Жылама, мен сенің ағаң Дәкумін. Ал мына кісі Мұхтар ағаң. Қазір сені Мүкәрәма апаң ертіп әкетеді, ертең әке-шешеңе өзіміз апарамыз",деді. "Ағаң, апаң",– деген жылы сөз бен аққұба, қара торы өңді туыстарымның бейнесі жат жерде бірінші рет көргендіктен бе, жоқ әлде балалық сезімнен бе, әйтеуір күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпей, сақталып қалыпты. Және Мұхтар ағаны, туған ағамыз екен деген әсер менің санамда 1942 жылға дейін өзгермеді»,– деген (Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. А., 1997 жыл. 200-бет) естелігі толық дәлел.

Ташкент қаласында Мұхтар Әуезовпен бір үйде тұрған. Екеуін де қатар тұтқындап әкеткенде көшеде қаңғырып қалған Мұғамила Мұхтарқызын қашан Әлкей Марғұлан мен Шафик Шокин Алматыға әкеп орналастырғанша паналатқан адам – Даниалдың әйелі, естек қызы Мүкарамма бегім болатын.

Даниал Ысқақовтың шығармашылығы қалың көпшілікке бейтаныс. Сондықтан да оның негізгі еңбектеріне қысқаша шолу бере кетуді жөн көрдік.

Даниал Ысқақовтың алғашқы әдеби сыны “Қорғансыздар” (Әуезұлының „Бәйбіше-Тоқалына” тексеру) – деген атпен автордың өзі басқарма мүшесі яғни шығарушысы болған “Сана» журналының 1924 жылғы №2-3 сандарында басылған. Мақаланың соңында: «Егер «Бәйбіше-тоқалдың» идеясы, әсердің түрі осы айтылғандай деп танысақ, тексерушінің ендігі міндеті: жазушының ол мақсатын қандай дәрежеде орындай алғанын, пьесаның көріністерін, байланыстарын сол мақсатына үйлестіре алған, үйлестіре алмағанын қарастыру болмақ. Енді соны орындауға көшеміз. Даниял. (Аяғы бар)»,– деп көрсетілген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных