Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 38 страница




Тура осы күндері, яғни, 1937 жылдың қыс айларының соңында Алматыға келген Мағжан Жұмабаев Жұмаханның үйінде қонақта болып, ол аударып жатқа профессор Фроловтың «Менің жануарлармен танысуым» атты кітабінің аудармасымен, әйгілі «Қара дәптердегі» «Жыландар мен дін туралы» жазбасымен танысып шығып, өзара ұзақ пікірлеседі. Осындай екі бірдей «халық жауының» Ж.Күдериннің отбасының мейманы болуы, әрине, тыңшылардың назарынан тыс қалмайды. Егіс даласында жүрген Жұмахан 21 мамыр күні үйге қайтпай қалады. Түнде есік қағылып, Жұмаханмен бірге тергеушілер қоса кіреді.

Т.Г.Күдерина-Насонова: «Тінту басталды. Жұмаханды бәрімізден оңаша бөлменің бұрышына отырғызып қойды. Өзін қалай тұтқындағаны туралы айтуға рұқсат берді. Сөйтсе, Жұмахан алдын ала келіскеніндей, шекара ауданына рұқсат қағаз алу үшін таңертеңгі сағат 11-де НКВД-ның кеңсесіне келеді. Оған сағат он екіде бастық келген соң келуді өтінеді. Ол комендатурада ілінген қабырға сағатына қарама-қарсы тұрған орындыққа отырып кітабін алып оқиды. Сағат 12-де НКВД киіміндегі үш жігіт келіп оны тұтқындау туралы ордерді көрсетіп, өздерінің соңынан еруді өтінеді.

Тінтуді сондай тиянақты жүргізді. Барлық заттарды ақтарып, қағып, сілкіді. Кітаптар мен қолжазбалардың әр беті ашылып қаралды. Сонымен таң атты. Олар асыға бастады. Тінтудің хаттамасын жасады. Кір салуға арналған себетті босатуды өтінді. Оған іріктеп алынған қолжазбаларды, кітаптарды, суреттерді салып алды да кетіп қалды. Мен олардың соңынан аулаға шықтым. Машина Мичурин көшесімен бір орам жоғары көтерілді де, Киров көшесіне қарай бұрылып, бұрыш айналып кетті», – деп еске алыпты.

Қайтып тағдыр оларға көрісуді жазбады. Әрине, жоғарыдағы оқиғалардың тоғысуы, әрі, шекаралық аймаққа іссапарға шығуы, қауіпсіздік мекемелерін «қатты алаңдатады» және тұтқындауға оңтайлы сылтауды пайдаланып қалады. Л.Ж.Күдеринаға әкесінің тергеу ісі туралы берілген анықтаманың көшірмесін ұсынумен шектелеміз.

«Іс №... Күдерин Жұмахан, РСФСР ҚК-нің 58 бабының 7, 8 және 11тармақтары бойынша жауапқа тартылған. Іс 37-жылдың 23 мамыр күні басталған. Облыстық прокурор Құрамшиннің 22/Ү-37 күні пәрмені бойынша тұтқындалды. 22/Ү-1937 күні тұтқындауға анықтама берген – Шабанбеков.

Күдерин Жұмаханды тұтқындау туралы №51 анықтама.

Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы, 1893 ж.т., Алматы облысы Аягөз ауданының тумасы, тәргігіге түскен және жер аударылған байдың баласы, партияда жоқ, 1918-19 жылдары Анненковтың ақ бандиттерінің жасағына белсенді түрде қатысқан, «Алаш» партиясының белсенді мүшесі, контрреволюциялық ұлтшыл әрекеті үшін 1929 жылы Ташкент қаласында тұтқынға алынып, 5 жылға Қазақстаннан тыс жерге жер аударылған. Оның туған ағасы, бандиттік қозғалыстың белсенді мүшесі Жүніс Маусымбаев – Батыс Қытайда (Шәуешек қаласында) эмиграцияда жүр, ал екінші інісі Маусымбаев Төлеубек 1934 жылдың соңында Батыс Қытайдан жасырын түрде СССР-дің шекарасын бұзып өтті, ол қазір тұтқында. (Жұмахан Күдерин) 1934 жылы жер аударылу мерзімі біткен соң Алматыға қайтып оралды, 1936 жылы біраз уақыт Малшаруашылығы ғылыми зерттеу институтында агроном болып істеді, ол арадан қуып шығарылған соң, қазір «Качуконостың» қазтресінде агроном болып істейді, Степная көшесінің №64 үйінде тұрады.

УНКВД (ІІХКБ) Алматы облыстық УГБ (мемлекеттік қауіпсіздік басқармасындағы) мәліметтер бойынша: Күдерин белсенді түрде контрреволюциялық әрекеттер жүргізген контрреволюциялық ұлтшыл ұйымның белсенді мүшесі болып табылады. Осы мақсатқа жету барысында контреволюциялық ұлтшыл элементтерді өзінің айналасына топтастырды.

Сол ортада Күдерин:

«Мен кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаған Қазақстандағы және Ташкенттегі астыртын ұйымның жетекшісі болдым, бірақ бізді талқандады, бұл өте қызықты жұмыс еді, бірақ өміріңе үнемі қауіп төніп тұратын. Кім бұған басын тіксе, сол адам өлімнен де қорықпайды», – деп айтып жүрген;

«Газеттерде троцкишіл-зиновьевшіл оппозиционерлер туралы ескі сарынды қайтадан жаңғыртып жаза бастады, олардың қатарына бізді де қоспақ, алайда біздің ұйымның жұмысы зиновьевшілердің бағытына ұқсамайды, өйткені Қазақстанда нақты заң жоқ»;

«Троцкишілер мен зиновьевшілер 1935 жылы әшкереленген болатын, ал енді оларды тағы да қайыра сотқа тарпақ. Мұндай заң тарихта болған емес», – деп айтып жүрген.

... Облыстың бірқатар аудандарында жергілікті контрреволюциялық ұялар ұйымдастырып, оларға бағыт беріп отырды.

Сондықтан да РСФСР ҚК 58 бабының 10 және 11 тармақтары бойынша жауапқа тартылды.

Ж.Күдеринді тұтқындауға рұқсат беруіңізді өтінемін –

УГБ ІҮ бөлімінің бастығы, лейтенант – (Живгуль)

Орындаушы, сержант – (Б.Г.Якупов)

А-5».

Демек, Ж.Күдерин қабылдауда күтіп отырғанда Шабанбеков, лейтенант Живгуль, сержант Якупов осы ордерді дайындап жатқан болып шықты. Сұрақ, жауаптың бұдан кейінгі бағдары осы бағытта жүргізілген. Оған О.Жандосовтың тергеу ісіне тартылған Алматы облысының аудандары мен колхоз төрағаларының көрсетінділеріне қарап, ол тергеудің заңсыздығына, қинап, азаптаумен жүргізілгеніне еш күмән келтіре алмайсың. Әрі әкесі Маусымбайдың сол кезде шетелге өтіп кеткенін, ал інісі Т.Маусымбаевтің ашық қолға түсіп отырғанын, М.Жұмабаев пен Е.Омаровтың үйіне емін-еркін келіп жүргенін ескерсек, онда «шетелмен байланыс орнатты», «контреволюциялық ұлтшыл элементтерді өзінің айналасына топтастырды» – деген айыптарды дәлелдеудің өзі артық сияқты көрінетін.

Қызы Лариса Жұмаханқызының жинақтаған мағлұматы бойынша, 1937 жылы 15 маусым күні бірінші рет сұрақ алынады, 4 тамыз күні екінші рет шақырылады. Ал 28 қазан күні тергеудің аяқталғаны туралы хабарланады. 1937 жылы 11 қараша күні Айыптау қорытындысы жасалады. 1938 жылы 6 наурыз күні айып қорытындысымен танысып, қол қояды. Ертеңінде, яғни, 1938 жылы 7 наурыз күні:

«Кеңес өкіметіне қарсы ұлтшыл террористік-көтеріліске қатысып, шпиондық-диверсиялық қастандықтар ұйымдасытырып, Отанын сатқан халық жауы ретінде» атылды.

Арада бір ай өткеннен кейін, яғни, 1938 жылы 23 сәуір күні: Бірінші дәрежелі аса ауыр қылмыстарды біле тұрып жасырғаны үшін 1902 жылы Тамбов облысының Русанов уезінде туған, орташаның қызы, орыс, орташа білімді Татьяна Георгиевна Күдерина-Насонова Қылмыс кодексінің 58 бабының 2, 7, 8 және 11 тармақтарымен айыпталып, 2 жылға жылға Алматы мен облыс орталықтарынан тыс шалғай аудандарға (өзі Шымкент пен Жамбыл облысын қалаған) жер аударылады. Сөйтіп, екі жасар ұлымен, бір жасар қызын қолтығына қысып, өмір үшін жанталасқан күресті бастайды. Алматыға оралған соң мектепте мұғалім, ботаника институтында қызметші болып өлмеші күн көреді.

 

2.

 

Осы ретте Ж.М.Күдериннің артында қандай мұра қалғанынан мағлұмдар ету үшін тергеуші Уәли Якуповтың (елуінші жылдардың екінші жартысында мәдениет министрінің орынбасары болған) тінту кезінде толтырған хаттамасынан үзінді келтіреміз. Онда:

«4.Қатира – 4 дана, 5. Түсірілген суреттер мен фотолар – 27 дана, 6. әртүрлі құжаттар – 20 дана, 7. Кітаптар, тізім бойынша – 65 дана, 8.Әр түрлі жазулар жазылған дәптерлер – 30 дана, 9. Әртүрлі жазбалар – 585 парақ, 10. Газеттің ескі қиындылары – 15 дана», – деп көрсетілген.

Соның ішінде қаншама құнды ғылыми зерттеулер ізім-ғайым жоғалып кетті десеңші. Оған Ж.Күдериннің елге қайтып оралған екі жылдың ішінде жазып, баспаға ұсынған мына еңбектерінің тізімі мысал бола алады:

Ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес, аударма, (басылым көрмеген), 1935,

Өсімдіктердің терминдік атауларының латын, орыс, қазақ тіліндегі салыстырмалы сөздігі, ҚазФАН, 1936, қолжазба күйінде баспаға тапсырылған.

Жыланды қалай үйретуге болады және ол көзімен қалай арбайды, қолжазба күйінде қалған,

Қазақ руларының шежіресі, қолжазба күйінде Ғ.Мүсіреповке тапсырылған.

«Ауыл шаруашылығының машиналары» атты аудармасы (1936-1937) мен «Қант қызылшасы» (1936-1937) атты кітабінің қолжазбалары баспа редакторы Қартқожа Тоғанбаевқа (Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романының прототипі) тапсырылған. Қ.Тоғанбаев қолға алынғаннан кейін қолжазба жоғалған. Үкіметтің тапсырмасы бойынша жүргізілген, тоқыма өндірісіндегі мәні зор кендір (көктарақ, қожакендір, сора) талшықтары жөніндегі көлемді зерттеуі де жарық көрмей, ізім ғайып болған.

Өкінішті, алаңға толы аз ғұмырда осыншама ғылыми зерттеу жүргізген ғалымның сан-салалы еңбектері екі бірдей қамақтың (1930-1935, 1937) кесірінен тәркіленіп (аяқталғаны бар, аяқталмай қалғаны бар) қолжазба күйінде жарық көрмей кетті. Оған Т.Г.Күдерина-Насонованың:

«Біздің тергеушіміз Уәли Якубов екі аптада бір рет сәлемдеме апаруға рұқсат берді, екі айдан кейін кездесуге рұқсат етілді, кездесуде Жұмахан: тергеуші менің үш тиындық (атудың белгісі, бір тал оқтың қазыналық бағасы) құным жоқ екенін айтты – деді әзілдеп. Тергеуші мұны ризалықпен мақұлдады. Сондай кездесудің бірінде мен «Казахстансая Правда» газетінде Алтайскийдің аударуымен басылған...дың «Жыландар туралы» өлеңіне назар аударуын өтіндім. Өлеңді оқығаннан кейін ашу қысқан Жұмахан қалшылдап кетті, демек ол өлең оның материалының негізінде жазылған болып шыққаны ғой. Сөйтсем, тінту кезінде алынған жыландар мен дін туралы жазған материалдары жинақталған «Қара дәптері» жоғалып кетіпті. Тексерткенімде тінту кезінде жасалған тізімінде жоқ болып шықты. Тергеушінің іздегеніне қарамастан, ол дәптер сол күйі жоғалып кетті», – деген өкініші дәлел.

Ал қысылған кезде тергеуші Уали Якупов қайтарып берген сирек кітаптарды Ж.Күдериннің Ташкентте оқытқан шәкірті С.Кеңесбаевқа ұсынған. Соның ішінде «Салыстырмалы сөздіктің» қолжазбасын да өткізеді. 5 жыл өткеннен кейін академик: «Қолжазбаның уақыты өтіп кеткен. Маңызын жойған», – деген сылтаумен, 640 сомға бағаланған сөздіктің қолжазбасының ақшасын төлемей, Сарым Жұмаханұлы Күдеринге қайтып берген. Ал бұл ғалымның 70 баспатабақтық фразелогиялық түсіндірме сөздігі әр тұста жариялым көргені белгілі. Ол еңбектің обалын да өзімен бірге ала кетті.

Қара дәптер. Дін мен жыланның арбауын көркем тәсілмен салыстырып жазылған сатиралық шығарма. Бұл шығарма ғылым мен тәжірибенің, қаламгерлік пен ғалымдықтың түйсіну шегінде орындалған еңбек. Ол Орта Азия Мемлекеттік университінің қабырғасында жүргенде жыландардың өміріне, олардың мінез-құлығына бақылау жасап, байқағандары мен жүргізген тәжірибелерін шақпақ жолды қара тысты дәптерге түсіріп отырған. Ол үшін Ж.Күдерин өзінің пәтерінде жыландардың ордалы жымын (террариум) ұстаған. «Қара дәптер» аталып кеткен бұл дәптердегі жыланжардың арбау әдістері мен барлық бағыттағы діни уағыздар мен зікірлерді жарыстыра отырып, философиялық, танымдық, психологиялық салыструлар жасаған. Әрі ғылыми, әрі танымдық, әрі көркемдік маңызы терең, орындалуы тосын бұл «Қара дәптерге» С.Сейфуллин пікір білдіріп, «Көкшетау» дастанында Жұмаханның атын атап өткен. Айдаудан қайтып келген кезде онымен М.Жұмабаев та танысып, оның бұл туындысына жақсы пікір білдірген. Бұл туынды екінші реткі жүргізілген тергеу тұсында тәргіленіп, жоғалып кеткен. Сол дәптермен бірге Ж.Күдериннің өмірінің соңғы жылындағы еңбектері жарияланбай қалған.

Өкінішке орай, қазақ жаратылыстану ғылымдарының алғашқы қарлығашының бірі, зерттеулерінің өндірістік мәні бар, нақты қолданымға түскен, күні бүгінге дейін жолға қойылмаған және аттары мүлдем ұмытылып бара жатқан өсімдіктер мен зоологиялық терминдердің атауларының авторы Жұмахан Күдериннің есімі ғылым саласында ғана емес, сонымен қатар бірнеше рет әр түрлі жобалар арқылы басылым көрген Алаш туралы энциклопедиялардан да орын алмай келеді. Жаратылыстану туралы оқу құралдары мен аудармалардың авторы. Оның бір мысқалын марқұмның қызы өз қаржысы есебінен тоқсаныншы жылдардың басында бастырып шығарды.

Жұмахан Күдериннің өзі түгілі бір жасқа толар-толмаста әкесінен жетім қалған ұлы Сарым Жұмаханұлы Күдерин де қазақ ұлтының рухани тарихынан алатын орыны ешқашанда ұмыт қалатындай жөні жоқ тұлға. Сарым Жұмаханұлы Күдерин – қазақтың тұңғыш кәсіби альпинисі, 1962 жылы 25 жасында альпинизм саласы бойынша СССР чемпионы атанды. Ал 1963 жылы 14 шілде күні 11сағат 20 минутта Кавказ тауының Сванетия шыңдарының Чатын –Тау мұздағында 6 адамнан тұратын Лев Мышляевтің командасының құрамында қаза тапты. Сарымның есімін мәңгі қалдыру мақсатында Алматы аңғарындағы шыңға Күдериннің аты берілді. Ал оның шәкірттері Э.Ильинский, Ю.Голодов, В.Хрищатый 1982 жылы кеңестік тұңғыш құраманың қатарында Гималайды бағындырды. Шәкірттері өздерінің тұңғыш жаттықтырушысы Сарымның суретін ала барып, Эверес шыңын ұшар басына ескерткіш ретінде белгі етіп қалдырды. Рухы асқар да асқақ Сарымның денесі Чатын-Таудың мұздағында мәңгі қалды. Ұлының рухына жыл сайын тағзым етіп тұрған анасы Т.Г.Күдерина – Насонованың өсиеті бойынша Лариса Жұмаханқызы Күдерина мен немерелері анасының күлін Сванетияның асуынан асып барып мұздақтың түбіне жерлейді. Денесі қай жерде қалғаны белгісіз әкелерінің де прортрет тақтасын сонда ескерткіш етіп орнатады. Міне, өр рухты намыс иесінің рухы да әлемнің ең биік шыңдарында асқақтап тұр.

Алаш жасағының майдангер сардары, алаштың тәуелсіз ғылым идеясын мақсатты түрде тікелей өндіріспен байланыстыруға ұмтылған, бүгінде аты алаш қайраткерлері туралы анықтамалардың өзінде аталмай жүрген, аягөздік, үржарлық жерлестері де ұмытқан әмбебап ғалым, тағдыры кеңестік жазалау жүйесінің «қара дәптеріне» жазылған Жұмахан Маусымбайұлының тағдыры, міне, осындай. Тек сенімді жардың, Сарым және Лариса сияқты намысты үрімінің әке әруағы алдындағы тағзымының нәтижесінде ғана, артында із қалдырғаны көңілді жұбатады. Қаламгер Табыл Құлиястың мәліметінше, қазір Лариса Жұмаханқызы Мәскеуде тұрады, Россия Академиясының мүше-корреспонденті, аймақаралық «Феникс» қорының президенті. Әкесі туралы отыз жылдан астам жиған деректерінің басын біріктіріп, дербес кітап құрастыруды ойластырып жүр. Жұмахан Маусымбайұлы Күдериннің тауқыметті тағдыры сонда толық ашылады, ғалымның еңбектері жинақталып, дербес басылымға ие болады – деген үмітпен әфсанамызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

АЛТЫНШЫ ТАРАУ: «ЖЕТІЛМЕГЕН ЕЛДІҢ БАЛАСЫ...»

(ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ)

 

1.

Сонымен, «Дала қарақшысы», «Өзі де – ақ, сөзі де – ақ», «Байтұрсынов – сол баяғы Байтұрсынов» атты ілгерідегі тараулардың мазмұнына жүгінсек, «Алашорда» астыртын контрреволюциялық ұйымының қастандық әрекеттері ашылмады. Дінше Әділевтің көрсетіндісі бойынша Міржақып Дулатовпен қоса Жүсіпбек Аймауытовтың «ылаңкестікке, қастандыққа» тікелей қатысы бар екенін анықтай алмаған тергеушілер, енді тергеу тәсілін күрт өзгертті. Арандаудың ең нәзік әрі жүрек шошытарлық қастаншықпағыр тәсілін тапты. Олар тікелей Голощекиннің өзін “қарауылға” алды. Әсірелеу емес, нақ солай:

«Кіші октябрьдің» авторын – Голощекинді қастандықпен өлтіруді ойластырды», «қырда көтеріліс ұйымдастыруға әрекеттенді», – деген айып аяқ астынан табыла кетті.

Бұл идеяның авторы кім? Егер де, Филип Исаевичтің өзі мақұлдамаса, тергеушілердің бір де біреуі басын бәйгеге тігіп, тәуекелге бел байлауы мүмкін бе? Қайдам. Ал, Голощекин бұл лақап арқылы өзінің беделінің өсетінін білді. Біріншіден: бұл кеңес өкіметіне және оның көсемдеріне бұлтартпайтын айғағы бар ашық жаулық. «Айыпкерлердің» кез-келген пікірі айғаққа жарап жатыр. Екіншіден: «социализм дамыған сайын, тап күресі шиеленісе түседі»,– деген Сталиннің пікірін «дәлелдейді». Үшіншіден: «Голощекинге қастандық жасауға ұмтылуы тегін емес. Демек ұлтшылдардың жанына тиетін бір түйіткілдің болғаны. Ендеше қалайда «Кіші октябрьді» жүзеге асыру қажет»,– деп шешкен. Әрине, бұл жай ғана болжам. Бірақ шындықтың да сілемі жоқ емес. Өйткені Голощекин әрбір отырыста: өзіне қастандықтың жасалатынын жиі еске салып, мәжілістерде де қайталауды ұнататынын басқаша қалай түсінуге болады?

Ең шетін мәселе – Байтұрсынов бастатқан «контрреволюционерлер» Голощекинге қарсы қастандық ұйымдастырды ма, жоқ па? «Ұйымдастырған» екен. Оны да «айтып қойған» – Д. Әділев боп шықты. Бұл жолғы салмақ, яғни, қорғану кезегі – Жүсіпбек Аймауытовқа түсті. 1929 жылы 20 мамыр күні тұтқынға алынған Жүсіпбек Аймауытовқа:

«1927-1928 жылдары Әділевтің бандысымен астыртын байланыс жасап қырда қарулы көтеріліс ұйымдастырмақ болған»,– деген айыптың тағылуы соған дәлел.

Бұл – тергеудің үшінші желісі. Ал, оның қандай тарихи астары бар еді?

Д.Әділев (жалғасы): «Театр директоры ретінде күш-қуатымды аямай жұмыс істедім. Бірақ мен отставкаға сұрандым да Ташкентке кеттім. Орныма Әли Байсейітов тағайындалды. Содан Қаратауға барып қырда біраз дем алдым да, Қызылордаға келген соң Аймауытов екеуміз Мәскеуді көріп келуге кеттік. Мәскеуде Свердлов алаңындағы екі қабатты Кеңес үйінде тұратын Қожановтың пәтеріне түстім. Мәскеуде он күн тұрдым. Қожановтың әйелімен, ұлымен, түркістандық бір қазақпен үлкен театрға бардым. Бұл мен үшін үлкен жаңалық болды. «Руслан мен Людмила» операсын көрдім. Келесі күні Қожанов мені шығарып салды. Москваға келе жатқанымызда, жолда поезда Смағұл Сәдуақасовпен кездескемін. Әңгіме барысында ол: Өлкелік Комитеттің мәжілісінде Голощекинмен және басқа да бюро мүшелерімен қатты ұрысып қалдым,деген болатын. Мен мұны Қожановқа айттым. Ол содан кейін Асфандияровқа және Қазақстанның Москвадағы өкілі Досовқа хабарласты. Олар қонақ үйде біраз әңгімелесті. Асфандияров тапаншаның бірнеше оғын Қожановқа берді. Қайтарда Арыс бекетінен Шымкентке түйемен келіп, одан Әулиеатаға соғып, ауылға бардым.

1927 жылы өзімнің жақын туыстарым Мұқатай Бейсенбаев пен Нұрлан Кәрібаевті ертіп Қызылордаға келдім. Қаладан шеткері орналасқан станцияның түбіндегі Алпысбайдың үйіне орналастым. Сол үйге Дулатов келді. Әңгіме барысында: ССРО мен Англияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың үзілгенін, соғыс бола қалған жағдайда Кеңес өкіметінің құлайтынын сонда естідім. Байсейітті түрмеден алып шыға алмадық. Коллегия мүшесі Қадырбаевтің кепілдігімен ғана босатты. Кейіннен оның ісін Ақмола уезінде – Петропавл қаласында қарайтыны белгілі болды. Содан кейін Байсейіт елге шығып кетті.

Бұл 1927 жылдың күзі болатын. Біздің ауыл Сарысудағы жайлаудан Шу бойына көшкен еді. Түркістаннан ауылға бір өзбек келіп: «Қожанов Мәскеуден келді. Ол: Әділевтер көзге түссе міндетті түрде ұсталады. Неғұрлым шет жүргені дұрыс»,– деп сәлем айтыпты. Сонымен 1928 жылдың көктемі де келді. Ауыл солтүстікке қарай жайлауға көшті. Қожанов Ташкентке келді дегенді естіп: «Мүмкін мені Өзбекстанда қызметке алар немесе шетелге баруға жолдама берер»,деген үмітпен туысым Нұрлан Кәрібаевті ертіп жолға шықтым. Ағабек Байдуллаевтің ауылына келгеннен соң Ордабай Жақыпов деген милициядан оның тұтқынға алынғанын естідік. Біз Шымкентке суыт жүріп кеттік.

Жүсіпбек Аймауытов Шымкенттегі Казпедтехникумда сабақ беретін. Ақшамда оның пәтерін тауып алып, терезесінен дауыстап шақырдым. Ол жазуын қоя сап сыртқа шықты. Ол мені дауысымнан таныпты. Ташкентке – Қожановқа жолығуға бара жатқанымды айттым. Ол: «Сенің ашық жүруің өте қауіпті. Байдуллаевті босатып аламын десең – өзің біл. Бірақ Ташкентке барма. Қожанов пен Дулатовқа айтатын сәлеміңді менен айт»,– деді. Біз сонымен тарқастық. Ағабек пен Отарбайды ертіп Сұлтанбекке бардық. Ол: «Таңертең Ағабек амбулаторияға барады. Сонда атты дайындап қойыңдар да, өздерің оны қаланың сыртынан күтіңдер»,– деді. Біз үш атпен Ағабекті күтіп тұрдық. Ол келісімен Темірланға қарай бет алдық. Онда Ағабектің туысының үйіне түстік. Мініске ат берді. Сөйтіп ауылға жеттік».

Бұл көрсетінді Жүсіпбектің өзгелерден бұрын атылып кетуіне тікелей себепкер болды. Өйткені мұнда Голощекинге «жасалған қастандық әрекеті» ашық айтылған. Және Д.Әділевтің берген көрсетіндісін Ж.Аймауытовтың өзі мойындаған. Ол оқиғаның ұзын-ырғасы мынадай:

Жоғарғы соттың айқындамасынан: «Аймауытов, 1928 жылы көктемде Шымкент қаласында Әділевпен кездескенін мойындады. Ол (Д.Әділев) бұған (Ж.Аймауытовқа) өзінің шет елге кетіп қалуды ойластырып жүргенін айтады және Қожанов арқылы ретін тауып шетелдік паспорт алып беруін өтінеді. Содан кейін өзінің (Әділев) Голощекинді өлтіруді ойлап жүргені жөнінде айта бастайды, бірақ Аймауытов оған бұлай істемеу туралы кеңес береді».






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных