Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 42 страница




Тағы бір қосылмайтын жерім: «Ақын – таптыкі ғана болады. Бірақ кейде тұрмыс жағдайымен, таптан мойыны асқан, тап шарасынан жоғары, өзге таптың да сойылын соғатын бұқарашыл, ұлт санасын меңгерген ақын да болады»,деп Плеханов айтады. Оны Ғаббас жазып отыр. Олай болса, қазақ ақындары тапқа неге қамалып қалды. Неге байшыл, неге діншіл болуға міндетті? Отаршылық зардапты бай, кедей, ұлт болып тартқан жоқ па еді. Жерінен бай да, кедей де қуылған жоқ па еді? Малы жоғалса хохолдан бай да, кедей де таяқ жеп, өлгеніөлген жоқ па еді. Ұлт мұңы бұрын бір емес пе еді? Бір болғандықтан да, Асан қайғысы, Бұқар жырауы, Шортанбайы, Абайы, Ахметі, Міржақыбы, Мағжаны, тағы басқалары отаршылдыққа, орысқа, патша өкіметіне қарсы болып келген жоқ па еді? Осы өткен ақындардың бәрін байшыл, кедейшіл қылып алып, одан кейін Мағжанға, тағы тағыларға келсе, сонда жүлгелі (последовательный) болып сынаған болмай ма, әйтпесе, Мағжан байшыл, Міржақып байшыл, Бейімбет кедейшіл деген сөз бола ма?

Төңкерістен бұрын, деген қара кедей Сәбит Дөнентайұлы да, Бейімбет те бәрі де ұлтшыл болып жазып жүрсе, енді кедейді бетке ұстады деп, олар тап ақыны бола қалмақ па? Бояма ақын бола ала ма? Әдебиеттің сұйылуы боялудан шығады деп білемін. Шындап ақын жаза алмаса, ақын емес, етікші. Рас, пікір жүре өзгереді. Орыс жазушыларының да кейбірі төңкерістен кейін жарамсақтанған, олардың ішінде жарамсақтықтан аманы да бар. Қазақ ақындарының пікірі соншама күрттен өзгергендей жағдай болған жоқ: өйткені төңкеріске біз көлденеңнен қосылдық. Ащылы, тұщылы тауқыметін басымыздан көшіргеміз жоқ. Сондықтан тек думанға, дүрмекке қызып, төңкерістің маңызын, дәмін тата алмай (...) қалдық. Сол дүрмекпен әлі келе жатырмыз. Күшенгенмен сөзіміз үйлеспей жатыр.

Мен өз басымдағыны айтайын. Өзім нағыз кедейдің баласымын. Бай туысқандарымнан зорлық, қысым көріп өстім. Балаң орыс болып кетеді, солдатқа алып қояды деп, немере ағам орысша оқытқызбаған. Өз баласын орысша оқытып жүріп, мені оқытпаған. Сөйтіп мен, байға, жуанға өш болып өстім. Бірақ, жүре, оқи, көз ашыла келе, байдың да, кедейдің де орыстан көрген қорлығын көрдім. Шорман ауылының Қаракөл деген ата қонысын, Баян төңірегіндегі қазақтың шұрайлы жерлерін келімсектер алды, оны мен естідім де, көрдім де. Орыс стражниктерінен, полицейлерінен қазақтың талай таяқ жегенін көрдім. Ана жылғы Қарқаралыға хохолдан қорқып, қашып келіп жүрген Жетпісбайлар есімде. Хохол жоғалған малы үшін оның (надан адам ғой) атын тартып алса, ол сотқа берген ғой. Сотқа беретін неме екенсің деп, хохолдар оның аулына жиналып келіп өлтірмек болған. Содан (ҮІІ том 148-бет) қорқып, қыстай үйіне жолай алмай жүрді ғой. Ақмола үйезінде Төкіш деген бір кедей әнші бар еді. Жақ жоқ әнші еді. Соның ауылын малы жоғалған хохолдар шауып, Төкішті тепкілеп өлтірген.

Бұлар 22-23 жылдардағы оқиға.

Осыларды көріп, естіп тұрып, қалай тапқа кісенделерсің? Кеше ғана осы жылдың сентябрінде Қарқаралының алты кедейі Қояндыдан Орынборға жылқы айдауға бір орысқа жалданып келе, мұнда келген соң орыс ақысын бермей қашқан да кеткен. Олар мені тапты. Біреуі ана жылы Торғайға мал айдауға жалданған, мені білетін Сәбікей деген жігіт екен. Сорлы кедей қаңғып, зарлап қайтып кетті. Қолдарында түк белгі жоқ. Не қыларсың?

Осының бәрі жүзден бірі. Бәрін көріп, естіп жүрсің. Қай қазақ хохолдың жерін тартып алды, үйінен бездірді? Ауылына ат ойнатты, өлтірді, ақысын бермей, сауырға бір салып қоя берді? Мұнша зорлықты кім істеп отыр? Осының бәрін көре, біле тұра – кімшіл болу керек?

Рас, бұқарашыл болу керек. Байды мақтауға болмайды. Өзім байдан жақсылық көргем жоқ, байды жақтап жазғам жоқ. Бірақ мен тап ақыны бола алармын ба? Менің миымдағы перне шұп-шұбар. Сыртқы әсерден миымдағы іздер де бар. Ол іздермен жүрмесіме мүмкін бе? Ғаббас қалай жүргізбейді екен? Құлағымнан, көзімнен миға хабар жеткізетін жүйкелерімді (нерв) кесіп тастамақ па екен? Әлде, жүйкемді мүлде құртпақ па екен? Көлденең адам жазушыға, ақынға көтен зорлық қылуға жарамайды. Өзінше ойлатам деу қиянат.

Рас, қазақ кедейі теңдікке жетті, жетілді. Жаңа тұрмысқа аяқ басты. Бірақ екі зорлықтан әлі айырылған жоқ, жуықта арыла алмайды – бірі: өз байынан көретін зорлық, бірі жатынан көретін зорлық. Соңғыны айтайын десең, ұлтшыл болып шығасың, немесе, байшыл боласың. Бастапқыға қанағат етуге болмайды. Қашаннан қалып қалған нәрсе, тұрмыс талқысымен болмаса, бұдан оңай шыға қоймайды. Шыға қойса, әлгі алты кедей неге сандалып қалды? Қағаз жүзі мен өмір жүзін айыру керек. Ғаббас, Әбдірахмандар қағаз жүзін алса, мен өмір жүзін алғым келді. Міне, менің пікірім осы.

Мен осы пікірімді газетке жазуға Смағұлдан рұқсат сұрап, толық хат жазып отырмын. Өріс берер, бермесін білмеймін. Ішімде қайнап жатқанша тым болмаса, сендей жолдасқа ағытайын деп жазып отырмын. Сен бұған өз пікіріңді жаз. Теріс, бұрысын көрсет! Бұл пікірімді Ғаббасқа да айт. Жөні келсе, керек жерін оқып жібер.

Ордадан хат-хабар алмаймын. Сенімен жазысып тұрайық. Сен не оқып жүрсің? Жақсы кітап болса маған жібер. Мұхтардың адресін білсең, жазып жібер. Балалар аман. Тұрмыс сәл, жалақы – 72 сом. Тезірек хат жазарсың.

Қош, сүйдім. Жүсіпбегің.

Адрес: Орынбор, Совет көшесі, дом 51. Астыңғы қатар. Маған. Орынбор, 2 январь”.

Жүсіпбектің екінші бір араб қарпінде қара сиямен жазылған хаты да осы адамға арналған. “Кәкебай” – дейді. Бұл кім? Қошке ме, жоқ, басқа біреу ме? Тура осы хатқа жауап ретінде жазылғандай мазмұндағы Абдолла Байтасовтың хатының қолжазбасы да іске тіркеліпті. Аудармашылығымен, шағын мақалаларымен, сыни пiкiрмен сол тұста жұртқа танымал, жолдастарының арасында үлкен беделге ие, ұлттық мүдденiң туын ұстаған, шығармашылық өмір жолы мүлдем ұмыт қалған, тергеудегі жауаптары да қысқа қайырылған азамат.

Енді осы әңгімеге тілтартар болған, тергеу барысында екі-ақ рет шағын жауап алынған, айыптау айғақтары да мардымсыз,бірақ «қылмысы» өзгелермен теңестіріле үкім шығарылған Абдолла Байтасов жөніндеқысқашамәлімет бере кетеміз.

Анкеталық анықтама: 1900 жылы Ақмола губерниясы Көкшетау уезінің Айыртау болысында (екінші бір анкетада – Қостанай округінің Бақбаққара ауданы) туған. Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1921 жылдан кәсіподақ мүшесі. 1920 жылдан мамандығы бойынша қызмет істейді. Шет елде, әскерде, қызыл армия қатарында болмаған, бұрын сотталмаған. Қоғамдық қызмет атқармайды, дені сау, өзін істеп жүрген қызметіне лайық деп санайды, қазір мұғалім. Сын-ескертпесі жоқ. «Жас алаш», “Жас қайрат” газеттерінің белсенді авторы. Ағарту, сауат ашу, әр ғылымның саласындағы кітаптар жөнінде мақалалар жазған. Саяси экономия қақында пікір қозғаған.

Анкетаның соңына: «Байтасов жолдас өзінің тағайындалған қызметіне толық сай келеді»,– деген бұрыштама қойылған. Ташкенттегі қазақ институтына:

«Жолдас Абдолла Байтасов 1923 жылы: «2 қыркүйектен бастап ана тілі пәнінінің оқытушысы ретінде бекітілген».

Бұл – сол жылы оқытушылықтан босаған, Мәскеуге оқуға кеткен жерлес ақыны Мағжанның орыны еді. Өзінің кететінін ескертіп, орынына Абдолланы шақырған болуы әбден мүмкін. Жүсіпбек Аймауытовтың емеуірініне қарағанда сондай ыңғай байқалады. Ал өзінің толтырған қызмет анкетасында:

«Оқытушылыққа 1923 жылдың 1-қазанынан кірістім»,–деп көрсетілген.

Абдолла Байтасовтың бар айыбы – Даниял Ысқақовпен бірігіп «Көркем әдебиет туралы» мақала жазып, оны «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған. Онда:

әдебиет – адам тағдырын бейнелейтін көркем өнер. Ол адамның психологиясы ұлттан тыс қалыптаспайды. Өйткені ол ұлт ішінде тәрбиеленіп өседі. Сондықтан да әдебиет – ұлттық өнер және ол таптық тартыстан, партиялық принциптен тыс болуы тиіс,– деген ыңғайда пікір білдіреді.

Ол туралы Ж.Аймауытов тергеушіге:

«Екеу» деген бүркеншiк атпен жазылған көркем әдебиет туралы мақаланы оқыдым. Оның иелерi – Байтасов Абдолла мен Ысқақов. Соңғы адам үйiрменiң бағдары талқыланған мәжiлiске қатысты ма, анық айта алмаймын, қатысқан болуы да мүмкiн. Мақаланы мен қолжазба түрiнде оқыдым, оны маған Ташкенттегi жоғары оқу орындарының не рабфактың бiрiнде оқып жүрген шымкенттiк студенттердiң бiреуi әкеп бердi. Оған дейiн мен Ташкентке барғанмын, сонда А.Байтасовпен де, Ысқақовпен де кезiктiм, олар маған: «Еңбекшi қазақ» газетiнде көркем әдебиет туралы мақалалардың жариялануына байланысты бiз де мақала жазуды ойластырып жүрмiз,дедi. «Қашан дайын болған кезде оны маған көрсетiңдер, мүмкiн мен кей жерiн түзетiп берермiн»,дедiм. Сол уағадаластықтың желеуiмен ол мақаланы әлгi студенттер арқылы Шымкентке берiп жiберiптi. Бұл – 1927 жылдың алғашқы жартысындағы қыс айларының бiрi болатын. Мақалаға аздаған өзгерiс енгiзiп, мұны баспа бетiнде жариялауға болады деген тiлекпен өздерiне қайыра жолдадым. Мақала газетке жарияланған соң ондағы пiкiрлердi толық қостайтынын бiлдiрген Әуезовтiң пiкiрiн өз құлағыммен естiдiм. Мақаланы мен өңдеп бергеннен кейiн оны өзге қазақ жазушылары, мысалы, Дулатов қарап шықты ма жоқ па, ол жағын бiлмеймiн. Ол мақаланы «Алқаның» бағдарын толықтай қостаған дүние деп мен есептемеймiн. Аймауытов (қолы қойылған)»,– деп жауап бердi

Осы арада екi нәрсенi назарға iлiктiре кеткендi лайық санадық. Бiрiншi, Мағжанның ақындығын талқылаған Мәскеудегi жиналыста оны қорғап сөйлеген, кейiннен «Алқа» үйiрмесiн ұйымдастыруға белсене қатысқан Сәрсенбиннiң кейiнгi тағдыры көмескiлеу болып қалғандығы. Оның өмiрi мен шығармашылығы туралы нақты зерттелген еңбек жоқ. Әдеби естелiктерде де аты аталмайды. Сондықтанда осынау азамат қақында белгiлi бiр дәрежеде дерек пен мiнездеме бере алмағанымызға өкiнемiз. Екiншiден, осы уақытқа дейiн «Екеу» деген бүркеншiк атпен жазылған әдеби мақалалардың барлығын Ж.Аймауытов пен М.Әуезовке телiп келдi. Ал мына жауапта Абдолла Байтасов пен Даниал Ысқақов та сондай бүркеншiк атты пайдаланғаны дәлелдi түрде көрсетiлген. Беделдi ғалымдарымыз да дәл осы екi азаматтың жазған мақаласын Аймауытов пен Әуезовтiң «еншiсiне» бердi. Бұл қиянат. Көрсетінді де М.Әуезовтің бұл мақаланы оқып, ол туралы пікірді Ж.Аймауытовқа айтқаны да анық көрсетілген. Ендеше ақиқатты ескерiп, әркiмнiң сыбағасын өзiне берген лазым.

Сол үшін де отызға енді толған есіл ер қалған өмірін айдауда өткізіп, ақыры ату жазасына кесілді.

Әрине «мәдениет майданындағы» мұндай «дұшпандық пікірлер» жазасыз қалмайды. Алайда А.Байтасовты «ұлтшыл-контрреволюционерлер» мен «басмашылардың» қатарына қосқан өзінің қызылжарлық жерлесі Есім Байғасқинның мына көрсетіндісі:

«Ташкент қаласы Пушкин көшесі №10/12 үйде тұратын Есім Байғасқин нақты мына айғақтарды көрсетті:

«Алашордашылардың» іс-әрекеттері туралы білетіндерімнің барлығын өткен жолғы көрсетіндімде жазып берген болатынмын. Мен олардың жұмысына араласқан емеспін, «Алашордашыларды» маған сеніммен қарап, сырын жасырмай шынын айтатын Байтасовтың әңгімелері арқылы ғана білемін. Қазақстанда, оның ішінде Петропавлда тұрғандықтан да алашордашылардың ішінде жүрдім, бірақ олардың тобына қосылғамын жоқ. Өйткені олар аса сақ жүрді, маған сенімсіздікпен қарады. Себебі, Байділдин мен Тоқтабаев оларды іс жүзінде сатып кеткен болатын. Жоғарыда айтып өткенімдей, маған тек Байтасов қана сеніммен қарайтын.

1922 жылы Орынбордағы кеңес құрылтайына қатысуға келгенімдегі бір оқиға есіме түсіп отыр. Мен сонда оқитын Байтасовпен кезігіп қалдым, ол Сәдуақасовтың ба, Кенжиннің бе, Байділдиннің бе, әйтеуір біреуінің пәтеріне шақырды. Біз барғанда Кенжин, Нахимжанов, Байтұрсынов, Сәдуақасов, Байділдин және тағы басқалар сонда отыр екен. Отырғандардың біреуі Рысқұловтың Байтұрсыновқа арналған хатын дауыстап оқыды. Хатта: Рысқұловтың Москвадан Ташкентке бара жатқаны, Орталық Комитет бұған Түркістанда қызмет істеуді сеніп тапсырғаны хабарланыпты. Отырғандар хатты талқылай келіп: Қожанов пен Рысқұловты татуластыру керек. Олардың арасындағы араздық ұлттық мүддені шешуде кесірін тигізеді – десті. Бас қосуда Байтұрсыновқа: Екеуінің арасындағы кикілжіңді тоқтатуды өтініп Қожанов пен Рысқұловқа хат жазу туралы ұсыныс жасалды. Хат Ташкентке Байтасов арқылы жолданды. Оның қандай мазмұнда жазылғанын білмеймін. Байтасов Ташкенттен Орынборға қайтып келгенде маған: Қожанов пен Рысқұлов татуласты, өзара кикілжіңдерін қойды – деді. Содан кейін мен Петропавловскіге кетіп қалдым.

Өткен жолғы тергеу барысында ұмыт қалған тағы бір жайды айта кеткім келеді. Бірінші көрсетіндімде: 1922 жылы мамыр айында Әнуар паша мен Заки Валидовтің келуіне байланысты алашордашылардың арасында қозғалыс басталғанын, түрікшіл үгіт-насихаттың күшейе түскенін, оған Мұхтар Әуезов пен Тоғжановтың белсене араласқанын жазып берген болатынмын (бірінші көрсетіндіні қараңыз). Петропавлдағы алашордашылардың арасында жүргізген түрікшілдікті насихаттаған отырысқа сол кездегі губаткомның төрағасы Смағұл Қазбеков, губпарткомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мұхамеджан Бейсенов, Әуезов, Тоғжанов, Жұмабаев, Қияқов т.б. қатысты, кеңесте олар ешқандай да қорытынды шешім қабылдаған жоқ, өзара пікір алысумен шектелді. Нәтижесінде ешқандай әрекет жасамауға, Әнуар паша мен Заки Валидовтің іс-қимылын күте тұруға келісті. Міне, олармен араласып, таныс-біліс боп жүрген Байтасовтың айтуы бойынша менің бар білетінім осылар.

Байтасовтың: «Дайындалу қажет»,деген сөзінің астарын мен: қарулы топ құрып, ауыл тұрғындарын көтеріліске дайындау керек,– деп түсіндім.

Менің жеке пікірім мынадай: егерде Әнуар паша мен Заки Валидовтің әскері жеңіске жетіп, алға қарай жылжитындай бола қалса, онда алашордашылар тұрғындарды сөзсіз көтеріліске бастар еді,– деп ойлаймын. Сондай-ақ Байтасов маған: Қожанов пен Рысқұловтың Әнуар паша мен Заки Валидов екеуімен байланысы бар,– деді.

Бұдан басқа алып-қосарым жоқ. Дұрыс жазылған және маған оқып берілді.

Тергеген ПП ОГПУ-дің Шығыс бөлімінің өкіліАтабеков. 25.1.1930 ж.».

Бұл көрсетіндінің қолдан жорта жасалғаны туралы мәлімет тергеу ісінің ішінде сақталып қалған.

Оған ОГПУ-дiң Мәскеудегi Шығыс бөлiмiнiң бастығы Дьяковқа Орта Азия бөлiмiнiң бастығы Каруцкий мен Шығыс бөлiмшесiнiң бастығы Круковскийдiң:

«Сiздiң жарлығыңызға байланысты Байғасқиннiң сұрақ - жауабының көшiрмесiн жолдап отырмыз.

Сұрақ кезiнде Байғасқин бұрынғы берген жауаптарына жаңадан ештеңе қосқан жоқ, тек Әнуар Паша мен Заки Уәлиди Түркiстанға сәтi түсiп жорық жасай қалған жағдайда, алашордашылардың жергiлiктi тұрғындарды көтерiлiске дайындауға талпынғанын дәлелдейтiн дерек қана назар аударады.

Байғасқин бiзге: алашордашылардың кеңес өкiметiне қарсы әрекеттерiне өзiнiң қатыспағандығын, өйткенi олардың бұған сенбегенiн, ал өзiнiң алдыңғы екi куәлiгiндегi деректердi бұған Байтасовтың айтқандығын мәлiмдедi.

Бiздiң парықтауымызша, Байғасқиннiң өзiне сенiмсiздiкпен қарады дегенi, өтiрiк. Ол өзiмдi әшкерелеп аламын ба деп жалтарып отыр, шындығына келсек, ол алашордашылардың арасында ерекше сенiмге ие болып келдi және қазiр де сенiмдi адам саналады. Сондықтан да бiз: оның алашордашылардың арасындағы беделдi орынын түрмедегi басқа тұтқындардың жауабы арқылы, соның iшiнде Байтасов арқылы анықтауға болады, алынған мәлiметтерге сүйене отырып Байғасқинға қысым жасауға мүмкiндiк туады,– деп есептеймiз.

Қазақ интеллигенттерiн қинауды күшейту туралы сiздiң жарлығыңыз басшылыққа алынды және интеллигенттердiң сөздерiн жеткiзiп отыру үшiн әзiрше үш тыңшы«Қалам» («Перо»), «Нияз», «Дальше»олардың арасына кiргiзiлдi. Өзге тыңшыларды тартуға дайындықтар жүргiзiлiп жатыр.

Ескерте кетерiмiз, «Шағыр» Шымкенттегi тұрақты қызмет орынына жүрiп кеттi, тазарту кезiнде партия қатарынан шығарылды. Байғасқиннiң сұрақ-жауабын жiберiп отырмыз»,– деген мәлiметi толық дәлел.

«Алаш iсi» мен «Алқа» туралы әңгiме қозғалғанда:

Д.Ысқақов: «Алқа» әдеби үйірмесіне байланысты айтарым мынау: 26-жылдың қарсаңында Байтасов менің пәтеріме менің үйде жоқ кезімде «Алқаның» бағдарламасын тастап кетіпті. Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ. Жарғы біздің үйде біраз жатты. Мен оған ешқандай мән бергемін жоқ. Екеуміз бұрын да бірлесіп жұмыс істеп, кітаптар аударғамыз. Бір апта өткен соң ол менен «Алқа» әдеби үйірмесінің жарғысын менің оқыған, оқымағандығымды сұрады. Одан бізге келетін қандай пайда бар екенін сұрағанымда: Мәскеулік студенттер ұйымдастырыпты. Мәскеуде әдеби үйірмелердің бағытын негіз етіп алыпты – деді. Мен жарғыны оқып шығып, пікірімді айтуға келістім. Одан басқа ешқандай уәде бергемін жоқ. Жиырма күндей менің үйімде жатты. Қарап шығуға мұршам болмады. Ол тағы да мен жоқта үйге келіп, ендігі оқып бітірген шығар деген оймен жарғыны алып кетіпті. Мен жарғыны оқып үлгермегенімді айттым. Біраз уақыт өткен соң ол маған: үйірмені құруды ешкімде қолдаған жоқ – деген мағынада Жұмабаевқа хат жазып жібергенін айтты»;

Қ.Кемеңгеров: «(...) Байтасов маған: 21-жылы Заки Валидовтің Ташкентке келіп, қазақ ұлтшылдарымен кездескенін айтты. Бұдан басқа ештеңе білмеймін. Қазақ ұлтшылдарының төңкерісшіл ұйымы туралы ештеңе естігемін жоқ, білмеймін де. Ал Тынышбаевтің өңін білгеніммен де, өзімен таныс емеспін. Әлеуметшілердің ұйымына ешқандай мүше болған емеспін және ол туралы ештеңе білмеймін»;

сондай-ақ «Айыптау қорытындысында»:

«...1926 жылы оқу-ағарту институты бiздiң ықпалымыздан шығып кеттi, оның есесiне Ташкенттегi жоғары оқу орындарындағы партияда жоқ жастарды өзiмiздiң ықпалымызға қаратып алдық. Бiз мұны жоғары оқу орындарында оқып жүрген Байтасов пен Ысқақов арқылы жасадық. Бұл 1924-1926 жылдары жүргiзiлдi (Досмұхамедовтiң 22.IХ.30 жылы берген жауабынан № 2370-iс, 1 т., 220-бет);

«Осы кезде әдебиет майданындағы жұмыстарымыз жандана түстi… Әуелi Аймауытов, содан кейiн Кемеңгеров келiп қосылып, бiздiң iсiмiздi жүргiзiп отырды. Өзiмiздiң ықпалымызды баспасөз арқылы кеңiнен тарату үшiн бiз барлық күшiмiз бен жағдайды пайдаланып қалуға тырыстық... «Алқа» үйiрмесiнiң пайда болуы да соның нәтижесi. Бұл iстi тiкелей жүзеге асырған Ысқақов, Кемеңгеров және Байтасов маған жұмыс бабы бойынша кеңес алу үшiн келiп тұрды, мен оларға өзiмнiң нұсқауларымды бердiм (Досмұхамедов Х., № 2370-iс, 1 т., 221-парақ)»,– деген мағынада қағазға аты жиi түскен адамның бiрi де осы Абдолла Байтасов.

Тура бiз сөз еткен әдеби ортаға тiкелей қатысы болғандықтан да және оның көзқарасын толық бiлдiре кету мақсатымен бұл хатты толық жариялауды мақұл көрдiк. Өйткені осындай хаттардың iшiндегi пiкiр алысулардан барып «Алқаның» өмiрге келгенi аян. Оның үстiне, осынау дегдарлардың жандүниесiнен мағлұмат беретiн деректердiң көзi де шамалы. Сондықтан да дос адамдардың арасында ғана айтылатын кейбiр жеке мәселелердi де қысқартпадық. Өмiрдiң аты – өмiр. Ол үнемi – күйiнуден тұрмайды, сүйiнiш те сыйлайды. Сонымен қатар, бұл хаттың түрме тартпаларынан жуырмаңда жарыққа шыға қоюы да неғайбыл. Сонымен, елге демалысқа кеткен Абдолла Байтасов өзiнiң сыралғы досы Жүсiпбекке былай деп сәлем жолдапты:

«Жүсіпбек!

“Көрмегелі көп айдың жүзі болды”дегендей, бір-бірімізбен көріспегелі көп уақыттар болып қалды-ау. Сенің биылғы жазған хатың маған кешігіп тиді. Сондықтан саған іле жаза қоймадым. Өйткені сенің адресің өзгерген шығар деп ойладым. Және де Ташкенге барған соң қапшықтың аузын бір-ақ шешіп, жаздайғы бастан кешкенді бір көйтермін-ау деуші едім.

Не керек, жолыға алмадық. Сені Қызылорда да кездестіремін деген оймен Қызылордаға соқтым. Мен келген күні таңертең Жақаңдыкіне (М.ДулатовтікінеТ.Ж.) барсам, Ж: “Жүсіпбекті шығарып жаңа ғана вокзалдан келдім”, деп отыр. Санды бір-ақ соқтым. Сені Ташкен мен Қызылорданың бірінде болар деп ойлап едім. Болмаған себебіңді Жақаңнан естідім. Ж. айтуынша, “Дәлелі – дәлел”,дейді. Және Женяның науқасы Т-т (Ташкент – Т.Ж.) әуесін жақтырмайтындығы екінші себеп болса керек еді. Қалайда Орынборда оқшауырақ тұрып қалдың, енді орнығып қалған шығарсың. Әйтсе де, сені Шымкентке шақыртуы күшті көрінеді (Шымкент педтехникумының бастығына жолығып едім), өзің ырза болсаң, олар тұрмыс жағынан мұңсыз қылар едік деп ынтық-ақ болып отыр. Әуесі жақсы жер, барсаң да теріс болмас еді. Әлі де кеш емес қой.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных