Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 51 страница




Әрине, тергеу хаттамасы: «Осы бір лаңды іске санасыз түрде болса да мен де, яғни мына Байділдин де қатысты», – деп еркінсіген астарлы мәнерді, стильдік көркемдік тәсілді көтермейтін. Соның арасынан: «Лаңкестік әрекетке қатысты»,– деген сөз ғана кәдеге жаратылатын.

Солай болды да.

 

2.

Осынау бір тағдыр тәлкегіне ұшыраған азаматтың тұрлаулы, тұрлаусыз айғақтарын бұдан әрі қазбалаудың ретін таппадық. Тек өзінің барлық мінезі ашылатын, өзінің сөзін абсолютті шындық деңгейінде сезінетін және өзгелердің де солай қабылдауын талап ететін, кеңес өкіметі тарапынан да сондай бір астарсыз сенім күткен «Әбдірахман Байділдиннің – өзінің БКП (б) қатарынан шығарылуының негізсіз екендігі туралы БКП (б) орталық бақылау комиссиясына» 1929 жылы 20-маусым күні жазған өтінішін сәл қысқартып беруді лайық санадық. Себебі, осы «Өтініште» оны өлім жазасына алып келген оқиғаның жай-жапсары толық қамтылған. Ол:

«Қазақстанның басшы партия қызметкерлерін тексеру жөніндегі құрамында: Булин, Каримов және Богданов бар, БКП комиссиясы, мені партия қатарынан шығарды. Комиссияның шешімі төмендегідей:

Байділдин Әбдірахман, 1920 ж. БК(Б)П мүшесі. Партиялық билеті № 09552, 1898 жылы туған, байдың баласы, интеллигент, орта білімі бар, Өлкелік Комитеттің мүшелігіне кандидат, ҚазМУ-дың оқытушысы. 1917 жылға дейін оқыған, «Бірлік» алашордашыл жастар ұйымына қатысқан, Колчакқа белсенді түрде көмектескен. Колчак үкіметі тұсында Бөкейхановтың (Алашорданың көсемі) адъютанты ретінде Уфа және Самара қаласындағы демократиялық кеңеске қатысқан, алашорданың жасағы үшін қару мен киім алуға барған. 1919 жылғы Сібірдегі Колчак үкіметі тұсында Колчактің үшінші армиясы штабында қарсы барлаушы ретінде есепте тұрған. Ол мұны партияға өткен кезде жазған өмірбаянында жасырып қалған. Бұл туралы тек ұйымда өткен тексеру кезінде ғана айтты. Алайда үштікттің ол туралы мәліметі бұрын да бар болатын. Партия қатарында жүрсе де 1924-жылға дейін «Алашорда» қайраткерлерімен байланысын үзген жоқ. 1925 жылға дейін сәдуақасовшылардың ұлтшылдық тобында белсенді қызмет етті. 1925 жылдан бастап бұл топтан қол үзіп, партияның тура жолына түсті. 1925 жылдан бастап Өлкелік Комитеттің мәдени-ағарту науқанына белсенді түрде көмектесіп келеді.

Қаулы қабылданды: Колчак армиясының қарсы барлау қызметінің бұрынғы қызметкері ретінде және оны партиядан жасырғаны үшін БКП (б) қатарынан шығарылды».

Комиссияның бұл шешімі барып тұрған әділетсіздік деп есептеймін. Мұндай шектен шыққан қатал шешім қабылдау үшін комиссияның қолында нақты дәлелмен анықталған деректер болуы қажет. Комиссияда ондай құжаттар болған жоқ. Мәселені шешу барысында, неге екенін білмеймін, комиссия біржақты бағыт ұстап, менің өткендегі кінәларымның бояуын қоюлатып жіберді. Мысалы, комиссияның қаулысында:

«Бірлік» алашордашыл жастар ұйымына қатысқан, Колчакқа белсенді түрде көмектескен. Колчак үкіметі тұсында Бөкейхановтың (Алашорданың көсемі) адъютанты ретінде Уфа және Самара қаласындағы демократиялық кеңеске қатысқан, алашорданың жасағы үшін қару мен киім алуға барған. 1919 жылғы Сібірдегі Колчак үкіметі тұсында Колчактің үшінші армиясы штабында қарсы барлаушы ретінде есепте тұрған. Ол мұны партияға өткен кезде жазған өмірбаянында жасырып қалған. Бұл туралы тек ұйымда өткен тексеру кезінде ғана айтты. Алайда үштіктің ол туралы мәліметі бұрын да бар болатын. Партия қатарында болған кезде 1924 жылға дейін «Алашорданың» қайраткерлерімен байланысын үзген жоқ».

Комиссия қабылдаған бұл шешім шындыққа барынша жанаспайды және оның (шындықтың) тонын айналдырып көрсеткен. Шындығында, оқиға қалай болды, мен кіммін? Бұл сұрақтарға менің өмірбаянымда негізінен жауап берілген, ол БКК комиссиясының материалдарының ішінде бар. Алайда нақты шындықты қалпына келтіру үшін негізгі оқиғаларды, соның ішінде менің партиядан шығуыма себепкер болған жайларға тоқталып өткім келеді.

Мен – Петропавл округінің дәулетті бай-малшысының ұлымын. 1898 жылы тудым. Білімім – ортадан төмен, Омбы мұғалімдер семинариясының екі класын бітіргемін. 1915-1918 жылы аралығында «Бірлік» ұлттық мәдени-ағарту ұйымының жұмысына белсене араластым. Ақпан төңкерісін қуана қарсы алдым. Төңкерістен кейін «Бірлік» ұйымының жұмысы қатты жанданды, оның белді мүшелері сол кездегі бірлескен мекемелердің басқаруымен болып жатқан төңкерістік оқиғаны түсіндіру үшін және жаңа өкіметті құру мақсатында жергілікті жерлерге аттанды. Бұл жұмысқа мен де араластым. Ол кезде мен эсерлерге және жаңа құрылған «Алаш» партиясына іш тартатынмын. Бұл партияның ықпалымен Қазан төңкерісіне бастапқыда қарсы болдым.

Кеңес өкіметі Сібірде орнасымен «Бірлік» ұйымында екі ағым пайда болды: оң қанаттағылар «Алашорданың» бағытын ұстанды; ал, сол қанаттағылар кеңес өкіметін жақтады. 1918 жылдың мамыр айына дейін мен оң қанатта болдым. «Бірлік» ұйымының ұйымдастыруымен 1918 жылдың мамыр айында шақырылған Жалпықазақ жастарының құрылтайынан кейін оңшылдардан қол үзіп, солшылдардың қатарына қосылдым.

1918 жылы маусым айында Сібірдегі кеңес өкіметі құлаған соң Омбы қаласында «Алашорданың» губерниялық партия және атқару комитеті құрылды. Ол комитеттерді Тұрлыбаев, Итбаев, Сеитов, Абылайханов басқарды. Жас белсенділердің ішінен оған Саматов, Сайдалин, Кемеңгеров, Сәдуақасов С. және мен сол комитеттің құрамына кірдім. Комитетте бір ай істегеннен соң олардың жетекшілерімен тіл табыса алмағандықтан да, оның құрамынан шықтым, сөйтіп жұмыссыз қалдым. Көзқарас алшақтығы екі мәселе бойынша орын алды: салық мәселесі жөнінде және аш-жалаңаш қалған гимназия шәкірті Ж.Сәдуақасовқа (қазіргі КСР-дің юстиция халық комиссары) қызмет беру жөнінде. Мен түтін басы сайын салық алуға, яғни бай мен кедейден бірдей салық алуға қарсы болдым, сондай-ақ Ж.Сәдуақасовқа қызмет берілуін талап еттім, сол үшін комитет құрамынан шықтым.

1918 жылдың шілде айының соңында Семейден Омбы қаласына Бөкейханов келді де, Омбыдағы ұйымға бірнеше директивалық нұсқаулар берді. Түрлі мәжілістерде екі рет директивалы баяндама жасағаны есімде. Содан кейін ол Уфадағы құрылтайға қатысуға жиналып, қағаз жұмыстарын реттейтін қызметкер тауып беруді өтінді. Бұл жұмысты комитет жұмыссыз жүрген маған тапсырды. Мен бірден келісім бердім, оның басты себебі: 1. Іссапарда жер көріп қайтуды ойладым және 2. Ұлттық қозғалыс көсемімен жете танысқым келді. Сөйтіп жүріп кеттім.

Бұл іссапарды бағалауда ОБК (орталық бақылау комиссиясы – Т.Ж. ) комиссиясы үлкен қателік жіберді. Олардың анықтауынша мен Бөкейхановтың адъютанты болып шыға келдім. Бұл өте жауапты жұмыс. Сондай-ақ «Алашорда» жасағы үшін киім мен қару-жарақ алуға барыппын. Бұл мүлдем қате. Мен Бөкейхановтың адъютанты ретінде де, қару-жарақ пен киім алуға да (ондай құрметке ие болуға жеткен жоқ едім) барғаным жоқ. Оның жеке тапсырмаларын орындайтын техникалық хатшы ретінде бардым. Бөкейханов Комучтен (комитет учредительного собрания) 3000 адамға қару-жарақ пен киім алды, оны тапсырып алу үшін Орынбордан «Алашорданың» Торғай бөлімшесінің төрағасы Есполов келді және заттарды Торғайға алып кетті.

Алайда Бөкейхановпен бірге сапарға шығуым – бұрын маған белгісіз болған көптеген нәрселерге көз жеткізді. Мен «Алашорда» қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен (Бөкейхановпен, қазір шет елде жүрген Шоқаевпен, Танашевпен, Байтұрсыновпен, Ермековпен, Әлімбековпен және басқалармен) танысуға мүмкіндік алдым және оларды жақыннан білдім. Бұрын оларды тек сыртынан ғана білгендіктен: ең адал және қазақ халқының лайықты күрескерлері – деп танитынмын. Мен оларды әсірелеп бағалаппын, ал өмірде олар мүлдем басқа жағынан көрінді. Олар кеңқолтық өмір сүрді, жиі-жиі ішімдік ұйымдастырды, басшы орын үшін бақталастырды, кеңес өкіметін жақтайтын қазақтарға аяусыз жала жапты, қаражүзділермен (Львовпен – қасиетті синодтың мүшесі, атаман Дутовпен, Красильниковпен т.б.) ауыз жаласты. Қоғамдық істерге немкетті қарады. Мұның барлығы мені жиіркендірді. Бұрынғы көсемдерден көңілім қалды.

Мен жаңа жол, жаңа ақиқат, жаңа ой іздеп кеңес өкіметінің бағытымен таныстым, соны жақтайтын адамдарға бет бұрдым. Бөкейхановпен бірге Орынборға қайтып келген соң мен олардан қол үздім. «Бірлік» ұйымымен ат кекілін кесісіп, кеңес өкіметі жағын қабылдаған Ж.Сәдуақасовпен жақындастым. Партия мүшесі Феоктист Березовскийдің үй-ішімен араластым. Мен 1918 жылы қызыл армияның қатарына өз еркіммен жазылып, Семеновтың және басқа да кеңес өкіметінің дұшпандарымен соғысу үшін шығыс майданына аттанған Д.Әділевпен танысуды армандадым. Ол туралы Ж.Сәдуақасовтан көптеген мәліметтер білдім. Сөйтсем ол майданнан қайтып келіп Омбы қаласында жасырынып жүр екен. Ж.Сәдуақасов екеумізді таныстырды. Содан бастап екеуіміз жиі араласып, пікір алысып, маңымызға пікірлестерді жинадық (Бейсенов, Нұрсейітов, Сейілов, Танашов т.б.).

Большевиктердің Колчакқа қарсы көтерілісінің қарсаңында (1918 ж. 22 желтоқсан) кешке жақын Әділев, Сәдуақасов, Бейсенов, С.Танашов және мен көтерілісшілерге көмек көрсетуді ойластырып менің пәтеріме жиналдық. Ж.Сәдуақасов байланыс жасап, нұсқау алу үшін Березовскийге кетті. Алайда ешқандай нәтиже шықпады. Көтеріліс сәтсіз аяқталды.

Келесі күні жаппай тіміскілеу жүріп, кеңес өкіметін жақтаушыларды тұтқындай бастады. Әділевті де іздеді. Бізге де күдікпен қарады. Әділевті қалайда бір жерге жасыра тұру керек болды. Оның ауылы Омбыдан мың шақырым алыс жерде, Ақмола уездінің Шу ауданында болатын. Оған жете алмайтын болғандықтан, оны біздің ауылда жасыруды ұсынды. Мен бұған келісім бердім де, 1918 жылдың желтоқсанының аяғында Әділев екеуміз Петропавл уездіндегі менің ауылыма бет алдық. Әділевке қысқы демалысқа келе жатқан гимназия шәкірті Ж.Сәдуақасовтың бас құжаты берілді. Біз ауылға сәтті жетіп, қауіпсіз тұра бастадық. Әділев біздің ауылда алты ай тұрды. Колчак тыңшыларының тіміскілеуінен еріксіз өз ауылына кетуге мәжбүр болды. Әділев біздің ауылда тұрған кезде үш рет Колчак полициясы тінту жүргізді, есерлік бағыттағы саяси әдебиеттерді, Ленин мен Троцкийдің кейбір кітапшаларын, сондай-ақ Бөкейхановпен бірге барған кездегі біріккен ұйымдардың мәжілісіне қатысқан куәліктерімді қоса тәргілеп әкетті. Бұған қарамастан Әділев біздің ауылдан аман-есен аттанып кетті.

Міне, осы арадан ОБК-ның мені партия қатарынан шығаруына себепкер болған оқиға басталады. Мәселе былай: Әділев кеткен соң шамамен 20 күннен кейін аудандық полиция бастығының көмекшісі маған «достық пейілмен»: менің кеңес өкіметіне аздап іш тартатыным туралы мәліметтің барлығын, егер бұл рас болса, онда мен сияқты интеллигент адамға жараспайтынын ескертті. Мен оның бұл ескертуі үшін рахмет айтып, большевиктерге ешқандай да жанашырлығым жоқ екенін білдірдім.

Содан кейін бірнеше күннен соң маған бір татар келіп, өзін: Колчактың 3-армиясының штабының қызметкерімін – деп таныстырды. Ол менімен ұзақ әңгімелесті: өмірбаянымды сұрады, саяси көзқарасымды білгісі келді, мен сияқты оқыған адамның ауылда жұмыссыз неге жүргеніне таңданысты. Бұдан әрі ол өзінің жұмысы туралы айтты, Колчак армиясында тұрғындар арасында мәдени-ағарту жұмысын жүргізетіндігін, штабтың газетін тарататынын айтып, штабтың жұмысын күшейту үшін қызметкер керектігін, сол орынға мені ұсынғанын айтты. Бастапқыда бұл әңгіменің астары мен татардың ұсынысын түсінгемін жоқ. Мәдени-ағарту жұмысы болғандықтан да, мұнда тұрған ешқандай оғаштық жоқ деп ойладым. Сөйтіп, қызмет істеуге келісім бере жаздап, тез айнып кеттім. Майдандағы контрреволюциялық армия қалай тұрғындарды мәдени-ағартумен айналысады? Мен мұнда бір қитұрқы пәле барын түйсіндім де, ұсынысынан бас тарттым. Әлгі татар тағы біраз үгіттеді де менің көнбегеніме өкінгенсіп кетіп қалды.

Осы оқиғадан кейін мен мазасыздана бастадым. Маған қарсы бір жамандық жасалып жатқан сияқты көрінді. Полиция бастығы көмекшісінің: менің кеңес өкіметіне бүйірім бұратынын ескертуі және штабта қызмет істеуді ұсынуы қалай?

Жұмбақ. Бұл күдігім губернияда өткен оқиға кезінде үдей түсті. 1919 жылдың мамыр айында Амантайдағы шаруалар және Атбасар уезіндегі қазақ тұрғындары Колчакқа қарсы көтеріліс ұйымдастырды. Бұл көтерілісті Ванягин дегеннің жазалау отряды сондай қатыгездікпен басты. Бұл отряд көтерілісті басқаннан кейін біздің ауылға келіп, Полтава, Астрахань селоларын қан қақсатты. Отрядтың біздің ауылға келер алдына: Атбасар қаласында Әділев қолға түсіпті, енді мені іздеп жүр,– деген лақап тарады.

Міне, мені осындай үрей билеп жүрген кезде әлгі татар тағы да келді, қасында бір әскери адамы бар, өзінің бұрынғы ұсынысын қайталады. Әрине, қарғыс атқыр бұл татармен сөйлескенде менің бұрынғыдай ойланатындай уақытым болған жоқ, сонда да: ешқандай тәжірибем жоқтығын сылтауратып бас тарттым. Сол сәтте татар өзінің дауысын өзгертіп: ендеше шұғыл түрде штабқа жүресің, қазақ тіліндегі газеттің редакторы петропавлдық татар Ғазиз Болатовпен бірге жұмыс істейсің,– деді. Мен шынымен қорқып кеттім. Не жауап берерімді білмедім. Тығырықтан шығудың жолын іздестірдім. Басыма екі ой келді: 1. Штабқа барып контрреволюционерлердің басшылығында қызмет етіп, олардың қолындағы қаруға айналу, 2. Шартты келісім беру, ауылда қалу, олардың тапсырмаларын орындауға тырысу, бұл алғашқысына қарағанда жеңіл түсері сөзсіз. Соңғы шешімге келіп, өзімнің келісетінімді, ауылда жүріп қызметтерін атқаратынымды білдірдім. Одан басқа жолды таба алмадым. Әлгі татар күле тұрып осыны қағазға жазып беруімді өтінді. Мен жазып бердім. Татар маған: штаб газетін кеңінен тарату жөнінде кеңес берді, ауылдағы оқиғаларды штабқа жиі-жиі хабарлап тұруды өтінді. Біраздан кейін штабтан куәлік пен газеттерді жіберді, хабар талап ете бастады.

Бұл маған өте ауыр соқты. Ауылда пікіріңді бөлісетін адам жоқ, майдан шебі алыс. Қалайда алғашқы шешімнен бас тартпауға, штабтың ешқандай талабын орындамауға бекіндім. Солай істедім де: штабқа ешқандай хабар бергемін жоқ, газетті де таратпадым. Сақ жүрдім, штабтың офицерлерінің көзіне түспеуге тырыстым, кейде қалаға келіп жүрдім, кеңес өкіметінің келуін асыға күттім. Сондай ауыр күндер азаппен өтіп жатты, сонда да, бос уәдеден басқа революцияға қарсы бірде-бір қылмыс жасағамын жоқ, кеңес өкіметінің келуін күттім.

Міне, болған жағдай осы. Енді өздеріңіз талқыға салып көріңіздер, еріксіздікпен ауызша берген уәде – қарсы барлау қызметінде істегенге, сондай-ақ кешірілмейтін қылмыстың қатарына жата ма, жоқ па. Менің ойымша жатпайды. ОБК осыны ескеруі тиіс еді (Айтпақшы, «контрразведка» деген үрейлі сөзді мен ұйымдағы тексеру кезінде ОБК-ның комиссияның төрағасы Булин жолдастың ауызынан тұңғыш рет естідім. Мен өзімнің міндетімді осы уақытқа дейін анық түсінбеппін: мен штабтың газетінде жұмыс істеуге келісім бердім бе, жоқ қарсы барлау бөлімінде істеуге уәде бердім бе? Ұйым жиналысында өзім айтып берген оқиға туралы Булин жолдас өзінше асығыс қорытынды жасады, «контрразведка» деген сөз сахнаға шықты. Мені осындай оңбаған қызметке тартқан әлгі татардың ауызынан мұндай сөз шыққан жоқ болатын, құжатта да ондай сөз болған жоқ). 1919 жылы партияға өтер алдында мен түсініспестік жағдаймен Петропавлда бірнеше күн ЧК-ның (қазіргі ГПУ-дің) түрмесіне қамаққа алындым, сонда жазған қысқаша өмірбаянымда осы оқиға жөнінде де толық баяндап берген болатынмын...»,– деп түсінік берді.

Бұдан кейін Ә.Байділдин бақылау комиссиясының қателігін, олардың әділетсіздігін беттеріне баса жазып, өзінің «оқыс оқиғасын» өзгелердің «қылмыстарымен» салыстыра баяндап, өзіне-өзі адвокат болады. Қисынды да дәлелді пікірлер бар. Партия қатарын тазалау тұсындағы осы дерек Ә.Байділдинге айып ретінде тағылып, тергеуге тартылғандықтан да ұзақ, бірақ ұзақ та болса, көп жайдан мағлұмат беретін шағым хатты толық беруді жөн көрдік.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Егер мен жаңылысып қалмасам, Колчактың 3-армиясының штабы мені қалай өздерінің қызметкері етпек болғаны жөніндегі бұл оқиға туралы өзімнің алғашқы қысқаша өмірбаянымда көрсеткен болатынмын. Бұл екі жағдай мені партия қатарына өтер кезде оны жасырмағанымды дәлеледейді. Алайда осы уақытқа дейін бұл мәселені партия ұйымына мәлімдеп, тиісті шара қолдануын күтпегенім, менің үлкен қателігім болды. Мұны мойындаймын. Тәжірибесіздіктен кеткен бұл қателігімді, төңкерістің мүддесін қорғайтын құзырлы мекеме – ГПУ-дегілер түсінеді, менің арымның таза екеніне сенеді деп ойлаймын. Бұдан өзге бұл оқиғаны жасырып қалатындай менде бөтен ой болған жоқ. Сондықтан да комиссияның екінші айыбын да негізсіз деп есептеймін.

Комиссияның мұндай әділетсіз шешімі соңғы күндері мені қатты күйзелтті, ойша: жекелеген партия мүшелерінің де кінәлары есіме түсті. Өзімді ақтау үшін емес, менің басымнан кешкен оқиғаны салыстыра бағалау үшін де ол туралы ОБК-ға хабарлағым келеді. Мен былай ойлаймын:

1. Мен жіберген қателік, яғни, Колчактың 3-армиясына қызмет етуге келісім бергенім – 1917 жылы патшаның інісі Михаил Романовқа құттықтау жеделхатын жолдаған жолд. Каменевтің кінәсінен ауыр ма? Салыстырыңыз: Каменев кәнігі революционер, партияның аса көрнекті қайраткерінің бірі, ал мен болсам – партияда жоқ, жас, аңғал адаммын.

2. Мен жіберген қателік, партияға өткенге дейін патшалық полицияда істеген, губерния мен уездердегі жоғары лауазымдылармен бірге істеген Әйтиевтің (партия мүшесі) қылығынан лас па? Тағы да салыстырыңыздар: Әйтиев – ересек, саналы адам, ал мен болсам – жаспын, алаңғасармын.

3. Мен жіберген қателік Колчактың тергеу комиссиясында істеген, Торғайдағы Алашорда бөлімшесінің құрамында кеңес өкіметіне қарсы күрескен Тоқтабаевтің (партия мүшесі, Жер жөніндегі халық комиссары) қылмысынан ауыр ма?

4. Менің қателігім – алашорданың қарулы көтерілісін басқарған, қызыл армиямен соғысқан, бейбіт тұрғындардың арасында зобалаң орнатқан Қаратілеуовтың, Жетпісовтің және Сисекеновтің (үшеуі де партия мүшесі) сатқындығынан да өтіп кеткен бе?

5. Менің қателігім – 1922, 1923, 1924 жылдары Түркістан партия ұйымы мен кеңес өкіметінің көрнекті басшысы бола тұрып алашордашылардың контрреволюциялық әрекеттеріне кең жол ашқан, кеңестік баспасөзді («Ақ жол», «Шолпан», «Сана» т.б.) солардың қолына берген, тіпті контрреволюционерлермен (Әнуар пашамен, Заки Валидимен, басмашылармен) байланыс орнатқан жолд. С.Қожановтың (партия мүшесі, БК(б)П-ның Орта Азия бюросының бөлім меңгерушісінің орынбасары) қателігінен де зор ма?

Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Менің ойымша, осының бәрімен салыстырғанда, менің қателігім барынша залалсыз және кешірімді сияқты көрінеді. Жоғарыдағы аты аталған адамдардың барлығы да партия қатарында қалды, өздерінің кінәларын іспен жууда. Мұндай құқықтан мен неге айырылуым керекдеген орынды сұрақ туады. ОБК мұны да ескермеген.

Менің өткендегі өмірімдегі жағымды жақтарымды ескермеуінің өзі комиссияның сыңаржақ шешім қабылдағанын көрсетеді. Мысалы, мына жағдайды, ерікті қызыл армия жауынгері, жасырынып жүрген Д.Әділевті Колчак үкіметінің қуғынынан жасырып қалғаным ескеруге тұрмайтын оқиға ма? Колчак жазалаушыларының жаппай жазалауы кезінде кеңес өкіметіне жан ашыр болу үшін де үлкен тәуекел мен ерлік қажет емес пе. Мен сол үшін оқуымды тастап, басымды бәйгеге тіктім. Бұл туралы комиссия неге үндемейді?

Кеңес өкіметінің басына күн туған аласапыран шақтағы (1919, 1920, 1921 ж.ж.) менің жақсылықтарым туралы комиссия бір ауыз сөз неге айтпайды? Петропавл уезіндегі қазақ жастары арасында алғаш партия қатарына кірген адам мен едім, қазақ арасында партия және комсомол ұйымдарын құруға араласқан тұңғыш адам мен едім. 1919 жылы қазақ жастарының атынан кеңес өкіметін қолдап, контрреволюционерлермен күресуге үндеп қазақ жұртына ашық хат жазған да мен едім. Қазақ тілінде жазылған бұл үндеу қазақ тұрғындарының арасында таратылды. «Мир труда» (Петропавл уезінің органы) газетіне жарияланды»,– деп өзінің большевиктік жолға түсу кезеңдеріндегі күресін баяндайды.

Шындығында да, Ә.Байділдиннің белсенділігі ешкімге күмән туғызбаса керек. Тек бұл белсенділікке қоса байыпты мінез бергенде, түрмеге түспес те еді. Өзінің ұзақ шағым-арызын:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных