Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 56 страница




«Сталинге арқа сүйеп, ұлттық мүдделерді ұмытты, әйтеуір Қазақстаннан басқа республика құру үшін жанын сап жүр, «Алашордашылардың» соңына тыңшы қойып, зиялы қауымды жікке бөліп жүр, коллективизацияны тездетуді жүзеге асырмақ, жергілікті өнеркәсіп орындарын ашуға құлықсыз, бәрін өзі отырған Мәскеуден шешкісі келеді»,– деген кінә таққан.

Әрине, мұның барлығы жеке бастарының мүддесі үшін емес, елі үшін түскен ерлердің ерегесі еді. Үшеуінің де мүддесі бір, күрес жолы, амалдау тәсілі өзге. Бұл үшеуіне қарағанда Меңдешевтің, Сейфуллиннің, Нұрмақовтың көзқарастары мүлдем басқа. «Алашорда» қайраткерлерін әшкерелейтін «Тар жол, тайғақ кешудің» тура сол тергеу ісі жүргізіліп жатқан кезде жазылып, жариялануы кездейсоқ үндестік деуге жатпайды. Ол да өзінің үгіт-насихаттық міндетін атқарды. Саяси сахнаға О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, І.Қабылов, Е.Ерназаров сияқты қолжаулықтар шықты.

Біз қарастырған жиыны 14 томның кейбір беттері жыртылған екен. Онда қандай деректердің «қолды болғаны» белгісіз. Тергеу мекемесіне тыңшылық еткен «салпаңқұлақтардың» аттары көрсетілген мағлұмат болуы да ықтимал. Сондай әрекетке ұмтылып, жанталасып жүрген бір «қадірлі» зиялыны қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан көзіміз шалып қалғаны бар. Сонымен қатар, үшінші топ боп саналатындардың айғақтары жинақталған №06610 істің бірінші томы біздің қолымызға берілмеді. Соған қарағанда ол томға құпия орынның әр түрлі тәсілмен жиған мәліметтері, тыңшылар мен мағлұмат беруші куәлердің, жеке адамдардың «жымсымалары» тігілсе керек.

Тергеу хаттамалары 420-беттен басталады. Онда тергеудің айғағы үшін жиналған «доностар» сақталып, кейін жойып жіберілуі әбден мүмкін. Бұл топтағылардың жауаптары кейде үйлесіп, кейде үйлеспей, қарама-қайшы келіп жатады. Ол түсінікті де. Бірінің сырын бірі ашқысы келмеген, немесе не айтуы керектігін болжай алмаған. Мысалы, А.Байтұрсыновтың тобындағылардың бірде-біреуі З.Валидовпен байланыс жасағанын мойындамаған, ал екінші М.Тынышбаевтің тобындағылар бірде мойындап, бірде бас тартқан. Тек: «Өзара аразбыз»,– дегенді ғана желеу еткен. Бұл оларды өзара арандатудан сақтаған. Әрине, ол да «астыртын ұйымның жұмыс әдісінің» бірі. Жоғарыдағы жайлардың анық-қанығын нақты анықтау үшін тергеу деректерін тарихи құжаттармен тиянақты түрде салыстырып барып пайым жасау қажеттігі туындайтыны өз-өзінен түсінікті. Бұл еңбектің ұзақ жыл жазылмай жатқаны да сондықтан.

Тергеу ісі төрт жылдан аса созылды. Мұны создырып отырған Голощекин екені анық. Сол төрт жылдың ішінде «Алашордашыларды» әшкерелейтін үш жинақ шығартты. Сонда да Мәскеуге жолданған сот үкімі:«тергеу барысындағы айғақтары жеткіліксіз» деген бұрыштамамен бір рет кері қайтарылған. Ерекше оқыс көрінетін және түсініксіз жайт: осы 71 айыпталушының ішінен Д.Әділевтің, Ә.Байділдиннің, А.Юсуповтің, Х.Ғаббасовтың, Ж.Аймауытовтың жоғары жазаға кесіліп, сол жазаның орындалып кетуі, яғни, атылуы. Қай жағынан алса да олардың салмағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтан басым түспейтіні, «айыптарының» өзі де олардан көрі жеңіл екені түсінікті. Үкімнің қаулысында: Д.Әділев – басмашылармен, Ә.Байділдин – Колчактың қарсы барлауымен байланысып, кеңес үкіметіне қарулы қарсылық жасамақ болғаны үшін, ал А.Юсупов – төтенше комитеттің «Алашорданың» ішіне кіргізілген тыңшысы бола тұра дер кезінде хабар бермегені үшін ату жазасына кесіліп, үкім шұғыл орындалған. Солардың қатарына Х.Ғаббасов пен Ж.Аймауытовтың қосылып кетуі тағдырдың тәлкегі болса керек. «Аймауытов атылған жоқ. Түрмеде ауырып қайтыс болыпты-мыс»,– деген қауесет те бар. Бірақ тергеу құжаттары оны растамайды.

Тергеу аяқталардың алдында ғана 20 адам, соның ішінде, «қылмысы дәлелденбегені үшін», «айғақтардың жеткіліксіздігінен» «құмға сіңіп кетіп, қоныс аударушылармен соғыс ашпақ болған» С.Өтегенов және тергеуде берген қорытындылары өте тиянақты, барлық қылмысын мойындаған И.Қашқынбаев та бостандыққа шығарылған. Бұған пәлен деп жіп тақпасақ та, қаперге ала кетуге тура келеді.

Сонымен «Қазақ ұлтшылдарының кеңес өкіметін құлату үшін құрылған контрреволюциялық астыртын ұйымы» туралы «Алашорда ісінің» тергеуі толық аяқталып, соғыс жағдайында қолданылатын әскери-дала сотының үлгісіндегі «үштіктің» қарамағына жіберілді. Ал тергеу хаттамалары «өте құпия» деген бұрыштамамен қауіпсіздік мекемесінің мұрағатына жолданды. Сөйтіп, бес жылдан астам тергеу қысымын көрген жиыны 71 алаш азаматы қазақ үшін екі жарым миллионға жуық адамынан айырылған ең қасіретті 1932 жылғы ашаршылық пен азаптың табалдырығын аттады.

Олардың бұдан кейінгі тағдыры мәскеулік жазалау мекемелерінің ырқына көшті. Үштік қанша құзырлы «саяси басқарма» болcа да, коллегияның қаулысы Орталық Партия Комитетінің бөлімдеріне жіберіліп, арнайы партиялық кеңесте қаралып, мақұлданатын. Сөйтіп, үкім шығаруға партия, үкімет (прокуратура), сот қызметкерлері, яғни, «үштік» шартты түрде ғана қатысатын. Сондықтан да, Қазақстанда бұл істі «айналымға түсіріп», бұранданы бұрап не босатып отырған Голощекиннің өзі болатын.

Тергеу ісі Мәскеудің қарамағына көшкенде олардың екпіні басылып қалды. Оны М.Дулатовтың түрмедегі «Қолхатынан» анық аңғаруға болады. Мұның басты себебі – Қазақстанда жаппай ашаршылық жүріп жатқан тұста Голощекиннің қаққан қазығының түбі босап келе жатыр еді. Сол тұстағы қалыптасқан саяси жағдайға, партия мен мемлекет құрылымындағы жіктелу жүлгесіне, жазалау шараларының науқандық сыпатына, кеңес және алаш қайраткерлерінің өзара қарым-қатынасына, жалпы сол тұстағы тарихи-психологиялық барлығудан (стресске) мағлұмат беретін құпия құжаттардың мазмұнына назар салсақ, тура сол 1931-1932 жылдары жалпы кеңес өкіметінің идеологиялық қысым айылы сәл босаң тартыпты. Үштіктің ату жазасын жаппай қолдануы азайып, жоғары жазаны шоғырландырылған лагерьлерге ауыстыруға бет алғаны байқалады.

Алайда жазалау машинасы іске қосылып кеткендіктенде, оның бетін толық қайтару мүмкін емес еді. Дегенмен де, Сталиннің осындай босаңсыған «қас-қабағына» қарамастан тергеу астындағы «екінші қатардағы» тұлғалар Х.Ғаббасовқа, Ж.Аймауытовқа, А.-С.Юсуповқа, Ә.Байділдинге, Д.Әділеевке қарата шығарылған ату жазасын орындатып тынуға кім мүдделі еді және кімнің құзырлы мүмкіндігі болды? Мәскеуде «Алашорда» қозғалысы мен оның қайраткерлерін білетін, осы тергеу ісіне жақсы жағынан болсын, мейлі жазалау тұрғысында болсын, «кеңес бере алатындай» адам кім еді?

Ең бірінші «Кене» – Ежов еске түседі. Ол Семейде губкомда жүргенде – М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Орынборда қызмет еткенде – А.Байтұрсынов, С.Сәдуақасов, Қызылордада – С.Қожанов, С.Мыңбаев сияқты қазақ қызметкерлері оны «коммунист-колонизатор» ретінде әшкерелеп, иықтарымен ығыстырған еді. Әсіресе, Семей губкомын таратқан С.Сәдуақасовқа ерекше тісін басқан. Мәскеудегі Орталық Комитеттің қарамағына барып, құқық мекемелері дәргейіне көшкен соң «алашордашылардың» тергеу ісін желеу етіп «майданға еркін араласқан». Оған – «Алаш ісіне» қатыстылар үштіктің үкімімен сотталып жатқан кезде Днепропетровскіден Кремльге «қызмет бабымен» шақырылып», таңертең аман-есен кіріп, кешке табытқа салынып шыққан, «кәсіптік улану» деп диагноз қойылған С.Сәдуақасовтың күдікті өлімі дәлел. Жұртты күдіктендірмес үшін М.И.Калинин сияқты «Кремльдің қаңбақ шалын» жерлеу рәсіміне қатыстырған. Бұл туралы С.Мұқановтың естелігінде нақты шындық айтылған. Әсіресе, Н.И.Ежовпен ежелден ерегесі бар Х.Ғаббасов пен Ж.Аймауытовтың өзгелерден ерекшелініп атылып кетуінің өзі сондай күмән тудырады. 1924-1925 жылдардағы жер межелеу кезіндегі комиссия төрағасы ретінде қатысып, солтүстік облыстарды екінші рет Ресейдің құрамына кіргізуге ұмтылысының алдын кескен С.Сәдуақасов пен С.Қожанов бастаған қайраткерлер Ежов үшін «басмашы» ғана болатын. Ал идеологиялық майданда онымен ымыраға барған, ортақ шешім қабылдауға ықпал бөліскен, «таныстығы бар, бұған кепілдік бере алатын» Әлімхан Ермеков пен Мұхтар Әуезовке «кешірім жолының» ұсынылуынан да сондай бір «адамдық фактордың» емеуіріні танылады.

Тергеудің үкіміне ықпал жасай алатын екінші адам Тұрар Рысқұлов еді. «Саяси бағдарын Сталиннің ырқына ықтап анықтайтын» (өз сөзі) саясаткердің Сталинге құпия түрде жазған жасырын мәлімдемелеріндегі: а) Алашордашылардың соңына тыңшы қоюды, ә) олардың З.Валидовпен астасқан жасырын ұйымдарын (өзін ақтай отырып) әшкерелеуді, б) С.Қожанов пен С.Сәдуақасовты саяси сахнадан шеттетуді, в) байларды тәркілеу мен колхоздастыруды тездетуді, г) Қазақстандағы партия мүшелерін тазалауды «жергілікті ерекшелікті ескере отырып қатаң жүргізуді», д) өзінің З.Валидовпен таныс екенін, Сұлтанғалиевпен хат алысқанын, Қазақстандағы қазақ қызметкерлерінің ұлтшылдық әрекеттерін дер кезінде «Орталық Комитетке, Сталин жолдастың жеке өзіне хабарламағанына» қатты өкінетінін, оған кездейсоқ оқиға ретінде қарауды өтінген «қолданба қызмет хаттары» әр қилы ойға жетелейді. Т.Рысқұловты: жиырмасыншы жылдары саяси-жазалау науқанынан кездейсоқ тыс қалды, таза ұлтшылдық бағыт ұстанды, ашаршылық тұсында қазақ халқының мүддесін қорғап хат жазды (нағында ол хат ашаршылық өтіп кеткеннен кейін, Голощекин орнынан түскеннен соң, оның қызметтен алынуын негіздеуге тиісті партиялық тапсырмамен, ашаршылықты «абыроймен жүргізген» Ораз Исаевтің мәлімдемесі негізінде жазылған еді) – деген сияқты үгіт-насихаттық басылымдардың ықпалы нақты тарихи шындықтың бетін бүркеп кеткен жайлары да бар екенін ескеруіміз керек. Өйткені мұнда бірдің, мыңның емес, миллиондардың, соның ішінде ұлттың тағдыр тауқыметі жатыр.

Осы арада түрме әфсанасын оқып шығып, пікір білдірген С.Нұрқанұлының мына естелігін келтіруді орынды санадық:

«Мен Тұрардың әйелі Әзизаның өз ауызынан мынадай сөзді естідім. Ол маған: – Біз Кисловодскіде демалып жатқанбыз. Сол күні Ораз Жандосов қонақ етті. Қайтарда: Түнде қаланың іші қорқынышты әрі қауіпті жерден өтесіңдер. Керек болар,– деп Тұрарға өзінің тапаншасын берді. Түн ортасында есік қағылды. Екі-үш адам келді. Тұрар: – Бұл бір түсініспестік болар. Жаңа костюм алайын,– деді. Олар:– Ескісін алыңыз,– деді. Маған: –Не киейін,– деді. Мен:– Жаңасын ки,– дедім. Тергеушілер тапаншасын алып алды. Ол маған:– Мәскеуге қайт,– деді. Ол баспалдақтан төмен түсіп бара жатқанда қарап тұрдым. Төменгі қабатта тұратын Голощкин де есігін ашып, қарап тұр екен. Мәскеуге келдім. Босандым. Үш ай бойы баланың атын қоймадым. Атсыз жүрді. Содан мені де ұстады. Камераның іші толған қандала. Түні бойы баланы тік көтеріп ұстап тұрамын....Содан түрмеден шыққан соң Әліби Жангелдинге келдім. Ол мені Тастаққа орналастырды,– деп әңгімелеп берді».

«Байда – пейіл, балада – бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін құдайым-ай!»,– деп Абай айтпақшы, сол сәтте екеуінің көзі баспалдақта түйіскенде, қандай ойда болды десеңші. Голощекин өзінің дүрілдеп түрған кезінде түрмеге қамай алмаған адам, міне, екі қолы артында, тұтқындалып бара жатыр. Ақыры дегеніне жетті ғой! Ал аңдыған дұшпанына таба болған Тұрар қандай күйде болды? Әлде, өзін де осындай қорлық күтіп тұрғанын Голощекин білді ме? Қайдам. Тістескен тағдыр тәлкегі деген осы.

Сонымен үштіктің үкімі шықты. Таланттың тағдырын талқыға салған, тұлғаларды тұқыртқан жазалау науқанының кезектi бiр науқаны былай аяқталды: «Қазақстандағы бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың төтенше өкiлеттiгiнiң жанындағы үштiктiң мәжiлiсiнiң № III/к мәжiлiс – хатының көшiрмесi 1932 жыл. 20 - көкек.Тыңдалды: № 2370-iс бойынша: Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелдi, Досмұхамедов Жаhаншаны қылмыс кодексiнiң 58/10, 57/7, 58/11 және 58/3-статьялары бойынша; 2. Үмбетбаев Алдабергендi, Мурзин Мұхтарды ҚК 58/7, 58/11-статьялары бойынша; 3. Мұңайтбасов Әбдiрахманды ҚК 58/4, 58/11-статьялары бойынша; Кемеңгеров Қошмұхамедтi, Бұралқиев Мұстафаны ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша; Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Нашимдi ҚК 58/11-статьялары бойынша; Ақбаев Әбдүлхамиттi ҚК 58/11 және 16-статья бойынша; Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3 – статьялары бойынша; Қадырбаев Сейтазымды ҚК 58/7, 11-ст. бойынша; Омаров Әшiмдi ҚК 58/10, 7, 11-ст. бойынша; Тiлеулин Жұмағалиды ҚК 58/2-ст. бойынша; Ермеков Әлiмханды, Әуезов Мұхтарды ҚК 58/7, 10, 11- ст. бойынша Омаров Уәлиханды, Сүлеев Бiләлдi 58/2-статьясы бойынша; Ысқақов Даниалды ҚК 58/10, 11-статьялары бойынша жауапқа тартты. Шешiм:

1.Тынышбаев Мұхамеджанды. 2. Досмұхамедов Халелдi. 3. Досмұхамедов Жаhаншаны. 4. Үмбетбаев Алдабергендi. 5. Мұрзин Мұхтарды. 6 Мұңайтпасов Әбдiрахманды. 7. Бұралқиев Мұстафаны. 8. Кемеңгеров Қошмұхамедтi. 9. Күдерин Жұмақанды. 10. Қожамқұлов Нашимдi. 11. Ақбаев Әбдүлхамиттi. 12. Ақбаев Жақыпты. 13. Қыдырбаев Сейдазымды. 14. Омаров Әшiмдi. 15. Тiлеулин Жұмағалиды – бес жыл мерзiмге концлагерьге жiберуге, оны сонша мерзiмге жер аударумен ауыстыруға... шешiм қабылдады. 16. Ермеков Әлiмхан. 17. Әуезов Мұхтар – үш жыл концлагерьге қамалсын, уақыттары 8/Х-30 ж. бастап есептелсiн. Ермеков пен Әуезовтiң үкiмi шартты түрде есептелсiн. 18. Омаров Уәлиханды. 19. Сүлеев Бiләлдi. 20. Ысқақов Даниалды қамаудан босатсын, тергеу кезiндегi отырғаны еске алынсын».

Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға жуық созылған тергеу ісiнiң нәтижесi осындай үкiммен тәмәмдалды.

Ұлтының тағдыры талқыға түсер шақта түрмеге отырғызылған ардагерлер ел-жұрты ашаршылыққа ұшырап, жаппай қырылып жатқан кезде қапастан шығарылды. Бұл қасiрет оларға түрмеден де көрi қатты батты. Бiрақ қолдан келер қайран мен айла-амал, рухани қайрат пен қуат-күш жоқ едi. Олардың әрқайсысы солтүстiктiң орманының бас еркiнен айырылған балташыларына айналды. Кейбiрi қайтып оралды, кейбiрi мәңгiлiкке мұз жамылып, қиян шетте қалды. Оларға туған жердiң бiр уыс топырағы да бұйырмады.

Ал кеш те болса бұйырту өз қолымызда. Кезінде, «Әділет» қоғамының атынан Сәуле Рысқұлова, Сәуле Айтмәмбетова, Қараби Мұхаметқалиев Мәскеуге барып, Әлихан Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ғ.Бірімжанов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Нұрмақов, Л.Мирзоян, С.Нұрпейісов жерленген қабірді анықтап қайтып еді. Ал отызыншы жылы атылған Ж.Аймауытов, Д.Әділев, А.Байділдин, А.Юсупов – Ваганков зиратына жерленіпті. Кеш болса да, еш кетпес үшін, солардың сүйегін отанына алып келіп, жаназасын шығарып, жандарына иманын қоссақ, кім бізден құн сұрайды? Тым болмаса, бастарына өткен-кеткендер құран оқып, тағзым етер еді. Бір жұбаныштысы, С.Сәдуақасовтың сүйегінің күлі 2011 жылы қаңтар айында Сабыр Қасымов сияқты азаматтың жансебілдігімен Астанаға әкелінді. Оған да тәуба.

Иә, кейде ұрандап жүріп ұлттық рухымыздың мәйегін имансыз қалдырып алатынымыз өкінішті. Өйткені бұлардың қай-қайсысы да қазақтың атойына айналатын қасиетті де киелі әруақтар.

Тiрi қалғандары ендi есiн жия бергенде кеңес өкiметiнiң екiншi бiр «ұлы құрбандығы басталды» Оған сол өкiметтi орнатқандар мен алдыңғы «құрбандықты» ұйымдастырғандардың өзi де iлiндi. Ол – заманның талқысы болатын. Бұл «қарадүлейден» (смерчь) кейiн ұлт зиялыларының қатары өрттен кейiн аман қалған жалғыз қарағай құсап сиреп-ақ қалды. Соның бiрi – Мұхтар Әуезов едi. Тiрi қалуы тiрi қалғанымен, заман талқысы зықысын шығарып-ақ кеттi. Ендi сол бiр жанталасқан заманның зауалын басынан кешуiне тура келдi. Басқа салған соң пенде шiркiн көнедi екен.

Көндi де.

Алаш идеясының рухы Әуезов сияқты тұлғалардың арқасында өшкен жоқ. Тәуелсіздік алғанша жалғасып келді. Сексен жетінші жылы мамыр айында өтуге тиісті Қазақстан Орталық Комитетінің пленумында жасалуға тиісті баяндамада ұлтшылдықты қоздырған жеті жазушының аты аталған. Соның соңы: «жас алашордашыл Тұрсын Жұртбаев…» деп аяқталатын. Демек, кейбір тарихшыларымыз айтып жүргеніндей, алаш идеясы отызыншы жылдардан бастап құрдымға кеткен жоқ. Сондықтан да алаш идеясының өшпегенін және өшпейтінін қаперге салғым келіп, «Талқы» атты үшінші кітапта М.Әуезовтің тағдырын ала отырып, сексенінші жылға дейінгі кеңестік идеялогиялық жазалау саясатын әшкерелейтін деректерді назарға ұсындым. Соңында: 1917 жылы шілде-тамыз айларының өліарасында Жалпылқазақтық І құрылтайында бағдары анықталып, кейіннен талқы арқылы дамытылып, 1921-1922 жылдары тиянақталған Біртұтас алаш идеясының тұжырымдамасы ұсынылды.

Негізінде бұл тарихшылардың «сыбағасы» еді. Олардың дәргейсіздігінен бұл міндетті жазушының атқаруына тура келді. Ал алаштың ұлттық идеясы бес түрлі тұжырымға негізделді.

Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.

Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.

Жалпы, қазақтың тауқыметті тағдырын, тәуелділік пен тәуелсіздіктің арасындағы үш жүз елу жыл тартқан ел қасіретін деректер арқылы толғайтын «Бұзылған бесік...», «Бейуақ», «Бесігіңді түзе!..», «Бесігіңді ая!..», «Бесігіңді аяла!..», «Бесігіңді ұмытпа!..» атты әфсаналар түзілімі осы «Ұраным – Алаш!..» атты үштағанмен аяқталады. Рас, оған бүкіл саналы өміріміз кетті. Бірақ оған өкінбеймін. Тек елімнің игілігіне жараса екен, ұлттық тәуелсіздікті орнықтыру мен нығайту үшін де кәдеге жаратса екен деп тілеймін.

Түйінді тарауда түсіндіре кететін сыралғы сөзіміз осы. Қалғанын – тарихшылардың қалам ұшының қайратына, санадағы санатына тапсырдық.

Ақпан, 1987жыл, Алматы –13 маусым, 2009 жыл, Астана.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Мұрағаттар мен кітапханалар қоры

 

1. «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қолжазба қоры.

2. А. Тоқомбаевтің мұражай-үйінің қоры.

3. А. Фадеевтің мұражай-үйінің қолжазба қоры.

4. Абайдың Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық мұражайының қолжазба қоры.

5. Алматы облыстық архивінің баспасөз қоры.

6. АР Науаи атындағы қолжазба институтының қоры, бапасөз бөлімі.

7. Қазан университетінің кітапхана қоры.

8. Қарағанды облыстық архиві. Аманбаев Ахметті тәркілеу және оны Қарқаралы округінің Шет ауданынан жер аудару туралы №154 іс.

9. ҚЕ әдебиет және тіл институтының қолжазба қоры.

10. ҚР кітап мұражайының қолжазба қоры.

11. ҚР кітап палатасының мерзімдік баспасөз қоры.

12. ҚР орталық мемлекеттік архиві. 14, 27, 28, 44, 82, 229, 251, 72-73, 374, 1132, 1109, 1778, 1368, 1864, 4387 қорлар.

13. ҚР Президенттік архиві. 708, 811, 141, 139 қорлар.

14. ҚР ҰҒА-ның Орталық кітапханасының қолжазба қоры.

15. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архиві, 06610 іс, 1-3 т., №2370 іс, 1-7 т., 124 іс, 1-4 т.

16. ҚР Ұлттық мемлекеттік кітапханасының сирек кездесетін кітаптар қоры.

17. Қызылорда облыстық архивінің баспасөз қоры.

18. Қырғыз Елі орталық мемлекеттік архиві, 1481, 1465, 1481 қорлар.

19. Қырғыз Мемлекеттік университетінің кітапхана қоры (ондағы К.Юдахиннің архиві).

20. Омбы облыстық (губерниялық) архиві, 3 қор.

21. Орынбор облыстық (губерниялық) архиві, Қазақстан атқару комитеті бөлімінің хаттама бөлімі.

22. Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің Түркстан Республикасы қоры.

23. ӨР Ташкент мемлекеттік университеті кітапханасының баспасөз қоры және мәжілісхат бөлімі.

24. Павлодар облыстық архивінің баспасөз қоры.

25. РФ әлем әдебиеті институтының архивінің жаттама құжаттар қоры.

26. РФ жазушылар одағының архиві, секретариат мәжілісі қорының республика әдебиеттері бөлімі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных