Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметтеқолданылатын етістіктің ерекше түрі.




Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? Қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметінде: Айтылған (қандай?) сөз– атылған (қандай?) оқ; кім? Не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмейді. Ақылды байқап сөйлер. (қайтер?)

Есімше төрт түрлі жолмен жасалады:

Жұрнақ Мысал
  -қан, -кен, -ған, -ген(өткен шақ есімше) алған, келген,кеткен
  -ар, -ер, -р,– с (болжалды келер шақ есімше) барар,оқыр,оқымас
  -мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек (мақсатты келер шақ есімше) Бармақ, келмек,жүзбек
  -атын, -етін, -йтын, -йтін (ауыспалы өткен шақ) алатын,санайтын,өретін

 

Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп олданылады.

Есімшенің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
  Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып, анықтауыш болады. Оқығанадам озады.
  Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Көрмес-түйені де көрмес.
  Есімше атау мен іліктен басқа септіктерде заттанып қолданылса, толықтауышболады. Естігенді ұмытпайды.
  Есімше барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп немесе көсемше есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп, пысықтауыш болады. Ол сұрақтың жауабын білетіндей жауап берді.
  Есімше жіктеліп келіп, сөйлемдебаяндауышболады. Адал кісі арымас. Сыпайы сырын сақтарү

 

Көсемше: пысықтауыш пен баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі.

Көсемшенің жұрнақтары:

1)-а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады.Боран соғады, мал төлдейді, ит ү реді;

2)-ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Сыпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады.

3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары келер шақ көсемше жасайды. Айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.

Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды, яғни көсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Тек -а, -е, -й және - ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі, ал

-ғалы, -гелі, -қалы, -кел тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
  Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады. Мен сөйлескелі(не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді.
  Көсемше жіктеліп немесе күрделі етістіктің құрамында келіп баяндауышболады. Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келді. Ол өз ойын айта салды.

 

 

 

Үстеу іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді.
Тұлғасына қарай Құрамына қарай
Негізігі үстеу Туынды үстеу Дара үстеу Күрделі үстеу
Бөлшектеуге келмейтін төл үстеу Жұрнақпен жасалған үстеу Бір ғана түбірден тұрады Кемінде екі сөзден тұрады
Ең, ертең, бұрын Бірге,зорға,балаша Ілгері, былтыр Бүгін, қыс бойы

Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

Жұрнақ Мысал
  -ша, -ше құсша, ізінше, балаша
  -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей осылай, жүрелей, жаздай, күндей
  -дайын, -дейін, -тайын, -тейін бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын
  -шама, -шалық соншама-соншалық, мұншама-мұншалық
  -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша

 

Септік жалғаулары арқылы туынды үстеудің жасалуы:

 

Септік жалғау Мысал
  Барыс септігі бекерге ( жүрме ), ертеңге (дейін), зорға (жетті)
  Жатыс септігі өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды),
  Шығыс септігі төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады)
  Көмектес септігі кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты)

 

 

Күрделі үстеудің жасалуы:

Күрделі сөз түрі Мысал
  Бірігуарқылы қыстыгүні(қыстың+күні),ендігәрі(енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т.б.
  Қосарлануарқылы ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.
  Тіркесуарқылы таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б. қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.

 

Үстеудің мағыналық түрлері:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных