Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫНЫ ИГЕРТУГЕ

Мамандығы: 051101 (емдеу ісі)

Пәні: Жедел және шұғыл медициналық көмек

Кафедра: ЖДТ (студенттер)

Курсы: 6

Тақырыбы: АСҚАЗАНДЫ ЖУУ

Құрастырушы:

ассистент Жаманқұлова Д.Г. _______

 

 

Ақтөбе 201_ж.

 

Кафедра отырысында бекітілген

«____» _____________ 201__ ж.

№ ___ хаттамасы

«____» _____________ 201__ ж.

ЖДТ (студенттер) кафедрасының жетекшісі

м.ғ.к., доц. Б.К.Каримсакова ___________

 

1. Тақырыбы: Асқазанды жуу

2. Мақсаты: Студенттерді асқазан жуу әдістемесіне үйрету. Асқазанды жуу әдістемесін аурухааға дейінгі көмек көрсететін әр дәрігер жасап бәлуі қажет. Асқазанды жуу улану кезінде асқазаннан уды шығаруға арналған өте тиімді тәсіл болып саналады.

3. Оқыту әдісі: Манекенде шағын топпен және жұптасып жұмыс істеу, тақырып бойынша фото, видеоролик көрсету, дебрифиг өткізу.

4. Қортынды нәтиже: Сабақ соңында студент

біледі:

1) асқазанды жуу әдістемесін

2) асқазан жууға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді

көрсетеді, жасайды:

1) асқазан жууды

5. Қоланылатын медициналық бұйымдар мен жабдықтар:

· Асқазанды жууға арналған муляж;

· Асқазандық зонд және воронка;

· Шелекте 10 литр бөлмелік температуралы су;

· Ожау; жуынды суды төгетін шылапшын;

· Лоток; дәке салфеткалар;

· Резинке қолғап; сүлгі; алжапқыш;

6. Дағдының орындалу алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастыру, процедураның жүргізуін түсіндіру, процедураны жүргізуге келісім алу.

2. Зондтың асқазанға енгізілетін бөлігін өлшеу – науқастың алдыңғы тістерінен (резцы) кіндікке дейінгі қашықтыққа науқастың алақанының ұзындығын қосу. Науқасты орындыққа отырғызу. Науқастың басын сәл алға еңкейту.

3. Науқастың аяғының қасына шылапшын қою. Науқасқа алжапқыш кигізу. Өзіне алжапқыш пен қолғап кию.

4. Науқастың оң жағынан тұрып, ауызып ашуын сұрау. Зондтың соңын сулау. Зондты соқыр соңынан 10 см жоғары оң қолына алып, тілдің түбіріне салу. Зондты асқазанға қажетті таңбаға дейін сақ енгізу.

5. Воронканы зондқа жалғап, оны науқастың тізесі деңгеіне дейін төмендету (сәл еңкейтіп), асқазанның ішіндегісі төгілу үшін. Суды воронкаға құйып, толтыру.

6. Воронканы баяу жоғарыға көтеру, ішіндегі суы воронканың сағасына жеткенге дейін. Воронканы науқастың тізесінен төмен түсіріп, ішіндегісін шылапшынға төгу. Асқазан жууды таза суға дейін бірнеше рет қайталау.

7. Воронканы зондтан ажыратып, зондты асқазаннан сақ шығару. Науқастың ауызын сумен шайғызу, тыныштық қамтамасыз ету.

8. Зонд пен воронканы 1 сағатқа дезинфекциялық ертіснісі бар (3% хлорамин

Б) ыдысқа салу.

7. Бағалау: Субординатордың дағдыны қаншалықты игергендігін бағалау үшін, оның дағды бойынша әрбір орындаған қадамына 0-0,5 аралығында ұпай бере отырып бағалау парағына (қосымша №1) түсіру және қадамдар бойынша қорытынды ұпайды шығару. Қорытынды ұпайды төмендегі көпұпайлы әріптік жүйе бойынша бағалау шкаласындағы сәйкес бағамен сәйкестендіріп, субординатордың бағасын қою.

 

Әріптік жүйемен бағалау Бағаның сандық эквиваленті Бағаның пайыздық құрамы Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 3,84-4,0 95-100 «өте жақсы»
А- 3,51-3,83 90-94
В+ 3,17-3,50 85-89 «жақсы»
В 2,84-3,16 80-84
В- 2,51-2,83 75-79
С+ 2,17-2,50 70-74 «қанағаттанарлық»
С 1,84-2,16 65-69
С- 1,51-1,83 60-64
D+ 1,17-1,50 55-59
D 1,0-1,16 50-54
F 0-0,99 0-49 «қанағаттанарлықсыз»

 

 

Қосымша № 1






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных