Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Айнымалы ток доғасының ерекшеліктері




Электрдоғасын айнымалы токпен нәрлендіргенде, ток жиілігіне f сәйкес әр электрод секундына f рет кезекпен анод пен катод болады. Әр период сайын ток екі мәрте нөлге тең болып, доға екі мәрте сөнеді де, ток шамасы қайталап өскенде доға қайта жалынданады. Тәжірибе мен теориялық есептеулер корсеткендей, доға өте қысқа уақытқа сөнгеннің өзінде де доға бағанасының газы салқындап, деионизацияланатындықтан, доғаның әрі қайта жалындануы үшін электродтарда кернеудің қысқа уақытқа өсуі қажет. Нәтижесінде әр жарты периодтың бастапқы кезінде кернеу сипаттамасында биік сызық қалыптасады, мұны шың дейді де, соған сәйкес оны кернеуді жалындату шыңы дейді (5-сурет).

 

5-сурет. Айнымалы ток доғасының ток және кернеу осциллограммасы

 

Доға газының ионизациялану потенциалы жоғары болған сайын, доға бағанасының температурасы да өседі, сөніп қайта иондану аралығында доға энергиясының жоғалуы мен температурасының төмендеу жылдамдығы өседі. Егер доғаның қайта жалындануы үшін қажетті кернеу шамасы токпен нәрлендіруші трансформатордың бос жүрістегі кернеу шамасынан артық болса, онда доға қайта жалындамайды да, пісіру процесі тоқтатылады. Иондану потенциалы жоғары газ ортасында доғаның қайта жалындануын жеңілдету үшін осциллятор мен арнайы импульстік генераторлар қолданылады, бұлар токтың нөлдік мәнінен өту кезінде электродтар аралығында кернеу шамасын өсіреді. Жалындаған доғада жарты период аралығында кернеудің тұрақты шамасы қалыптасады, доға жалындауы тұрақтылығын сақтайды. Түрлі электрод металдарының қайнау температурасы әртүрлі болғандықтан, доға түзеткіштік қасиетті болады, бұл жағдай пісірілген жік қалыптасуы мен токпеи нәрлендіргіш жұмысына теріс әсер етеді. Бұл құбылыс іргелес жарты периодтардағы ток иен кернеу шамаларының алшақ болуымен сипатталады. Мысалы, оқшаулаушы газ аргон ортасында вольфрам электродпен алюминийді пісіруде доға ұзындығы 4 мм болғанда, вольфрам катод болған жарты периодтағы кернеуі 12 В, келесі жарты периодта катодтың алюминий бұйым болғандағы кернеуі 22 В қа дейін өседі де, ток шамасының төмеңдеуі орын алады.

Жоғарыда келтірілген доғаның түзеткіштік қасиеті катод материалының қайнау тсмператураларының алшақтығымен анықталады. Доға катодындағы кернеу мен темпера-тура айырмашылығы катодтың қайнау температурасымен өзара тәуелділікте.

Негізгі әдебиет 1 [9-22], 2 [23-34]

Бақылау сұрақтары:

1. Электрдоғасы дегеніміз не?

2. Доғадағы катодтық және анодтық аумақ деп нені айтады?

3. Газды иондандыру тәсілдерін атаңыз.

4. Айнымалы ток доғасының ерекшеліктері неде?

5. Доғаның вольт-амперлік сипаттамасы дегеніміз не?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных