Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пісіру жабдықтарын белгілеудің бірыңғай жүйесі




Пісіру жабдықтары (бұрынғы кеңес одағы шығарған, Ресей және ТМД елдерінің шығарған жабдықтары) әріптік және сандық белгілеулермен бірыңғай жүйеге келтірілген (9-сурет).

Әріптік және сандық белгіленулердің мағынасы мынадай:

- бірінші әріп (А) – бұйым атауы (А-агрегат, В-түзеткіш, И-нәрлендіру көзі, П-түрлендіргіш, Т-трансформатор);

- екінші әріп (Б) – пісіру түрі (Д-доғалы, П-плазмалы);

- үшінші әріп (В) – пісіру тәсілі (О-ашық доғамен, Ф-флюс қабатының астында, Г-қорғаныстық (оқшаулаушы) газ ортасында). Егер әріп болмаса, онда ол доғалы қолмен пісіруді білдіреді. Қосымша мынадай әріптер болуы мүмкін: М – көп постты, И-импульсті, Б-бензинді қозғалтқышты, Д-дизельді;

- екі сан (ХХ) – жүздік немесе ондық ампердегі номинальды ток мәні;

- екі сан (00) – тіркеу нөмірі;

- (Г) әрпі – климаттық жағдайы (У-қоңыржай, Т-тропикалық, ХЛ-суық климат);

- (0) саны – жабдық орналастырылатын пісіру орнының категориясы (1-ашық жерде, 2-палаткалар, автомобиль кузовы немесе тіркемесі, 3-табиғи желдетілетін ғимарат, 4-мәжбүрлі желдетілетін және жылытылатын ғимарат, 5-ылғалдылығы жоғары ғимарат).

9-сурет. Электрлі пісіру жабдықтарының типін белгілеу құрылымы

Негізгі әдебиет: 1 [33-35], 2 [122-131]

Бақылау сұрақтары:

1. Нәрлендірігштердің негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

2. Номинальды ток деген қандай ток?

3. Шартты жұмыстық кернеу деп қандай кернеуді айтады?

4. Нәрлендіргіштердің қандай жұмыс режімдері болады?

5. Нәрлендіргіштерді негізгі сипаттарына қарай топтастырыңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных