Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлар




Бұл трансформаторларда бірінші және екінші реттік орамалары w1, w2 ортақ магнитөткізгіште өзара алшақ орналасқан және бірінші реттік орама жылжымайтын, ал екінші реттік орама жылжымалы болып жасалған. Орамалар арқылы ток өткенде оларда магнит өрісі қалыптасады. Бірінші және екінші реттік орамалардың магниттендіру күшінен туындаған ФТ магнит ағынының негізгі бөлігі магнит өткізгіштің өзегінде тұйықталады (13-сурет). Магнит ағынының екінші бөлігі ауада тұйықталады да шашыраңқы ағындар ФР1 және ФР2 қалыптасады.

І

13-сурет. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформатордың электрлік сұлбасы (а) және магнит ағынының таралуы (ә)

 

Шашыраңқы ағын трансформаторда реактивті ЭҚК-ін туындатады, осыдан индуктивті қарсылық Хт қалыптасады. Енді тұрақталған ережелі жағдайдағы трансформатор жұмысын қарастырайық.

Бос жүріс. Трансформаторда бос жүріс жағдайыңца ток өтпейді. Магнит ағыны Ф01 бірінші ораманың магниттендіргіш күші әсерімен қалъштасады (14-сурет). Магнит ағынының басым бөлігі магнит өткізгіш арқылы тұйықталып, бірінші және екінші реттік орамалармен w1, w2 әрекеттеседі. Магнит ағынының шамалы бөлігі ауа арқылы тұйықталып шашыраңқы ағын Ф01Р туындайды.

Магнит ағыны Ф01 бірінші орамада ЭҚК Е1-ді туындатады, ол келтірілген кернеумен U1 теңдестірілуде болады:

(26)

Магнит ағыны Ф01В трансформатордың екінші орамада ЭҚК Е2-ні туындатады, ол трансформатордың бос жүріс кернеуіне тең (U0):

(27)

Е1 және Е2 мәндерін беретін теңдеулерден төменгі теңдеу шығады:

, (28)

мұндағы U1 бірінші реттік орамадағы кернеу, В;

w2 –екінші реттік ораманың орам саны;

w1 бірінші реттік ораманың орам саны;

km1-2 – магниттік байланыс коэффициенті.

Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторларда km1-2 < 1

Жүктемелік жағдай. Жүктемелі жағдайда ток трансформатордың бірінші және екшші орамалары арқылы өтеді. Бұл ормалардың магниттендіргіш күштері магнит өткізгіште Ф1 және Ф2 магнит ағындарын туындатады. Аталған ағындардың бір бөлігі шашырай таралып шашыраңқы ағындар Ф, Ф қалыптасады (14, б-сурет).

Магнит өткізгіштің төменгі өзегінде (Н) қосынды магнит ағыны ФН қалыптасады:

Бастама (бірінші) кернеу U1 өзгеріссіз болғанда, магнит ағыны ФН іс жүзінде тұрақтылығын сақтайды. Бұл ағынның толқуы трансформатордың бірінші орамасында токтың өсуіне немесе төмендеуіне альш келеді. Осыған орай ФН ағыны бастапқы қалпына келеді. Ағын ФН шамасы ағын Ф01 шамасына жуық. Сондықтан

14-сурет. Трансформатордағы магнит ағынының таралуы: а – бос жүріс жағдайында;

ә, б – жүктемелік жағдайда

 

Векторлық диаграммаға сәйкес доға тогы мен кернеуінің аналитикалық түрдегі мәнінің төмендегідей болатынын көреміз:

 

;

 

.

Қысқа тұйықталу тогы (Uд = 0 болғанда)

;

Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансфоматордың сыртқы вольт-амперлік сипаттамасы құламалы көріністі болады. Құлау шұғылдығы трансформатордың индуктивтік кедергісімен ХТ арқылы анықталады.

Трансформаторды жұмыс режіміне келтіру. Жоғарыда айтылғандай магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформатордың жұмыс режімін реттеу - олардағы манит ағыны жолындағы индуктивтік кедергіні ХТ өзгерту арқылы іске асырылады. Мұның бірнеше тәсілдері бар: магнитөткізгіш биіктігін бойлай орналасқан орамалардың ара қашықтығын жылжыта отырып өзгерту; магнит өткізгіштің ашық ойығына жылжымалы шунт орналастыру; ашық ойыққа басқарылымды магнитті шунт орналастыру және т.б. Өндірісте кеңінен қолданыс тапқан индуктивтілігі реттелмелі трансформаторлардың сұлбасы 15-суретте көрсетілген.

15-сурет. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформатордың электрмагнитті сұлбасы: а- жылжымалы орамалы; ә - жылжымалы шунтты; б – басқарымды шунтты.

Трансформатордың жұмыс барысында магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлардың бірінші және екінші реттік орамаларына ауыспалы таңбалы электрдинамикалық күштер әсер етеді. Бұл күштер ток шамасына пропорционал және трансформатор элементтеріне діріл береді. Жылжымалы оралымды және жылжымалы шунтты трансформаторлардың оралымдары тұрақты, шунттары жылжымайтын басқарымды трансформаторға қарағанда сенімділігі төмен. Осыған орай жылжымалы элементті трансформаторлардағы ток шамасы төмен, әдетте 500 А дейін шамада шығарылады. Бұдан жоғары қуатты трансформаторлар басқарылымды магнитті шунтты етіп жасалады.

Негізгі әдебиет: 1 [45-49], 2 [134-139], 3 [305-311]

Қосымша әдебиет: 1 [51-58]

Бақылау сұрақтары:

1. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлардың құрылымдық ерекшеліктері?

2. Трансформатордағы магнит ағынының таралуы.

3. Индуктивтілікті өзгерту жолдары қандай?

4. Индуктивтілікті магниттік шунт арқылы өзгерту қалай іске асырылады?

5. Трансформатордың жүктемелік жағдайындағы ток пен кернеу неге тең?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных