Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Жылжымалы орамалы трансформаторлар. Пісіру трансформаторларын эксплуатациялау




Бұл трансформаторларға ТК, СТК, ТД, ТДМ типті трансформаторлар жатады. Олар бір фазалы өзекшелі типті болып жасалады. Трансформаторлардың бірінші реттік орамасы қозғалыссыз бекітілген, ал екінші реттік орамасы жылжымалы, орамалар бір-біріне максималь жақындағанда ток күші өзінің ең үлкен мәніне ие болады, ал максималь алшақтағанда ең аз мәнге ие болады. Қаптамасы алынған ТСК-500 трансформаторының жалпы көрінісі мен элеткрлік сұлбасы 16-суретте көрсетілген. Пісіру тогының реттелуі жүрісті бұрамамен 5 байланысқан қолсапты 3 бұрағанда іске асырылады, соның нәтижесінде бірінші 7 және екінші реттік орамалар аралығының арақашықтығы өзгереді. Қолсап сағат тілімен бұралғанда катушкалар жақындайды, магниттік таралуы азаяды да пісіру тогының шамасы өседі.

ТСК типті трансформаторлардың ТС трансформаторларынан айырмашылығы олардың компенсациялаушы конденсаторлары 8 болады, олар қуаттылық коэффициентін көбейтеді (cosY).

ТД-500 трансформаторының электрлі сұлбасы 17-суретте келтірілген. Бұл трансформаторда да пісіру тогы катушкалардың ара қашықтығын өзгерту арқылы реттеледі. Трансформатордың жұмыс диапазонының екі аралығы бар: біріншісі (катушкаларды қосарлап паралельді қосқанда) үлкен мәнді ток беруді қамтамасыз етеді, екіншісі (катушкаларды тізбектей қосқанда) аз ток беруді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бірінші реттік орама барлық орамдарын қоспай, олардың бір бөлігін ғана қосуға мүмкіндік бар, бұл бос жүріс кернеуінің мәнін көбейтге мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік аз токпен пісіру кезінде доғаның жалындауына жақсы жағдай туғызады.

 

16-сурет. Пісіру трансформаторлары:

а — ТСК-500 трансформаторының құрылымдық сұлбасы (қаптамасы алынған), б — оның электрлік сұлбасы; 1 — желілік сымдарға арналған қыспақтар, 2 — өзекше (магнитөткізгіш), 3 — токты реттеуге арналған қолсап, 4 — пісіру сымдарына арналған қыспақтар, 5 — жүрісті бұрама, 6 — екінші реттік орама катушкасы, 7— бірінші реттік орама катушкасы, 8 — ком­пенсациялаушы конденсатор (стрелкамен катушканың жылжу бағыты көрсетілген); в — ТД-500 транс­форматоры орамасын параллель жалғау, ОП — бірінші реттік орама, ОВ — екінші реттік орама, ПД — ток аралығын ажыратып қосқыш, С — радиобөгеттерден (радиопомех) қорғаушы сүзгі

 

 

17-сурет. ТД-500 типті пісіру трансформаторының сұлбасы

 

ТД-500 пісіру трансформаторының техникалық сипаттамасы:

- номинальды пісіру тогы - 500 А;

- токты ретте шегі - 85 – 720 А;

- номинальды кернеу - 30 В;

- бос жүріс кернеуі - 60 – 76 В;

- желідегі кернеу - 220, 380 В;

- номинальды жұмыс режімі (ЖҰ) – 60 %;

- номинальды қуат - 32 кВА;

- қуаттылық коэффициенті (cosY) - 0,53;

- габариттік өлшемдері:

- ұзындығы - 570 мм;

- ені - 720 мм;

- биіктігі - 835 мм;

- салмағы - 210 кг.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных