Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пісіру генраторлары




Пісіру генераторлары пісіру орнының санына байланысты бір және көп орынды, сыртқы сипаттамасына байланысты күрт құламалы, көлбеу құламалы, қатаң және өрленген болып бөлінеді. Егер генератор күрт құламалы сипаттамамен бірге көлбеу құламалы сипаттамаға келтірілетін болса, онда мұндай генераторларды әмбебеап генератор деп атайды.

Пісіру генераторлары магниттік полюстері бар статордан және орамалары мен коллекторы бар якорьдан тұрады. Генератордың жұмыс істеу барысында статор полюстері тудыратын магнит өрісінде якорь айналдырылады. Якорь орамалары генератор полюстерінің магнитті күштік сызықтарымен қиылысқанда оның орамдарында айнымалы ток пайда болып, ол ары қарай коллектор көмегімен тұрақты токқа түрлендіріледі. Коллекторға көмір щеткалары қыспақталған, олар арқылы тұрақты ток сыртқа шығарылған клеммаларға беріледі. Клеммаларға пісіру сымдары жалғанып, электрод пен пісірілетін бұйымға беріледі.

Конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты пісіру генераторларының мынадай типтері болады:

- полюстері ажыратылған (расщепленные);

- тәуелсіз қоздырылушы және магнитсіздендіргіш тізбекті орамалы;

- өздігінен қоздырылушы параллель орамалы генератор.

Тәуелсіз қоздырылатын пісіру генераторының принципті электр сұлбасы мен сыртқы сипаттамасы 20-суретте көрсетілген.

Генератор екі қоздырушы орамадан тұрады: тәуелсіз қоздырылатын (Н әрпімен белгіленген) және тізбектей қосылған (С), олар әрқилы полюсте орналсатырылған. Тәуелсіз қоздырылушы орамаға реостат РТ жалғанған. Тізбекті орама қимасы үлкен шинадан жасалған, өйткені бұл орама арқылы доға тогының күшіне тең өте үлкен мәнді ток өтеді. Бұл орама секияларға бөлінген. Жұмыс барысында ораманың барлық орамдарын қосуға немесе бір бөлігін қосуға болады, осының нәтижесінде пісіру тогын сатылы реттеуге мүмкіндік туады. Тізбекті ораманың тудыратын магнит ағыны тәуелсіз қоздырылатын ораманың магнит ағынына қарама-қарсы бағытталған. Осы екі ағынның өзара әрекеттесуі нәтижесінде нәтижелі ағын қалыптастырылады. Бос жүріс кезінде генератордың тізбекті орамасынан пісіру тогы өтпейді. Бос жүріс кернеуі генератордың қоздырушы орамасындағы токпен анықталады, оны реостат РТ арқылы реттеуге болады.

Тізбекті орама жүктемеленген кезде пісіру тогы пайда болып, ол қарсы бағытты магнит ағынын тудырады. Пісіру тогының өсуімен магнит ағыны да өседі, ал жұмыстық кернеу төмендейді. Сөйтіп генератордың құламалы сипаттамасы қалыптасады.

 

20-сурет. Тәуелсіз қоздырылушы және магнитсіздендіргіш тізбекті орамалы генератор:

а — принциптік электр сұлбасы; б — сыртқы сипаттамасы

 

Пісіру тогын реттеудің екі тәсілі бар: тәуелсіз қоздырылушы орама тізбегіне қосылған реостат арқылы (жатық реттеу) және магнитсіздендіргіш орама орамдарының санын ауыстырып қосу (сатылы реттеу) арқылы реттеу.

Өздігінен қоздырылушы магниттендірші параллель орамалы және магнитсіздендіргіш тізбекті орамалы генератордың принциптік электрлі сұлбасы мен сыртқы сипаттамасы 21-суретте көрсетілген. Бұл генератордың негізгі полюсінде ек орамасы бар: магниттендіруші Н және магнитсіздендіруші С. Магниттендіруші орамадағы ток генератордың өзімен туғызылады, ол үшін коллекторға негізгі а және б щеткаларының аралығына қосымша С щеткасы орналасқан. Жоғарыда айтылғандай, пісіру тогы мұнда да реостат (РТ) пен сатылы ауыстырып қосқыш арқылы жүргізіледі.

21-сурет. Өздігінен қоздырылушы магниттендіруші параллель орамалы және магнитсіздендіргіш тізбекті орамалы генератордың принциптік электрлі сұлбасы:

а — принциптік электрлі сұлба; б — сыртқы сипаттамасы

 

Полюстері ажыратылған (расщепленные) генераторда тізбекті қосылған орама болмайды (22-сурет), полюстерінің орналасуы әдеттегі генераторлардың полюстерінен өзгеше.

22-сурет. Полюстері ажыратылған генератор:

а, б — принциптік магнитті сұлбасы; , - якорьдің магниттік ағындары; Фг басты магнит ағыны; Фп – көлденең магнит ағыны; ГН – бейтарап сызық; П – көлденең полюстердің орамалары; Гл – басты полюстердің орамалары; РТ – реостат.

 

Магниттік полюстері кезектеліп (оңтүстік – солтүстік – оңтүстік және т.с.с.) орналаспайды, аттас полюстер қатар орналастырлады (екі солтүстік, ек оңтүстік); горизонталь орналасқан полюстер – басты полюстер (Nг), ал вертикаль орналасқан – көлденең (Nп) полюстер деп аталады.

Басты полюстерде (Nг) ойықтар салынған, олар полюстердің көлденең қимасын кішірейтіп, бос жүріс кезінде магнит ағындарымен толық қанығуын қамтамасыз етеді. Көлденең полюстер барлық жұмыс режімдерінде магнит ағындарымен толық қанықпаған жағдайда жұмыс істейді.

Якорь орамасына жүктеме берілгенде онда ток пайда болып, басты полюстерді магнитендіретін және көлденең полюстерді магнитсіздендіретін магнит ағындарын туғызады. Пісіру тогы өскен сайын якорьдағы магнит ағыны өседі де көлденең полюстердегі магнитсіздендірігіш әрекетті арттырады. Бұл генератордың жұмыстық кернеуін азайтып, құламалы сыртқы сипаттаманы қалыптастырады.

Тәуелсіз қоздырылушы орамалы генераторлар ПСО-120, ПСО-300А, ПСО-500, ПСО-800, ПС-1000, АСО-2000 пісіру түрлендіргіштерінде қолданылады; Өздігінен қоздырылатын параллель орамалы генераторлар ПС-300, ПСО-300М, С-300-1, ПС-500, САМ-400 пісіру түрлендіргіштерінде қолданылады. Полюстері ажыратлыған генераторлар СУГ-2Р, ПС-300М және басқа пісіру түрлендіргіштерінде қолданылады.

Негізгі әдебиет 1 [36-39], 2 [145-149], 3 [312-323]

Қосымша әдебиет: 2 [25-43]

Бақылау сұрақтары:

1. Пісіру түрлендіргіштері қандай бөліктерден тұрады?

2. Пісіру түрлендіргіші мен пісіру агрегатының жұмысында айырмашылық бар ма?

3. Пісіру генераторының құрылысы мен жұмыс істеу принципі.

4. Пісіру генераторының қандай түрлері болады?

5. Полюстері ажыратылған генераторлардың жұмыс ерекшеліктері.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных