Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жылдам кескіш болаттар




Жылдам кескіш болаттар жоғары жылдамдықпен кесетін әртүрлі кескіш аспапты дайындау үшін қолданылады. Кескіштер, фрездер, бұрғылар және басқа аспаптар сапасы жылдам кесетін болат сапасына, аспаптың дайындалуына және оның дұрыс термиялық өңдеуіне байланысты. Жылдам кесетін болаттар күрделі легірленген болаттар болып табылады. Бұл болаттардың отқа төзімділігі жоғары, яғни өзінің микроқұрылымын сақтау қабілеті жоғары, жоғары температураларда жоғары қаттылыққа, тозу төзімділігіне ие. Бұл болаттар 600-620 ° С қыздырған кезде өзінің мартенситті микроқұрылымын сақтайды.

отқа төзімділігін қамтамасыз ететін жылдам кескіш болаттардың негізгі легірлеуші элементі вольфрам (немесе оның химиялық аналогы - молибден).Отқа төзімділігі басқа да карбид түзетін элементтер, мысалы, хром мен ванадий, бар кезінде жақсарады.

Барлық жылдам кесетін болаттарды Р әрпімен белгілейді, әріптерден кейінгі цифрлар негізгі легірлеуші элемент - вольфрамның мөлшерін, ал вольфрам - мрлибденді болаттар үшін молибден мөлшерін білдіреді. Ванадийдің жоғары мөлшері кезінде оның орташа мөлшері Ф әрпінен кейінгі белгілеуде көрсетіледі (мысалы, Р18Ф2), ал кобальт мөлшері К әрпімен және сәйкес цифрмен белгіленеді (мысалы, Р18К5Ф2).

Р18 маркалы болат- ең кең таралған жылдам кесетін болаттың әмбебап маркасы.

Құрамында кобальті бар болаттар жоғары өнімді жылдам кесетін болаттар болады және қиын өңделетін қорытпаларды өңдеу кезінде қолданылады.

Вольфрам тапшылығына байланысты соңғы кездері вольфрам - молибденді болаттар жоғары сұранысқа ие. Осы болаттар ішінен Р6М5 маркалы болат көп қолданылады.

Құйма жылдам кесетін болат құрылымында түйіршіктер жиегінде орналасқан ледебуритке ұқсас күрделі эвтектика бар. Сондықтан жылдам кесетін болаттарды ледебуритті (карбидті) болаттар класына жатқызады. Құйма жылдам кесетін болаттарда карбидтердің үш түрі бар: алғашқы (ледебуритті эвтектика), салқындату кезінде аустениттен пайда болған қайталама және перлитті айналдыру нәтижесінде болған эвтектоидті. Жылдам кесетін болаттарда карбидтік біркелкіеместікті ГОСТ -19265-73 бойынша бағалайды.

Аспаптың көлеміне байланысты шынықтыру кезінде жылдам кесетін болат сығылған ауамен немесе майда салқындатылады. Жылдам кесетін болат шыныққан кезде аустенит мартенситті түзеп ыдырайды, оның бір бөлігі қалдық аустенит түрінде сақталады, шыныққаннан кейінгі құрылым мартенсит, карбид және қалдық аустениттен тұрады.

2.64 суретінде Р18 болаттың шыныққаннан кейінгі микроқұрылымы көрсетілген. Онда мартенситтің ірі қара инелері және арасында қалдық аустениттің жарық үлескелері анық көрінеді.

Шыныққаннан кейін жылдам кесетін болаттарды 540-570 º С температурада жасытады. Жасыту кезінде мартенситтен вольфрам мен ванадийдің ұсақ дисперсті карбидтері пайда болады, сондай - ақ қалдық аустенит мартенситке айналады, соған байланысты жылдам кесетін болаттың қаттылығы НВ 653-679 - ға дейін көтерілед

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных