Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Шойындар




Шойын деп құрамында көміртегінің шамасы 2,14%-дан артық темір мен көміртегінің қорытпасын айтады. Оның болаттан негізгі айырмашылығы құрамындағы көміртегі санының кептігі ғана емес, құйылғыштығы жақсы, құны болаттан арзан, ал пластикалық қасиеті едәуір төмен.

Құрамында көміртегінің қалыптасу жағдайына қарай шойындардың келесі түрлерін ажэыратады: ақ шойын, сұр шойын, созылғыш шойын, аса берік шойын, арнайы шойындар.

Шойында көміртегі мен темірден басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор және басқа элементтер болады, олардың мөлшері мен әсері болатқа қарағанда басқаша.

Кремний шойын құрамына графиттену үдерісін күшейтіп, қатты әсер етеді. Оның мөлшері 0,8...3,6%дейін болады.

Марганец графиттену үдерісінің етуіне кедергі жасап, шойынның ағаруына көмектеседі. Шойын құрамындағы марганец мөлшері 0,5...1,5% болады.

Күкірт те марганец сияқты шойынның ағаруына көмектеседі, оның құю қасиетін нашарлатады, сондықтан шойындағы мөлшері шектеледі, 0,15%-дан аспауы тиіс.

Фосфор шойынның сұйық аққыштығын жақсартып, графиттену үдерісіне әсер етпейді. Шойын құрамында оның мөлшері 0,3...0,12% болады.

Ақ шойын да көміртегі химиялық қосылыс темір карбиді түрінде болады. Ақ шойынның қаттылығы мен морттылығы жоғары, сондықтан кескіш аспаптармен өңдеуге келмейді. Сол себептен одан механикалық өңделмейтін құймалар алады. Ақ шойынға қоспа қосып «Сормайт-І» деген соқа пышақтарының бетіне болқытып жапсыратын қатты қорытпа алады.

Көміртегінің біразы немесе барлығы бос күйінде пластиналық графит түрінде болады. Мұндай шойындар құрамында графит болғандықтан, сынығы сұр түсті болады.

Темір - көміртегі қорытпаларындағы графиттің белініп шығуын графиттену деп атайды. Графит шойын қатайғанда, сүйық фазадан немесе қатты фазадан (аустениттен) кристалдануы мүмкін. Шойынның графиттену үдерісі кристалданудың жалпы заңына бағынады да, графиттену орталықтарын түзуге әкеледі. Тузілген графит туындылары әрі қарай өседі. Графит туындыләры түзілу үшінкөміртегі атомдарының әжептәуір диффузиясы болуы керек. Бұл баяу өтетін удеріс, себебі тағы ла темір атомдарының ездік диффузиясы қажет, бұл атомдарды графит кристалдану шебінен алып четеді.

Сұр шойынның құрылымы металл негізі (эвтектоидқа дейінгі, эвтектоидты немесе эвтектоидтан нгі болаттар) мен графит пластиналарынан тұрады. Графиттің механикалық беріктігі төмен, мондықтан оның қосындыларын металл негізінің тұтастығын бұзатын қорытпаның беріктігін ззайтатын ішіндегі тілік ретінде қарау керек. Сұр шойынның беріктігі графитті қоспаларының мелшері, пішіні және санымен анықталады. Кішкене иірілген графит қабыршығы шойынның геріктігін арттырады. Графиттің мұндай пішінін модификациялау арқылы алады. Сұр шойындарда модификатор ретінде алюминий, ферросилиций және ферромарганец қолданылады.

Сұр шойын автотрактор және ауылшаруашылық машина жасау саласында көп қолданылады. Олардың демферлік және антифракциялық қасиеті жақсы және оны құрал -саймандар кесу арқылы өңдеу оңай өтеді.

Домна пештерінде балқытылатын шойындар мақсаттарына қарай қайта құйылатын және құятын болып бөлінеді. Сонымен қатар, Домна пештерінде ферроқорытпалар да балқытылады.

Әртүрлі құрамдағы, құрамында аз мөлшерлі кремний мен жоғары мөлшердегі марганеці бар ақ шойындарды қайта құйылған шойындар деп аталады. Олар болатты өндіру үшін қолданылады.

Кокстік қайта құйылатын шойындар,құрамындағы марганец, фосфор және күкіртке байланысты топтарға және категорияларға бөлінеді.

 

Құйылатын, қайта құйылатын, ферроқорытпалардың маркасы мен химиялық құрамы (топтарға, кластарға, категорияларға бөлінбеген)

3.1-кесте

Шойындар Шойын маркала-ры Көмірте-гі Кремний Марга-нец Фосфор Күкірт
кокстік ЛК -1 3,5-3,2 3,2-3,6 0,5-1,5 0,08-1,2 -
құйылатын ЛК -4 3,8-4,3 2-2,4 0,5-1,5 0,08-1,2 0,02-0,06
Ферромарганец ГОСТ4755-91(ИСО5446-80) ФМн 75       0,05 -
Шағын құймасы ГОСТ 2787-75 ЛК - 7 4,1-4,6 0,8-1,2 0,5-1,5 0,08-1,2 0,02-0,06
Кокстік қайта құй-н.ГОСТ 805-95 М - 2 - 0,51-0,9 0,5-1,5 0,15-0,3 0,02-0,06
Ферросилиций ГОСТ 1415-93 ФС 69э 0,1 67-72 0,4 0,04 -

 

Құйылатын шойындар – бұл әр түрлі құрамы бар сұр шойындар, құрамында кремний мөлшері көп болды, оны шойын шойын құймаларын өндіру кезінде шахталық материал ретінде қолданады. (ГОСТ 2787-75) Домна пештерінде балқытылған ферроқорытпалар болатын балқыту және шойындар қайта балқыту кезінде арнайы қосылыс ретінде пайдаланады. Ферроқорытпаның негізгі міндеті болатты қышқылдандыру. Донналық ферроқорытпаға ферросилиций мен ферромарганец жатады. Өнеркәсіпте 20 шақты ферроқорытпалар өндіріледі (феррохром, ферротитан, ферромолибден). Олардың көбінің құрамында көміртегі өте аз болғандықтан шойынға қатысы болмайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных