Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ІІІ типті күй диаграммасы




Бұл диаграмма бойынша Fе — Fе3С, Sn — Ві сисремалары кристалданады. III типті күй диаграммасын құрайтын қорытпалардың құраушылары сұйық күйінде бірі екіншісінде шексіз ериді, ал қатты күйде белгілі шекке дейіп ериді (18-сурет). АСВ сызығынан (ликвидус) жоғары жатқан қорытпалар сұйық күйде болады. Система суынған кезде АС сызығы бойынша сұйық ертіндіден қорытпаның В құраушысының А құраушысындағы қатты ертіндісі — ɑ кристалдары бөлінеді. ВС сызығы бойынша сұйық ертіндіден қорытпаның А құраушысының В құраушысындағы қатты ертіндісі — β кристалдары — беріледі. Қатты ертіндінің құрамы АDСЕВ сызығы бойынша температураға байланысты өзгереді. Эвтектикалық температурада В құраушының А құраушы кристалдық торындағы ең үлкен ерігіштігі D нүктесіне, ал А құраушының В құраушы кристалдық торындағы ең үлкен ерігіштігі Е нүктесіне сәйкес келеді. D нүктесінің сол жағында орналасқан қорытпалардың структурасы ɑ қатты ертіндіден, ал Е нүктесінің оң жағында орналасқан қорытпалардың структурасы β қатты ертіндіден тұрады. Сұйық қорытпаның кристалдану кезіндегі құрамы АС және СВ сызықтары бойынша өзгереді. Сұйық қорытпаның кристалдану процесі аяқталған кездегі құрамы С нүктесіне сәйкес келеді. С нүктесінде сұйық күйдегі қорытпадан ɑ және β қатты ертінділер бөлініп, эвтектика түзіледі. Олай болса, DСЕ сызығы бойынша эвтектика ертіндісі түзіледі.

 

Dl мен Ет сызықтары қорытпаның В құраушысының А құраушысында және А құраушысының В құраушысындағы ерігіштігі температура төмендеген сайын азая беретіндігін көрсетеді. Сондықтан қатты ертінді ɑ екінші рет кристалданып, одан Dl сызығы бойынша βІІ қатты ертіндісінің кристалдары бөлінеді, ал β қатты ертіндіден Ет сызығы бойынша ɑІІ қатты ертіндінің кристалдары бөлінеді. Құрамында О: l% В бар қорытпалар біртекті ɑ қатты ертіндісінен, ал т нүктесінің оң жағында жатқан қорытпалар біртекті β қатты ертіндіден тұрады. l нүктесі мен D' нүктесінің аралығында жаткан қорытпалардың структурасы ɑ+βІІ қатты ертіндісінен, ал Е' нүктесі мен т нүктесінің аралығында жатқан қорытпалардың структурасы β+βІІ қатты ертіндісінен тұрады. Құрамы С нүктесіне дейінгі қорытпалар эвтектикага дейінгі қорытпалар деп аталады. Эвтектикаға дейінгі қорытпалардың структурасы ɑ қатты ертіндісінен, (ɑ+β) эвтектикадан және βІІ қатты ертіндінің екінші ретті кристалдарынан тұрады. С нүктесінің оң жағындағы нүктелерге сәйкес қорытпаларды эвтектикадан кейінгі қорытпалар деп атайды. Бұл қорытпалардың структурасы β қатты ертіндісінен, (ɑ + β) эвтектикадан және ɑІІ қатты ертіндінің екінші ретті кристалдарынан тұрады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных