Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сапасы қарапайым көміртекті болаттар




Сапасы қарапайым болаттар арзан , сондықтан да оларды жауапкершілігі төмен жерге қолданады.олардан ыстықтай илектелген (катаный) прокат дайындайды:балкалар, шыбықтар, швеллерлер, бұрыштықтар, сондай – ақ листтер, трубалар мен төмен кернеуде жұмыс жасайтын соғылмалар (поковкалар) дайындайды. Бұл болаттарды құрылыс құрылымдарына, арматураға және машиналардың жауапкершілігі аз бөлшектеріне қолданады.

380-94 ГОСТ – тына сәйкес сапасы қарапайым көміртекті болаттардың төмендегі маркалары дайындалады: Ст0, Ст1кп, Ст1пс, Ст2кп, Ст2пс, Ст2сп,Ст3кп, Ст3пс,Ст3сп,Ст3Гпс,Ст3Гсп,Ст4кп,Ст4пс,Ст4сп, Ст5пс,Ст5сп,Ст5Гпс,Ст6пс,Ст6сп.

Ст әріптері «Болат» дегенді білідреді, цифрлар – химиялық құрамына байланысты марканың шартты номері (цифр саны көп болған сайын болаттағы көміртек мөлшері көп болады), әріптер «кп», «пс» және «сп»- қышқылдану дәрежесі («кп» - қайнайтын, «пс» - жартылай тынық, «сп»- тынық).

Қолданылуы менн кепілдік қасиеттеріне байланысты сапасы қарапайым болаттар 3 топқа бөлінеді. А тобына хииялық құрамын нақтыламай механикалық қасиеттері бойынша әкелінетін сапасы қарапайым болаттар жатады. Марка номері көп болған сайын мықтылығы жоғары, созылымдылығы төмен болады. Мысалы, Ст1сп: мықтылық шегі – 320 – 420 МПа, салыстырмалы ұзаруы – 34 %;Ст3сп:мықтылық шегі – 380 – 490 МПа, салыстырмалы ұзаруы – 26 %.

Химиялық құрамына қатаң талаптар қойылмайды, өйткені бұл топтың болаттарынан дайындалған бөлшектер тасымалдау кезінде қысыммен ыстық өңдеусіз немесе термиялық өңдеусіз қолданылады. Бтобы кепілденген химиялық құраммен жеткізіледі.

В тобы - химиялық құрамы мен механикалық қасиеттері бойынша жеткізілетін жоғары сапалы болат. Б және В тобының болаттарын болатты ыстық днеформациялау немесе термиялық өңдеумен мықты ету қажет болған жағдайда пайдаланады. Пісірілетін құрылымдарға арналған болаттар үшін термиялық тозуға сезімталдығы аз болғаны , ал суықтай соққыланатын және иілетін болаттар үшін деформациялық тозуға аз бейімділігі маңызды.Сондықтан пісірілетін құрылымдарды негізінен В және Б тобындағы тыныш және жартылай тыныш болаттардан дайындайды. Жоғары сапалы болаттар (В тобы) мамандандырылған қолдануға ие ( көпір және кеме құрылысы, ауылшаруашылық машина құрылысы, шағын кернеулерде қолданылатын құбырларды) дайындау үшін қолданылады.Көптеген сапасы қарапайым болаттарды термо өңдеусіз қолданады, яғни ауада салқындағаннан кейінгі күйде. Тұтынушыларда бұл болаттардың термиялық өңдеуі қарастырылмаған, бірақ металлургия өндірісінде бұл болаттар кеңінен қолданылады. Металдың ретті салқындауын қолданады, егер тұғыр (стан) құрылымы берілген шектерде реттеуге мүмкіндік берсе. Реттелетін салқындату қасиеттері бойынша жақсы нәтижелер береді. Ст1, Ст2кп және Ст3сп маркалы болат үлгілерінің химиялық құрамы 2.1 (2 қосымша) кестесінде берілген. Сапасы қарапайым болаттың микроқұрылымы әртүрлі күйде сапалы көміртекті болаттың микроқұрылымына сәйкес келеді және 2.1 – 2.3 (2 қосымша) суреттерінде берілген.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных