Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аспапты көміртекті болаттар




Бұл топқа көміртек мөлшері 0,65-1,34 % болаттар жатады: Болаттар төмендегідей белгіленеді: У7, У8, У9, У10, У11, У12, У13, У7А, У8А, У8Г, У8ГА, У9А, У10А, У11А, У12А, У13А.У әрпі болаттың көміртектік екенін көрсетеді, цифрлар пайыздың ондық үлесіндегі көміртектің орташа мөлшерін көрсетеді, Гәрпі марганецтің жоғары массалық үлесін көрсетеді. Оң жақтың соңындағы А әрпі күкірт пен фосфор мөлшері төмен жоғары сапалы болаттар маркаларына қосылады.

Көміртекті аспапты болаттардың маңызды технологиялық қасиеті - отқа әлсіз қыздырылуы (≤ 10-12 мм). Көміртекті аспапты болаттардың көптеген маркалары суда шынығады (У12, У13 маркалы болаттар сызаттар пайда болуын алдын алу мақсатында «су - май» әдісі бойынша шынығады). Көміртекті аспапты болаттардан жаслаған құралдың өзегі шынықпаған болады.

Жүргізілген зерттеулер мен аспапты термиялық өңдеу тәжірибесі көрсеткендей, бұйымның өзек қаттылығы НВ 375-429 болған жағдайда жақсы нәтиже береді. Қаттылық одан жоғары болғанда беттік сызаттар, ал одан төмен болса - өткінші аймақта орналасқан сақиналы сызаттар пайда болады.

Көміртекті аспапты болаттардың қасиеттері, сондай - ақ олардың термиялық өңдеу режимдері болаттағы көміртек мөлшеріне байланысты.

У7, У7А, У8, У8А, У8ГА маркалы болаттар 780-880° С температурада шынығады, шыныққан күйдегі олардың құрылымы мартенсит пен шамадан тыс кардидтерден тұрады, олардың қаттылығы НВ 640-653.

Бұйымдарды дайындау кезінде кесумен жақсы өңделу және шынықтыру кезінде мүмкін сызаттардың пайда болуын алдын алу үшін көміртекті аспапты, әсіресе, У9, У10, У11, У12, У13 маркалы болаттарды қолайлы біркелкі құрылым беретін түйіршікті перлитке жұмсартады.

У12 маркалы болаттың түйіршікті перлитке жұмсартқаннан кейінгі микроқұрылымы 2.53, 2.54 суреттерінде (2 қосымша) көрсетілген.

Пайдалануына байланысты 160-240° С температурада көміртекті аспапты болатардан аспапты жасытады. Шыныққан болаттың жоғары қаттылығы 200 ° С температураға дейін қыздыру кезінде сақталады. Көміртекті аспапты болаттардың қызметі төмендегідей:

- У7 маркалы болат соққылар мен тербелістерге ұшырайтын аспаптарды, мысалы, зубилалар, штамптар,аспаптар мен клеймдерді дайындау үшін қолданылады;

- У8 маркалы болат соқыларға ұшырайтын және жоғары қаттылық кезінде жақсы тұитқырлықты қажет ететін аспаптар үшін қолданылады, мысалы, матр цалар, пуансоналар, метал қайшылары мен пышақтары, ағаш шеберінің аспабы, превматикалық құрал;

- У9 және У10 маркалы болаттар жоғары қаттылықта қатты соққыларға ұшырайтын аспаптар үшін қолданылады, мысалы, металл кесетін аспап: бұрғылар, белгілер, кескіштер, фрездер, монета штемпельдері,бұрғылау аспабы, медициналық аспап, қағаз бен теріні кесетін пышақтар.

- У12 және У13 маркалы болаттар ең жоғары қаттылықта тозуға максималды төзімді аспаптар үшін қолданылады, мысалы, әртүрлі металл кесетін және өлшегіш аспап

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных