Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рессорлық - серіппелі болаттар




Рессорлық - серіппелі болаттардың қасиеттері рессор мен серіппелер (циллиндрлік, жалпақ) жұмыстарының жағдайларын байланысты ерекше болуы тиіс. рессорлар мен серіппелер жұмыс барысында құрылымға әсер ететін соққылар мен ұруларды білдірмеуге арналған, сондықтан да ресорлық - серіппе болаттарына қойылатын негізгі талап серпімділік пен шыдамдылықтың жоғарғы шегі. Мұндай талаптарға көміртекті болаттар 60,70,75,80,85 және осы элементтермен легірленген, серпімділік шегін арттыратын болаттар сай келеді. Ол элементтер төмендегілер: кремний, марганец, хром, ванадий, вольфрам (болаттар 55С2, 60С2, 55ГС, 60С2Г, 50ХГ,50ХФА, 50ХГФА және т.б.)

Рессорлық табақтар мен серіппелердің термиялық өңдеуінің ерекшелігі шынықтырудан кейін 400-500 ° С температурада (болатқа байланысты) жасыту болып табылады. Бұл серпімділіктің жоғары шегін алу үшін қажет., оның шамсы жасытудың төмен немесе жоғары тепературасында жеткіліксіз болады. 400-500 ° С температурада жасыту шамамен 0,8 - ге тең σ упр в қатынасын береді.50С2 және 55ГС маркалы рессорлық - серіппелі болаттың химиялық құрамы 2.7 кестесінде келтірілген. майда шынықтыру және 400-500 ° С температурада жасытқаннан кейін бұл болаттардың механикалық құрамдары төмендегідей болады:

55ГС маркалы болат:σ в = 1000 МПа, σ 0,2 =800 МПа, δ ≥ 8,0 %, ψ ≥ 30%;

50С2 маркалы болат:σ в = 1200 МПа, σ 0,2 =1100 МПа, δ ≥ 6,0 %, ψ ≥ 30%.

55ГС және 50С2 маркалы болаттардың микроқұрылымы 2.48-2.49 суреттерінде (2 қосымша) берілген.

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных