Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары.




1.Адвокаттың этикасы – адвокатура туралы ғылымының және заңдық этикасының құрылымдық бөлімі. Заң этикасының негізгі категориялары. Адвокаттың кәсіби этикасы және адвокаттық қызметтің мінез-құлық негіздері.

2.Адвокаттық этиканың түсінігі, пәні және мазмұны. Кәсіби мінез-құлық нормаларының түсінігі және пәні, олардың этикалық нормалармен арақатынасы.

3.Адвокаттық этиканың мазмұны. Шындық, адалдылық, адалдық, ақиқаттық, ізгіліктілік, жауаптылық, ар-ұятты құрметтеушілік адвокаттық этиканың қағидалары ретінде.

4.Адвокаттың мінез-құлық ережесінің этикасы. Заң көмегіне жүгінетін тұлғалармен адвокаттың қарым-қатынасының мінез-құлық этикалық ережелері.

5.Адвокаттық қызметтің әдептік және психологиялық ерекшеліктері. Адвокат құпиясы туралы түсінік.

6.Адвокаттық құпияны жариялау шарты мен негіздері. Адвокатық құпияны сақтаудың құқықтық және этикалық кепілдігі.

7.Адвокаттың соттағы шешендік өнері. Адвокаттың сөйлеу мәдениеті: түсінігі және мазмұны.

8.Адвокаттың сөйлеу мәдениетін анықтайтын қырлары: анықтылығы, дұрыстығы, логикалық, орынды болуы, нақтылығы, эмоционалдығы және эксперессивтілігі, дербестігі (өзіндік ерекшелігі).

9.Адвокаттың сөйлеу мінез-құлқының этикасы. Адвокаттың шешендік өнерінің техникасы. Сөйлеу ықпал ету құралы ретінде.

10.Адвокаттың соттық ораторы ретіндегі логикалық мәдениеті. Соттық сөйлеудің сенімділігі және сөйлеудегі логикалық қателіктер. Соттық сөйлеудің құрылымдық мазмұнына іс бойынша позицияның әсер етуі.

11.Адвокаттың қылмыстық процесте қатысуы заң көмегінің бір түрі ретінде. Қылмыстық сот өндірісіне адвокаттың қатысуының негіздері мен нысандары. Өкіл, қорғаушы, куәнің адвокаты. Қылмыстық іс жүргізуде өкілдік етудің ерекшеліктері.

12.Қылмыстық істі қозғау сатысындағы адвокаттың қатысу ерекшеліктері.

13.Сот шешімін атқару сатысына адвокаттың қатысуы. Осы сатыдағы адвокаттың өкілеттігі.

14.Адвокат-қорғаушы және айыпталушының қорғауға құқығы. Міндетті және қосымша қорғау. Міндетті түрде қорғаушының қатысу негіздері мен мазмұны. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру. Қорғаушыдан бас тарту, адвокат-қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуынан алып тастау. Адвокат-қораушының құқықтық жағдайы.

15.Азаматтық іс бойынша адвокат-сенімдінің өкілеттігі. Адвокаттың процессуалдық дербестігі. Азаматтық істі жүргізуде тапсырмаларды адвокатпен қабылдау жағдайлары.

16.Азаматтардың сотқа жүгіну және өкіл болу құқығы. Өкіл ретінде қатысу негіздері. Тараптардың және үшінші тұлғалардың, азаматтық талап арыз берушінің, азаматтық жауапкердің өкіл ретінде қатысу ерекшеліктері.

17.Соттық істерді талқылауға адвокаттың қатысуы.

18.Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қараудағы адвокатың қатысуы.

19.Әкімшілік өндіріске қатысушы және өкіл ретінде адвокаттың қатысуы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылық. Сотқа дейінгі сатыда іс материалдарын дайындауда, соттық сатыға адвокаттың қатысу ерекшеліктері.

20.Третейлік соттарда, халықаралық коммерциялық арбитражда (сотта) және басқада конфликтілерді шешетін органдарда істі талқылауды сенімді өкіл ретінде қатысуы.

21.Мемлекеттік органдарда, соттарда және шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шетел мемлекеттерінің мемлекеттік емес органдарында сенім білдірушінің мүддесіне өкілдік.

22.Адвокаттық қызметтің құрылымдық компоненттері.

23.Адвокаттық қызметтің психологиялық ерекшеліктері. Адвокаттың психологиясы.

24.Адвокаттық қызметтегі психологиялық әрекеттер және психологиялық құралдар. Заңгердің және адвокаттың психотехникасы. Адвокаттың қарым қатынас психологиясы.

25.Келіссөздерге және медицинада психологиялық білімді қолдану. Адвокаттық қызметтегі психологиялық әсер ету тәсілдері.

26.Адвокат тактикасының түсінігі, негіздері және түрлері. Адвокаттық тақтиканың құрылымы (кәсіби қорғау және өкілдік тактикасы). Адвокат қызметінің мақсаты және міндеттері, оның адвокаттық қорғау үшін маңызы адвокаттық қызметтегі тактикалық әдістер.

27.Қорғау жағдайы: түсінігі, мәні, мазмұны және түрлері. Қорғау болжамдары: түсінігі, мәні, мазмұны және түрлері. Қорғауды және өкіл болуды жоспарлау.

28.Қылмыстық іс бойынша қорғау тактикасының түсінігі Адвокаттың өкіл ретінде қатысуының тактикалық аспекілері. 29.Адвокаттық қызметтің басқа да тактикалық аспектілері және әдістері.

30.Англиядағы адвокатура. Ағылшын құқығындағы қоғамдық қорғаушы, көмекші тарапынан көмек алу құқығы.

31.Германиядағы адвокатура. Германияда адвокатпен көрсетілген заң көмегінің түрлері. Адвокаттыққа үміткерлердің талаптары.

32.АҚШ-ғы адвокатура. Қорғаушының тегін қызметті көрсету нысандары: тағайындалуы, контракт арқылы, «копшілік қорғаушылардың» ведомства есебінен.

33.Франциядағы Адвокатура. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысандары: жеке тәжірибе, біріккен адвокаттық конторлар.

7. Пайдаланылатын әдебиеттер тізім:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных