Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аттестациялау тәртібі.




 

4.1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.

Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.

Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша келiсiм жасасады. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:

1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;

2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға;

3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;

4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;

5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;

6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;

9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;

10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

Адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң принциптерiн басшылыққа алуға, кәсiптiк мiнез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға мiндеттi. Егер адвокат осы iс бойынша мүдделерi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның (тараптардың өзара келiсiмi бойынша ара ағайын болған жағдайларды қоспағанда) мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға заң көмегiн көрсетiп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргiзушi адам, тергеушi, сарапшы, маман, аудармашы, куә, жәбiрленушi немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретiнде iске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер iстi тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмегiн көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға мiндеттi.

Адвокат заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ.

Iс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады.

Адвокаттың қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша әдiлетсiз үкiм шығарылған жағдайда оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.

Адвокатқа мемлекеттiк қызметте болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады. Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауға құқылы. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушілері бола алады.

Тағылымдамадан өтушілер адвокаттар алқасы төралқасы қаулысының негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтуші арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі. Тағлымдаманың тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар алқасы белгiлейдi.

4.2. Әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лицензиясы лицензияда көрсетілген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады. Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы тізілімді жүргізеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымдарында адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, лицензияларынан айыру және қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді жариялайды.

Аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға:

1) Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың;

2) тұрақты судьялардың және өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңды бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдардың құқығы бар.

Прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген прокурорлар, тергеушілер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейін емтихан тапсырудан босатылады.

Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қабылдайды.

Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрі қабылдайды, ол бұйрық түрінде ресімделеді.

Лицензиясының күші тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокатты лицензиясынан айыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша:

ü адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі принциптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;

ü адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған;

ü адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған;

ü адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

ü адвокат әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

ü адвокат хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған;

ü адвокат Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған;

ü біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Лицензияны кері қайтарып алу лицензияның қолданылуын тоқтатуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Әділет министрі тиісті сот шешімінің негізінде лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады.

Лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам, тиісті сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешім туралы хабардар етіледі. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.

4.3. Адвокаттарды аттестациялау мен олардың кәсіби біліктілігін көтеру жөніндегі жұмыстарды адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді.

Адвокаттарды аттестациялау – бұл адвокаттар алқасының төралқасы ұйымдастыратын заңнама нормалары бойынша адвокаттың білімін тексеру және бағалау, мұнда негізгі өлшем ретінде адвокаттың кәсіби білімі мен дағдылары қызмет етеді.

Адвокаттарды аттестациялаудың негізгі мақсаты біліктілік пен кәсіби білім; құқықтық мәдениет; адвокаттық әдеп нормаларын сақтау деңгейін және өз кәсіби міндеттерін алқа мүшелерінің орындау мүмкіндігін анықтауүшін қажетті басқа да мән-жайларды тексеру болып табылады.

Аттестациялауды жүргізу адвокаттар төралқасы бекітетін “Адвокаттарды аттестациялау туралы Ережемен” тәртіптеледі.

Аттестация төралқа шешімі бойынша бес жылда бір рет өткізіледі. Аттестациялауда жүргізу үшін аттестациялық комиссия құрылады, оның сандық және сапалық құрамы адвокаттардың Жалпы жиналысында (конференциясында) анықталады.

Аттестациялауға арналған сұрақтардың тізбегін мемлекеттік және орыс тілдерінде Аттестациялық комиссия құраттырып бекітеді және төралқа аттестация басталардан екі ай бұрын аттестациядан өтуге тиіс адвокатқа қол қою үшін тапсырады.

Аттестациялық комиссия адвокаттық қызметпен шұғылданғысы келген адамның өтініші бойынша аттестация өткізеді және шешім шығарады, осы ұсыныс негізінде Әділет министрлігі тиісті лицензия береді.

Тестіге енгізілген заң пәндерінің және сұрақтардың тізбесін Комиссия құрастырып бекітеді.

Аттестацияны комиссия ай сайын өткізеді. Адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығына үміткер адамдар Комиссияға ҚР Әділет министрлігі кеңесі арқылы өзінің аттестацияға жіберу туралы өтініш жолдайды.

Аттестация нәтижесі бойынша Әділет министрлігі он күн бойында шешім қабылдайды:

· Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы;

· Осы лицензияны беруден бас тарту туралы.

Мемлекеттік лицензияны беру туралы шешім әділет министрлігінің бұйрығы түрінде рәсімделеді. Осы лицензияны белгіленген тәртіппен алған адам адвокаттар алқасына кіруге қақылы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Респбликасындағы адвокаттың құқықтық жағдайы?

2. Адвокаттың көмекшілері мен стажерларының құқықтық жағдайы?

3. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия: мәні және тағайындалуы?

4. Аттестация тәртібі?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных