Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адвокаттардың халықаралық Одағы (достастығы).




 

5.1. Адвокатураның негізгі ұйымды құқықтық нысаны адвокаттар алқасы болып табылады. 1997 жылғы 5-желтоқсандағы ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының 20-бабына сәйкес адвокаттар алқасы жеке және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, осы Заңда белгіленген өзге де міндеттерді орындау үшін құрылатын адвокаттардың коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады.

Алқаның кәсібилігі – оның тек адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған тұлғалардың құратындығында. Алқаға мүшелікке ҚР азаматы болып табылатын, жоғары заң білімі, адвокаттық қызметті жүргізу құқығына лицензиясы бар тұлға қабылданады. Лицензияны тестілеу жолымен біліктілік емтихандары нәтижесі бойынша Аттестациялық комиссия ұсынысы негізінде Әділет министрлігі береді. Жеткіліксіз біліктілік салдарынан адвокат өзінің кәсіби міндеттемесін атқаруы мүмкін емес жағдайда лицензия қайтып алынуы мүмкін. Кәсіби міндеттемесін атқаруы мүмкін еместігін анықтау мақсатында олардың кәсіби білімінің, құқықтық мәдениетінің және адвокаттық әдеп нормаларын сақтаудың деңгейін анықтау үшін адвокаттар алқасы бес жылда бір рет адвокаттарға аттестациялауды жүргізеді. ҚР ҚЖҚ 71-бабында көзделген жағдайда қылмыстық істі жүргізуде қорғаушы ретінде адвокат әрекет етеді, бұл туралы адвокаттар алқасы үшін міндетті қаулы шығарылады.

Өзін-өзі басқарудың мәнісі алқаның ұйымдастырылуы мен қызметіне, оның ішінде мүшелікке қабылдау, сандық құрам, мүшелікті тоқтату, тәртіпті жауапкершілік және мүшеліктен шығару туралы шешімдерге қатысты барлық күнделікті мәселердің шешімін дербес қабылдау құқығында жатыр. Бұл адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы), төралқа және тексеру комиссиясы сияқты басқару органдарының болуынан көрінеді. Өзін-зі қаржыландыру мәнісі адвокаттар алқасы бүкіл қызметінің, әдеттегідей алқа мүшелерінің жеке қаражаты есебінен жүргізілетіндігінде.Ол қаражаттардың құралу көздері мүшелік және кіру жарналары, ерікті мүліктік жарнамалар мен салықтар, демеушілік және қайырымдылық көмегі және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады.

ҚР адвокаттар алқасы республикалық әкімшілік-аумақтық бөлініске негізделе отыра, аумақтық принцип бойынша құрылады.

Адвокаттар алқасы – бұл Қазақстан азаматтарының жәй ғана ұйымы емес, адвокаттық қызметпен шұғылданатын тұлғалардың нақтылы кәсіби ұйымы. Соңғысы адвокаттық қызметті кез келген тұлға емес, тек жоғары білімі бар және заң мамандығы бойынша тиісті жұмыс өкілі бар маманның жүргізе алатындығына негізделген.

Адвокаттар алқасы заңды тұлға болып табылады, оның қызметі ҚР Конституциясына, ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” Заңына, ҚР өзге заң актілеріне, сондай-ақ адвокаттар алқасы Жарғысы мен Жалпы жиналысы (конференциясы) шешімдеріне негізделген.

Адвокаттар алқасының жеке балансы, ұлттық және шетелдік валютадағы банктік есеп шоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атаулары көрсетілген мөр табандары мен банкілері, сондай-ақ үлгілері заңда көзделген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін нышандары (рәміздері) бар.

Адвокаттар алқасына жүктелген негізгі міндеттер алқа мүшелеріне олар адвокаттық қызметті жүргізген кезде жәрдемдесу, кәсіби көмек пен қорғау болып табылады. Адвокаттар алқасының міндеті: алқа қызметін материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету; адвокаттық қызметтің жүргізілуіне кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу мен сот органдарының тағайындауы бойынша тегін заң көмегін көрсетуді(“Адвокаттық қызмет туралы” Заңның 6 бабы)және қоғауды ұйымдастыру; қажетті жағдайларда заң консультацияларын құру.

5.2. Адвокаттар алқасының жоғарғы органы алқа мүшелерінің Жалпы жиналысы (конференциясы), оның атқарушы органы – төралқа, бақылаушы органы – тексеру комиссиясы болып табылады. Жарғыда көзделген жағдайларда адвокаттар алқасында алқа мүшелерінің Жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын ережелер негізінде іс-әрекет ететін өзге де органдар құрылады. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметінің кез келген мәселесін шешуге құқылы. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы төралқасының бастамасы бойынша жылына кемінде бір рет шақырылады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелері жалпы санының кемінде төрттен бірінің талабы бойынша алқа төралқасы отыз күннің бойында Жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға міндетті. Жалпы жиналыс Алқа қызметінің шұғыл мәселелерін жедел шешу мақсатында адвокаттарды өкілеттеу жолымен конференция нысанында өткізілуі мүмкін.

Жалпы жиналыс (конференция) алқа мүшелері құрамының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып саналады. Адвокаттар алқасы мүшелерінің конференциясы адвокаттар алқасының төралқасы белгілеген өкілдік нормасын (әдетте, алқаның 10 мүшесінен бір делегат) ескере отырып шақырылады және оған заң консультацияларын, адвокат кеңселерінен сайланған делегаттар мен өз қызметін заңды тұлғаны құрмай, жеке дара жүргізетін адвокаттардың кемінде үштен екісі қатысқанда, заңды болып саналады. Жалпы жиналыс барлық мәселелерді дауыс беруге қатысқан адвокаттардың жәй көпшілік дауыспен шешеді.

Адвокаттар алқасының қызметіне күнделікті басшылық пен бақылау жасау үшін Жалпы жиналыс адвокаттар алқасының төралқасы мен тексеру комиссиясын сайлайды. Осы органдарды сайлағаннан кейін олардың жұмысына бақылау жасау құқығы Жалпы жиналысқа жүктеледі. Осы мақсатта Жалпы жиналыс адвокаттар алқасы органдарының және адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерінің қызметі туралы есепті тыңдайды және бекітеді.

Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттар Жалпы жиналысы арасындағы мерзімге іс әрекет ететін атқарушы орган болып табылады. Төралқаны алқа мүшелерінің саны мен жұмыс көлеміне байланысты Жалпы жиналыста анықталған санда адвокаттар алқасының мүшелері Жалпы жиналыста (конференцияда) жасыры дауыспен төрт жыл мерзімге сайлайды. Дауыс беруге қатысқан адвокаттардың көпшілік дауысын алған кандидаттар төралқа құрамына сайланған болып есептеледі. Төралқа құрамынан оның мүшелерінің бірі шыққан жағдайда адвокаттар Жалпы жиналысында қайта сайлау өткізілуі мүмкін. Адвокаттар алқасының төралқасы сайланғаннан кейін жасырын дауыспен белгіленген құрамнан төраға мен оның орынбасары (орынбасарлары) сайланады. Штаттық лауазымды атқаратын төралқа мүшелері алқа қаражатынан жалақы алады және адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар, олардың жалақысы адвокаттар алқасының мүшелері Жалпы жиналысында анықталған көлемдегі лауазамдық еңбекақыдан және олар көрсеткен заң көмегінен түскен сомалардан тұрады.

Төралқа тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, алқаны басқару үшін өзіне қажетті ауқымды өкілеттіктерді алған. Атап айтқанда, ол алқа қызметінің барлық күнделікті мәселелерін шешеді (жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша адвокаттар алқасының жұмысын, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегін ұйымдастырады; Жалпы жиналыстың (конференцияның) шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; Жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады; адвокаттар алқасының Жалпы жиналысының (конференцияның) ерекше құзіретіне жатқызылған өкілеттіліктерден басқа адвокаттардың кәсіби және өзге де құқықтарын қорғайды және т.б.).

Адвокаттар алқасының төралқасы сонымен қатар адвокаттарды аттестациялау мен олардың кәсіби біліктілігін көтеру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Төралқа адвокаттар алқасының мақсаттары мен міндеттеріне қайшы емес өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Адвокаттар алқасының төралқасы өз отырысын мүшелерінің кемінде жартысы болғанда өтеді. Алқаға қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру, одан шығару мәселерін (“Адвокаттық қызмет туралы” заңның 31-бабы 1-тармағы 6-тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағада) ол төралқа құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқанда ғана қарауға құқылы. Оның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

Тексеру комиссиясы – адвокаттар алқасының бақылау-тексеру органы болып табылады. Тексеру комиссиясы, оның төрағасы адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысында (конференциясында) жиналыс анықтаған санда құпия дауыспен төрт жыл мерзімге сайланады. Дауыс беруге қатысқан адвокаттардың көпшілік дауысын алған кандидат сайланған болып есептеледі. Тексеру комиссиясы құрамынан оның мүшелерінің бірі шыққан жағдайда кезекті жалпы жиналыста белгіленген тәртіппен қайта сайлау өткізілуі мүмкін.

Тексеру комиссиясына адвокаттар алқасының, заң конститутцияларының, адвокаттық кеңселердің қаржы-шаруашылық қызметін, сондай-ақ жеке дара жұмыс істейтін адвокаттардың қаржылық қызметін тексеру жүктеледі.

Тексеру комиссиясы адвокаттар алқасының төралқасынан, заң консультацияларының меңгерушілерінен, адвокаттар кеңселерінің құрылтайшыларынан, жеке дара жұмыс істейтін адвокаттардан тексеру үшін барлық қажетті құжаттар мен материалдарды беруді талап етуге құқылы.

5.3. Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі мен шарттары ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” заңымен анықталады, осы заңға сәйкес адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады.

Лицензия алған және адвокаттық қызметпен айналысқысы келетін адам өз таңдауы бойынша адвокаттар алқасына мүшелікке кіруге және “Адвокаттық қызмет туралы” заңның шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсетуге міндетті.

Алқа мүшелігіне қабылдауды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады. Өтініш адвокаттар алқасының төралқасына оны берген адамның қатысуымен өтініш түскен сәттен бастап бір айды кешіктірмей қаралады (есептеу өтініш түскен сәттен сәттен бастап жүреді).

Адам алқадан шығарылған, алайда адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығының лицензиясын сақтаған жағдайда (мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысқандығына, сондай-ақ өзге ақылы қызметте отырғандығына байланысты, алқа Жарғысында көзделген басқа да жағдайларда және т.б.)ол адвокаттар алқасына шығарылған сәттен бастап алты ай өткен соң қайтадан қабылдануы мүмкін (өз еркі бойынша шыққан жағдайды қоспағанда). Оған осы мерзімде адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуына байланысты қабылдаудан бас тартуға мүдделі адам адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап сотқа бір ай мерзімде шағымдана алады.

Қажетті білімдер мен кәсіби дағдылары бар адамды алқа мүшелігіне қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында дербес, тәуелсіз мекеме болып табылатын Әділет аттестациялық комиссиясы құрылған және жұмыс істейді.

Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары:

Ä Барлық соттарды, құзіретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және білдіруге;

Ä Барлық мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді сұрауға;

Ä Заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;

Ä Көмек сұрап өтініш жасаған адамға қатысты матиралдармен, соның ішінде іс жүргізу құжаттарымен, тергеу және сот істерімен танымуға және олардағы ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен белгілеп алуға;

Ä Іске қатысуға жіберілген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда өзі қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;

Ä Заң көмеген көрсетіге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы білімді қажет ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

Ä өтініш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделеріне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттеріне белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

Ä мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратпен заң актілерінде көзделген тәртіппен танысуға;

Ä заң көмеген керек еткен адамды қорғау кезінде заңда тыйым салынбаған барлық құралдар мен тәсілдер пайдалануға.

Адвокаттар алқасының міндеттері:

Ä Заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға міндетті;

Ä Көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін көрсетіп жүрсе немесе бұдан бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, анықтауды жүргізуші немесе куәгер, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске қатысқан жағдайларда, сондай-ақ егер істі тергеуге немесе қарауға адвокатпен жақын туыстық қатынастағы лауазымды адам қатысса, ол заң көмеген көрсету туралы тапсырмадан бас тартуға міндетті;

Ä Заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның келісімінсіз оларды жария етуге құқығы жоқ;

Ä Іс бойынша адвокаттың көмек сұрап өтініш жасаған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстануына тыйым салынады;

Ä Адвокаттың қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқығы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адвокаттың өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім шығарылған жағдайда алған белгіленген тәртіппен шағым жасауға міндетті;

Ä Адвокатқа мемлекеттік қызметте болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады;

5.4. 1997 ж. 5 желтоқсандағы ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының, өзге де нормативтік актілердің, алқа Жарғысының және адвокаттар кәсіби әдебі Тәртібінің талаптарын бұзғаны үшін адвокат алқасының мүшесі тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Тәртіптік жазаны адвокаттар алқасының төралқасы теріс әрекетті анықтағаннан кейін, алайда ол жасалған күннен бастап, алты айдан кешіктірмей, адвокаттың ауырған немесе демалыста болған уақытын есептемей тікелей қолданылады.

Жазалау шарасы ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, адвокаттар алқасынан шығару болуы мүмкін.

Тәртіптік жауапкершілік туралы істі төралқа төрағасы жеке және заңды тұлғалардың шағымы, анықтау, тергеу және сот органдарының, заң консультациялары меңгерушілерінің немесе адвокат кеңселері құрылтайшысының хабарламасы бойынша, сондай-ақ төралқа төрағасы өз бастамасы бойынша қорғайды.

Тәртіптік өндіріс адвокаттар алқасы президиумының құзіретіне жатады. Тәртіптік жаза шаралары, оларды қолдану, жою және тәртібі адвокаттар алқасы жарғысымен анықталады – оларға шағым беру

Адвокатты алқадан адвокаттар алқасының төралқасы мынадай жағдайларда:

- адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиясынан айырылған немесе қолданылуы тоқтатылған;

- адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын бірнеше рет бұзған;

- бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындай алмайтыны анықталған;

- мүшелiк жарнаны ұдайы төлемеген;

кәсiпкерлiк қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;

- өз тiлегi бойынша;

- алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарады.

Алқадан шығаруға алқа төралқасының шығару туралы қаулысының көшiрмесi адвокатқа берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

5.5. Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны адвокаттар алқасы болып табылады. Сондықтан да 1997-ж. 5-желтоқсандағы ҚР “Адвокаттық қызмет туралы”заңында оның адвокаттық қызметтің негізгі нысаны екендігі туралы айтылған.

Адвокат қызметінің тиімділігі тек адвокаттар мен олардың алқаларының арасындағы қарым-қатынасқа ғана емес, сондай-ақ адвокаттар ұйымдарының өзге де нысандарымен өзара қатынасқа байланысты (Адвокаттардың халықаралық одағы (достастығы), адвокаттар ассоциациясы, адвокаттар гильдиясы және т.б.). Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – адвокаттардың тәуелсіздігін нығайту және олардың мүдделерін лауазымды адамдар мен органдардың құқыққа жат әрекеттерінен қорғау.

ҚР Адвокаттар одағына мүшелік ұжымдық (адвокаттар алқасы) және дара сипатта болады. ҚР Адвокаттар одағы заңды тұлға болып табылады. Оның қызметі ҚР Конституциясына, 1997-ж. 27-желтоқсандағы ҚР Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлімі), 1996 ж. 31-мамырдағы ҚР “Қоғамдық бірлестіктер туралы” заңына негізделген.

Одақ қызметінің мақсаты:

-республикада құқықтық мемлекет құрудың негізін қалауға қатысу;

-азаматтар мен заңды ұйымдарға (оның ішінде шетелдіктерге) арналған тиімді заң көмегін жасауға қатысу;

-адвокаттық шеберлік пен кәсіптік әдептің жоғары стандарттарын, адвокаттардың бірлігі мен ынтымақтастықтың қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

-адвокатураның дүниежүзілік қауымдастық қабылдаған тәуелсіздігі мен еркіндігінің принциптері мен кепілдіктерін насихаттау және тарату;

-адвокаттарға көмек және олардың құқықтарын, абыройы мен ар-намысын қорғау;

-заң ғылымын дамытуға, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көрсетуге жәрдемдесу;

-әртүрлі мемлекеттер мен өңірлерде адвокаттардың халықаралық, кәсіптік және мәдени байланыстарын кеңейту мен нығайту;

Одақтың міндеттері:

- Бастауыш ұйымдардың әдістемелік, оқыту және ғылыми қызметтерін үйлестіру;

-адвокаттарды адвокаттық қызметтің барлық саласы бойынша қажетті әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;

-адвокаттар арасында тәжірибе алмасуға көмек көрсету;

-адвокатура жетілдіру мен дамытудың теориялық және практикалық мәселелерін ғылыми тұжырымдауға жәрдемдесу;

-адвокаттардың ғылыми-практикалық конференциялары мен әдістемелік мәжілістерін өткізу;

-баспа қызметі;

-заң шығарушылық қызметке, заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің, даярлауына және талқылауына қатысу, заңнаманың маңызды мәселелері бойынша ҚР Адвокаттар одағының пікірін білдіру;

-адвокаттардың кандидатураларын мемлекеттік мадақтармен марапаттауға және қоғамдық көтермелеуге ұсыну.

Жарғы – ҚР Адвокаттар одағының құрылтайлық құжаты. Онда бірлестіктің құқықтық жағдайын, сайланбалы органдардың қызметін, олардың қызметін басқару саласындағы құқықтары мен мүдделерін реттейтін ұйымдастыру тәртіптерінің жиыны және т.б. белгіленеді.

ҚР Адвокаттар одағының жоғары органы – съезд, оның атқарушы органы – төралқа, бақылау органы- тексеру комиссиясы.

Съездің ерекше құзыретіне мына өкілеттіктер жатады (барлығы алты өкілеттік)

- ҚР Азаматтар одағының Жарғысы және тексеру комиссиясы туралы ережені қабылдау және өзгерту;

- ҚР Азаматтар одағының Президентін, вице-президентін және жауапты хатшысын сайлау;

- Алқа және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;

- Алқа және тексеру комиссиясының олардың қызметі туралы есептерін тыңдау;

- ҚР Адвокаттар одағының сметасын бекіту;

Съезд кемінде бес жылда бір рет шақырылады. ҚР Адвокаттар одағының кезектен тыс съезі төралқаның өз бастамасымен немесе ҚР Адвокаттар одағының кем дегенде 100 мүшесінің талабы бойынша екі ай мерзімде шақырылады.

Съезд тікелей жабық дауыспен бес жыл мерзімде Президентті, вице-президентті және жауапты хатшыны сайлайды.

Төралқа тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, Одақты басқару үшін өзіне қажетті ауқымды өкілеттіліктерді алады және оның қызметінің күнделікті мәселелерін шешеді. Атап айтқанда:

-ҚР мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарында ҚР адваокаттар одағының мүддесін білдіреді;

-Одақтың халықаралық байланыстарын жүзеге асырады;

-ҚР адвокаттар одағының жоспарын құрайды, күнделікті мәселелерін шешеді;

-Съезде немесе конференцияда бекітілген сметаға сәйкес, ҚР адвокаттар одағының аппараты қызметкерлерінің штатын және еңбекақылырын штаттарының айқындайды.

Тексеру комиссиясы – Адвокаттар одағының бақылау-тексеру органы болып табылады.

Тексеру комиссиясы съезде тікелей жабық дауыспен съезд белгілеген санда бес жыл мерзімге сайланады және комиссия туралы ережеге сәйкес іс-әрекет етеді.

Тексеру комиссиясына қаржы-шаруашылық қызметке тексеріс жүргізу міндеті жүктелген. Адвокаттар одағының адвокаттар алқасына қатысты бақылау-тексеру әрекеттерін жүргізу құқығы жоқ.

ҚР адвокаттар одағы және оның органдары Одақ жарғысына сәйкес әрекет етеді және адвокаттар алқасына қатысты биліктік өкілеттері жоқ және адвокаттардың адвокаттар алқасымен дауларын шешпейді.

Адвокаттар одағының қызметі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастыққа Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі, ең алдымен, адвокатураның тәуелсіздігін қамтамасыз етуді, құқық қоғау органдары мен ұйымдар жүйесінде оның рөлін көтеруді, заңдылықты нығайту мен заң көмегіне жүгінген тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етуді мақсат етеді.

5.6. Адвокаттар мен олардың алқалары ерікті негізде тек республикалық емес (ҚР адвокаттар одағы), сондай-ақ жеке немесе ұжымдық немесе мүшелік тұрғыда да халықаралық одақтарға да (ассоцияцияға) бірігуге құқылы.

Шетел мемлекеттері мен аймақтары адвокаттарының халықаралық, кәсіптік және мәдени байланыстарын кеңейту мен нығайтудың айғағы 1992ж. 28-шілдеде құрылып тіркелген Адвокаттардың халықаралық одағы (достастығы) болып табылады. АХО (Д) тұрақты жұмыс істейтін басшы органының орналасқан жері – Ресей, Москва қаласы).

АХО (Д) Адвокаттардың халықаралық одағының ұжымдық мүшесі болып табылады. Оның штаб-пәтері Брюссельде, ал Заңгерлердің халықаралық қауымдастығының штаб-пәтері Лондонда орналасқан.

Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) қызметі (бұдан әрі АХО (Д)) Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Латвия, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясының кейбір өңірлері және олар олар құрылған басқа мемлекеттер аумағында жүргізіледі.

Беларусь пен Украина бөлімше, Қазақстанда филиал (“Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) Қазақ филиалы”) – адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) халықаралық ұйымы), Латвияда одақтың өкілдігі құрылған.

Адвокаттардың халықаралық одағы (достастығы) еріктілік, мүшелік, өзін-өзі басқару, заңдылық, жариялық және оның мүшелеріне нәсілдік, ұлттық тегіне, азаматтығына, тіліне, жынысына, әлеуметтік тегіне қарамастан теңдігі принципіне негізделген адвокаттардың халықаралық қоғамдық ұйымы болып табылады.

Жарғыны мойындайтын және АХО (Д)-қа кіруге ерікті тілек білдірген одақтар ассоцияциялар, адвокаттар алқалары және өзге де қоғамдық бірлестіктер ұжымдық мүше бола алады.

Тек адвокаттар ғана емес, сондай-ақ осы ұйымның мақсаттары мен міндеттері жүзеге асыруға белсенді жәрдемдесетін ғалымдар, заңгерлер, қоғамдық қайраткерлер де заңды мүше бола алады (ал ҚР адвокаттар одағына тек алқа мүшесі болып табылатын тұлғалар ғана мүше бола алады).

АХО (Д) заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банк және кредит мекемелерінде шоты, өз атауы көрсетілген дөңгелек мөрі, мөртабаны мен бланкілері және үлгісі заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіліп тіркелетін эмблемасы бар.

АХО (Д) коммерциялық емес ұйым болып табылады.

АХО (Д) қызметінің мақсаты ҚР Адвокаттар одағы қызметі мен сәйкес келеді, өйткені олар адвокатураның біртұтас жүйесі және біріңғай болып табылады. Мысалы: құқықтық мемлекет негізін қалауға қатысу; адвокаттық шеберліктің жоғары стандарттарын, адвокаттардың кәсіптік әдебін, бірлігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; әлемдік қоғамдастық мойындаған адвокаттар тәуелсіздігі мен бостандықтарының принциптерін және кепілдіктерін насихаттау мен тарату және т.б. Олар осы қоғамдық бірлестіктердің Жарғысында орнықтырылған (№1 V тарауды қараңыз).

АХО (Д) қызметінің доғарылуы, оны қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргізілуі мүмкін және Ассамблея қаулысымен іске асырылады. АХО (Д)-ты таратудан кейін қалған мүлік Ассамблея қаулысында, ал даулы жағдайда сот шешімінде анықталған мақсаттарға жұмсалады. АХО (Д)-ты қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерін қарайтын Ассамблея елден, сондай-ақ федерация конфедерация субъектілерінен тек бір дауысты ғана есептейді. Бұл жағдайларда, әдеттегідей, дауыс беруге әр мемлекеттен келген адвокаттар делегациясының басшылары қатысады.

АХО (Д) жоғары органы – Ассамблея (съезд), оның атқарушы органы Басқарма, бақылаушы органы – Тексеру комиссиясы.

Ассамблея АХО (Д) жоғары органы бола отыра, АХО (Д) Төралқасы мен Басқармасы анықтаған орында төрт жылда бір рет жиналады.

Ассамблея АХО (Д) мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуына байланысты кез келген мәселені шешуге құқылы. Жарғыға сәкес Ассамблея еркеше құзыретіне:

-АХО (Д)-ты құру, қайта ұйымдастыру мен тарату туралы шешім қабылдау;

-АХО (Д) Жарғысын және Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

-Төралқаны, Басқарма мен тексеру комиссиясынсайлау жатады.

Ассамблея төрт жыл мерзімге ашық дауыс беру арқылы Төралқаны сайлайды, оның құрамына Президент (Басқарма төрағасы), бірінші вице-президенттер, АХО (Д) қызметтерінің бағыттары бойынша вице-президенттер және әр ел адвокаттарынан бір вице-президент, сондай-ақ Басқарма мен Тексеру комиссиясы кіреді.

Басқарма Ассамблеялар арасындағы мерзімде жұмыс істейтін атқарушы орган болып табылады және өз отырысына жылына кемінде бір рет жиналады. Әрі қатысқан Басқарма мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

Басқарма АХО (Д) қызметін жүзеге асыру үшін өзіне қажетті ауқымды өкілеттіктерге ие және оның қызметінің барлық ағымдық мәселелерін шешеді, оның ішінде:

-Төралқа жұмысы туралы Президент есебін тыңдайды;

-Одақтың кірістер және шығыстар сметасын бекітеді;

-АХО(Д) құрылымын, штатын, қызметкерлерінің жалақы көлемін анықтайды.

-Жаңа вице-президенттер мен Басқарма мүшелерін ұсынады, оларды артынша Ассамблеяда бекітеді;

-АХО(Д) нысаналы бағдарламаларын, тұрақты жұмыс істейтін комитеттер, комиссиялар және АХО(Д)-тың өзге де органдарының басшыларын бекітеді;

-Ассамблеяның ерекше құзыретіне жатпайтын АХО(Д) қызметінің өзге де мәселелерін талқылайды.

Тексеру комиссиясы АХО(Д)-тың бақылау-тексеру органы болып табылады.

Тексеру комиссиясы Асамблея анықтаған санда, төрт жыл мерзімге ашық дауыспен сайланады және тексеру комиссиясы туралы Ережеге сәкес іс-әрекет етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.95ж. – Алматы: Юрист, 2013.

2. Адвокаттық қызмет туралы. ҚР Заңы 1197 жылғы 5 желтоқсан N 195.

3. С.Тыныбеков. Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет. Алматы, Дәнекер, 2003.

4. Қ.Балабиев, Ж.Утенов. Қазақстан Республикасының Адвокатурасы. - Алматы, Заң әдебиеті, 2003.

5. С.Тыныбеков. Организация и деятельност адвокатуры (Вопросы и ответы). - Алматы, Данекер, 2002

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының Адвокаттар Одағының қызмет және құқықтық мәртебесі?

2. Адвокаттардың халықаралық Одағы (достастығы).

3.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных