Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ПӘННІҢ ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР




Адвокатура ғылымының объектісі болып адвокатура және адвокаттық қызметтің азаматтық қоғамның инситуты және мемлекеттің құқықтық жүйесінің бір бөлігі ретіндегі заңдылыктың пайда болуы және дамуы табылады. Адвоктура туралы ғылымның пәні болып нормативтік-құқықтық актілер, корпоративтік актілер, адвокаттық қызмет пен адвоктураны реттейтін этикалык нормалар. Адвокаттық қызметтің нормативтік базасын бірынгай құқықтық мазмұны, құқықтық институттар бойынша дифференциаланған құқықтық нормалар кешені ретінде алып қарауға болады. Ғылымның пәніне заңдылықтан басқа адвокатура мен адвокаттық қызмет тарихы, адвокатура институты, адвокатура туралы заңдылыктың қолдану тәжірбиесі және шетел адвокатурасы жатады.

Адвокатура туралы ғылым әдістерінен әдеттегі жалпы әдіс-диалектикалық және жеке әдістерді (логика-заңдылық сараптама, салыстырмалы құқықтану, тарихи, статистикалық, нақты-социологиялық және т.б.) бөліп қарастыруға болады.

Адвокатура туралы ғылым жалпы теоретикалық тарихи-құқықтың пәндерімен, салалық құқықтың ғылымдарымен, құқық қорғау органдарының қызмет тәртібін, ұйымдастырылуын және құрылымын оқытатын, халықаралық құқық және қолданбалы заң ғылымдарымен оқытатын ғылымдармен тығыз байланысады.

Мемлекет және құқық теориясынан адвокатура туралы ғылым үшін құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адамның құқықтары мен бостандықтары теориясы, азаматтық қоғам тұжырымдамасы қоғам мен мемлекет бірлесіп әрекет ету мәселелері категориялары маңызы. Мемлекет құқық тарихымен байланыс тарихи-құқықтық әдісті қолданумен адвокатура институтын сараптауда көрінеді. Конститутциялық құқық ғылымымен байланысы ол адвокатура институты көптеген конституциялық идеялар мен ережелерді нақты мазмұнымен толықтыра отырып орындауында.

Адвокаттық қызмет жариялы түрде және мәні бойынша соттық билік, құқық қорғау органдары қатарынан болғандықтан сол билігі құқық қорғау қызметін оқытатын ғылымдармен тығыз байланысты.

Қылмыстық, азаматтық, кәсіпкерлік, әкімшілік, қаржы және салық құқықтары сияқты құқық салаларының пәндерімен байланыс міндеттерінің және процессуалдык құқық салалары, адвокаттың заңдық сот өндірісіне қатысуының нысаны, әдістері, тәртібінің түйісуінде.

Конституциялық сот өндірісі қылмыстық, азаматтык және әкімшілік іс жүргізу сияқты процессуалдық құқық салаларымен өте тығыз байланыста, себебі аталған құқық салалары құқық-өндірістерде адвокаттық қатысу тәртібі, әдісі мен нысанын реттейді.

Адвокатура туралы ғылымның қолданбалы заңдылық ғылымдармен байланысы (соттық медиңина, психиатрия, криминалистика, жедел-іздестіру қызметі, криминология), осы ғылымдардың көптеген ұсыныстары адвокаттық қызметтің жетістіктерінде қолданылады.

Сонымен адвоктура туралы ғылым ғылымдар цикліне кіретін құқық қорғау қызметін оқытатын және заң ғылымдары жүйесінде ерекше орын алатын толыққанды заң ғылымы.

Бұл пәнде ҚР адвокатурасымын ұйымдастырылу қағидалары мен қызметі, адвокаттық қызметтің жеке және заңды тұлғаларға заңдық көмек көрсету қызметі ретінде мазмұны мен мәні оқытылады. Пәнді оқу барысында студенттер адвокаттық қызметтін тек қана теориялық ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілерін біліп қана қоймай, онымен қоса оның тактикалык және әдістемелік жақтарын да білуі керек.

Дәріс сабақтарын өткізу барысында оқытушы маңызды және қолданбалы сипаттағы негізгі сұрақтарды баяндайды.

Дәріс сабақтарында студенттер оқытылатын пәннің толық курсын тыңдайды. Дәріс арнайы дайындалған оқу материалдарын пайдалана отырып оқылады. Берілетін материалдар бойынша алдын-ала берілген оқу (типтік) бағдарламасы негізінде оқу материалдары дайындалып, курстың негізгі мазмұны қысқаша конспект, таблицалар, схемалар, слайдтар формасында көрсетіледі. Студенттер назарын аударту үшін дәріс әр түрлі интербелсенді әдістер арқылы оқытылады.

Интербелсенді әдісте басты назарды студенттердің «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады.

Дәріс сабақтарына студенттер алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу арқылы пікірталас жүргізеді.

Дәрісті оқу барысында теория мен практиканың сабақтаса байланыстырылуы басты назарда болады. Дәріс сабағынан соң, әрбір өтілген тақырып практикалық сабақтарда талқыланады.

Практикалық сабақтарын өткізу барысында оқытушы жұмысын студенттердің барлығы сол тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайтындай етіп өткізу керек. Ол үшін мынадай әдіс фронтальды экспресс-сұрақ қолданылады, яғни топқа ортақ бір сұрақ қою, белгілі бір жағдайға байланысты сұрақ қою конспектіні дайындау және тексеру. Жалпылай алғанда келесідей бақылау түрлерін қолдануға болады: сауалнама, баяндама жасау процессуалдық акт жасау іскерлік ойындар өткізу, дискуссия коллоквиум.

Практикалық сабақта оқу (жұмыс) бағдарламасы бойынша дайындалған курс сұрақтары талқыланады. Бұл сабақта студент өзіне қажетті білік-дағдыларды қалыптастырып, алған білімдерін өздігінен дамыта алады.

Қосымша оқыту нысаны ретінде: білім алушының өз бетінше оқытушы мен жұмысы (БАОӨЖ) және білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ). Аталған оқу нысанының міндеті студенттің жекеленген тақырыптарды өзі оқып менгеруі және өзіндік шығармашылық қабілетін арттыру. білім алушының өзіндік жұмысы практика сабақтарында қарастырылған тақырыптардың, материалдык және практикалық құқық нормаларын қолдануға икемдеу мен белгілі бір блокта алған білімін жүйелеу үшін жалғастыру. БАӨЖ. БАОӨЖ тапсырмалары келесідей: қазус шешу, процессуалдық шешім қабылдау. процессуалдық құжат зандылықты жазбаша сараптау коллоквиум тест шешу, кроссворд құрастыру, реферат жазу, монографиялық әдебиеттерден конспект жазу, кесте және таблица құрастыру, іскерлік ойын. "мимен жұмыс", эссе құрастыру және аналитикалық жазбалар жазу және т.б.

«Адвокатура» курсын меңгеруде ерекше орын практика сабақтарына берілген. Практика сабақтары оқу сабақтарын жүргiзудiң нысандарының бiрi болып табылады. Оқу сабақтарының бұл нысаны студенттердiң бойында теоретикалық ойлау, адвокаттық қызмет саласындағы құқық нормаларын талдап үйрену және олардың мазмұны мен мәнiн ұғыну қасиеттерiн қалыптастырады. Осы мақсатта студент жеке дайындалу кезiнде практиканың барлық сұрақтарын дайындауға, яғни сабаққа дайын болуға мiндеттi.

Практика сабағына дайындалу барысында студенттiң теоретикалық және нормативтiк материалдарды талқылау арқылы тақырыптың әрбiр сұрағы бойынша тезистер түрiнде дәптерде қысқаша жазбалар жасауы мақсатты болып табылады. Мысал есептердi шешу жазбаша нысанда, нақты дәлелдемелер келтiру арқылы және тиiстi нормативтiк-құқықтық актiлерге сiлтеме жасай отырып орындалуы қажет.

Реферат, баяндама, теория мен практиканың материалдардын қорыту түрiндегi хабарламаларды студент жазбаша дайындайды және әдетте олар практикада тыңдалуы мүмкiн. Практикада жауап беру кезiнде дәптердегi немесе рефераттағы жазбаларға, тезистерге сүйенуге жол берiледi.

Консультациялық жұмыс: оқытушының студенттерiмен өзiндiк консультация уақыты кесте бойынша өткiзiледi. Бұл уақыттарды пайдалана отырып оқытушы лекциялық және практикалық сабақтарда өтiлген тапсырмаларды тереңдетiп түсiндiруге және консультация уақытында әрбiр студенттерден берлiген тапсырмаларды сұрауға оқытушының құқығы бар.

Топтық презентация: семестр барысында оқу топтары шағын топтарға бөлiнедi. Әрбiр шағын топ оқулықтың тарауындағы және сөз таптары бойынша таңдалған бiр материалды сызба, кесте, сурет немесе тағы да басқа өзiндiк жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрiнде конспектiлеп ауызша баяндау түрiнде жүргiзiледi. Белсендiлiк көрсеткен студенттерге баға қойылады.

БАҚ-на сүйенiп, жеке дара ақпараттық хабарлама жасау: әрбiр студент мерзiмдi баспасөз беттерiнде (Егемен Қазақстан, Заң газеттерi, Заң және Заман, Тураби, Фемида, Мысыль және т.б.) жарияланған қысқа мақала бойынша 5 минуттық хабарлама жасауы қажет.

Баспасөз бетiне жарияланған мақалаларға талдау жасалынып, баға берiлуi тиiс, ақпараттық хабарлама балл қойылады. Бұл үй тапсырмасы ретiнде қосымша берiледi.

Сабақ үстіндегі белсенділік: білім алушының жұмыстың әрбір түріне қатысу белсенділігі, берілген тапсырманы сапалы орындауы ескеріледі.

Курс бойынша кешенді материалдар жинағы: Барлық курс барысында өткізілген материалдар жинағының көлемі бағаланады. Сонымен қатар материалдардың сыртқы көрінісі мен безендірілуі ескеріледі.

Сабаққа қатысу үлгерімі: әрбір сабаққа қатысқанына балл қосылады, сабақтан қалғаны үшін “ 0 “ балл қойылады.

Аралық және қорытынды тест: белгіленген аралық және қорытынды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.

Айыппұлдық санкциялар: әрбір білім алушының этикасы мен өзін-өзі ұстау ережесін бұзғаны үшін және сонымен қатар берілген тапсырманың көрсетілген мерзімде орындалмауына байланысты кешіккен әр күніне 2 балл көлемінде айыппұлдық санкциялар қолданылады.

Білім алушылардың пәндерді уақытында игеруін қамтамасыз ету үшін аралық бақылауларға дейін білім алушылар сәйкесінше дәрісханалық жұмыстарда жинақталатын 15 пайыздық мазмұнының пайызына дейін, білім алушылардың өзіндік жұмысына бөлінген 5 пайыздық мазмұнының пайызына дейін тапсыруға міндетті. Білім алушылар дәрісханалық жұмыстар мен өзіндік жұмыстарын тапсырмаған жағдайда (яғни 0 балл болған жағдайда) аралық бақылауға жіберілмейді. Сондай-ақ білім алушылар 2 аралық бақылаудың біреуіне немесе екеуіне де кірмеген жағдайда ол емтиханға жіберілмейді.

Зертханалық, практикалық дәрістерге және типтік есептеулер, курстық, графикалық есептеу жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

(пәннің теориялық пән болуына байланысты зертханалық, және типтік есептеулер, курстық, графикалық есептеу жұмыстары қарастырылмаған)

Практикалық сабақтарға дайындық барысында жоғарыда ұсынылған әдебиеттермен конспект жасау арқылы дайындалу ұсынылады.

«Адвокатура» пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізудің мақсаты – студенттерді өз бетінше жұмыстануға дағдыландыру. Оқу-әдістемелік кешенде белгіленген арнайы практика тақырыптарына дайындала отырып, студенттер осы аталған курс бойынша теориялық білімін жетілдіреді, жан-жақтылығын арттырады және емтиханға дайындық негізін қалыптастырады.

Практика сабақтарын орындау бойынша нұсқаулар:

- студент практикаға силлабуста берілген тақырып бойынша дайындалуы тиіс;

- практикаға дайындалу барысында студент ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет;

- студент тақырыпқа қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы тиіс;

- практика тақырыбы бойынша конспектісі болуы тиіс;

- конспект негізінде қысқаша баяндама жасауы тиіс

- тақырып бойынша берілген кесте талапқа сай болуы қажет.

«Адвокатура» пәні бойынша практика сабақтарын өткізудің әдістемелік нұсқаулықтары: әңгімелесу, баяндамалар, дөңгелек үстел.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных