Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Арапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру




Сенсорика

Мақсаты: заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу, осы қасиеттерді немесе сапаларды меңгерту.

Міндеттері:

1. Балаларды заттардың сенсорлық қасиетгеріне зейіндерін аударуға үйрету, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыру.

2. Балалардың өздеріне жақсы таныс нысаналардың ерекшеліктерін жеткізе алуы үшін заттардың белгілерін өз еріктерімен қолдануларын бекіту.

3. Зат құралдарымен әрекет жасауларын, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Мазмұны: Заттық әрекет Зат құралдарын қолдануларын үйретуді жалғастыру. Арнайы су толтырылған немесе суы жоқ ыдыстардан шарларды, жүзіп жүрген ойыншықтарды қармақпен аулау үшін ауды, ожауды қолдануды ұсыну. Еңбек құралына ұқсайтын ойыншықтарды қолдану Өз әркеттерінде зат құралдарды балалармен тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында өз еріктерімен ойын және тұрмыстық әрекеттерде қолдануларын мадақтау. Қол мен саусақ ұштарының қимылдары және сенсомоторлық кеңістіктік «көз - қол» үйлесімділігін дамыту. Балаларды біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша (көлем, пішін, түс) топтастыруға, ауызша нұсқау (үлкен, кіші, осындай, осындай емес) мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету. Балаларды негізгі 8 түс (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін, қара, ақ), 5 пішін (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша,), түрлі көлем (үлкен, кіші) бойынша заттарды топтастыруға үйрету. Балалар жылдың басында көлемі (үлкен - кіші), пішіні (шаршы - дөңгелек, үшбұрыш - сопақша және т.б.), түсі (қызыл - көк, сары - қара, қызыл сары -күлгін және т.б.) бойынша көзге бірден түсетін біркелкі заттарды, содан соң заттардың көлемі, пішіні (дөңгелек - сопақша, тік төртбұрыш - шаршы), түсі (қызыл - қызыл сары, көк - күлгін) бойынша бір-біріне ұқсайтындарын топтастыруға үйрету.

Сенсорлық қасиетті анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну: саңырауқұлақ түсі мен үстелдің түсін; 5 геометриялық пішінді ұяларға сәйкестендіру. Қасиеттері жағынан ұқсас және әртүрлі заттарды салыстыру. Екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бойынша заттарды таңдауды жүзеге асыруды үйрету. Заттың 2-3 қасиеттеріне бір мезгілде бағдарлану арқылы алдымен бір түсті, кейіннен әр түсті 4-5 және одан да көп сақиналардан тұратын пирамидаларды өлшемі жағынан кему ретімен орналастырып жинау әрекеттерін мадақтау; 3 бір түсті біртіндеп кішірейетін алмалы-салмалы бөлшектерден (куб, конус, цилиндр) тұратын мұнара құрастыру. 3 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі-түсті (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл сары, күлгін және т.б.) пирамида құрастыру, заттың көлемін, түсі мен пішінін білдіретін сөздерді түсінуді бекіту.

Екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамиданы жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруға үйрету.

Жыл соңында әртекті заттарды түсі, түрі, көлемі бойынша салыстыра келе, 3-4 сенсорлық қасиетті таңдай отырып, сәйкестендіре білуді бекіту. Бейнелеу өнері, құрастыру әрекеті түрлерінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруге, заттар мен құбылыстардың сенсорлық қасиеті мен сапасын вариативті түрде қолдана білуге үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- сенсорлық белгілері бойынша біркелкі заттарды топтастыруды;

- 8 негізгі түсті заттарды топтастыруды;

- екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бар затты таңдауды;

- 3 және саны біртіндеп азаятын бөлшектерден түрлі түсті (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл сары, күлгін және т.б.) пирамида құрастыруды;

- екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамида жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруды;

- 3-4 сенсорлық қасиеті бар заттарды таңдауды, түсі, түрі, көлемі бойынша сәйкестендіруді;

- іс-әрекеттер әр түрінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескере білуі тиіс.

 

 

3-4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

 

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА

Сюжетик-рөлдік ойындар - 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-әрекет болып табылады.

Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін дамытуға өте қолайлы. Бұл жастағы балалар ересектермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды. 3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл - біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» тетігі болып табылады. 3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің - сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі. Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады. Сөз - 3-4 жастағы балалардың сенсорлық процестерін дамытуда жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол - өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды. Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін ажыратады. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды. 3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек қана өзі ғана емес, басқа да тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттері мен құрастырудың ерекшеліктерін танып-біледі. Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін меңгереді (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау). Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады. Бала үшін бейнелеу өнері - өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді. Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады. Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетін меңгертуге өте қолайлы. Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің жоғары деңгейлігімен сипатталады. 3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі. Үш жасар бала - қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды. 3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады.

3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына құзыреттілік, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестік жатады. Құзыреттілік. Бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»). Біліктілік құзыреттілігі баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемі, дөңгелек, т.б.). Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық санаттар мен сөйлеу тілін меңгеруімен сипатталады. Екінші тілді меңгеру. Мектепке дейінгі кіші жастағы бала екінші тілдің неге керек екендігін түсінбейді. Сондықтан оны меңгеруді алдына саналы түрде мақсат етіп қоймайды. Ол балалардың өзге тілді адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады. Екінші тілді меңгеру процесі баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен ынтымақгтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады. Дене қызметін дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзыреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерін (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруімен анықталады. Эмоционалдылығы. Балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоғары болады. Өзінің түрлі көңіл күйі мен сезімін (қуаныш, реніш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетеді. Бастамашылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында: қарым-қатынаста (ересектерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтініш жасау, т.б.), заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамиды. Дербестік - 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелігі («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Олар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды (өзі тамақтанады, киінеді), мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі (ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.). Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.с.с.).

 

«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология негіздері;

- қоршаған ортамен таныстыру.

 

арапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру. 2. Заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру. 3. Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны: Сан мен санау Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру. Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету. Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету. «Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап беруге үйрету. Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету. Көлем Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші), ұзындығы (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету. Геометриялық пішін Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата білуін жетілдіру. Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету. Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту. Кеңістікті бағдарлау Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен). Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Уақытты бағдарлау: Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн. Ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету.


 

4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

 

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА

Балалар ересектерге көп сұрақтар қояды. 5 жасар баланың сұрақтары ересектермен кәдімгідей байсалды әңгімелесуге бағытталады. Олар қойған сұрақтардың жауабы көп жағдайда айқын болады. Дегенмен де, сұрақтары жаңа ақпарат алуға, бірдеңені білуге деген танымдық қызығушылықтан туындауы жиі кездеседі. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды түсінгендігін ересектерге көрсетуге бағытталады. Ересектермен сенімді қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілік туындап, олардың сезімдік жай-күйін сезу қабілеттері дамиды. Ересектермен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрі - әуелі, танып-білуге негізделген іс-әрекеттермен (мысалы, ойындарды, заттар мен ойыншықтарға тәжірибе жасауды, табиғи материалдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б.) қатар танымдық тақырыптағы әңгімелесу - пайда болып, дамиды. Балалардың ересектермен қатынас жасау барысына қанағаттанбауы ересектер мен балалар арасында салқындық тудыруы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас әрқилы түрде көрініс береді. Кейбір балалар тұйықталып, өз-өзімен болып кетсе, екіншілері мазасызданып, кез-келген нәрсеге жылай салатын болады, ал енді біреуі қыңырланып, теріс мінез көрсетеді. 4-5 жастағы балалар өз құрдастарының мазасыздықтары мен теріс мінез-құлқына жақтырмай қарап, оған деген көзқарасы да өзгереді. 5 жасқа қарай баланың өз құрдастарымен араласуға деген қажеттілігі күшейе түседі. Бірлесіп ойнау негізінде балалар қоғамы пайда болады. Сонымен қатар бала құрдастары арасындағы өзінің орнын сезіне бастайды. Сыпайы сәлемдесу және қоштасу, досын есімімен атау, адамның қызметі мен рөлі бойынша қатынас жасау сияқты (Жүргізуші, дөңгелегіңіздің желі шығып кетті. Дәрігер, ол ауырып тұр.) қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды. Ересектермен, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау балалардың өзіндік «Менін» тануға мүмкіндік береді. Осындай қарым-қатынас кезінде ғана «Мен» бейнесі қалыптасады. Бала ересектермен, құрдастарымен жақсы араласып, олар тарапынан қолдау тауып отырған жағдайда ғана жүргізілетін тәрбие жұмысы нәтижелі болады. Егер мұндай қарым-қатынас дұрыс жүргізілмей, баланың ересектермен де, балалармен де жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасауына жағдай жасалмаса ашуланшақ, өз-өзіне сенімсіз, тұйық болады. Бала өсе келе онымен бірге өзі айтқан сөздер мен атқарған іс-әрекеттеріне, өз мүмкіндіктері мен әртүрлі деңгейдегі жетістіктеріне (ойындағы, сурет салудағы, музыкадағы, сахналық көріністердегі, т.б.) дұрыс баға беру мүмкіндігі де артады. Бес жасқа қарай бала өз іс-әрекетінің өзгеге, өзіне қалай әсер ететінін байқайды. «Егер мен жаман іс-әрекет жасасам, өзіме де өзгеге де қиын болады. Ал мен жақсы қылық көрсетсем, өзіме де, оған да жақсы болады» деген ойды түсіне бастайды. Баланың қызығушылығы мен бағалау құндылықтары қалыптасып, ұл мен қызға тән өзіндік ерекшелігі бар іс-әрекеттерді жасауға бейімделеді, соны жасайды (мысалы, қыздар қуыршақпен, ұлдар машинамен ойнау). Көркем шығарманы қабылдауы мен музыкаға ықыласының, қиялының, қызығушылығы мен білуге құштарлығының күрт артуы байқалады. Бұл баланың қабілеті мен талантын анықтауға мүмкіндік береді. Бес жасқа қарай өзара қарым-қатынасы қалыптасып, топтық ынтымақтастықты едәуір сыни тұрғыдан бағалай алады, балаларда достар пайда болады. Бес жасар бала ұзақ әңгімелерді, түсініктемелерді жақсы қабылдай алады. Сонымен қатар бұл кезде балада заттық-таңбалық қабылдау қызметі қалыптасады (әріптер мен сандарға қызығушылық). Бес жасқа қарай баланың зейіні едәуір тұрақтала түседі, өз бетімен есте сақтау қабілеті пайда болады, қабылдау мен қиялы жетіледі, көрнекті-бейнелі ойлаудың түрлері: пікір айту, ой тұжырымын жасау іскерлігі дамиды. Түрлі пікірлер мен пайымдауларын, ақпараттарды жеткізудің құралы есебінде тілдің қызметі күшейе түседі. Тәжірибе мен зерттеу, бақылау әрекеттерімен қатар, баланың дүниетанымын кеңейтуде әңгімелеудің рөлі артады. Бес жасқа қарай балада аяушылық сезімі пайда болады. Ертегі кейіпкерлеріне жаны ашиды, сол арқылы адамның да түрлі сезімдерін түсініп, жанашырлық таныту сезімдері пайда болады. Мектепке дейінгі кіші жастағы (бес жасқа қараған) балалардың «жеке тұлғалық психологиялық портреті» қалыптасып, интеллектуалдық қызығушылығы артып (брі «негештер» кезеңі), құзіреттілік пен креативтілік кезеңі туады. Құзіреттілік. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың әлеуметтік құзіреттілігі оның өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге деген қажеттілігінің артуымен, олардың ортасында өз орнын анықтауымен сипатталады. Бала қарым-қатынасының қажеттілігін қанағаттандыру үшін араласудың түрлі тәсілдерін (әңгімелесу, түсіну, өзіне жақын ересек адамның сезіміндегі жағдайды түйсіну, оларды аяу, назар аудару) пайдаланады. Интеллектуалды құзіреттілік - жоғары ойлау белсенділігімен сипатталады. Бес жасар «негештер» өмірдің түрлі салаларындағы себеп-салдарлық байланыстарға (тірі және өлі табиғаттың өзгеруімен, адамдардың шығу тегімен, олардың кәсіби іс-әрекеттерімен) қызығады. Бала өзі ойға алған нәрсесі мен сол үшін атқаратын іс-әрекетін қарапайым түрде жоспарлай алатын болады. Ана тілін меңгеру барысында оған түрлі дыбыстармен, ұйқастармен, мағыналармен ойын әрекеті тән сипатта болады. Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты - қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді. Бес жасар баланың эмоционалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды. Баланың еріктілігі қоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады. Креативтілік балалар әрекетінің түрлері: ойында, құрастырғанда, сурет салғанда, мүсіндеуде, музыкалық әрекеттерде, сонымен қатар сөйлеу барысында едәуір айқын білінеді. Бала бір материалды, оның түрлі пішіндері мен бейнелерін әртүрлі қырынан танып, оны өзінің салған суреті мен сызған сызбаларында түрліше бейнелеуді, өзі құрастырған ертегілерде басқаша қолдануы мүмкін. Түрлі материалдармен, дыбыстармен, сөздермен тәжірибе жасауға ерекше қызығушылықпен кіріседі. Бес жасар баланың ынталылығы түрлі ойындарды таңдау, ересектер мен құрдастарына сұрақ қою мен ұсыныс жасау, өздігінше тиімді әрекеттерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға ерекше белсенділік танытуы арқылы пайда болады. Бұл жастағы баланың өз бетінше (дара) әрекет етуі өзіне қызмет етудің қарапайым түрлері (киіну, шешіну, жуыну және т.б.), жекелеген тапсырмаларды орындауы (асханада кезекшілік ету, өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау), өз еріктерімен ойнайтын орта қалыптастыруы, меңгерген білімдері мен түрлі тиімді әрекеттері арқылы көрінеді. Бес жасар баланың еркіндігі оның өз қөзқарасын қорғау, өзі қалаған нәрсені алуы, өзі ұнатқан баламен ойнауы сияқты тәуелсіз әрекеттері арқылы байқалады. Еркіндік сезімі балаға ашық, өз ойын, сезімін қысылмай жеткізу мүмкіндігін береді.

 

 

«ТАНЫМ» БІЛЕМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: қоршаған әлемді қабылдауға, меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға қабілетті, танымдық құзіреттіліктерді меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология негіздері;

- қоршаған ортамен таныстыру.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных