Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кедейліктің аймақтық саралануы




 

Бқдан бұрын айтылғандай, айтарлықтай ілгерілеуге қарамастан Қазақстандағы кедейлік деңгейі аймақтық ерекшеліктер көрінісінде ортақ факторлар қатарын сақтай отырып, әсіресе ауылдық өңірде жоғары болып қалады.

2006 жылы енгізілген ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеудің жаңа әдістемесі негізінде есептелген кедейліктің аймақтық саралануы қысқару беталысына ие, бірақ әлі де болса мәнді. Мәселен, 2001 жылы 9,2 есені құраған болатын: Жамбыл облысында - 70,7% және Астана қаласында - 7,7%. 2010 жылы кедейліктің аймақтық саралануы 4,5 есеге дейін қысқарды: Маңғыстау облысында - 11,6% және Алматы қаласында - 2,6%.

 

 

2010 жылы кедейліктің неғұрлым төмен деңгеймен аймақтар құрамына Астана және Алматы қалаларынан басқа 2001 жылдағыдай Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары кірді. 2010 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында байқалуда. Сондай-ақ, 2001 жылы бұл топқа Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі облыстар кірген болатын (Алматы, Қызылорда және Жамбыл).

Қалған аймақтар кедейліктің орташа деңгейлі аймақтарына жатады (Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары), сонымен қатар олардың санына бірнеше рет ең төменгі кедейлік деңгейлі аймақтар тобына енген Жамбыл, Алматы, Атырау және Қызылорда облыстары кірді.

 

2010 жылы кедейлік деңгейі бойынша топтар Аймақ атауы
Төмен (2,6–4,4%) Астана және Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары
Орташа (5,3-6,7%) Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстары
Жоғары (8,4-11,6%) Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары

 

Кедейлік деңгейіндегі аймақтық өзгешеліктері аумақтық тиістілік өзгешеліктері бойынша да ерекшеленеді (қала/ауыл). Ауылдық кедейліктің айтарлықтай қысқару ауқымына қарамастан (соңғы 10 жылда оның деңгейі 5,9 есеге қысқарды) 2010 жылы оның көрсеткіші едәуір жоғары болып қалуда 10,1%.

Жалпы ел бойынша ауылдық кедейлік қалалық кедейліктен екі есеге дейін артық болуы жалғасуда. 2010 жылы ең жоғары ауылдық кедейлік Маңғыстау облысында сақталып отыр – 21,2%, жалпы облыс бойынша – 11,6%. Сонымен қатар, орташа республикалық деңгейден жоғары ауылдық кедейлік көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан, (13,3%), Шығыс Қазақстан (12,8%), Атырау (11,6%), Ақтөбе (11,1%) және Қостанай (10,6%) облыстарында белгіленген. Ауылдық кедейлік деңгейі қалалықтан 4 және одан жоғары есеге Атырау (9,7), Павлодар (6,6), Қостанай (4,1) облыстарында артық. 2010 жылғы ел бойынша ең жоғары қалалық кедейлік деңгейі Оңтүстік Қазақстан облысында байқалған – 8,5%, ол оған аймақтағы ауылдық өңірдегі кедейлік деңгейінің жоғарылығымен қатар жоғары кедейлік деңгейлі аймақтар тобында 2 орынды қамтамасыз етті («2010 жылғы кедейлік деңгейі бойынша топтар» кестесін қарау).

 

Индикатор-лар                    
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі1), %
барлығы 46,7 44,5 37,5 33,9 31,6 18,2 12,7 12,1 8,2 6,5
қала 36,0 33,0 24,7 23,4 20,2 13,6 6,9 8,1 4,1 3,7
ауыл 59,4 58,4 53,2 47,1 45,6 24,4 18,1 15,9 12,1 10,1
Табысы азық-түлік қоржыны құнынан төмен халықтың үлесі1), %
барлығы 16,1 13,8 9,1 6,3 5,2 2,7 1,4 1,2 0,6 0,4
қала 10,7 8,6 4,9 3,9 2,4 1,8 0,7 0,6 0,2 0,3
ауыл 22,6 20,1 14,2 9,4 8,5 3,8 2,1 1,7 0,9 0,6
Үй шаруашылықтарының табыстары (тұтынуға қолданылған), орташа жан басына шаққанда, теңге
барлығы 5 729 6 518 7 569 8 387 9 751 13 723 16 935 20 037 21 348 26 152
қала 6 787 7 799 8 988 9 860 11 504 16 121 19 865 23 365 25 008 30 529
ауыл 4 477 4 989 5 828 6 560 7 599 10 527 13 687 16 271 17 136 20 985
Тұтынуға пайдаланылған таыбстың күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасымен арасалмағы, %
барлығы 101,3 108,6 117,2 123,6 128,0 163,2 175,4 162,1 168,6 193,9
қала 120,0 129,9 139,2 145,3 151,0 191,7 205,8 189,0 197,5 226,4
ауыл 79,2 83,1 90,3 96,7 99,8 125,2 141,8 131,6 135,4 155,6
Орташа жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстары, теңге
барлығы 4 918 5 671 6 674 7 500 8 800 12 602 15 516 18 324 19 718 24 460
қала 6 255 7 267 8 424 9 349 10 990 15 535 19 172 22 569 24 220 29 755
ауыл 3 336 3 765 4 527 5 206 6 111 8 691 11 465 13 520 14 537 18 209
Үй шаруашылықтарының орта мөлшері, адам
барлығы 3,7 3,6 3,6 3,5 3,5 3,4 3,4 3,3 3,4 3,4
қала 3,2 3,1 3,1 3,1 3,0 3,0 2,9 2,9 3,0 3,0
ауыл 4,6 4,5 4,3 4,3 4,2 4,1 3,9 3,9 4,0 4,0

1) 2006 жылғы деректермен салыстыру мақсатында 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасын есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес қайта есептелген 2001-2005 жылдардағы деректер көрсетілген.

Ауылдық кедейлік көрінісі келесі факторлармен және проблемалармен негізделген:

- ауылдық отбасылардың көп балалылығы, сондықтан да жоғары асыраушылық жүктемемен;

- халықтың ауылдық өңірлерден (әсіресе жастардың) ірі қалаларға көшіп-қонуы (жұмысқа тұру мүмкіндігінің жетіспеушілігінен және еңбекақының төмен деңгейінен, сонымен қатар кәсіптік оқыту жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігінің болмауынан туындайды);

- ауылдық жерлердегі жеке меншік секторының әлсіз дамуынан, нашарланған әлсіз инфрақұрылыммен және нарық пен қаржыға шығу мүмкіндігінің қиындығынан халық көбінесе қарыз және несие алу үшін бастапқы қаржының болмау себебінен өз кәсіптерін бастай алмауымен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных