Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық саясат пәні, оның мәні және құрылымы




 

Өмір сүру заттарын алып, адамдардың өмірін қамтамасыз ету үшін құрылған, құрылатын және пайдаланатын экономика әрқашан да болады. Өмір сүру үшін қажетті құралдар ойлап табу, өндіру шаруашылығы – экономика түсінігінің пайда болуына әкеледі. Экономика тек адамдармен жасалған және қолданылатын заттар, құралдар ғана емес. Бұл процестің өзі өндірістің белгісі болады. Осы кезде адамдардың арасында қиын байланыстағы ара қатынас күшейе түсіп, саясаттың өндіру, бөлу және өндірілген игіліктерді тұтыну сияқты сұрақтарының пайда болуына әкеледі.

Бірақ та, адамдардың кейбір тұтыну қажеттіліктері табиғи көздерден, мысалға, алумен, сумен қанағаттандырылады. Адамдар ол үшін ақша төлемейді немесе еңбектенбейді. Сол үшін адамдар осындай игіліктері үшін табиғатқа міндетті болады және міндетті болуы керек.

Осыдан табиғи ортаны қорғау, оны ластамай, керісінше таза ұстап тұру сияқты адамдардың өзіндік міндеттері пайда болады, ал бұл өз кезегінде экономикалық саясатқа әкеледі. Құдайға сенушілер оны құдайдың бізге бергені, адамдар тегін игілік үшін құдайға алғыс айтуы керек. Бұл экономикалық саясаттың нәтижесі емес дейді.

Жедел жәрдем қызметін, мектеп, ЖОО-да оқыту, зейнеткерлердің көлікте тегін жүруі, студенттердің қалалық көлікте жүруі және т.б. көптеген азаматтардың және бөлек санаттағылардың ақша төлемеуін экономикалық деп санауға бола ма деген сұрақтар туындайды. Иә, бұл экономикалық игілік. Экономикалық саясат негізінде, алатын адам емес, керісінше қоғамдық игілік болып аталатын мемлекет түріндегі басқаша адамдар ақша төлейді. Экономикалық –салық саясаты негізінде айтылғандай “Тек тышқан аулауға қойылған қақпанда тегін сыр болады”. Ол сыр тек есебі жоқ, жақсы тамақтанғысы келген тышқанға арналған тағам.

Экономикалық саясаттың субьектісі-өзінің тұтынуын қанағаттандыратын адамдар болып саналады. Ендеше “тұтыну” – бұл тәмамдаушы процесс, осының есебінен экономика іске асырылады, әсерін тигізеді. Тұтынуды экономиканың мақсаты ретінде санауға болады, бірақ та ол жолтарма сөздердің бірі. Физикалық және рухани сұраныстар мен толық құнды өмір сүруге қажетті тұтынуды рационалды түрде пайдаланған дұрыс. Өйткені, жағымсыз тұтыну, яғни осының бәрі адамдарды көз тоймаушылық, өзін ғана ойлайтын, ешкімге ештеңе бергісі келмейтін жағдайға әкеледі.

Экономикалық саясаттың субьектілері – адамдар, тұтынуды тұтыну жеке, жанұялық, топтық, қоғамдық деп бөледі. Тұтынуды қанағаттандыру үшін тек құралдар ғана емес, сонымен қатар материалдар, жабдықтар, өндіріс ұйымдары және т.б. қажет. Сол үшін адамдардың алғашқы тұтынуын қамтамасыз етуде машина құралдарына, энергияға, материалдарға, шикізатқа, өндірістік тұтынуға және де т.б. есеп жүргізу керек, ал бұл экономикалық саясатта күтілетін өңдірістің экономикалық тұтынуы болып табылады.

Әр түрлі маштабтағы субьектілердің ішіндегі мемлекет субьектісі экономикаға аса кең мүмкіндікте ықпалын тигізеді. Үкімет пайда болған жағдайдан шыға отырып, маңызды әлеуметтік- экономикалық стратегияны іске асырудың бағытын таңдап алды, яғни экономикалық саясатты мемлекет жүргізеді.

Мемлекет жүргізетін экономикалық саясат – экономикалық іс әрекеттердің басты бағыты, ол экономикалық процестерге, көзделген мақсаттарға жету, әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу үшін қажетті бағыт бағдар беріп отырады.

Экономикалық саясатты экономикалық жүйенің ауыспалы кезеңнен, яғни бір динамикалық жағдайдан басқа немесе мемлекеттік экономикалық саясатқа көшу деп түсінуге болады, экономикалық саясат – ол экономикалық стратегия және тактика.

Мемлекеттің экономикалық стратегиясы – белгіленген мерзімге көзделген мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, шектелген ресурстарды жұмсай отырып, іске асыратын ірі маштабты шешімдер жүйесін атайды. Экономикалық тактика – бұл экономикалық стратегияның нақты кезеңіне көзделген мақсаттар мен мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттің экономикалық - әлеуметтік нысандарының, тәсілдерінің жиынтығы.

Негізінде, мемлекеттің экономикалық саясаты елдің ертедегі экономикалық жағдайымен түсіндіріледі, ол ішкі және мизалық коньюктурамен берілген. Егер экономикалық елдер циклдық тербелістермен қабылданса, онда үкіметтің экономикалық саясатынан пайда болған ұлттық экономика қандай фазада тұрғанын айқындап береді.

Экономикалық саясаттың зерттеу құралы болып әлеуметтік экономикалық ақпаратты талдау мен бағалау және осының негізінде экономикалық–саяси шешімдер қабылдауы, жүйелеу тәсілдері саналады. Экономикалық саясаттың обьектісі ретінде ұлттық мемлекеттік шекара шеңберіндегі экономикалық жүйе саналады. Әлемдік экономикалық теория мен, мемлекеттік реттеу тәжірибесіне сүйенген экономикалық саясаттың мақсаттары, тәсілдері және құралдары, сонымен қатар оны іске асыру әдістері мақсатқа жетуге өз ықпалдарын тигізеді.

Екі әдістемелік қағида бар: генетикалық және функционалды.

Генетикалық қағида деп экономикалық жүйелердің прогресивті типке көшуіндегі пайда болған қағиданы айтады. Нақты экономикалық механизмдерді пайдалана отырып, қайта өндіріу процесінде пайда болған мақсатты тарихи сәтті функционалды қағида деп атайды.

Позитивтік құрамның мәселесі ғылыми болжамдауға арналған базаға қызмет ете отырып, “не болып жатыр” деген және құқықтық реттеу шешімдерін қайта түзету арқылы “қалай болуы керек” деген сұраққа жауап іздеу болып табылады.

Осы екі позитивтік және нормативтік құрамды бастамалар экономикаға өздерінің әртүрлі ықпалын тигізіп, мемлекеттің іс-қимылында әр түрде түсіндіріледі.

Экономикалық саясат мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатымен, мемлекеттік идеологиямен оның әскери саясатымен тығыз байланысқан. Экономикалық саясат өзіне үкіметтің саяси көзқарастарын, экономикалық сілтемелерді құратын саяси доктриканы және өзінің саясатын жүргізетін базисті қосып алады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных